Қош бол ,бастауыш мектеп
классный час (4 класс) на тему

Амангалиева Акмарал Сайлауовна

Бастауышпен қоштасуға арналған жоспар

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon kosh_bolbastauysh_mektep.doc54.5 КБ

Предварительный просмотр:

 

        « Қош бол, бастауыш мектеп!»

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
1 жүргізуші: Саят

 Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.
2 жүргіуші: Ақерке

Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
1 жүргізуші: Саят

Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелеп.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,
Азмат боп, кешегі сәби –еркелер.

2 жүргізуші: Ақерке

Бүгін біз сауатымызды ашып, білім, негізін қалаған бастауыш мектебімізбен , алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.

1 жүргізуші:  Саят

Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріңіздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол, бастауыш мерекесін» бастауға рұқсат етіңіздер!
2 жүргіуші:Ақерке

  Олай болса, Саят бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.

1 жүргізуші:Саят

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4  сынып түлектерін  ортамызға.
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады. )

Би «Қазақ биі»

2 жүргізуші: Ақерке

Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын
Мектебіме орналады бұл жырым.
1 жүргізуші: Саят 

Дұрыс айтасың , Ақерке  Мектептен  қаншама адам тәлім алған десеңші.  Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да , енді мен де мектептен  тәлім алудамын.
2 жүргізуші:  Ақерке 

Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың  мектепке арнаған жырларын тыңдайық.

Ғазиза
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде өзім артты санам.
Баулыған 4-жыл бойы ата анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Нұржан

 Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Динара
Мектебім , алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Аружан

Мектеп деген білім кені жыр кені
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

Хор Мектебім

1 жүргізуші:Саят

Достар, осы  бізді болашаққа не бастайды?

2 жүргізуші: Ақерке 

    Ата- ананың  ақылы

     Болашаққа  деген  сенім

     Ұстаздың  көрсеткен  жолы

  1 жүргізуші:  Саят 

Ұстаз! Осынау  сөзде  қаншама  мән – мағына  жатыр  десеңізші!

  Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған    батыр да, тілінен бал  тамған  ақын да   бәрі –бәрі  ұстаздан  білім  алған. Сондықтан, ұлағатты  ұстаздар, сіздерге  бүкіл  адам  баласы құрметпен  бас  иеді.          

Әлия  Әр  баланың  жүрегіне  гүл еккен

Ұстаз ісін ақын  біткен жыр  еткен

Ұстаздарға  айтар  алғыс  шексіз- ау

Қаншама мың  шәкірттердің  алғысын

Алмаз Ұшырса да бұл  өмірдің сан  құсын

Ұстаз, ғалым  толастатпас  мәңгі  ісін

Тыншымайтын  асыл  жандар  аяулы

Тыңдаңыздар  шәкірттердің  алғысын

    1 жүргізуші:Саят

Бастауыштың  басшысы  да  тірегі

Бар  балаға  мейірбан  боп  жүреді

Әрқашанда  басшы  демей  ол  өзін

Ортамызда  күліп  ойнап  жүреді   деп         

2 жүргізуші:Ақерке

Ендігі кезекте балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін  мектеп директоры Муханова Жездігүл Исмағұлқызына сөз беріледі

Ән «Ұстазым» Муханбетова Диана

1-жүргізуші :Саят

Бастауыштың  басшысы  да  тірегі

Бар  балаға  мейірбан  боп  жүреді

Әрқашанда  басшы  демей  ол  өзін

Ортамызда  күліп  ойнап  жүреді   деп

 Директордың  бастауыш  кластар  ісі  жөніндегі  орынбасары  Аяпова Жұмагүл Исағалиқызына  сөз  беріледі.

Ән «Достар»  Аружан, Зарина,Диана

1 жүргізуші:  Саят 

Үйретіп  өмір  нұсқасын

 Үлгі, өнеге  нұсқадың

  Ақ  көңіл  іскер  қашанда

    Ақылшым  менің  ұстазым

Ақтілектеріміз ұстаздарға арналады

 ------------------Баулыған әрбір өнерді

Ұлмекен апай өнерлі

Әсем әннің шебері

Әрбір сөзі мәнерлі

  Қызықтырып ән-күйге

 Бізді үйретіп келеді

1 жүргізуші:  Саят

Достар , біз  4 жыл ішінде тек өз  ана тілімізді  ғана емес, өзге  тілдерді   де үйрендік  қой.

