Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
план-конспект урока на тему
Предварительный просмотр:
Пәні: Қызықты математика
Тақырыбы: «Мультфильм кейіпкерлері қонақта»
Мақсаты: 1. ойын элементтерін пайдалана отырып, өткен тақырыптарды пысықтап, кемшіліктерін түзеу;
Дамытушылық: балалардың сөздік қорларын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. таным белсенділігін арттыру,шығармашылық қабілетін көрсету.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,сауатты жазуға тәрбиелеу
Оқу іс- әрекетінің әдіс – тәсілі: ойын, сұрақ- жауап,
Көрнекілігі: мультфильм кейіпкерлері, слайд, ұлестірмелі карталар, сызбалар
1. Мотивациялық кезең.
Шаттық шеңбері
-Сәлеметсіздер ме, балалар?
-Көңіл күйлерің қалай?
-Балалар, бізде қазір қызықты математика сабағы болады. Бұл сабағымыз ерекше болғалы отыр, себебі бізге сабаққа қонақтар келіп отыр. Сондықтан сендер бүгінгі сабақта бар білетіндеріңді айтып, сабаққа белсене қатысып отырыңдар. Ал ендеше сабақты бастамас бұрын, шаттық шеңберін құрып, бір-бірімізбен және қонақтарымызбен амандасып алайық.
Күн шығады күлімдеп,
Шуағын шашып қуана.
Бәрімізге «Сәлем!» деп,
Сәттілік тілеп баршаға.
Біз де сіздерге ізетпен,
Сәлем дейік кезекпен.
-Ал енді орнымызға жайғасып, сабақтың тақырыбы, мақсаты және барысымен танысайық.сабағымыздың тақырыбы «Мультфильм кейіпкерлері қонақта», демек біздің сабағымызға мультфильм кейіпкерлері келеді. Олар сендердің білімдеріңді тексермекші екен. Бізідің мақсатымыз бар білгенімізді көрсетіп, берілген тапсырмаларды тез және қатесіз орындау. Сабағымыз топтық жарыс түрінде өтеді. Сол үшін біз 4 топқа бөліндік.әр топ дұрыс орындаған тапсырма үшін дөңгелек белгілерін алып отырады, жарыстың соңында дөңгелегі көп топ женеді. Тапсырмаларды бізге қонақтарымыз дайындап алып келіпті. Тапсырмаға көшпес бұрын, әр топ өздерін таныстырады.
1-топ «Тұлпар»
Тату-тәтті достармыз,
Шыңға шықпай қоймаймыз!
2-топ
«Барыс»
Барыс біздің тобымыз,
Бәрінен де озамыз!
3-топ
«Сұңқар»
Сұңқар болып самғаймыз,
Қарсыластан қалмаймыз!
4-топ
«Бәйтерек»
Арманымыз Бәйтеректей биік қой,
Оған жетпей тоқтамаймыз, біліп қой!
-Жақсы, әр топқа өздерін таныстырғаны үшін дөңгелектен беремін. Енді тапсырмаларға көшейік.
Кім және қандай тапсырмамен келгенін білу үшін экранға назар салайық.
ІІ-Тақырып бойынша жұмыс
1-слайд.Машаның суреті шығады.
Ерке қызбын мен титтей,
Аю деген досым бар.
Тапсырмам бар сендерге,
Тауып көріңдер бірге.
1-тапсырма. «Кім жылдам?» Әр топқа 5 есептен берілген. Топ мүшелері кезек кезек тақтаға шығып, есепті шығарады.
1-топ
6+3=
6+2=
5+4=
5+5=
6+3=
2+2=
1+2=
2+5=
6+2=
9-2=
II-топ
1+3=
10-4=
5+5=
3+3=
5+2=
2+2=
10-9=
10-3=
5+2=
7+2=
III-топ
1+8=
2+4=
6+1=
3+3=
3+5=
4+5=
7+5=
6+5=
4-3=
5-4=
IV-топ
8+2=
1+3=
4+4=
5+4=
6+1=
9+1=
5-2=
1+4=
10-6=
4+3=
-Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы жақсы орындадындар.
-Келесі қонақты көрейік, экранға назар салындар.
2-слайд. Бауырсақ кейіпкері шығады.
Апамнан да қаштым,
Атамнан да қаштым.
Енді сендерге келем,
Тапсырмамды мен берейін.
2-тапсырма. Тізбектегі есептерді шығарып, жауабын жаз.
I-топ 4+2+3-5+1+5=
6-4+2+3-5+6
II-топ 4+3+2-5+4+2=
6+4-5+2+3-4
III-топ 4+3+2-5+4+2=
7-6+8+1-7-2
IV-топ 2+3+5-6+4+2=
5+4-8+3-2
-Рахмет, балалар! Бұл тапсырманы да орындадындар.
-Жарайсыңдар, балалар! Ендігі кезекті сергіту сәтіне берейік.
Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Еңкейіп жүріп жинаймыз,
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз
Барлығын біз санаймыз.
(слайдтағы құлпынайды санау)
-Демалып алдық, енді келесі қонақты көрейік.
3-слайд. Дара кейіпкері шығады. (слайд, дыбысымен)
-Сәлеметсіңдерме, балалар?
Менің тапсырмаларым өзгеше, сендер жазбай-ақ, ауызша ойланып жауап берулерің қажет. Тек мұқиат тыңдаңдар мені.
I-топ
Екі балапан тұр,
Екі балалапан отыр.
Шатаспай тез ойлансақ,
Тура тауып атасақ,
Тұрғаны бар, отырған –
Барлығы қанша балапан
II-топ
Алты қонжық орманға
Бара жатты қорбаңдап.
Бірі олардың шаршады,
Әрі қарай бармады.
Жауабын тез айт,
Қанша қонжық кетті алда
III-топ
Беспайда бар 5 іні,
Естайда бар 2 іні,
Қоссақ 5 пен 2-ні,
Қанша болар шешуі? (7)
IV-топ
5-тен 4-ті алайық,
Қанша қалды санайық.
Қарайық та санайық,
Санайық та табайық. (1)
Келесі қонақты тыңдайық.
Диего кейіпкері (слайд дыбысымен)
-Сәлем, достар! Байқап отырмын, сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындап келесіңдер. Енді менің тапсырамды орындап көріңдер. Менің тапсырмам топ басшыларына арналады. Соларды тексерейік.
Санның құрамын қайталау. Әр топқа бір үйшік. Терезелерге сандар жазуға тиіс.
5-тапсырма.
Алдар көсенің тапсырмасы.
Геометриалық пішіндерден әр түрлі заттар құрастыру.
І-топ Бағдаршам құрастыру
ІІ-топ Балапан
ІІІ-топ Балық
ІҮ-топ Ракета
Қортындылау.
Әр топтың, ойын барысында жинаған дөңгелектерін санап, орын беру.
Женген команданы мадақтау.
-Балалар,көңіл күйлерің қалай? Сабақ ұнады ма?
Осындай жігер мен, ынта мен әр сабаққа дайындалайық.
Сабағымыз аяқталды, рахмет!
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: қызықты математика оқу іс-әрекетінде ертегі кейіпкерлері арқылы естептер, мен тапсырмаларды орындай білуі;
Баланың меңгеруі: ойын тапсырмалар арқылы есеп шығаруды тереңдетіп меңгеруі;
Баланың жасай алуы: берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындай алуы.
Келісемін :
оқу ісінің меңгерушісі
А.И. Саркина
Өткізген:
Тоқтыбаянқызы Шынар,
І-даярлық топ
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
«Биоақпарат және синергетика» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
"БжС" технологиясы туралы баяндама...