Табиғатты қорғау дәстүрі
проект по окружающему миру (4 класс) по теме

Сейткалиева Светлана Несипбеккызы

Табиғат - адамның еңбегінсіз, адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Ол -  тіршілік атаулының құтты қонысы, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні, алтын ұя бесігі, құт берекесі. 

  Адам үшін табиғат -  ең қасиетті, қастерлі ұғым.  Жер-Ана деп табынған адамзат табиғатты барлық тіршіліктің Анасы деп білген. Сол себепті де қазақ халқы табиғатты аялауға, қорғауға ерекше көңіл бөледі. 

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon Табиғатты қорғау дәстүрі68.5 КБ

Предварительный просмотр:

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ДӘСТҮРІ

Авторы:Сейткалиева Светлана Несипбеккызы

«Балқаш қаласы

№15 мектеп-лицейі» КММ

Резюме

Сейткалиева Светлана Несипбеккызы

Дата рождения:12.08.1974г

Адрес проживания:

 Карагандинская область

Г.Балхаш

Микро/н Сатпаева дом-9, кв.7

Телефон: дом: 87103654490, моб: 87018174957, 87001057114. s7412n@mail.ru

Стаж работы: 19 лет

Стаж работы в данном учебном заведений: 6 лет

Должность: учитель начальных классов

Образование: высшее

СарПУ им.Абая 1989-1993

 Балхашский гуманитарно-техничечский  университет 2003-2006

Категория: І

Личные качества: гуманизм, любовь к детям, обязательность, скромность, ответственность, сдержанность, оптимизм, трудолюбие.

Summary

Learning The Usage Of Svetlana Nesiblaskyti
Date of birth:g 12.08.1974г

Address:
Karaganda region
Balkhash town
Micro  Satpayev house-9, kv.7

Phone: home: 87103654490, mob: 87018174957, 87001057114. s7412n@mail.ru

Work experience: 19 years
Work experience in this educational institutions: 6 years
Position: primary school teacher
Education: higher

The Sarpa University 1989-1993
Balkhash humanitarian-tehnicheski University 2003-2006
Category: 1

Personal qualities: humanism, love for children, commitment, humility, responsibility, self-control, optimism, hard work.

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ДӘСТҮРІ

    Табиғат! Осы бір тұжырымы кең, қастерлі де қасиетті ұғымды естігенде тұла бойым тамылжып,   ет-жүрегім елжіреп кетеді. Ата-анасына бауыр басқан баладай еркелеп кетемін. Себебі табиғат — адам баласының анасы.  Табиғат –   тіршілік.      «Табиғат адам үшін жаралыпты, Бар қызық табиғаттан таралыпты»-деген өлең жолдары да -  соның  бір дәлелі. Табиғат - адамның еңбегінсіз, адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Ол -  тіршілік атаулының құтты қонысы, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Ол -  тіршілік атаулының   алтын ұя бесігі, құт берекесі.  Адам үшін табиғат -  ең қасиетті, қастерлі ұғым.  Жер-Ана деп табынған адамзат табиғатты барлық тіршіліктің Анасы деп білген. Күнделікті ішіп-жеп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланылатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз — осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы. Сол себепті де қазақ халқы табиғатты аялауға, қорғауға ерекше көңіл бөледі.  Тіпті адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді де өзінің туып-өскен табиғатымен байланыстырып жатады. Мысалы, халық арасында «жаны жаздай»,  «көңілі көлдей»,  «пейілі кең даладай» деген сөз тіркестерін жиі қолданамыз.

