Жана жыл-жана жыр!
план-конспект занятия (1 класс) на тему

Садвакасова Гульжан Жакыпжановна

сценарий для утренника в начальных кулассах

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл stsenarii_nach_klassy.docx34.57 КБ

Предварительный просмотр:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Көкпекті аудандық білім беру басқармасы

КММ «Қарақол негізгі мектебі»

Жаңажылдық мереке сценариі

«Құтты болсын Жаңа жыл!»

2014 жыл

Жаңажылдық мереке сценариі

Тақырыбы: «Құтты болсын Жаңа жыл!»

Мақсаты: балаларда мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, Аязатаның,Ақшақардың, Жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл-күй жасау.

Іс-шараның өткізу түрі: карнавал

Қатысушылар:

Қоян

Аю

Мыстан кемпір

Ақшақар

Жылқы жылы

Қой жылы

Аяз ата

Сайқымазақ

Мереке барысы:

        Мектеп безендірілуі: ортасында шырша орнатылған,  қабырғаларда Аяз атаның және Ақшақардың суреттері ілулі, әр түрліертегі кеіпкерлерінің бейнелерімен безендірілген.

Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн 
Бақытты боп бастады жыл дастанын 
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл 
Құтты болсын жаңа бақыт достарым 
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған 
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер. 
Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Жолданбаева Шамшигуль Шайзадиновна береміз. 
Жүргізуші: Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік. 

- песня «Той бастар» Ляйля мен Айдана, Настя

«Қуыршақтар театрынан» көрініс
 
Қоян: - Мен, қоянмын, қоянмын,
Қорқақ емес, ноянмын,
Шырша тойын к
өруге
Ұйқымнан ерте ояндым.
Аю: - Мен аюмын
қорбаңдаған,
Қарсы келмес ешкім маған,
Қысқы ұйқымды қиып бүгін
Орта
ңызға келіп тұрмын.
Қоян: - Ал, аю аға, бастайық,
Асы
қпайық, саспайық!
Аю: -  Ендеше,
қоян, тұрмайық,
Шырша жырын жырлайы
қ!
Ән: «Шырша жыры» (хор)
Қоян: - Аюжан, сен қалай ойлайсың, бүгінгі мереке думанымызға жылдағыдай мыстан кемпір келіп, тойдың шырқын бұзбай ма екен?
Аю: -
Қоянжан, мыстаннан қорқатын біз емес. Оның түріне де, сөзіне де әбден тойдық. Қазір заман өзгерді дегендей...
Қоян: - Я десейш-ау, сыпырғышын сүйретеді де жүреді, ұша алмайды да. Жұрт сыпырғышын тастап, шаңсорғыш  пайдаланғалы қашан?!
Аю: - Ия, т
үрін айтсаңшы оның, шашы жалбыраған, беті-аузы мыжырайған, көзі сығырайған, тістері кетік-кетік, киімі алба-жұлба... ха-ха (күледі).
Қоян: - Хи-хи (күледі).
Сол кезде мыстан кемпір келеді де, екеуін си
қырлайды:
-    1,2,3,
Си
қырлы күш,
Мына екеуін лезде,
Өзгертші тез! – дейді де, балалардың арасына отырып алады.
Қоян: - Туу, не айтып жатыр едім. Басым ауырып кетті ғой...

Аю: - Не, не, алжыған неме,
Жасыңа жетпей адасып,
Қалыпсың ғой шатасып.
Қоян: - Аю отыр еді партада
Екі қолы қалтада.
«А» дейді, «б» дейді,
«Р»-ға тілі келмейді. 
-    Ой, ой, мен не деп кеттім..
Аю: - Жетер, енді, қоян, 
           Ашуыма тиме! Одан да айт, қандай сыйды Аяз атаға тарту етеміз?
Қоян: - Мен білем, не беру керектігін. Сәбіз! Сәбізді сыйлайық! Өзі дәмді, өзі тәтті, өзі пайдалы, өзі шипалы.
Аю: - Жоқ, болмайды. Бал береміз. Бұл әлемде балдан асқан тәтті де дәмдісі де жоқ. Бал сыйлаймыз!
Қоян: - Жоқ, сәбіз!
Аю: - Жоқ, бал береміз!
Екеуі таласып төбелеседі. Сол кезде Ақшақар  келеді де екеуін сиқырлап тастайды.
Ақшақар: Ақшақар келді міне, жеріңізге, 
Тыныш өмір тілейді еліңізге,
Шаттық пен нұрға бөлеп үйіңізді
Жайғастым  келіп міне, төріңізге.

