Ана- өмір шуағы
классный час (1 класс) по теме

Бижанова Майра Нажметовна

Разработка класного часа в 1 классе "Ана-өмір шуағы"

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon ana_-omir_shuagy.doc36 КБ

Предварительный просмотр:

Сабақтың тақырыбы: Ана- өмірдің шуағы

 Сабақтың мақсаты:

 Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу

 Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер

 Сабақтың барысы:

 Мұғалім сөзі:

 Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

 Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

 Сейілмесін жанарынан ананың

 Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

 Аялайық аналарды әрдайым

 Қуанышқа бөлейікші өздерін

 Әжелердің,аналардың,қыздардың

 Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

 Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын

1 – бала: Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын ашайық.

2 – бала: Ана дейміз біріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық алтын бақ.

(балалар аналарына сыйлық береді)

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.

Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам.

Анаң болса қасында

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.

«Құлыным» деп құшағына алады

Өзгеге де, өзіне де жауапты

Барлығына қалай уақыт табады?!

Айналайын анашым

Аялайсың, бағасын

Сен үшін балалармен

Ән шырқайық бәріміз

Ән: «Аналар мерекесі»

Бір бала ортаға шығады

- Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім, беретін гүлім бар. Әжетай, сені жақсы көремін - деп.Ақырын құлағына сыбырлаймын.

Жақсы көреді әжелерін,

Ойыншықтар да әпереді

Балабақшаға да әкеледі,

Жақсы қандай әжелері.

Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.

Ән «Менің әжем айдай»

Али: Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамымен құттықтаймын

Нұралы:Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

Ойын: «Әжемнің жіб

Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,

 Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.

 Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,

 Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

 І жүргізуші:

 Ән де шырқап, ойын да ойнап жатырмыз.

 Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз.

 3-оқушы:

 Дүниенің жарық күні анамыз

 Дана болсақ анаменен данамыз

 Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын

 Анаға арнап тағы бір ән саламыз

Мұғалім: Бөбегіңнің сыйлығын,Қабыл алшы анашымҰзақ өмір жүз жасапАуырмашы анашымБәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.Аналар, қалқып бақыт аралында,Лайым мұң қонбасын жанарыңаОсымен кешімізді аяқтайықГүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!

Мұғалім: Ақ анашым, аппағым.Өзің жайлы тақпағым.Арналады сіздерге.Бар баланың тақпағы.(Балалардың тақпағы айтылады)

Не деген құдірет едіңіздер, аналарым! Сыйынатын болса өмірде құдірет, Сыйынар ем ана деген тәңірге! Анады да, мені де әлпештеген, Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген. Ниетің қабыл болсын, аналарым, Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер. Барша ана құтты болсын мерекеңіз, Әрқашанда ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, Сонда біз кісілікке теңесеміз