Әдістемелік бірлестіктің ережесі
консультация по теме

Амангалиева Акмарал Сайлауовна

Бірлестікте болатын  іс-қағаздар

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon moerezhe.doc78.5 КБ

Предварительный просмотр:

Әдістемелік бірлестіктің Ережесі

  1. Жалпы ережелері.

1.1.Әдістемелік бірлестік – мектептің ғылыми – әдістемелік жұмысындағы басты құрылымы болып танылады.

Бір немесе бірнеше пәндер бойынша оқу- тәрбиелілік, әдістемелік тәжірибе – сараптамалық және сыныптан тыс жұмыстарды жүзеге асырады.

 1.2. ӘБ ҚР - ның Конституциясын, ҚР Президентінің Жарлығын, ҚР Үкіметінің шешімдерін, бала құқығы туралы Тұжырымдаманы,оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша білім беруді басқару органдарының сұрақтары, мектептің жергілікті құқықтық актілері мен жарлығын,директордың бұйрығы мен тапсырмаларын өз қызметінде басшылыққа отырып сақтайды.

1.3. ӘБ – жеке ұйым, сонымен қатар мектептің әдістемелік кеңесіне кіреді.

2. Әдістемелік бірлестіктің мақсаты мен міндеті.

2.1.ӘБ мақсаты – мұғалімдер ұжымының кәсіби шеберлігін арттыру,оның шығармашылық қарымын, тұлғалық дамыту.

2.2. ӘБ міндеттері:

- Мұғалімдер ұжымын ғылыми – әдістемелік бастамалармен таныстыру.

- Мұғалімнің ғылыми – әдістемелік жағынан өсуін,оның шығармашылық бастамасын дамытуға, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал жасау.

3. Әдістемелік бірлестік жұмысының мазмұны.

3.1. ӘБ жұмысының мазмұны ҚР білім беру саласындағы заңнамалық актілері, ҚР ұлттық моделді мектептерді дамыту бастамалары, мектептің әдістемелік тақырыбы, ғылымдағы психо – педагогикалық инновациялардың мазмұны, пәндердің оқытылуы негізінде анықталады.

3.2. ӘБ – бір пәннен кемі 5 мұғалімді құрайды немесе сабақтас пәндермен бірлесіп құрауға болады.

3.3. ӘБ жұмыс жоспары бекітіледі (мектеп директорының қолы, мөрі).

3.4. ӘБ жұмысын демократиялық,жариялылық,ӘБ мұғалімдерінің пікірімен санасып және құрметтеу принциптеріне сүйеніп құрайды.

3.5. ӘБ тоқсанына 1 рет отырыс жасайды. Отырыстарарасында әдістемелік шаралар өтіледі.

4. ӘБ мүшелерінің құқығы мен міндеттері.

4.1.ӘБ мүшесі құқылы:

- өз жұмысы мен әріптесінің жұмысын талдауға;

- ӘБ мүшесін аттестаттауға қатысуға;

- ӘБ мүшесінің қарымдық мүмкіндігін зерттеп анықтауға;

- Жаңа технологияларды, формалар мен әдістерді қолдануды өзі жасап, оны баспаға шығаруға;

- Мадақтауға үміткер мұғалімдерді ұсынуға;

- Мектептегі оқу үрдісін жақсартуға өз ұсынысын жасауға.

4.2. ӘБ мүшесінің міндеті

- Жүзеге асырушылық (мұғалім мен оқушыны үйретуде жаңа қарым – қатынасты белсенді пайдалану).

Қызметтің бағыттары.

1.Инновациялық қызмет:

- ОТҮ  (УВП) жаңа технологиялар арқылы дидактикалық ортаны байыту;

- мұғалімнің ғылыми – зерттеушілік мәдениетін көтеру /насихаттау және тереңдету курстарын енгізу;

- жаңа буын оқулықтарын сұрыптау;

- дарындылықты дамыту бойынша тәжірибелік қызметті ұйымдастыру.

2.Педагогикалық кадрлардың үзіліссіз білім беруін басқару (дифференциалдық қатынас)

- озат озық тәжірибе жұмысын ұйымдастыру;

- жас мұғалімдер мектебін ұйымдастыру;

- шығармашыл, проблемалық,т.б. топтарға басшылық жасау.