В 1-    Ұстаз деген құдіреттен нәр алған,
Әлдилеген әрқашанда ақ арман.
Білімімен озық үлгі көрсетіп
Бұл балалар, келеді 1  сыныптан.
в 2 -    Қошемет, құрметті халайық!   Номер танец народный 1 сынып

В-1-    Өзгелерден  бөлек екен мәнері,
Білімі мен ерекше екен өнері.
Думандата шырша тойды қыздыртқан,
Бұл  жұлдыздар келеді  3 сыныптан.  
Номер – Акбота Песня

    1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқ тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Песня Ляйля Қуанышым қазынам

1-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Ұлу жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

Ақшақар: 
- Ал, балалар,жа
ңа жыл құтты болсын! Маған дайындаған қандай сыйларыңыз бар?
        Конкурс на новый год 2015 №1

Предварительно нужно подготовить два кочана капусты. Играют два участника. Каждому выдается кочан. Играет веселая, быстрая музыка. Нужно как можно быстрее раздеть капусту до кочерыжки. Выигрывает тот, кто сделает это первым!

Конкурс на новый год 2015 №2

Конкурс ласковых слов о козе. Гостей делят на две команды, можно разделить по столам. Каждая команда по очереди должна называть ласковое прозвище козы. В качестве примера:
— козочка
— козюля
— козуша
— козуля
— козука
— козка
— коза-дереза
— козюлинка
— козунюшка
— козочка
— козяра
и т.д.

           Конкурс на новый год 2015 №4

Конкурс «Колокольчик». Подготовить два колокольчика, продеть в них шнурки, чтоб можно было надеть на шею игрокам. Двое игроков должны гулять, пастись, «щипать травку», всеми силами изображая козу или козла. Играет веселая музыкальная подборка. Кто лучший актер, тот и победитель!

   Ақшақар: - Жаңа жылда мереке
Ойын к
үлкі асқақ ән.
Жа
ңа жылға жаңа кеп
Мерекені баста
ған,
Қоян мен аюға не болған? 
-    Шырша тойында ренжісіп т
өбелескендері несі? Жаңа жылды жақсы көңілмен қарсы алу керек. 
Жылды
қалай қарсы алсаң, сол жыл сондай көңілмен өтеді деген сөз бар емес пе? (балалар мыстан кемпірдің сиқырлағаны туралы айтады).
Мыстан кемпір:  - Ешкімге зиянымды тигізбейін деп өзіммен-өзім отырғанмын. Жылда келіп шырша тойының шырқын бұзудан шаршадым. Болмайды тара десем де, бәрібір ешкім тыңдамайды. Әрі сақалды бір шал келіп қатырып тастайды.
Ақшақар: - Ендеше қоян мен аюға неге тидіңіз?
Мыстан кемпір: - Балалар, айтыңдаршы, өздері ғой мені мазақтаған, солай ма?
Балалар: - Ия.Солай.
Мыстан кемпір: - Ашуыма тиді, кешірмеймін оларды.
Ақшақар: - Балалар, бүгін ешкімнің ренжуіне жол бермейміз. Солай ма?
Балалар: -Иә. Солай.
Ақшақар: - Балалар, мынау не? Смайликтер. Алдағы жаңа жылды қандай көңілмен қарсы алмақпыз? Ендеше, осы смайликтердің ішінен таңдап алайық! Бұл бірінші тапсырма.
Мыстан кемпір: Оо, мыналарың керемет екен, маған ұнады. Менің де осындай көңіл-күйде болғым келеді.
Ақшақар: - Мыстан кемпір, енді аю мен қоянды ретке келтіріп, ормандарына жіберсек  қалай болады? 
Мыстан кемпір: - Ол үшін мына қоянның қолындағы «Сәбіз» сөзінен 4 сөз кім құрап береді? (сіз, біз, іс, із)
Мыстан кемпір: - Ал, енді, аюдың қолындағы «бал» сөзін пайдаланып ары қарай жалғастырып жаңа сөздер жасау керек. Қане, кімдер,тез-тез құраймыз. Мысалы: бала, балшық т.с.с (балапан, балақай, балақан, балтыр, балдыр, Балқаш, Балтық, балғын)
Мыстан кемпір : - Балалар, сендер, өз білімдеріңнің арқасында достарыңа көмек бердіңдер. Мен де сөзімде тұрып, мына екеуін сиқырдан босатайын:
1,2,3
Си
қырлы күш,
Екеуін
қайтадан,
Қалпына келтір тез!
Қоян: - Алақай, алақай! Балалар, үлкен рахмет сендерге!
Думанды жал
ғастырайық!
Орта
ға ескі жылды шақырайық!
Аю: - Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “жылқы” жылы келе жатқан көрінеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Жылқы  жылы: - Ассалаумағалейкум, ағайын! Армысыз, Ақшақар!
-    Жа
қсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Елге талай спортан,өнерден жеңіс сыйладым. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсыңдар. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін жаңа 2015 жылға аманат қылып қалдырамын.
Ақшақар: - Ескі жылға арналған әсем әніміз бен биіміз бар. Қабыл алыңыз! 

