Отбасым - алтын ұям интерактивті жоба
презентация к уроку (3 класс) по теме

ата-аналар байқауы, ата-аналармен жұмыс

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon Отбасым - алтын ұям41 КБ

Предварительный просмотр:

«Отбасым-алтын  ұям» интерактивті байқау жобасы

Мақсаты: Ата ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту.

Отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту.

Оқушыларды отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке, ата анаға, үлкенге  деген  құрметтке тәрбиелеу.

Әдісі: интерактивті жоба

Көрнекілік: әсем безендірілген бөлме, отбасы туралы нақыл сөздер мен мақалдар жазылған плакаттар, компьютерден слайдтар: «Отбасым», «Әулет ағашы», «Қызықты фотослайд»

Жүргізуші:  

        Армысыздар,  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі тәрбие сағатымызды «Отбасым─алтын ұям» тақырыбымен интерактивті байқау жоба түрінде өткізгелі отырмыз. Замануи ақпараттық технологияны, яғни компьютердің мүмкіншілігін пайдалану арқылы оқушылармен  біріге отырып осы жобаны жасаған жайымыз бар. Мақсатымыз ата-аналар мен мектеп арасындағы қатынасты нығайту, оқушылардың отбасы сыйластығы туралы түсініктерін кеңейту.

    Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Атақты қазақтың ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:  
Отбасы – шағын мемлекет,  
Мен – президент, сен – премьер,  
дегені бар.
«Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.

Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың ќадірі ерекше әспеттелген. 
«Алты аға бірігіп - әке болмас,  
  Жеті жеңге бірігіп - ана болмас» демекші
        Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы болса, ана - отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі, ерінің адал жары, отбасы беріктігін сақтаушы, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуші адал жан. Сондықтан да

отбасы тәрбиесінде әке мен аналардың орны ерекше. 
  «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. Жақсылық, береке, бірлік, табыс тілеймін.
Ендеше байқаудың шартымен таныстырып өтейін.

Бұл жобаға 6 отбасы қатысуға ниет танытты. Олар:

1. Аманұлы Саламат отбасымен

2. Әлібек Панабек отбасымен

3. Сағынтаева Арайлым отбасымен

4. Арықова Зинегүл отбасымен

5. Жайшылық Гүлден отбасымен

6. Нартаев Талғат отбасымен

   

І. Таныстыру. Оқушы жазып келген шығармасын оқиды

ІІ. Үй тапсырмасы Жеті атасын «Әулет ағашына» компьютерге слайдқа түсіріп дайындап келу

ІІІ. Бармағынан бал тамған. Шарты: Анасымен бірігіп отбасылық сүйікті салатты әзірлеу  Әкесі ұлымен бірігіп тапсырма орындайды

IV. Отбасылық альбом. Шарты: Отбасындағы фотосуреттерден қызықты,  күлкілі етіп слайд дайындау. Оған шағын түсіндірме

V. Артық болмас білгенін.  Шарты: Компьютердегі слайдтан тақырып таңдап,  сұрақтарға жауап беру.

   Жүргізуші:  

    Ал талғамы биік көрермендер, сіздер әрі сарапшы, әрі қазы, әрі сыншы болып отырасыздар. Сондықтан мұқият тыңдап, тамашалаңыздар! Әр байқаудан соң пікірлеріңізді білдіріп отыруға болады. Сонымен

Қатысушыларды тыңдайық,
Отбасыларын қолдайық,
Қиын шақта қорғайық

Шапалақты соғайық!

Жүргізуші:  

1) ─  Қазір мына сандықшадан нөмірленген асықты таңдау арқылы шығу ретін анықтаймыз.   Әр отбасынан бала шығып, асық тартады. 

Жүргізуші:   ─  Жүздің жүзін танығанша,   бірдің атын тан біл, демей ме халқымыз. Ендеше  «Таныстыру»  І-бөлімді бастайық, асып саспайық!

    Оқушылар кезекпен шығармаларын оқиды, монитордан отбасы  фотоларынан слайд көрсетіліп тұрады.

─ «Жеті атасың білмеген жетесіз» немесе «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген ата бабамыз. Ендеше қазіргі заманның ұрпақтары ата тегін қаншалық білетінін сынайтын кез жетті. Бұл үй тапсырмасы түрінде берілген болатын. Оқушы өзі анықтаған кезек бойынша компьютерде слайдпен жасаған «Әулет ағашымен» таныстырады. Мұқият тамашалайық. Бала «Әулет ағашы» арқылы жеті атасын атап таныстырады,  

─ 3 байқауымыз «Бармағынан бал тамған» деп аталады. Бала анасымен бірігіп, отбасының сүйікті салатын әзірлейді. Анасы оған қысқаша сипаттама беріп өтеді. Әкесі ұлымен берілетін тапсырманы орындайды.

─ Келесі 4 байқауымыз оқушы өзі немесе отбасымен түскен фотоларды қызықты етіп слайдқа түсіріп келген, енді соны тамашалайық

  ─Келесі соңғы байқауымыз отбасы мүшелерінің ақыл ойың, біліктілігің көрсететін кезі жетті.  «Артық болмас» білгенін деп аталады. Шарты: Монитордан 4 категория шығады, бірін таңдап, ұпайлардың артындағы сұрақтарға жауап бересіз.

   Байқаудың қорытындысы шығарылып, әр отбасы шағын сыйлықтармен алғыс хатпен марапатталады.

                                  Сен бақытты ұлансың! М. Қуанышбеков

Анаң-күнің жүрегің,

Әкең -өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,

 Бәрі саған қуансын. 
Әжең- асыл ардағың,

Атаң- дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.
Ағаң –қамқор асқарың,

Інің- мөлдір аспаның.
Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын

      Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре , түсіне білгенде отбасы берік болады.

Ендеше,  Шаңырақтарыңыз шайқалмай,  бауырларыңыз бүтін, отбасыңыз аман, еліміз тыныш болсын!

АТА - АНАНЫҢ ПАРЫЗЫН, 
ӨТЕУ - СЕНІҢ ҚАРЫЗЫҢ 


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Отбасы - шағын қоғам

4 класта өткен дүниетану сабағы бойынша сабақ жоспары...

Дәрес планы. Тема: Туган ягымда алтын көз

Тема: Туган ягымда алтын көз .Максат: Укучыларның көз турындагы белемнәрен системага китерү, аларны сәнгатьле итеп укырга һәм  тасвирлап сөйләргә, табигатьне образлы итеп күз алдына ки...

Алтын каләм Свидетельство

Районный фестиваль детской, юношеской и молодежной прессы "Алтын калэм" - "Золотое перо", под девизом  "За здоровую и сильную молодежь!"...

"Әбекәй - алтыным, минем иң якыным"

8 март бәйрәме уңаеннан әбиләр өчен уздырылган кичәнең эшкәртмәсе...

отбасым алтын ұям ІІ бөлім

Ата аналармен сыныптан тыс жұмыс...

Әбекәй - алтыным, минем иң якыным

Укучыларның әбиләр белән очрашу. Эзләнү -тикшеренү нәтиҗәсе буларак , проектны  тәкъдим  итергә өйрәнү,яклый белү....

Эбекэй - алтыным

Праздничный утренник к 8 марта...