"Кітап-білім бұлағы" тәрбие сағаты
классный час (2 класс) по теме
Оқушыларды кітапты күтіп ұстауға, кітапты құрметтеуге үйрете отырып, кітаптың шығу, жасалу жолдарын білуге үйретеді.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
kitap.docx | 25.74 КБ |
Предварительный просмотр:
Сабақтың тақырыбы: Кітап- білім бұлағы.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды кітапты күтіп ұстауға, кітапты құрметтеуге үйрете отырып, кітаптың шығу, жасалу жолдарын білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Кітап көрмесі, кітап туралы жазылған қанатты сөздер,ескі және жаңа оқулықтардың көрмесі.
Жазылған қанатты сөздер: Артық ғылым кітапта, ерінбей оқы көруге. (Абай Құнанбаев)
«Кітап- ғасырдағы жол шеккен ақыл ескерткіш» (Давенанд)
«Кітап маған тақтан да қымбат» ( У.Шекспир)
Тәрбие сағатының барысы:
Кітап:
Мен кітаппын,
Оқы талмай, түй санаңа, оқырманым,
Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.
Таза ұстап, оқы мені қастерле,
Бар білімді мен егемін санаңа.
1-оқушы; Кітап сүйер қауымға-
Барлығы: Сәлем!
2-оқушы: Кітапты көп оқитын оқырманға-
Барлығы: Сәлем!
3-оқушы: Кітаптың жанашыры, оқырманға жеткізуші-кітапханашы апайларға
Барлығы: Сәлем! Сәлем! Сәлем!
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар, қадірлі замандастар. Сіздер 23-ші сәуір Дүниежүзілік кітап күні мерекесіне арналған «Кітап-білім бұлағы» атты ашық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Егемен елімізді әлемге таныту, болашақта еркін өмір сүріп, ойлаған арманымыздың орындалуы тек ерінбей терең білім алғанда ғана орындалары сөзсіз. Білім алудың басты құралы –кітап.
2-оқушы: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар. Кітап-адам баласы ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп ртыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі, халқымыз кітапты аса құрметтейді. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Ертегі әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.
1-жүргізуші: Кітап адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал.
Кітап сенің ақылшың, досың, сырласың.Ең алғаш дүниеге келгенде анадан тәрбие аласың, ал алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш қолыңа кітап ұстағанда кітаптан білім аласың. Алғаш жазу жаза аласың, әріп тани білесің. Ал, оның бәрін кім үйретеді? –Ұстаз. Ендіше сол ұстаздарға тағзым етейік.
2-жүргізуші: Білімді кітаптан үйренесің. Білімнің қаншалықты қажет екенін , білімсіз еңбек ете алмай тынын бүгінгі күнге шейін адам баласы білуі керек, яғни міндетті болып саналады.Білімді кітаптан үйренген адам жан-жақты ақылды, талантты, дарынды, ғалым болуға және келешекте күрделі жұмыстар атқаруға көмектеседі. Кітапты оқи білу, түсіну есте сақтау, қабілеттерін арттырады. Білім өмірдің қызықтарын, қаншалықты өмір сүрудің қажет екенін дәлелдейді.
1-оқушы:
Қуан кітап,қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Оқырмандар, тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.
2-оқушы:
Бүгін мейрам, бізге үлкен мереке,
Тойлайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың- рухани қазынаң
Құнды байлық баға жетпес бұл өте.
3-оқушы:
Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің,
Оқисың кейде жатып ап,
Көтеріп күшін көңілдің
4-оқушы:
Айдыны шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің.
Ауадай қажет бейне бұл,
Татпасаң нәрін шөлдерсің.
5-оқушы:
Кітапта алма ағашы,
Жемісін бізге беретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін.
6-оқушы:
Кітап деген бір теңіз,
Тұңғиыққа батарсың.
Ішіне үңіліп қарау үшін,
Тарихыңа қарарсың.
7-оқушы:
Пайда ойлама ар ойла,
Талап қыл ратық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқы көруге.
8-оқушы:
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын қиып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
9-оқушы:
Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Моайтып ақылыңа сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
Қойылым:
Өмірдегі ең жақсы кеңесшің-кітап. Сондықтан да қолдарыңдағы оқулықтарыңды сүйіңдер. Кітаптың жаны жоқ боғанымен тілі бар.Ол өзін аялауды, күтіп ұстауды қажет етеді. Нашар оқитын оқушылардың қолына түскен мына оқулықтардың мұңын тындап көрейікші.