     

      Би: 5 сынып ұлдар танец маленьких лебедей

Песня Настя Батурина Три белых коня

Танец Қамажай Настя, Айсулу, Айдана


жыл
қы  жылы: - Рахмет,балалар! Ата-ана, ұстаздарыңды ренжітпеңіздер! Менің жаңа жыл досым қайда екен, әлі келмей жатыр ғой. Телефон соғып көрейінші.
-    Алло,
ҚОЙ жылы! Қайдасың?
Дауыс: - Бармын, бауырым, бармын!
жылқы  жылы: - Балалар, Аяз ата екеуіңізді көп күтіп қалды ғой.
Дауыс: - Ертіп аяз атаны
Жор
ғалап келем жорғалап,
Барша
ңызға арналған
Сыйлы
қтарды дорбалап.
(Ескі жыл кетіп
қалады.)
Ақшақар: - Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата  мен жорғалап  қой  жылымыз да келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

Қоян: - Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,
С
үйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аю: - Аяз ата келеді жаңа жылмен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Хормен: - Аяз ата, жаңа жыл! Аяз ата! Жаңа жыл!
Аяз ата: - Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нары
қ заман мінгескен ел.
Д
әуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Т
әңірдің тылсымымен бірлескен ел.
Қой жылы: - Жыл иесі  қой болам ,
Мы
ң шырайлы нұрға толам.
Ырыс, д
әулет, несібенің,
Ба
қ - бастауы өзім болам.
Қоян: - Қанекей, балалар, араларыңда әнші, биші өнерпаз болса, Аяз  Атамыз бен Жаңа жылымыз өнерлеріңді тамашалағысы келіп отыр. 
Ақшақар: Аяз - Ата! Балаларға сыйлық әкелдіңіз бе? 
Аяз - Ата: Әрине, бір қап әкелдім.  Қане, жаңа жыл шыршасы туралы тақпақтарды кімдер айтып береді?
Та
қпақтар.
Ақшақар:-  Балалар, жаңа жылға қандай тілектерің бар?
           1 сынып тақпақтар
1-оқушы: - Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болаша
қ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жа
қсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз,  
қауқылдасып...
      Бірге со
ғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні к
үтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып,  қырау шалған қанаттары!
     
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім. 
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Таби
ғат ашық аспан, таң шапағын!
2-о
қушы: - Өкпе жоқ ескі жылға денсаулықпен,
Жеткізген жа
ңа жылға аман-есен.
Ескі жыл алып
қал! - деп ауырлықты,
Тілейік жа
ңа жылдан жақсылықты.    
Жа
ңа жыл алып келсін бәрімізге,
Алдымен бірінші боп денсаулы
қты.
Содан со
ң бірлік, тату, тәттілікті,
Қайғысыз жақсы іс пен сәттілікті.
3-о
қушы: - Бұрқылдап шығып жатқан жақсылықтың,
Жа
ңа жыл қайнар бұлақ көзі болсын.
К
өрсетпей ешбір бетін жамандықтың,
Ұялап әрбір үйге бақыт қонсын.
                    Ел тыныш, бала-ша
ға аман болып,
Дос-жаран, а
ғайынмен орта толсын.
Қуаныш әкелетін әрбір жанға,
Жа
ңа жыл, ағайындар, ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Қой  жылы: - Балалар, менің әкелген үш жұмбағым бар. Шеше аласыңдар ма? 
-
Қысы-жазы  суға  толы. Ол  не?
Жалмауыз  кемпір  алдына  шығып: - Мен білемін.  Ол горшок !
Б
әрі  күледі. 
Қой  жылы: -  Таппадың, ол құдық.
-    
Қыста ақ, жазда сұр, Бұл не?
Балалар: -  Қоян.
Қой  жылы: - Қыс бойына жатады,
                        Т
әтті ұйқыға батады.
                         Б
ұл не?
Балалар: - Аю.
Ақшақар: - Ендеше, бүгінгі мерекемізді жүргізуге көмектескен аю мен қоянға, мыстан кемпірге үлкен рахмет айтамыз! Келесі жылы бұдан да қызықты думанда кездескенше сау-саламатта болайық!

  Жүргізуші: Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті.
Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген және он саусақтарынан өнер тамған ата - аналарым мен балаларым бірлесіп ойыншықтар жасап әкеліп көрмеге шын жүректерімен қойған ата - аналарды марапаттағым келіп тұр.
(ата - аналарға алғыс хат табыстау)

- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой-буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

                                   


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

конспект урока литературного чтения 2 класс по системе Занкова Л.В. разработала Винакова Жанна Ивановна

конспект урока по литературному чтению во 2 классе по системе Занкова Л.В.(учебник Чуракова Н.А., Свиридова В.Ю.)...

Жана жыл-жана жыр!

сценарий для утренника в начальных кулассах...

урока конспект что такое ударение54321 Агеева Жанна Викторовна

Краткое описание проведения урока для детей с применение фгос ноо...

Творческий отчет по работе с одаренными детьми Беляевой Жанны Михайловны МБОУ СШ №2 г. Сычевки

Одаренные дети – наше достояние. Выявление способных детей и работа с ними является актуальной задачей школы.Каждый ребенок талантлив, но талантлив по-своему. Как найти заветный ключик к каждому...