     Халқымыз ерте кезден-ақ табиғаттың тірі туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын жас буынның құлағына құйып отырған. Ал әрбір адамның табиғатқа деген қарым-қатынасы бала кезінен басталатыны баршамызға мәлім. Демек, табиғат ахуалын сауықтыру, таза ауасын сақтау осы өлкеде өсіп-өнген, табиғатын тамашалаған әрбір перзенттің ең басты борышы болып саналады. Табиғатты қорғау — өз Отаныңды қорғау! Жалпы табиғатты қорғау деген мәселе қолыңа мылтық алып, орманды қорғау емес. Жоғарыда айтып кеткендей, табиғатты қорғау дегенді  қазақтың байырғы өзінің ұлттық дәстүріндегі табиғатты аялау, оны сүю, жастарды табиғаттың болмысына, заңдылығына үйрете отырып, табиғат байлығын қорғауға және оны тиімді пайдалануға үйрету деп түсіну қажет.  Жеке  адамның бойында табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет-ғұрыптарды қалыптастыра отырып,  адам-қоғам-табиғат арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту қажет.  Болашақ ұрпақ санасына, ой-өрісіне, дүниеге деген көзқарасына қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіру  керек. Өкінішке карай, аға ұрпақтың сана-сезімінде табиғат байлықтарына  деген көзқарас мүлдем басқаша болып келді. Ол  - олардың табиғатқа "байлық көзі немесе табыс көзі" ретінде қарауы. Осы кері әдеттен жас ұрпақтың бойы ада-күде болуға тиіс. Келер ұрпаққа табиғатты тиімді пайдалана отырып, оның заңдылығын бұзбауға үйрету қажет.  Осы жерде бір мысал келтіре кетейін.   Финляндия қаласында   тал тұрмақ, бір бұтақ кестірмейді екен. «Бір тал кессең, он тал ек» деген қазақтың мақалын осы финляндиялықтар қатаң қағида қылып ұстанатын секілді. Базардың өзін олар тазалық үшін уақытша пайдаланады. Яғни біздегідей тұрақты орны жоқ.  Осылайша олар табиғат заңдылығына қайшы келмейді. Десек те біздің ата-бабаларымыз үшін де табиғат тың нәрсе емес. Ол біздің салт-дәстүрімізде бар, бұл ананың ақ сүтімен беріліп келген, туған анамызды  қорғап, қастерлеумен пара-пар ұғым.   "Көк шөпті баспа", "суға түкірме" деп үйреткен аналарымыз "ботам", "құлыншағым", "қошақаным" деп еркелеткен. Жерін жұтатпас үшін әр маусымға орай жайлау, күзек, қыстауға көшіп-қонып жүрген. Көшкен жұртында бір түйір көлденең зат тастамай, ошағын тегістеп, қазығын қалдырмай кеткен. Мұның бәрі -  табиғатпен етене өскеннің арқасы.

         Қазақта «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне»деген мақал бар. Әрбір адамның туған жері – бәрінен де қымбат. Өйткені ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстады, табиғатымен біте қайнасып, адам болып қалыптасты. Сондықтан да әрбір адам буған жерін қорғайды, аялайды, күтеді, қастерлейді.  Себебі туған жердің әрбір тасына дейін қасиетті, киелі.

Туған жерімізде «әулие тал», «әулие бұлақ», «әулие көл», «хан тәңірі», «сұлу төр», «бесік тау» деген қасиетті атаулар бар. Халық қай жерді қасиет тұтса, сол жерлерді осылай атап отырған және оларды көзінің қарашығындай сақтаған. Ал қарлығаш, аққу, ұлар,т.б.жануарларды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға, не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген. Әсіресе жабайы аңдардың буаз болған мерзімінде, төлдеген кезінде атуға болмайды, киесі ұрады деп есептеп, оларға да мылтық кеземеген.   «Табиғаттың иесі де, киесі де болады» деген нақыл сөз осылардан шыққан. Бұл арада ақын Мырзахан Кенжебаевтың мына жыр жолдары соның айғағы болмақ:

Қасиетті сөз бар еді «кие» деген,

(Киеліге жоламас күйе деген).

Жерін, елін, Отанын сүйетіндер,

Ең алдымен бұл сөзді сүйеді ерен.

Тірі нәрсе – шөп деген, көгал деген,

Көкті жұлма болады обал деген!

Ата-анамыз жыланға үйге келген,

Ақ сүт құйып басына «жоғал»деген...

     Ата – бабамыз кие тұтқан   жаратылысқа дақ салмай, аялап күтіп, ардақтап сақтау - әрбір адамның перзенттік борышы.

