Еңбек түбі - береке
материал (3 класс) по теме
Предварительный просмотр:
Еңбек түбі - береке
Мақсаты: Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып,ерінбей еңбек етуге,еңбектің адамның табиғи қажеті екендігін ұғындыру.
Еңбексүйгіштікке,еңбек адамын құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап,әңгімелеу.
Көрнекілігі: даналық сөздер, суреттер.
Барысы: І.Ұйымдастыру
ІІ.Кіріспе бөлім.
Еңбек туралы жалпы түсінік беру,әңгімелеу.
Еңбек – адамның рухани және дене күшін жұмылдыру арқылы,өзіне дейін жасалған тәжірибені пайдаланып,тиісті құрал-саймандар мен жұмыс тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс-қимыл процесі.Еңбек адамның өзінің өмірлік қажетін қамтамасыз ету жолында жұмсаған күш-жігері,байлықты жасаушы.Ұлы ақын Абай атамыз: «Тамағы тоқтық,жұмысы жоқтық,аздырар адам баласын» деп,еңбектің адамның табиғи қажеті екенін асқан көрегенділікпен тамаша тұжырымдап берді және «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап»-деп,шегелей түседі. Демек,адамның адам болуында еңбек шешуші рөл атқарады.Еңбек - адамның жан дүниесін жаңғыртып,жігерін жанып,ой-қиялына қанат бітіретін бірден-бір құдіретті күш.Ұлы суретші Леонардо да Винчи: «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді», - деген екен.
Даналығы түпсіз терең,тарихи тәжірибесі ұшан-теңіз халық:
«Асық ойнаған - азар,доп ойнаған – тозар» деп,еңбектен аза бойы қаза болып қашатын еріншектерді «жатыпішер жалқау» деп жиренген.
ІІІ.Негізгі бөлім.
Еңбекке байланысты қандай мақал-мәтелдер, даналық сөздер білеміз?
( оқу, талдау,сұрақтар беру.)
- Бейнетің қатты болса,татқаның тәтті болар.
- Еңбек ширатады,өмір үйретеді.
- Еңбек пен бақыт – егіз.
- Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады,еріншек ұйқыдан қирап тұрады.
- Еңбек деген байлық бар,ерінбеген жететін.
Жоқшылық деген жебірді,жермен-жексен ететін.
- Ырысты еңбек етіп жерден сұра,жерге аққан ыстық,мөлдір терден сұра.
- Кедейлік жаны тәтті жалқауға үйір.
- Еңбек еткеннің жаны сауығады.
- Іңірден жатқан – ырыссыз қалар.
- Келген дәулет – кеткен бейнет.
Даналық сөздер.
Берекені көктен тілеме,еткен еңбектен тіле.
Абай.
Кісіні танымақ болсаң, ісіне қара.
Жүсіп Баласағұн.
Еңбек сүйгіштік – адамның адамдық қасиетінің негізгі көрсеткіштерінің бірі.
Ш.Айтматов.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
Абай.
«Еңбекпен тапқан нан» әңгімесін оқу,негізгі ойды анықтап, қорытынды шығару.
Еріншек пен еңбекқорға мінездеме беру.
ІV.Қорытынды бөлім.
Ойды тиянақтау.
«Мен жақсы, бақуатты өмір сүруім үшін .........»
Сұрақтар беру.
- Еңбек ету дегенді қалай түсінесіңдер?
- «Еңбек – ырыстың бұлағы» деген не?
- Байлық не арқылы келеді?
- Адамды не көркейтеді,не шынықтырады?
- Еңбек туралы ұлы адамдардың ойына өзің тағы не қосар едің?
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Күз мереке,күз береке
Урок учителя начальных классовЕнбекшинской начальной школы Жанибекского района ЗКОХайруллиной Гульдарии Жусуповны...