Сахынаға сүйретіліп, аяқтарын әрең басып, Ана тілі мен Тарих шығады.
Тарих: (Қайда келдім дегендей жан-жағына қарап сәл тұрды да, жанындағы көршісін түртеді.)
-Ей, тірімісің өзің? Қайдан келдің?
Ана тілі: Ойбай мазамды алма. Бүйткен тіршілік құрсын! Мұнан да парақтарым дал-дұл болып, желмен бірге ұшып, не өртеніп кеткенім жақсы еді.
Тарих: Не болып қалды? Жалғыз сенің басына келді деймісің бұл қасірет? Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық.Басыңды көтер.Жөн сұрасайық, өзің кімсің? Сыртың бүп-бүтін ғой.
Ана тілі: (жер тірене әрең тұрып) Сыртымды қайтесің, сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін, Ана тілі оқулығымын. Мен үшін автор түн ұйқысын төрт бөліп , қанша қызмет етті десеңші!Баспа редакторларының еңбегі өз алдына. Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі.
Қолымнан келгенше , өз бойымдағы білімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырыстым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл бойы мынандай күиге түстім.Егер күтіп ұстаса келер жылы мені екінші бала оқымас па еді? Іші-бауырымнан сау жерім қалмады. Жыртылмаған, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кем де кем шығар.
Тарих: Мен тарих оқулығы боламын. Дүкенге түсісімен Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Бірнеше күн өтпей ақ Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суреттерімді ақ қағазға бастыра бастады. Көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейін өзіне керекті кейбір беттерімді жыртып алатынды шығарды.
Ана тілі: Әріптесім , қанша айтқанмен Ана тілімін ғой, менің айтқаныма құлақ сал .Бұл жерде кішкентайлар ғана емес, жоғары сынып оқушылары да кінәлі ау
Тарих: Дұрыс айтасың, Менің оқушым үйде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап, ұшырып ойнағанда да қой демейді ғой.
Ана тілі: Шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой. Ондай балалар да көп. Алайда, олардың бір кемшілігі. Адырбай мен Сотқарбай сияқты балаларға достық ақыл айта алмай келеді.
Тарих: Енді бізді не істер екен? Әлде, жинап, жинап отқа тастар ма екен?
Ана тілі: Мүмкін бір кәдеге жаратар. Түптер!
Тарих: (қуанып кетіп) « Олай болса, келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек деп тілейік»,- дейді.
Ана тілі:
Тілім барда, үнім жоқ,
Мені адам түсінген.
Жүрегім бар, қаным жоқ,
Сөйлей туған ішімнен.
Тарих:
Мен де бір сандық өзгеше,
Қолыңа алып жүресің.
Мені ашып ақтарсаң,
Өткеніңді білерсің.
Бастауыш:
Міне, балалар, таза, күтіп ұстамаған кітаптардың мұңын тыңдадыңдар. Сендердің алдарыңда елеулі бір мақсаттарың бар. Ол оқу, үйрену. Оқу мен жазуға үйрететін ол сендердің –оқулықтарың.
Сол оқулықтарыңды таза, күтіп ұстаңдар. Ол сендерді талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды.
1-оқушы:
Бүгінгі кітабымыздың қалауы:
Барлығы қосылып:
Кітапты ұқыпты ұстаймыз.
Кітап:
Мен –кітаппын,
Мен сенің жолдасыңмын,
Оқырман күтіп ұста,
Таза тұрсам кім қызықпас түріме,
Сондықтан да дақ түсірме бетіме!
2-оқушы:
Түкірікпен ашатын әр бетімді,
Жиіркенішті таста сен әдетіңді.
Майыстырма мұқаба беттерімді,
Мыжғылама желімді түптерімді.
3-оқушы:
Ұмытып кетпе,
Бақ ішінде қалдырып.
Жаңбыр тиіп
Жайпап өтер талдырып.
4-оқушы:
Әй, сорпаға әкеп салдың ғой!
Еденге әкеп,жалп еткізе салдың ғой.
Тағы міне бетімді майыстырдың
Енді оқырда қағаз сал жай қыстырып.
