Күз мереке,күз береке
классный час (3 класс) по теме

Шукуров Суюнгали Сагинтаевич

Урок учителя начальных классов

Енбекшинской начальной школы Жанибекского района ЗКО

Хайруллиной Гульдарии Жусуповны

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon trbie_sagaty.doc72 КБ

Предварительный просмотр:

Батыс Қазақстан обылысы

Жәнібек ауданы

Ұзынкөл ауылы

Еңбекші бастауыш мектебі

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Күз мереке,күз береке

Мұғалімі:Хайруллина Гулдария Жүсіпқызы

Күз мереке ,күз береке

Мақсаты :Оқушылрға күз туралы түсініктерін молайту,жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату; табиғатты аялауға,әсемдікті көре білуге,сезіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Сөзжұмбақ,күз мезгіліне байланысты салынған суреттер,жеміс пен көкөніс суреттрі.

                             Барысы.

-Балалар, далаға қараңдаршы. Қай мезгіл? Қане, күз айларын кім атайды? Жыл мезгілдерін кім атайды ?

-Ендеше, балалар,қазір күз мезгілі болғандықтан бүгінгі тәрбие сағатымыз да күз туралы болмақ. Балалар сендер күз туралы осы уақытқа дейін көп оқып білдіңдер.

Ендеше күз дегеніміз не?

-Күз дегеніміз-байлық,молшылық.Жазира даланың дарқан дастарқаны.

-Күз –еңбек кезеңі. Олай дейтініміз күзде егін, шөп,астық,жеміс-жидек піседі.

-Күзде, қысқа дайындық басталады.

Бастаушы: Буырқанды күзгі дем,

                    Бұтағынан үзілген.

                    Ай жапырақ сары алтын,

                    Айналаның бәрі алтын.

-Балалар,бүгінгі біздің мерекемізге қатысқалы «Күз-береке»өзінің жемістерімен,көкөністерімен келіп отыр екен, ортаға шақырайық.

Күз:           

 Егін –теріп жиналып

Қамбаларға толады.

Әр көңілге нұр дарып

Әр үйде той болады.

Жылы жаққа бағыт ап

Құстар көкке ұшады.

Сары жапырақ қалықтап

Жердің төсін құшады.

Айтыңдаршы, балалар

Бұл қай кезде болады ?

Балалар хормен: Күзде!

 Өрік: Бақта өскен сәні бар,

         Гүлі майда көрікті.

         Жемісі бар дәмі бал

         Жақсы көрем өрікті.

Алма :Күздік апорт алмамыз

           Күннен қуат алғанбыз

           Жұмыр жерден нәр жиып,

           Жұлдыздай боп жанғанбыз.

Шие :Мен шиемін,шиемін.

          Күннің көзін сүйемін.

          Қышқыл шырын менде бар.

          Төмен басты иемін.

Қияр : Көктеп ерте өрмелеп,

           Өсемін мен бүр жарып.

           Атым қияр, теріп ал

           Жиі-жиі суғарып.

1-ші бала:

                Берекелі күз келді!

                Мерекелі күз келді!

2-ші бала:

                Күз жемісті алтын күз

                Кемелденсін халқымыз!

3-ші бала

                Күздің қазан айында

                Алма, алмұрт піседі

                Жапырақтар сарғайып

                Сыбдыр-сыбдыр түседі.

4-ші бала

                Сары алтындай Алтын күз.

                Алтын ,сары,қызыл,көк.

                Күзгі бақта күлімдеп,

               Алтын күзді тойлаймыз.    

5-ші бала:

               Ерекше күз енді,

               Айнала сары ала  

               Комбайн жүзеді,

               Толқыған далада.  

Ән «:Жау,жау жаңбыр»

Қыркүйек Бірінші қыркүйек,

                    Білімге бастады.

                    Мал мен аң жүр билеп,

                    Құс шарлап аспанды.

Қазан :     Жаңартқан ғаламды,

                 Жаңбырлы ғажап ай.

                 Осынау заманда

                 Орнатқан қазан ай.

Қараша:    Мол байлық тергені

                   Шаттығы қаншалық.

                   Қарашы, өрледі,  

                   Қараша ән салып.

Көрініс:Өсімдіктер айтысы.

Ән :«Біз шипалы өсімдіктерміз»

Ойын :«Қандай жеміс екенін тап»

   Шарты :Көзді байлап,қолмен ұстап қандай жеміс екенін табу.

Бастаушы :Балалар,қандай жұмбақ, мақал-мәтелдер білесіңдер?

1.Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

2.Еңбектің наны тәтті,

 Жалқаудың жаны тәтті.

3.Еңбегің қатты болса,

  Татқаның тәтті болар.

Ән :«Тырналар»

Қорытынды:Балалар,күзде береке, молшылық болсын!


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Еңбек түбі - береке

Тәрбие сағаты   3-класс...