Туған тілім - асылым
классный час (3, 4 класс) на тему
«Сәлем – сөздің анасы» әр тілде амандасуды үйрену. Алдарындағы әр ұлт суреттеріне сол тілдегі амандасуды слайдқа қарап сәйкестендіреді.
«Бәйге» мақал – мәтелдер сайысы. Слайдтан кезекпен мақал-мәтелдер шығып тұрады. Балалар мақал – мәтелдердің жалғасын табу керек.
Тіл туралы мақалдар
1. Тіл тас жарады, тас жармаса .....(бас жарады)
2. Бал тамған тілден ...(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ...(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз - ...(жарым ырыс)
5. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ...( тілі ортақ)
6. Жақсы байқап сөйлер, жаман ...( шайқап сөйлер)
7. Айтылған сөз - . ..( атылған оқ)
8. Жылы - жылы сөйлесең, жылан. ..(інінен шығады)
9. Тілге құрмет – (елге құрмет)
10. Басқа пәле - ...(тілден)
11. Бас кеспек болса да, ... ( тіл кеспек жоқ)
12. Тіл қылыштан. .. (өткір)
13. Піл көтермегенді ,...(тіл көтереді)
14. Тілден артық ...(қазына жоқ)
15. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ...(ой өсіреді)
16. Өнер алды – ( қызыл тіл)
«Түсін мені» бұл кезеңде конвертке салынған сөздерді таңдап, ішіндегі берілген сөздерді қарсы топқа жұмбақтап, ыммен түсіндіру. Дұрыс жеткізе алса, өз тобына ұпай әкеледі.
Кітап, үй, бесік, теледидар, аю, гүл, доп, алма, қолшатыр.
«Өлең - сөздің патшасы». (Оқушылар тілге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқиды)
«Қорытынды» «Анамның тілі- аяулы үні» хормен орындайды.
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Осымен «Туған тілім - асылым» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Тіл мерекесі құтты болсын! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
класс сағаты презентация | 2.85 МБ |
Предварительный просмотр:
Подписи к слайдам:
Туған тілім – айбыным Тәрбие сағаты Құмсай бастауыш мектебі
Мақсаты: Ана тілде таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Тез ойлап, ұтымды жауап қайтара білуге, еркін сөйлеуге дағдыландыру
Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани , мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде Н.Ә.Назарбаев
22 қыркүйек ҚР-ның халықтарының тілдер мерекесі
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді Ғ.Мүсірепов
І. Сәлем – сөздің анасы
Сәлем Ассалаумағалейкум Қазақтар
Привет Здравствуйте Беларустар
Ви-таю Дзень добры Беларустар
Ассалому алейкум Салом Өзбектер
Привит Добрыдэнь Украиндар
Гамарджоба Грузиндер
Намастэ Үнділер
Ни хоу Қытайлар
Ко-ни-чи-ва Жапондар
Бонжур Француздар
хау ду ю ду гутен таг мерхаба
ан ньон ха се йо боун джорно сайен байян у
ІІ. Бәйге Мақал-мәтелдер жарысы
4. Жақсы сөз - ……… 1. Тіл тас жарады, тас жармаса …… 5. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ….. 2. Бал тамған тілден …… 3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ….. 6. Жақсы байқап сөйлер, жаман ……..
7. Айтылған сөз - …….. 10. Басқа пәле - ………. 8. Жылы - жылы сөйлесең, жылан …………. 9. Тілге құрмет - ………..
11. Бас кеспек болса да, ……. 15. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі .. 13. Піл көтермегенді, ……… 12. Тіл қылыштан ………. 16. Өнер алды – ……… 14. Тілден артық ……….
ІІІ. Түсін мені
І V . Кім жылдам?
Сенің атың кім? Қайдан келесің? Жолда нені көрдің? Не істедің? Түскі асқа не жедің? Қайда барасың? Қандай сыйлық әкелдің?
Ана тілің біліп қой, Еркіндігің, теңдігің. Ана тілің біліп қой, Мақтанышың, елдігің. Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! Қ.Мырзалиев
VI. Қорытынды Кіршіксіз қардай сақтаңдар, Қазақтың тілін ғаламат. Ана тіл – арым, иманым, Аманат, саған, аманат. М. Әлімбаев.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Туған тілім - асылым
Тақырыбы: «Туған тілім - асылым»Мақсаты: Ана тілде таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Тез ойлап, ұтымды жауап қайтара бі...