«Биоақпарат және синергетика» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
презентация к уроку по теме

Альсуеуова Гулбану Сагидуллаевна

"БжС" технологиясы туралы баяндама

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon prezentatsiya.doc43 КБ

Предварительный просмотр:

«Биоақпарат және синергетика» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Қазіргі уақытта білім сапасына қойылатын мақсат білім сапасын арттыру.Білім сапасын арттырудың бір жолы ол жаңа инновациялық технологияларды енгізу.Қазіргі уақытта жаңа технологияларды сабақтарда қолданып келеміз.Мысалы: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, Б.Блум таксономиясы, Монахов технологиясы т.б.

Жаңа инновациялық технологияның бірі ретінде Ф.Я.Вассерманның «Биоақпарат және синергетика» технологиясымен жұмыс істеп келемін.2009-2010 оқу жылынан бастап сабақтарды осы технология бойынша өткізіп келемін. Менің әдістемелік тақырыбым «Биоақпарат және синергетика технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.»

Биоақпарат дегеніміз- биологиялық кеңістіктегі бірнеше ақпараттың алмасу заңдары мен принциптері.

Синергетика дегеніміз- күрделі ( бір қалыпты емес) жүйелердің өзін-өзі басқаруы. 

«БжС» технологиясының басқа технологияларға қарағанда ерекшелігі бар. «БжС» технологиясы үш жақты қамтамасыз етеді: оқу, даму, тәрбие.Осы технологиямен өткізілген сабақты дәстүрлі сабақпен салыстыратын болсақ:

«БжС» технологиясымен                                      

Дәстүрлі сабақ

Даму                                                                          

Оқу

Тәрбиелеу

Бір жақты

Өлшемдер болады

Өлшемдер нақты болмайды

Сабақтың әр бөлімінің сапасын анықтауға болады

Әр сабақ бөлімінің сапасы анықталмайды

 

«БжС» технологиясы 9 технологиялық картадан тұрады: алгоритм, биоинтернет, жаттықтырғыш, ауызша сабақ 1, ауызша сабақ 2, ауызша сабақ 3, қисын, көшбасшы, КТС, БАЖ.

Өлшемдер:

1.КЕФ- күрделілікті есептеу формуласы.

ТКШ- төменгі күрделілік шегі

АКШ- аралық күрделілік шегі

ЖКШ- жоғары күрделілік шегі

Мысалы: математика пәні бойынша:

ТКШ- 1-5 аралығындағы сандар   124+542

АКШ- 1-9 аралығындағы сандар    167+283

ЖКШ- 5-9 аралығындағы сандар    689+759

Қазақ тілі пәні бойынша:

ТКШ- жай сөйлем

АКШ- күрделі сөйлем

ЖКШ- салалас құрмалас сөйлем

2. Нормативті уақытты анықтау- 5 оқушы + 30 секунд

Сабақтың сапасы -  63%

3. Сөздік қор өлшемі:

1-класс- 25 сөз

2-класс- 31 сөз

3-класс- 37 сөз

4-класс- 44 сөз

Сөздік қор үшке бөлінеді:

  1. Жалпы сөздік қор – ана тілінде белгілі уақытта нормативтік мөлшерге сай сөз жазу.
  2. Арнайы сөздік қор – белгілі уақытта жеке пәндерден меңгерілген тақырып бойынша нормативтік мөлшерге сай пәндік терминдер, түсініктер ережелер жазу.
  3. Тақырыптық сөздік қор – ана тілінде белгілі уақытта тақырыпқа байланысты нормативтік мөлшерге сай пәндік терминдер , түсініктер, ережелер жазу.

Сөздік қорды орындау уақыты – 5 минут.

Сергітулер түрлері:

Жылдамдық – Бұл сергіту барлығы 9 жылдамдықтан тұрады. Мұғалім кез-келген 100-ге дейінгі  санды айтады, мысалы 16, балалар хормен 17 деп жауап беру керек.Егер бүкіл сынып бірдей айтса онда екінші жылдамдыққа көшуге болады.

Талаптар: балалар жауабы өте тез және бірдей болуы керек.Балалардың үш рет қателесуі немесе бірдей жауап бермеуі, осы сыныптың жылдамдығын қайта анықтауына себеп болады.

Тақ немесе жұп сандармен өткізуге болады. Мысалы: 2,4,6,8,..т.б. немесе керісінше 98,96,94,.. т.б.

Күрделендіру: Жылдамдық сергітуде операциялық символдарды тез ауыстырып өткізуге болады, плюс және минус.Мысалы: 1-жылдамдық мұғалім 12+ дейді, жауап 13, немесе 17- дейді, жауап 16.

