Құлақ
план-конспект урока по окружающему миру (1 класс) по теме
Предварительный просмотр:
8. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Құлақ
Сабақтың мақсаты: 1 Құлақ оның қызметі туралы түсік беру.Адам өміріндегі есту қабілетінің маңызы, гигиенасы туралы түсінік беру;Оқулықтағы мәтінмен, суретпен,тірек-сызбалармен жұмыс жасауды дамыту. Логикалық ойын, сөздік қорын қалыптастыру. Танымдылық қабілетін дамыту,құлақты үшкір затпен шұқуға болмайтынын түсінідіріп, оны күтуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ Өткен сабақты еске түсіру: «Көз» туралы пысықтау.-Көз қандай қызмет атқарады-Адамның көңіл- күйін қалай байқауға болады?-Көзді қалай қорғаймыз?
ІІІ Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа сабақ:
Құлақ-есту мүшесі.Ол барлық дыбыстарды естиді.
Құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі деп аталатын үш бөліктен тұрады.
1. Сырты құлаққа құлақ қалқаны жатады.
(Ол дыбысты қабылдайды. )
2. Одан дыбыс есту жолдары арқылы дабыл жарғағына барады.
3. Дабыл жарғағының қозғалысы ортаңғы құлақ сүйекшелерін іске қосады.
Құлақты күту ережелері:
1. Құлақты үшкір затпен тазалама, дабыл жарғағы тесілсе, зақымданса адам саңырау болып қалады.
2. Құлаққа қиқым түссе немесе шыбын-шыркей кіріп кетсе дәрігерге барып алдырған жөн.
3. Құлақты суық тиюден, үсіп қалудан сақта.
4. Өте қатты дыбыс құлаққа зиян, есту қабілеті нашарлайды. Мысалы құлаққа қойып музыка тыңдау, шу. т. б.
Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.Құлақтың қызметін, көсету арқылы түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелету. Сергіту сәті.
Ү Жаңа білімді бекіту. -Сезім мүшелерін ата.-Құлақ арқылы нені ажыратамыз?-Құлақты күту ережесін әңгімелету.
Есіңде болсын! Құлақты қаламмен, шырпымен, үшкір қатты заттармен тазалауға болмайды.
ҮІІ Үйге тапсырма:«Құлақ» түсініп оқуға.
ҮІІІ Сабақты қорытындылау:Адамның сезім мүшелері жайында не білдік?