Экология деген не?
план-конспект занятия по окружающему миру (1 класс) по теме
Предварительный просмотр:
Сабақтың тақырыбы: Экология деген не?
Класс «Таза болса табиғат,аман болар азамат»,«Бұлақ көрсең,көзін аш»,«Бір тал ексең,он тал ек» сөздері жазылған плакаттармен,табиғат суреттермен безендірілген.
Сабақ барысы:
Тәрбиеші-Балалар,табиғат-бұл бізді қоршаған орта.Табиғатты қандай заттар құрайды?
Балалардың жауаптары-Орман,тау,өзен,су,ағаш,ауа,аңдар,құстар,жан-жануарлар.
Тәрбиеші-Табиғат-асыраушың,байлығың,күнделікті оқитын кітабің,тынығатын орның.
Оқушы- Табиғат – сен тіршілік тұнып тұрған,
Сен күнсің,көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің,сен ормансың,сен бұлақсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған
Бар тіршілік табиғаттың мейірінен нәр алған.
Адам оның парасаты,перзенті боп жаралған.
Тәрбиеші-Бүкіл әлемнің төрт құдыреті бар.Біріншісі Күн-ана
1 оқушы- Әлемге қуаты,сәулемен шуақты.
Алып күн беріп тұр,жары күн-көрік нұр.
Тәрбиеші-Жер-ана.
2 оқушы- Аялар анамыз,саялар анамыз.
Құлпырған тірлікпен,
Жер құтты гүл біткен.
Тәрбиеші-Ауа.
3 оқушы- «Дәу әлем» қоршаулы ауамен,
Ауасыз кім шыдар
Ауасыз тұншығар.
Тәрбиеші- Су-ана
4 оқушы- Өңірдің өзені,өмірдің өзені
Сусыз жер-өмірсіз,нусыз,өр,өңір,тұз.
Тәрбиеші- Балалар,сендер табиғатпен дұрыс қарым-қатынас жасай білеулерің керек.Экология-бұл табиғатты қорғау,үнемдеу туралы ғылым.Экологиялық сауатты адам-қоршаған әлемдке үйлесімді,қабілетті өмір сүруі.
-Табиғатты қорғау,үнемдеу дегенді қалай түсінесіңдер.
Балалар-ағаштардың бұтақтарын сындырмау,көшеге лас қоқыстарды тастамау,су көздерін ластамау,жануарларды қорғау,күшік,мысықтарды жәбірлемеу,құстардың ұясын бұзбау.
Тәрбиеші- Заман-ай,Экология!Бөтен сөз.
Бір туғаның бірақта.Білгенге бұл көсем сөз,
Мәнгі қалар құлақта.
Оқушылар хормен:
Табиғатым тамаша,көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап,жүрейінші жараса.
Тәрбиеші: Қазақ халқы табиғатқа табына жүріп,оны қастерлеп,кие санап,пір тұтқан.Оған сүйіспеншілікпен қарап,қамқорлық жасап,аялай білген.
Оқушы: Көшкен кезде жерошақты
Тегістейтін,топырақпен жабатын.
Жанды,жансыз бар ғаламның
Бабын,тілін табатын.
Жөнсіз іске жалтақтамай,
Бірден тыйым салатын.
Білгендері кез келгенді
Жамандықтан тыйятын.
Бар тыйымның түсінігі
«Обал» деген жалғыз сөзге,
Жалғыз сөзге сиятын.
Тәрбиеші: Балалар,орман не үшін қажет,оның пайдасы жайлы кім өз ойын айтып береді?
Оқушы: Орманда түрлі аңдар,құстар,жабайы жануарлар мекендейді.Орман байлықтарын біз қажетімізге жаратамыз.
Тәрбиеші: Орманды қалай қорғаймыз?
Оқушы: Өрттен сақтау,ағаштарды сындырмау,аңдар мен құстарды қорғау.
Тәрбиеші: Орман қорғаушыларын қалай атамаймыз?
Оқушы: Қорықшылар,табиғатты қорғау қоғамы.
Тәрбиеші: Қызыл кітап деген не?Оған қандай жануарлардың аттары жазылады?
