Туған тілім - асылым
классный час (1, 2, 3, 4 класс) на тему

Тақырыбы: «Туған тілім - асылым»
Мақсаты: Ана тілде таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Тез ойлап, ұтымды жауап қайтара білуге, еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: презентация, плакат, конверттер, карточкалар.
Түрі:  класс сағаты

  -   Саламатсыздар ма, ұстаздар, қонақтар,  оқушылар. Бүгінгі « Туған тілім – асылым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.

      Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында  22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі  деп жариялады.  

   Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.

    Ана тілі әрбір ұлттың мақтанышы, асыл мұрасы. Қазақ халқы – сөзге шешен,  ойы ұшқыр,  мақалдап сөйлейтін  халық. Кез – келген  дауды  атақты билеріміз  бір  ауыз  сөзбен  шеше  білген.  Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Тіл – ұлттың жаны, тіл – ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.

Скачать:

Предварительный просмотр:

Құмсай бастауыш мектебі

Дайындаған: Аймухамбетова Л.С.

Құмсай

2017-2018 оқу жылы

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды орналастыру, зейіндерін шоғырландыру.
Мұғалім сөзі:

- Құрметті  қонақтар , оқушылар! Осы орайда  мектебімізде  сайыс сабағы арқылы «Туған тілім - асылым» тақырыбында тәрбие сағаты өтпекші, белсенділік танытайық . Ана тілімізідің туын биікке көтерер оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

«Сәлем – сөздің анасы»  әр тілде амандасуды үйрену. Алдарындағы әр ұлт суреттеріне сол тілдегі амандасуды слайдқа қарап сәйкестендіреді.

 «Бәйге» мақал – мәтелдер сайысы.  Слайдтан кезекпен мақал-мәтелдер шығып тұрады. Балалар  мақал – мәтелдердің жалғасын табу керек.  

Тіл туралы мақалдар
1. Тіл тас жарады, тас жармаса   .....(бас жарады)
2. Бал тамған тілден   ...(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты   ...(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -  ...(жарым ырыс)
5. Шебердің қолы ортақ, шешеннің  ...( тілі ортақ)
6. Жақсы байқап сөйлер, жаман   ...( шайқап сөйлер)
7. Айтылған сөз - . ..( атылған оқ)
8. Жылы - жылы сөйлесең, жылан.  ..(інінен шығады)

9. Тілге құрмет –    (елге құрмет)

10. Басқа пәле -     ...(тілден)

11. Бас кеспек болса да,   ... ( тіл кеспек жоқ)
12. Тіл қылыштан.  .. (өткір)
13. Піл көтермегенді  ,...(тіл көтереді)
14. Тілден артық   ...(қазына жоқ)
15. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі  ...(ой өсіреді)
16. Өнер алды –    ( қызыл тіл)

 «Түсін мені» бұл кезеңде  конвертке салынған сөздерді таңдап, ішіндегі берілген сөздерді қарсы топқа жұмбақтап, ыммен түсіндіру. Дұрыс жеткізе алса, өз тобына ұпай әкеледі.

Кітап, үй, бесік, теледидар, аю, гүл, доп, алма, қолшатыр.

 «Кім жылдам?» (Тұрақты сөз тіркестерінін мағынасын айту)

1)  Қас пен көздің арасында -….. лезде, тез, жылдам

2)  Тайға таңба басқандай -…. анық
3)  Төбе шашы тік тұрды - ...  қорықты

4)  Тонның ішкі бауындай -  .... дос

5)  Көзге түртсе көргісіз - ......  қараңғы

6)  Ер жүрек -…… батыр
7)  Аузына құм құйылды – үндемеу

8)  Бармағын тістеу -… өкінді жолы болу
9)  Мойны жар бермеді -…. ерінді
10) Қой аузынан шөп алмас -  .... жуас

 «Өлең - сөздің патшасы».  (Оқушылар  тілге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқиды)

 «Қорытынды»   «Анамның тілі- аяулы үні»  хормен орындайды.

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

      Осымен «Туған тілім - асылым» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Тіл мерекесі құтты болсын!     Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет.

По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Туған тілім - асылым

laquo;Сәлем – сөздің анасы»  әр тілде амандасуды үйрену. Алдарындағы әр ұлт суреттеріне сол тілдегі амандасуды слайдқа қарап сәйкестендіреді.   «Бәйге&raqu...