Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары
план-конспект урока (3 класс) по теме
Предварительный просмотр:
Қазақ тілі 3-класс
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға зат есімнің түрлері туралы түсінік беру
Сабақтың міндеті:
1.Негізгі және туынды зат есім туралы түсіндіру және олардың айырмашылығын меңгерту.
2.Өз бетімен жұмыс жасай білуін және өзін бағалай білуге үйрету,
байланыстырып сөйлеуін, жазба тілін дамыту.Сөздік қорларын молайту.
3.Ұйымшыл болуға, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: Б.Блум таксономиясы, түсіндіру,сұрақ-жауап, көрнекі.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кестелер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
1.Психологиялық дайындық
Өзімізге: сәттілік, қуаныш!
Қонағымызға: жақсы көңіл-күй!
Елімізге: ашық аспан, молшылық!
2.Сабақтың мақсатын хабарлау
3.Сабақ кезеңдерімен таныстыру.
Б. Блум бойынша:
1. Білім
2. Түсінік
3. Қолдану
4. Талдау
5. Жинақтау
6. Бағалау
Әр кезең бойынша бағалау парағына ұпай сандарын қойып отыру.
ІІ.Негізгі бөлім
Білім
Мақсаты: оқушылардың зат есім туралы білімдерін тексеру
Тапсырма: Зат есім туралы не білеміз?
1. Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
2. Зат есімнің түрлерін ата.
3. Зат есімнің көпше түріне қандай қосымшалар жалғанады?
Түсінік
Мақсаты: Негізгі және туынды зат есім туралы түсіндіру
Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру. Сызбамен жұмыс.
Зат есім
Негізгі зат есім Туынды зат есім
Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз: ана,жер, көз. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз: іскер, байлық, кезекші.
Тапсырма: -шы, -ші, - лық жұрнақтарын пайдаланып туынды зат есім жаса.
Сергіту сәті.
Музыка ырғағымен билеу.
Қолдану
Мақсаты: Негізгі зат есімнен туынды зат есім жасай білуге үйрету.
Оқулықпен жұмыс. 22 - жаттығу
1.Берілген негізгі зат есімдерден жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есім жаса.
2.Әр сөзге сұрақ қойып, олардың мағыналық айырмашылығын түсіндір.
3. Туынды зат есімдерді пайдаланып сөйлемдер құра.
Талдау
Мақсаты: Туынды зат есімдерді сөз құрамына талдай білуге үйрету.
Тапсырма:
1.Сөздерді көшіріп жаз. Сөз құрамына талда.
2.Түбір сөзге сұрақ қойып, олардың қай сөз табына жататынын анықта.
3.Сөздердің кейбіреуін қатыстырып сөйлемдер құра.
Адалдық, астық, ұзындық, көрік, жолдас, сызғыш, қырат, өшіргіш, татулық.
Жинақтау
Мақсаты: Негізгі және туынды зат есімнің түрлері туралы білімдерін жинақтау, қорыту.
Оқулықпен жұмыс. 23-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрап жаз және әңгімеге ат қой.
ІІІ.Сабақты қорытындылау.
- Зат есімнің қандай түрлерімен таныстық?
- Негізгі зат есім дегеніміз не?
- Туынды зат есім қалай жасалады?
Бағалау. Ұпай сандарын есептеу.
ІV.Үйге тапсырма
V. Сабақты бекіту
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
3-класс бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар
Бұл жинақта математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, еңбекке баула, бейнелеу өнері пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар берілген...
3-класс бойынша әдебиеттік оқудан күнтізбелік тақырыптық жоспар
Бұл жинақта әдебиеттік оқу пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар берілген...
3-класс бойынша қазақ тілінен күнтізбелік тақырыптық жоспар
3-класс бойынша қазақ тілінен күнтізбелік тақырыптық жоспар...
3-класс бойынша математикадан күнтізбелік тақырыптық жоспар
3-класс бойынша математикадан күнтізбелік тақырыптық жоспар...
3-класс бойынша дүниетанудан күнтізбелік тақырыптық жоспар
3-класс бойынша дүниетанудан күнтізбелік тақырыптық жоспар...
3-класс бойынша еңбекке баулудан күнтізбелік тақырыптық жоспар
3-класс бойынша еңбекке баулудан күнтізбелік тақырыптық жоспар...
Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары
2-класс қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. Б.Блум таксономиясы бойынша құрылған...