Қауырсын жабынды жануарлар
план-конспект урока по биологии (10 класс) по теме

Катпенова Жайнагуль Саипульмулюковна

Сабақта құстар класы мен жорғалаушылар класы салыстырмалы түрде қарастырылған. "Жұмыртқаның құрылысын зерттеу" тақырыбында зертханалық жұмыс қарастырылған.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon ashyk_sabak.doc44 КБ

Предварительный просмотр:

   

В.И.Ленин атындағы орта мектептің

биология пәнінің мұғалімі

Катпенова Жайнагуль   Сайпульмулюковна

Ашық сабақ: «Қауырсын    жабынды жануарлар»

Мақсаты: 1. оқушыларды құстардың құрылысының ерекшеліктерімен таныстыру

2. салыстыру, зерттеу, өз бетімен білім алуды үйрету

3. экологиялық тәрбие беру, жаупкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру

Көрнекілік: проектор, компьютер, аппликация, кесте, муляждар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабаққа дайындық.

Сабақтың мақсатын қою: бүгін сабақта біз омыртқалы жануарлардың ең кең таралған табиғаттың маңызды, біздің өмірімізге ерекше сезім беретін топтардың бірі құстар класымен танысамыз. Сабақтың басында сендерге мынандай тілек айтқым келеді.

Тотының сәнін

Бұлбұлдың әнін

Бүркіттің қырағылығын

Сұңқардың әдемілігін

Аққудың махаббатын, пәктігін

Қарлығаштың жылдамдығын

Барлық құстардың еңбекқорлығын тілеймін.

Құстар туралы өте көп айтуға болады. Бүгін біз тек құстардың құрылысымен танысамыз.

ІІІ. Жаңа тақырып. 

Жоспармен таныстыру. 

        Құстардың сыртқы құрылысы. Құстардың денесі бас, мойын, тұлға бөлімдеріне бөлінеді. Терісі жұқа, құрғақ, бездері аз. Тек кейбір құстарда қауырсындарын майлайтын құйымшақ безі болады. Құстардың бүкіл денесін қауырсын жауып тұр. Ірі қауырсындардың теріге еніп тұратын бөлігі – қаламша, мүйізді өзіге – сояу, оның екі бүйіріндегі ұсақ шашақ тәрізді түзілістер – пәрі. Пәрі мұрттан және мұртшалардан тұрады. Ұлғайтқыш әйнекпен қарап, мұрттар және мұртшаларды табыңдар. Қауырсындар бірнеше түрлерге бөлінеді: желпуіш, бағыттаушы, мамық.

        Қалған мүшелер жүйесімен танысу үшін оқулықпен жұмыс істейміз. Әр бір мүшелер жүйесін 2 оқушы оқиды, біреулерің құрылысын айтасыңдар, екіншісің – жорғалаушылар класымен салыстырғанда құстардың жоғарғы деңгейде тұратының дәлелдейсіңдер.

  1. Сыртқы құрылысы
  2. Қаңқа
  3. Ас қорыту жүйесі
  4. Тыныс алу жүйесі
  5. Қанайналым жүйесі
  6. Жүйке жүйесі
  7. Сезім мүшелері
  8. Зәр шығару жүйесі
  9. Көбеюі

10.Ұшуға бейімделуі

Оқушылар мазмұндап болғаннан кейін бүкіл сынып оқушылары «құс жұмыртқасының құрылысы» тақырыпшаны оқулық бойынша оқиды.

 Сұрақтарға жауап береді:

  1. Жұмыртқажасуша қайда жетіледі?
  2. Жұмыртқажасуша қайда нәруызды, әкқабықпен қапталады?
  3. Ұрық табақша деген не?
  4. Ұрық табақша неге үнемі сарыуыздың жоғарғы жағында орналасады?
  5. Жұмыртқада қандай қабықтар болады?
  6. Ауа қуысы деген не, ол қай жерде орналасады?
  7. Жұмыртқаны жуса, ол неге ұзақ уақыт сақталмайды?

Қорытындылау. Жорғалаушылар мен құстар класын салыстыру.

ІV. Бекіту.

№ 20 зертханалық жұмыс: «Құс жұмыртқасының құрылысы»

Жұмыс барысы:

  1. Жұмыртқаны жармай, пішініне, қатты әкқабығына, ойыс ұсақ шұрықтарына көңіл аудару. Олардың маңызын дәптерге жазу.
  2. Піскен жұмыртқаны аршып, неше қабаттан тұратының анықтау.
  3. Ауа қуысы жұмыртқаның қай ұшында екенін анықтау.
  4. Шикі жұмыртқаны ептеп жарып, қанша бөлімнен тұратының анықтау.
  5. Ұрық табақшасы сарыуыздың қай жағында орналасқанын табу, оның себебін түсіндіру.
  6. Қорытынды жазу.

Өздік жұмыс орындау.

І деңгей

1. Құстардың неше түрі бар? А) 8.600 Б) 4.000 В) 1.000 түр

2. Құстарды зерттейтін ғылым қалай аталады? А) орнитология Б) маммология В) ихтиология

3. Қүстар не арқылы тыныс алады? А) желбезек Б) тері В) өкпе

4. Құстардың жүрегі неше қуысты? А) 1 Б) 3 В) 4

5. Құстардың денесі немен қапталған? А) ылғалды терімен Б) қабыршақпен В) қауырсынмен

ІІ деңгей

  1. Құстардың денесі немен қапталған?
  2. Құстар терісінің қосалқы бөлімдері қандай?
  3. Қауырсын қандай бөлімдерден тұрады?
  4. Құстардың дене температурасы қандай?
  5. Жұмыртқажасуша қай мүшеде дамиды?

ІІІ деңгей

  1. Құстарды неліктен жылықандылар деп атайды?
  2. Құстар қаңқасындағы өзіне тән белгілері қандай?
  3. Құстардың қанайналым жүйесіндегі өзіне тән белгілері қандай?
  4. Қосарлы тыныс алу деген не?

V. Сабақты қорыту. Құстар туралы эссе жазу. 

VІ. Үй жұмысы: құстар класының сан алуандылығы туралы мәлемет әкелу

                                                        Шығыс Қазақстан облысы

                                                        Катонқарағай ауданы

                                                        Катонқарағай ауылы