«Бұлақ көрсең, көзін аш», «Жол үстінде тас жатса, алып таста», «гүлді жұлма», «Ағашты жастай қырықпа», «Шыңнан тас домалатпа», «Құмырсқаның илеуін бұзба», «Суды ысырап қылма», «от шығарып ойнама», «аққуды атпа», «құс  ұясын бұзба», «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын», «Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық» деген сияқты тыйым сөздер мен мақалдар табиғатқа байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің ертеден қалыптасқанын көрсетеді.

Халқымыз ұрпақтарына табиғатты аялауды әрқашан да әдеппен аңғартып отырған.  

   Табиғатты аялап, оның қызығын көре білген халқымыз табиғат заңдылықтары мен оның сиқырлы сырларын да жақсы білген. «Ай қораланса, аяғыңды сайла, күн қораланса, күрегіңді сайла» деп, күн райының құбылуын ай бетіне, күн жүзіне , жұлдыздарға қарап болжаған. Ай шалқалап туса, «өзіңе жайлы, шаруаға жайсыз » деп, ол айда жауын-шашын, жел-желемік, құбылмалы ауа райы болатынын болжап, оны өмірге, тұрмыс-тіршілікке пайдалана білген. Тіпті «Ай оң айланса, көктем жылы болады», «Түнде жұлдыз жиі көрінсе, күндіз ашық болады», «Жатқанға дейін үркер жамбасқа келсе, жаз шықпағанда несі қалды» деп көктемнің келуіне байланысты ауа райының құбылыстарын айыра біліп, күн райын күні бұрын болжап, жыл мезгілдерінің кезеңдерін кемеңгерлікпен айқындап, жақсылыққа жадырап, әсем табиғатты  әдеппен қорғаған.    

Табиғат – тіршілік. Ал бүкіләлемдік тіршіліктің  төрт құдіретті негізі бар. Олар: Жер – Ана, Күн – Ана, ауа мен су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды. Сондықтан адамзат Күнді, Жерді анадай ардақтап, жер мен судың әулиелілігін қастерлеп, әрекет жасап, қызығын көреді.

        Халық ұғымында «табиғат» деген сөз Жер-Ана , Табиғат – Ана, туған жер, атамекен сөздері түрінде көбірек айтылады.  Жер – Ана барлық тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы жер бетіне таласып, қан төгіп, қырғынға ұшырады.  Қазақ халқы Жер – Ананы әулие тұтады. «Баптағанға жер жомарт», «Жері байдың – елі бай», «Туған жердің топырағы да ыстық», «Туған жер – алтын бесік» , «Жер тоймай, ел тоймайды», «Жер – ана, ел - бала»деп,  халық Жер – Ананы аялайды, баптайды, қасиет тұтады. Халық «жерді теппе», «топырақ шашып ойнама», «жерді жамандама» деп, ырым жасап, жер-ананы қастерлеуді уағыздайды. Табиғаттың бар байлығы жермен тікелей байланысты, содан ғана нәр алады. Сондықтан да  табиғат құбылыстары, заңдылықтары мен байлықтары бір-бірімен өзара байланысты, бір-біріне өзара тәуелді. Мұны біз азамат ақын Шәкәрім атамыздың жыр жолдарынан айқын көре аламыз:

Шымды жерде көресіз қара топырақ,

Шіріген шөп, тозаңнан болған құрақ.

Егер оған дым тиіп, күн жылынса,

Жан кіріп, шөп шығады гүл жапырақ.