3.Білімділік мониторингі.

Зерттеу бойынша диагностикалық қызмет:

  • Кәсіби құзыреттілік пен педагогикалық жетістікті мұғалім деңгейінің динамикасы;
  • Оқушылардың танымдық белсенділігінің динамикасы;
  • Дарынды балалармен жұмысқа және ғылыми – зерттеу қызметіне педагогтардың дайындығы,т.б.

ӘБ жетекшілерінің жұмысы ӘБ өткен жылға жасаған талдаудың

негізінде құрылады.

Жаңа оқу жылына әдістемелік жұмыс, оқу- тәрбие жоспарының міндеті сол негізде жасалу қажет.

ӘБ міндетіне сәйкес ӘБ жұмысы мынаны жоспарлайды:

  • ӘБ отырыстарын өткізу.
  • Нормативтік құжаттардың орындалуы, ӘБ ұсыныстары мен шешімдерінің орындалуы.
  • Пән апталықтарын дайындау мен өткізу, конференциялар,семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу.
  • Озат озық тәжірибемен танысып,ӘБ қызметінде оны жүзеге асыру.
  • Оқушылардың интеллектуалдық ойындарға дайындау мен өткізу;
  • ӘБ пән бойынша сыныптан тыс шараларды дайындау мен өткізу.
  • Пән бойынша ӘБ оқу, факультативтік және үйірме сабақтарына қатысу.

ӘБ құжаттары:

1. ӘБ ашылуы жайлы бұйрық.

2. ӘБ жетекшісін тағайындау туралы бұйрық.

3. ӘБ Ережесі

4. ӘБ мұғалімдердің атқаратын міндеті.

5. ӘБ оқу жылына жұмыс жоспары.

- ӘБ өткен жылының жұмысына талдауы;

- Әдістемелік жұмыстың тақырыбы, мақсаты, басымдылық бағыты, жаңа оқу жылына міндеті.

- ӘБ мұғалімдері туралы мәлімет.

- Өзін – өзі білімін көтеру тақырыбы туралы мәлімет.

- ӘБ мұғалімдерін болашақ аттестаттау жоспары.

- Қайта даярлау курсынан өту графигі (кестесі).

- Біліктілігін көтерудің болашақ жоспары.

- Бақылау жұмысын өткізу кестесі.

- Тоқсан бойынша әкімшілік бақылау кестесі.

- ӘБ мұғалімдерінің ашық сабақтар өткізу кестесі.

- ӘБ кәсіби тәжірибесінің адрестері.

- ӘБ оқу – тәрбие жұмысы.

- ӘБ – тегі әдістемелік жұмыс.

6. Әдістемелік апталықты өткізу жоспары.

7. Авторлық бағдармалар.

8. Пән бойынша  оқу және  оқу-әдістемелік бағдармалар туралы ақпарат  

   беру.

9. Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау/пән/ бойынша,жекеленген,

   факультативтик сабақтар, үйірме т.б.

10. ӘБ жас мұғалімдермен, жаңа келген мамандармен жұмыс жоспары.

11. ӘБ отырысының хаттамасы.

     Дәптерлер:

  • Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының жиналысы.
  • Пән мұғалімдерімен отырыстар /5 отырыс, тақырыптық, ӘБ хаттамасы болу к/к.
  • Сабақтарға кіру.
  • Пән бойынша сабақтан тыс шараларға қатысу.

ӘЖ /әдістемелік жұмыс/ сапалы жүргізілген мектепті қазіргі заманға сай мұғалім жасайды.