Оқушы: Сирек бара жатқан аңдар мен құстардың аттары жазылады.
Тәрбиеші: Ауа қалай ластанады?Ауа тазару үшін не істеу керек?
Оқушы: Қалада ауаны ластайтын автокөліктер (жанар майымен) көп,зауыттар түтіндері.Ол үшін зауыттардың мұржаларына сүзгілер қою,газбен,электрмен жүретін көліктер енгізу,өсімдіктерді көбірек отырғызу қажет.
Сергіту: Құстай ұшып биікке,
Самғап-самғап аламыз.
Елін-жерін қорғайтын,
Адал бала боламыз.
Айтарым досым сендерге,
Күтіңдер орман тоғайды.
Балалар біздің жер-жерде,
Байлығын елдің қорғайды.
Су қоймасы-бұлағым,
Жасыл орман-құрағым.
Қорғаушың боп әрқашан,
Жеткіншегің тұрады.
Табиғаттың асылын,
Жиып-теріп бағалап.
Қызыл кітап ішінде,
Еңгізетін даралап.
Құстар менің жан досым,
Күнде оларды көремін.
Қамқор болып әрқашан,
Ұя жасап беремін.
Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамасаң болмайды.
Кіп-кішкентай торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
Ағаш өзін қиғанды,
Ат сияқты тебе алмас.
Түл де жұлқып жұлғанды,
«Неге өйтті?»- деп сөйле алмас.
Аю байғұс аяғын,
Алса жыртып қанатын.
Жарасын кім таңады,
Кім бар бағып-қағатын?
Барлығы бірге: Түйіп айтар сөзіміз
Табиғаттың панасы
Біздің мына өзіміз
Азаматтың баласы.
Тәрбиеші: Біз әсем табиғат аясы,ондағы қорғау туралы білімімізді ортаға салдық.Енді осыдан не білдік,не үйрендік?Өз ойымызды ортаға салайық.
Топпен жұмыс:
1 топ. Әсем табиғат аясы туралы сурет салу.Ән
2 топ. Құстардың суретін салу.Ән айту.
3 топ. Жануарлар суретін салу.Ән айту.
Келесі тапсырма-кроссворд шешу.
1.Ұзы құлақты
2.Орман жауы
3.Гүл атауы
4.Ағаш түрі
5.Ормандағы жануар
6.Көзге көрінбейтін
Сабақ соңында жақсы қатысқан балалар бағаланып марапатталады.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Урок естествознания. Автор А.А. Плешаков. 3 класс. Тема: « Мир глазами эколога. Знакомые незнакомцы» Учитель Шорина Елена Александровна
Урок экологической направленности с применением здоровьесберегающих технологий.Будет интересен и учителям и детям. Материал, представленный в данном уроке, поможет взглянуть на мир другими глазами , н...
урок по экологии "Экология животного мира"
разработка урока по экологии для расширения и углубления знаний детей о животных...
От экологии природы - к экологии души
Природа, я иду в тебяС душой и сердцем обнажённым.Прими, пожалуйста, любя, Хочу быть заново рождённой.Природа – матушка моя,Твои исполню повеленья.За все грехи прости меня,Возьми, как детку на ко...
ПРЕЗЕНТАЦИЯ: ШКОЛЬНАЯ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ"ШАГ В НАУКУ" ТЕМА: ЭКОЛОГИЯ ЧЕЛОВЕКА. ЭКОЛОГИЯ ЖИЛИЩА.
ЭКОЛОГИЯ ЧЕЛОВЕКА. ЭКОЛОГИЯ ЖИЛИЩА. ФАКТОРЫ РИСКА...
Адам дегеніміз мен және басқалар
Адам туралы...
Экология природы-экология души.
ЭКОЛОГИЯ ПРИРОДЫ - ЭКОЛОГИЯ ДУШИРуженкова Т.А. Учитель начальных классов, Ялгинской средней общеобразовательной школы РМ, Почётный работник о...
Экология снаружи – экология внутри.Акция « Покормите птиц зимой.» .
Экология снаружи – экология внутри.Акция « Покормите птиц зимой.» . В акции приняли участие обучающиеся 4 класса. Ребята говорили о том, как бы птицам п...