        Жер – Ананың төсін еміп нәр алған бір перзенті - өсімдіктер. Өсімдік – ішсе тамақ, кисе киім, саялы баспана, тұрмысқа қажет  қару-жарақ, малға өріс, өзіңе қоныс. Осы себепті де қазақ халқы өсімдікті аялағандығын, оны көзінің қарашығындай қорғай білгендігі жөнінде де үлгі болар асыл мұралар  халық арасында кеңінен таралған.  «Ер – елдің көркі, орман, тоғай – жердің көркі», «Орман – ер дәулеті, жер сәулеті», «Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір», « Арманымен – ер сұлу, орманымен – жер сұлу», «Бабалары еккен шынарды балалары саялайды», «Ағаш ексең аялап, басыңда болар сая бақ», «Мың шыбық салғаның -  өзіңе қорған салғаның», «Орман көп болса, олжаң көп», «Жалбызды жерде жан қалады», «Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады» деген сияқты мақал-мәтелдер -  осыған дәлел. Жалғыз қазаққа емес, түбі бір түркі еліне дана болған Қорқыт  атаның нақыл сөздерінің ішінде «Қара тауларың құламасын, саялы ағаштарың сынбасын, қанаттарың қырқылмасын» деген ұғымдар -  айналаңдағыны аялай біл деген аталы сөздер.  Жер тоздыру, өрісті тарылту, бар жерді пайдаланбау, оны баптамау - әрі айып, әрі қылмыс.

    Жер-жаһандағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет – су. Өсімдік, жан-жануар, құрт-құмырсқа, адамзат сусыз өмір сүре алмайды. Өмірге ең қымбат, ең қажетті нәрсе болғандықтан, халық суды да әулие тұтып, судың шығып жатқан жерін  «әулие бұлақ», «әулие көл» дейді. «Судың да сұрауы бар»деп, суды ысырап жасамау керек екенін халық ұрпақтарына ескертіп отырған. «Сулы жер – нулы жер»,  «Өзен бар жерде өмір бар», «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Таудың көркі - бұлақ», «Өрісіне қарай мал өсер, өзеніне қарай тал өсер» деп, халық өмір – тұрмыстың жақсы болуы суға байланысты екенін, сондықтан арна жасай білуді уағыздайды, «суды улама»деп, судың тазалығын сақтауды талап етеді. Суды дұрыс пайдалана білмегендіктен, Арал теңізінің тартылуы, Балқаш көлінің қазіргі таңдағы экологиялық жағдайы халықты қатты күйзелтеді. Өзен – көлдерден құстар мен аңдардың кете бастауы – қасірет. Осы сәтте осыдан бір – екі жыл бұрынғы  қаламызда болған қасіретті де айта кетсем деймін.  Еркелей ескен көкше көлімен тербелген Балқаш қаламыз  құстарынан айырылып, ағаштарымыздан бастап, адамдарымызға дейін құрт басып кетті емес пе? «Құты кеткен жердің құсы кетер» деген нақыл сөз дәл бізге айтылғандай. Бұл – жүрек түршіктірер қасірет емес пе?  

Күн – барлық тіршіліктің құдіретті тірегі. Ертеде адамзат Күнді жаратқанның жаратушысы деп табынып, сыйынып, барлық тіршілікте Күннің құдіретіне сүйенген. Шын мәнінде мына жарық дүниенің өзі күннің сәулесі мен жылылығынан қуат алып тұр. Сондықтан да халқымыз Күн тұрған аспан әлемін қастерлеп, «аспанға қарап түкірме», «аспанға тас лақтырма»деп,  ырым-тыйым жасайды. Күннің нұры – сәулесі, құдіретті күші – от. әлемдегі барлық тіршілік оттың күшімен қозғалысқа түсіп, адам өмірін өркендетіп тұр. Отты халық қастерлеп, «отты баспа»,  «отпен ойнама», «отқа түкірме» деп,  ырым-тыйым жасап, кесір-қырсықты отпен аластап, отқа табынған. Отбасы,  отағасы, отау дегенсөздер оттың құдіретін қастерлеуден шыққан.  Қазақ  «отбасың аман болсын», «Отың өшпесін», «шырағың сөнбесін»деп, отбасынан бастап бүкіл адамзатттың, барлық тіршіліктің анасы – Күннің амандығын тілейді.

        Жанды дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған құдіретті нәрсе – ауа. «Ауа -  өмір тынысы» дейді дана халқымыз. Тыныс алу тоқтаса, өмір де тоқтайды. «Асқар таудың ауасы – аурудың дауасы», «ауаны былғама, ол- алланың демі» деп, халық кең ауаны, таза самалды қасиет тұтқан. Ең қымбатты, қажетті нәрсені «ауадай қажет» деп, халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды. «желдеткішті жаппа», «ауаны қылышпен кеспе» деп, ырым жасап, әулиенің әулиесіндей көреді. Ауаны тазарту үшн көгалдандыру, орман-тоғай өсіру, қорықтарды қорғау ісіне  ел ерекше көңіл бөледі.