5-оқушы:
Мұқабамды қағазға орап алып,
Алған жерге қайтарып бер апарып.
Таза болсаң-шын досыңмын жаныңда,
Нас адамдар жоламасын жаныма.
6-оқушы:
О, кітап бас иемін мәртебеңе,
Игілік-қазынасың әрбір үйге,
Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айта алдық па?
7-оқушы:
Адамзаттың жарқыраған шырағы,
Бізге әкелген бабалардың мұраты.
Ұрпақтарға темірқазық бола бер,
Болашақта
«Кітап-білім бұлағы»
Кітап: Мен кітаппын,
Оқы талмай, түй санаңа, оқырманым,
Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.
Таза ұстап, оқы мені қастерле,
Бар білімді мен егемін санаңа.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар, қадірлі замандастар. Сіздер 23-ші сәуір Дүниежүзілік кітап күні мерекесіне арналған «Кітап-білім бұлағы» атты ашық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Егемен елімізді әлемге таныту, болашақта еркін өмір сүріп, ойлаған арманымыздың орындалуы тек ерінбей терең білім алғанда ғана орындалары сөзсіз. Білім алудың басты құралы –кітап.
2-оқушы: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар. Кітап-адам баласы ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп ртыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі, халқымыз кітапты аса құрметтейді. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Ертегі әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.
1-жүргізуші: Кітап адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал.
Кітап сенің ақылшың, досың, сырласың.Ең алғаш дүниеге келгенде анадан тәрбие аласың, ал алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш қолыңа кітап ұстағанда кітаптан білім аласың. Алғаш жазу жаза аласың, әріп тани білесің. Ал, оның бәрін кім үйретеді? –Ұстаз. Ендіше сол ұстаздарға тағзым етейік.
2-жүргізуші: Білімді кітаптан үйренесің. Білімнің қаншалықты қажет екенін , білімсіз еңбек ете алмай тынын бүгінгі күнге шейін адам баласы білуі керек, яғни міндетті болып саналады.Білімді кітаптан үйренген адам жан-жақты ақылды, талантты, дарынды, ғалым болуға және келешекте күрделі жұмыстар атқаруға көмектеседі. Кітапты оқи білу, түсіну есте сақтау, қабілеттерін арттырады. Білім өмірдің қызықтарын, қаншалықты өмір сүрудің қажет екенін дәлелдейді.
5-оқушы:
Қуан кітап,қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Оқырмандар, тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.
6-оқушы:
Кітап деген бір теңіз,
Тұңғиыққа батарсың.
Ішіне үңіліп қарау үшін,
Тарихыңа қарарсың.
7-оқушы:
Пайда ойлама ар ойла,
Талап қыл ратық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқы көруге.
8-оқушы:
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын қиып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
9-оқушы:
Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Моайтып ақылыңа сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
Қойылым:
Өмірдегі ең жақсы кеңесшің-кітап. Сондықтан да қолдарыңдағы оқулықтарыңды сүйіңдер. Кітаптың жаны жоқ боғанымен тілі бар.Ол өзін аялауды, күтіп ұстауды қажет етеді. Нашар оқитын оқушылардың қолына түскен мына оқулықтардың мұңын тындап көрейікші.
Сахынаға сүйретіліп, аяқтарын әрең басып, Ана тілі мен Тарих шығады.
Тарих: (Қайда келдім дегендей жан-жағына қарап сәл тұрды да, жанындағы көршісін түртеді.)
-Ей, тірімісің өзің? Қайдан келдің?
Ана тілі: Ойбай мазамды алма. Бүйткен тіршілік құрсын! Мұнан да парақтарым дал-дұл болып, желмен бірге ұшып, не өртеніп кеткенім жақсы еді.
Тарих: Не болып қалды? Жалғыз сенің басына келді деймісің бұл қасірет? Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық.Басыңды көтер.Жөн сұрасайық, өзің кімсің? Сыртың бүп-бүтін ғой.
Ана тілі: (жер тірене әрең тұрып) Сыртымды қайтесің, сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін, Ана тілі оқулығымын. Мен үшін автор түн ұйқысын төрт бөліп , қанша қызмет етті десеңші!Баспа редакторларының еңбегі өз алдына. Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі.
Қолымнан келгенше , өз бойымдағы білімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырыстым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл бойы мынандай күиге түстім.Егер күтіп ұстаса келер жылы мені екінші бала оқымас па еді? Іші-бауырымнан сау жерім қалмады. Жыртылмаған, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кем де кем шығар.
