Көз,тері
план-конспект урока по окружающему миру (1 класс) по теме
Предварительный просмотр:
7. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Көз.Тері.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға сезім мүшелері туралы түсінік беру. Көздің қоршаған ортаны танып-білудегі орны, маңызымен таныстыру, терінің қорғаныштық, рецепторлық, жылу реттеушілік және тер шығару қызметтерімен таныстыру.
. Көру гигиенасы, көз жаттығуларын жасау, көзді сақтай білуді үйрету.. Тазалыққа, сұлулыққа, ұқыптылыққ,салауаттылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І .Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: «Адам дегеніміз мен және басқалар.» туралы пысықтау.-Адам туралы не білеміз?-Ғарышкер жайында не білесің?-Дихан, шопан еңбегі жайында әңгімелеЖүргізуші не істейді?
ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: Біз көреміз, естиміз, әртүрлі иістерді, дәмді, ыстық пен суықты сезе аламыз.Осы бір ғажайып қабілеттер бізге бес сезім мүшесі арқылы беріледі.
Сезім мүшелері:
Көру мүшесі – КӨЗ
Иіс сезу мүшесі - МҰРЫН
Есту мүшесі - ҚҰЛАҚ
Сипап сезу мүшесі - ТЕРІ
Дәм сезу мүшесі - ТІЛ
Көз-көру мүшесі, адамның негізгі көмекшісі. Ол айналадағы заттың барлығын көруге, түрін, түсін, пішінін ажырата білуге көмектеседі. Көру жүйесі бейнені миға жеткізеді. Содан барып, біз бейнені көреміз. Көзді шаршаудан, зақымданудан
сақтау керек. көз шаршаса мынадай жаттығуларды орында:
- Көзді қатты қысып, қайта аш (5рет)
- Көзді айналдыра қозғалт (солға-жоғары-оңға-төмен), (10рет)
- Қолыңды алға соз. Қолдың саусағына қара, жайлап қол ұшын мұрныңа жақындат, содан кейін жайлап, керісінше алыстат. (5рет
Тері - көп қызмет атқаратын күрделі мүше.
Адам денесінің сыртқы жабыны, ол микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбейді, ауру мен денсаулықтың айнасы, жүйке жүйесімен байланысты,қорғаныш ,сезімтал, тыныс алу, жылу реттеуші.
Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелету. Сергіту сәті.
Ү. Жаңа білімді бекіту. -Сезім мүшелерін ата.-Көру арқылы нені ажыратамыз?
Есіңде болсын!
Көзіңді қолыңмен уқалама.
Үшкір заттан сақтан.
ҮІІ Сабақты қорытындылау «Көз» түсініп оқуға.
ҮІІІ Үйге тапсырма.Бағалау:Адамның сезім мүшелері жайында не білдік?
Көздің қызыметі туралы не білеміз?