        Жерді қорғау, елді қорғау, оның табиғатын қорғау – халқымыздың асыл дәстүрі. Бабаларымыздың осыншама кең байтақ жерді иеленуінің өзі ұрпақ үшін үлгі мен өнегенің қайнар көзі. Халық намысын қорғауды өз өміріне арқау еткен  қайраткер жазушы Сапабек Әсіп ағамыз көпшілікке танымал. «Қазақ қасіреті» деген ерен еңбегінде «Намысы жоқтың – елі жетім, қорғаны жоқтың  - жері жетім» деген халық даналығын жеріне жеткізе айтып, елім, жерім деп ұйқысынан оянатын азаматтарды тәрбиелеу қажеттігіне зор мән беруді бәрімізге ескерткен. Халық қамын ойлаған абыз ағамыздың ойы бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың іс-әрекетімен тікелей үндесіп жатыр.  Табиғат тағдырын ел тағдырымен байланыстыра білген бабаларымыз жерді қорғауды, елді қорғауды басты парызымыз деп, оны ұрпақтарына ұран етіп қалдырып отырды. Тарихта аты аңызға айналған Қожаберген жырау туған жердің табиғатын қорғауды ұрпағына аманат етіп қалдырған.

Мұсылманның үлгісі,

Ақиқат пен шариғат.

Үгітімді ұқ, бозбала,

Бұзылмасын табиғат!

Халқымыздың көшпелі өмір салты табиғатпен тамырлас болғандықтан, оған деген сүйіспеншілікті, қамқорлықты және алақанымен аялай білуді өмір заңдылығына айналдырды. Мұндай маңызды салт-дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра ретінде беріліп отырған. Осы дәстүрді әрі қарай жалғастыру -  келешек ұрпақтың қолында. Халқымыздың қаны мен тері сіңіп қорғалған жерін, оның табиғатын сақтап, оларға деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыруымыз керек. Өкінішке орай, бүгінгі күні  мектептерде және жоғарғы оқу орындарында жүргізілетін білім мен тәрбие жұмыстарында әлі де болса табиғатты қорғауға жеткілікті мән берілмей келеді. Табиғат сұлулығын сақтай білу, одан ләззат ала білу әрбір ел азаматының , жас ұрпақтың экологиялық мәдениеттілігінің басты көрсеткіші болуы тиіс. Жас ұрпақты балабақшадан бастап қоршаған ортаны таза сақтап, қорғай білуге үйрету керек. Сыныпта гүл өсіру, тал отырғызу, табиғат мүсінін ұйымдастыру, мал, құс өсіру, еңбектену, қызығын көру әрбір жастың ықыласты іс-әрекеті болып қалыптасуы тиіс. Мектепте табиғатты қорғаушылар клубтары мен үйірме ашылып, олар жер-ана жүзіндегі жеткілікті қызықтардың рақатын көруге әрбір оқушыны бейімдей білетіндей болуы керек. Сонда ғана келер ұрпақ ата – бабамыздың аялап келген кереметтерге толы туған жер  топырағының  ыстығын сезініп, оны аялауды, топырағын тыңайтуы, суын тұнықтап, өсімдігін өркендетуді өздеріне борыш санамақ.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 X том;

2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. 

3.Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. 

4.«Қазақ этнопедагогикасы» дәрісінің бағдарламасы // Құр. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, З.Әбілова, А: РИК, 1993, 32 бет

5.Қожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика,А:Ғылым,1998,с.315

6.Наурызбай Ж. Научно-педагогические основы этнокультурного образования школьников,А,1997,с. 320

7.Ғаббасов С.  Халық педагогикасының негiздерi, А, 1995,463 бет


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Ашық сабақ "Табиғатты аялайық !"

Ашық сабақ "Табиғатты аялайық!"...