Тарих: Мен тарих оқулығы боламын. Дүкенге түсісімен Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Бірнеше күн өтпей ақ Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суреттерімді ақ қағазға бастыра бастады. Көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейін өзіне керекті кейбір беттерімді жыртып алатынды шығарды.
Ана тілі: Әріптесім , қанша айтқанмен Ана тілімін ғой, менің айтқаныма құлақ сал .Бұл жерде кішкентайлар ғана емес, жоғары сынып оқушылары да кінәлі ау
Тарих: Дұрыс айтасың, Менің оқушым үйде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап, ұшырып ойнағанда да қой демейді ғой.
Ана тілі: Шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой. Ондай балалар да көп. Алайда, олардың бір кемшілігі. Адырбай мен Сотқарбай сияқты балаларға достық ақыл айта алмай келеді.
Тарих: Енді бізді не істер екен? Әлде, жинап, жинап отқа тастар ма екен?
Ана тілі: Мүмкін бір кәдеге жаратар. Түптер.
Кітап:
Мен –кітаппын,
Мен сенің жолдасыңмын,
Оқырман күтіп ұста,
Таза тұрсам кім қызықпас түріме,
Сондықтан да дақ түсірме бетіме!
2-оқушы:
Түкірікпен ашатын әр бетімді,
Жиіркенішті таста сен әдетіңді.
Майыстырма мұқаба беттерімді,
Мыжғылама желімді түптерімді.
3-оқушы:
Ұмытып кетпе,
Бақ ішінде қалдырып.
Жаңбыр тиіп
Жайпап өтер талдырып.
4-оқушы:
Әй, сорпаға әкеп салдың ғой!
Еденге әкеп,жалп еткізе салдың ғой.
Тағы міне бетімді майыстырдың
Енді оқырда қағаз сал жай қыстырып.
5-оқушы:
Мұқабамды қағазға орап алып,
Алған жерге қайтарып бер апарып.
Таза болсаң-шын досыңмын жаныңда,
Нас адамдар жоламасын жаныма.
6-оқушы:
О, кітап бас иемін мәртебеңе,
Игілік-қазынасың әрбір үйге,
Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айта алдық па?
7-оқушы:
Адамзаттың жарқыраған шырағы,
Бізге әкелген бабалардың мұраты.
Ұрпақтарға темірқазық бола бер,
Болашақта
«Кітап-білім бұлағы»
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Выступление на тему "Баланы ирек рухында тәрбияләү"
Рухи байлык - ирекнең нигезе. Чын кеше моделе....
Доклад:УКУЧЫЛАРДА БЕРДӘМЛЕК ХИСЕ ТӘРБИЯЛӘҮ.
Башлангыч сыйныфта укучылар коллетивын туплау, аралашырга өйрәтү, психоогик үзенчәлекләрне ачыклау....
Еллык тәрбия эше планы. 2 нче класс.
Башлангыч классларда класс җитәкче булып эшләүчеләргә ярдәмгә....
Укучыларда әхлакый сыйфатлар тәрбияләү.
Толерант-латин теленнән кергән. Ул- түземлелек,сабырлык,кеше нинди генә милләттән булуына карамастан,аның фикеренә,гореф-гадәтенә уңай карау дигәнне аңлата. -Кешене барлык физик һәм дини ...
Тәрбие сағаты"Менің өз сыныбым үшін құндымын ба?"Бұл менің
Бұл менің оқушыларыммен өткізген тәрбие сағатым.Тәрбие сағатын өткізе отырып,оқушылардың өз "Мен"-ін анықтауға көмектесуге болады....
Тәрбие сағаты"Менің өз сыныбым үшін құндымын ба?"Бұл менің
Бұл менің оқушыларыммен өткізген тәрбие сағатым.Тәрбие сағатын өткізе отырып,оқушылардың өз "Мен"-ін анықтауға көмектесуге болады....
Тәрбия эшендәге кыенлыклар
Балаларның, үсмерләрнең һәмяшьләрнең үз-үзләрен тотышларындагы тупаслыклар,кешеләр белән аралашуындагы кимчелекләр һәммәбезне борчый. Бу нилектәншулай? Тәрбиянең кайсы урынында нинди ялгышлар җ...