2  жүргізуші: Ақерке Иә, Саят , сол  тілдердің  бірі   орыс  тілі,  ал  екіншісі  ағылшын   тілі  емеспе

Диана    Орыс тілін құрметтеп

Сүйеміз шын жүректен

Мұғалім анамыздай

Көңілдерге гүл еккен

Өсіреді сананы   Янна Кенгесовнаға мын алғыс   Әлпештеген баланы 

Ән «Қыдыр ата»

Зарина Өзге ұлттың тіліне

Үйреткен әріптеп

Дарина, Нұргүл апайым

Баулыған дәріптеп    

Ділназ Ұстаз  болу  жүректің  батылдығы

              Ұстаз  болу  сезімнің   ақындығы

               Ұстаз  болу  мінездің  күн  шуағы

               Азбайтұғын  адамның  алтындығы  

Әділет Оқушыға қатаң тәртіп қоятын

Сыныбында тәртіпсіздік жоятын

Ұмытсаңыз әкелетін форманы

Мұхтар ағай тұрғызып қоятын

1-Жүргізуші: Саят

Мың бұрала билейтін,
Биді жақсы көретін.
Нүрайымыз бар біздің

Үнді биін билейтін- деп ортаға  бишілерімізді  шақырайық. 

Үнді биі

1  жүргізуші: Саят

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан , бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз  ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың  алғашқы ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын,ұстаз туралы не айтар едің?

2  жүргізуші:  Ақерке Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға жазуға үйреткенмұғалім еңбегі шексіз дер  едім.
1  жүргізуші:

 «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса,  

ортаға  алғашқы  ұстаздарымызды  шақырамыз.

Даяна                     Алғаш  рет  отырғызған   партаға

                               Мейіріммен  қарап  әрбір  балаға

                                Гүлдана  апай  үйретіп  әліппені

                               Жеке – жеке  айтатын  әріптерді

                                Бар  баланы  қабағымен  түсініп

                                Беріп  ылғи  өмір  жайлы  түсінік

 Досхан                   Ақмарал апай  әр  кез  өзі  мейірімді

                                Оны  түгел  шәкірттері  сүйеді.

2 жүргізуші : Ендігі кезекте балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін  4  класс мұғалімдері  сөз беріледі.

Тау халқының биі

1  жүргізуші:

Сонымен қатар үлкен алғысымызды білдіргіміз келіп отыр ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызға. Біздің өміріміздегі асыл жандар ол - Сіздер.

2  жүргізуші:

Ендігі кезекте балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін  ата - аналарға  сөз беріледі.

1  жүргізуші:

Құрметті  қонақтар, біздің  қоштасу  кешімізге  болашақ  1 класс  оқушылары да келіп  отыр. Болашақ  оқушыларға  сөз берейік. (тақпақ айтады)

 2  жүргізуші:

                Ғылымды терең  меңгеріп,

                Үмітті сендер ақтаңдар

                Мектепті үздік  бітіріп,

                Ұстаздың  болшы  мақтаны!

                 Шығыңдар  білім шыңына,

                 Аманат осы сендерге

                 Болыңдар  үздік  тағы да

                 Оқуда және еңбекте

( Бір оқушы  кілт  тапсырады )

 1 жүргізуші:   Достар,  біз бастауышпен қоштасып  тұрмыз. Алғашқы  ұстаздарымызбен  қоштастық.

2  жүргізуші: Иә,   бізді  болашақта  не күтіп  тұр  екен?  Қандай  асулар  бар  алда?

1  жүргізуші:

Оқу білім,  ізденіс  жолдары. Жаңа  ұстаздар  күтіп  тұр.

2  жүргізуші:  Ендеше, біз   5 класта  жетекші  болатын  ұстаздарымызды  ортаға  шақырайық. ------------------------------------------------------

1 жүргізуші:  Бастауышым – бал бұлағым,
                         Алдым сенен балдың дәмін.
                          Әріп танып , білім алып,
                          Рахметімді жаудырамын.
2  жүргізуші:  Өтті  сенде  қызық  шағым

                            Бастауышым  балбұлағым

                            Қоштасар  күн  жетті  міне,

                            Қимастықпен  қол  бұлғаймын

( салют  атылып, шар  ұшырылады.)

 Вальс

1  жүргізуші:   Оқушыларымызға  ақ  жол  тілей  отырып,  орта  буынға  шығарып  саламыз.

  хормен                       Қош  бол, балғын балалық

                                       Қош бол, сүйікті  бастауышым !

2  жүргізуші:   Осымен «Қош  бол, бастауыш мектеп!»  атты  ертеңгілігіміз  аяқталды. Көріп  тамашалағандарыңызға  көп- көп рахмет.  Қош,  сау  болыңыздар.

 


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Бастауышым балбұлағым

Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі...

Бастауыш сынып оқушыларына арналған білім биржасы "Зияткерлік ойыны"

Оқушылардың  білімге  деген  құштарлығын  арттырып, қызықтыру  арқылы  білімін  тереңдетіп,  зияткерлік  қабілетін  дамытады.  Оқушылардың...

Қазақ тілі "Бастауыш" ашық сабақ

Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтап, бастауыштың сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік береді.Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамытады....

Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық

Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық...

қош бол бастауыш мектеп

1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта бу...

Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру

Заман талабына сай білім беру – бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек,оны...

Бастауыш сыныпта дамыта оқыту негізінде оқушының жазбаша тілін дамыту

Бастауыш сыныпта  дамыта оқыту негізінде оқушының жазбаша тілін дамыту Смагулова Бейбиткул МуптикызыАктоғай ауданы Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені»ММ...