Сергітулер үнемі ауыстырылып тұрғаны жөн.Ондай болмаған жағдайда сергітулер қызығушылықты немесе мәселенің мәнін жоғалтуы мүмкін.Сергіту уақыты- 5минут.

Есте сақтау- жылдамдық параметрі 9-жылдамдық.Көлемі-7. Мысалы: мұғалім 7 дейді, оқушылар хормен 7 дейді.

Күрделендіру: мысалы: мұғалім 1268 дейді, оқушылар хормен 1269 дейді.

Есте сақтаудың көріністі дамуы.Қолдануы: тақтаға 7-14-21 тірек сөздер жазылады. Тақтадағы тірек сөздердің 3-4 өшіреміз.Оқушылар жетпей тұрған сөзді есіне түсіріп орнына қояды. Жаттауға 30 секунд уақыт беріледі.

Арнайы психологиялық сергітулер.

  1. Босаңсыту сергітулері:

А) сол қолмен жазу, синхронды жазу(екі қолмен), сандар, әріптер, геометриялық фигуралар.

Б) дауыссыз дыбыстарды әндетіп айту,хормен жақсы әндетіп айту деңгейіне дейін.

2. Ауыстырғыш сергітулер.

А) өткен сабақтан алған әсер сақталып, зейіні төмендеген жағдайда көңілді өтіп жатқан сабаққа бұру үшін.

Б) еңбек, дене шынықтыру сабақтарынан кейінгі сабақтарға зейінін аудару үшін.

Қолдану тәртібі:

А) көзді жауып қойып өткізеді.Керемет адамдардың өмірі туралы тарихтар, аңыздар, мифтер айтылады.Балалар тақырыпты көз алдына келтіріп, сабаққа деген қызығушылығын сезінеді.

Б) вирусқа қарсы- алгоритмикалық түрде жазбаша тапсырмалар беріледі. Мысалы: 100-ге дейінгі жұп сандарды жазу. Мұғалім тапсырманы орындауда кедергілер жасайды.Осы кедергілерге қарамастан тапсырмаларды дұрыс орындаған балаларды мұғалім марапаттайды.

3. Ұйымдастыру сергітулері.

Ережелерді,түсінікті, терминді хормен айту.Дұрыс амалдарды ұжым болып айту.Қиын сөздерді, сөз тіркестерін ұжым болып айту.

4.Құрылымды сергітулер.

Бірлік, ынтымақ жоқ жағдайда, ұрыс-керіс, агрессия бар жерлерде.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Пайдалы қазбалар

Сабаққа арналған презентация...

Оқушылардың шығармашылық жазба тілін дамыту

         Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар келешегі бүгінгі мектеп табалдырығындағы бүлдіршіндер десек, оларға жан-жақты заман талабына сай білімді, мәдениетті...

Ойындар мен жаттығулар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары (тамыз маслихатында оқылатын баяндама)

Қазіргі таңда жапондық тәрбие деген ұғым кеңінен таралған. Жапондықтар«егер балаңыз терезені сындырып тастаса, ашуыңызды көретіп, баланы жазаға тарпаңыз. Істі сол күйінде қалдырыңыз. Түнде салқын түск...

Қазақ тілін оқытуда оқушылардыңи шығармашылық қабілетін дамытуға арналған ойын түрлері

Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы. Әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас жеткіншектердің білмге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады. Ойынды оқуш...

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

урок математики в предшкольной группе....

Урок математики по теме «Сложение и вычитание смешанных чисел» 4 класс Урок построен и проведен по технологии «БИОИНФОРМАТИКА И СИНЕРГЕТИКА» (автор Вассерман Ф.Я.) по карте «Алгоритм».

Урок построен  и проведен по технологии «БИОИНФОРМАТИКА И СИНЕРГЕТИКА» (автор Вассерман Ф.Я.) по карте «Алгоритм».       Сущностной характеристикой технологической к...

Урок математики по теме «Сложение и вычитание смешанных чисел» 4 класс Урок построен и проведен по технологии «БИОИНФОРМАТИКА И СИНЕРГЕТИКА» (автор Вассерман Ф.Я.) по карте «Алгоритм».

Урок построен  и проведен по технологии «БИОИНФОРМАТИКА И СИНЕРГЕТИКА» (автор Вассерман Ф.Я.) по карте «Алгоритм».       Сущностной характеристикой технологической к...


 

Комментарии

Коллега, простите, но зачем размещать работу, которую большинство даже не сможет прочитать? Судя по Вашей информационной грамотности, русским языком Вы владеете, разумнее было параллельно дать для коллег перевод на русский!Мне жаль что я не могу оценить Ваши находки и опыт работы по возможно очень интересной теме!