        Дамыған мектептегі  мұғалім өзінің кәсіби құзыреттілігін көтеруге қабілетті болады:

  • педагогика ғылымында, білім беру жүйесінде,тәрбиелеу, дамытуда, білім берудің басымдылық бағытындағы жетістіктермен таныс;
  • білім беру жүйесіне, тәрбиелеу мен дамуға талдау жасай отырып,түзету жұмыстары арқылы және тиімді әдістерді пайдалана отырып, нәтижеге жету;
  • білім беру мазмұнындағы өзгерістерге сүйене отырып, білім беру жүйесінің құрылымына сәйкес оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, дамытуда жаңа технологияларды қолдануда өз әдісін пайдалану;
  • оқу үрдісінде оқушылармен ашық қарым-қатынасқа көшу;
  • оқушының оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаға бағытталған қатынасқа, педагогикалық ынтымақтастыққа бейімдеу;
  • оқушы қызметіне болжау жасауда нәтижеге жетудің түрлі әдісі мен тәсілдерін қолдана отырып, дарынды балалар мектебін құрудың жүйесін жасау;
  •  педагогикалық шеберлік және педагогикалық шығармашылық

деңгейінде жұмыс жасау;

  • психологиялық дайындықта болу, жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларының психологиясын білу.

Мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптар:

  • оқу тәрбие үрдісінің мазмұны бойынша ұйымдастыру ісінде

 педагогикалық норманы сақтай отырып, жоғары кәсіби шеберлікке

жету;

  • шығармашылық пен ойлауға қабілетті болу;
  • жоғары эрудицияда болу арқылы оқушының санасына берілген материалды жан –жақты жеткізе отырып;
  • жоғары психо-педагогикалық дайындықта – болу, оқыту мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруда, жеке қатынаста, балалармен, ата –аналармен эмоционалдық күйде жақсы байланыста бола білу;
  • жоғары мәдениет және адамдармен рухани қатынас жасау.

Мектептің әдістемелік бірлестігінің құжаттары.

  • МӘБ құру туралы бұйрық, ӘБ – тің жетекшісін тағайындау туралы бұйрық
  • МӘБ ережесі
  • МӘБ соңғы 3 жылғы жұмыс жоспары
  • Өткен жылға талдау жасау
  • МӘБ мұғалімдері туралы мәлімет
  • Мұғалімдердің өз білімін жетілдіру тақырыбы туралы мәлімет
  • Мұғалімдерді аттестаттаудың болашақ жоспары(өсу динамикасы)
  • Біліктілікті жетілдірудің болашақ жоспары
  • Кәсіби тәжірибелі мұғалімдердің мекен-жайы
  • МӘБ педагогтардың озат тәжірибесі мен кәсіби шеберлікте туындаған қиыншылықтарын болжау және мониторинг материалдары
  • Пән бойынша оқу бағдарламасы, оқу-әдістемелік құралдармен қамтылуы туралы ақпарат.
  • Барлық сыныптар бойынша оқулықтар атауы, авторы, баспасы
  • Пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық  жоспарлау, жекелеген факультативтік сабақтар мен үйірмелер жоспары, дарынды балалармен, «қауіп тудыратын» балалармен жеке жұмыс жоспары
  • ӘБ жас мамандармен, жаңа келген мамандармен жұмыс жоспары
  • ӘБ отырыстарының хаттамалары (5 отырыс)
  • Пән бойынша сабақтарға кіру мен сыныптан тыс жұмыстарға қатысу (сабақтың талдауы)
  • Оқушылардың пән бойынша алған білімділерінің сапасы мен деңгейін көрсететін материалдардың мониторингі.
  • МАБ пен ҰБТ – ға дайындық жұмыстары мен іс-шаралардың жоспары.
  • Пән апталықтарының әдістемелік декадасы, жоспар + барлық жүргізілген шаралардың материалдары + өткізілген шараға берілген бағалау.
  • 12 жылдық білімге көшу туралы мәлімет( жоспарға енгізу )

Мектептің әдістемелік бірлестігінің құжаттарын зерттеу мен талдау

туралы жадынама.

Атауы

Қолданыста бары

Ескерту

МӘБ құру туралы бұйрық, ӘБ-тіңжетекшісін тағайындау туралы бұйрық.

МӘБ Ережесі.

МӘБ соңғы 3 жылғы жұмыс жоспары.

МӘБ мұғалімдер туралы мәлімет

Мұғалімдердің өз білімін жетілдіру тақырыбы туралы мәлімет.

Мұғалімдерді аттестаттаудың болашақ жоспары.

Біліктілікті жетілдірудің болашақ жоспары.

Кәсіби тәжірибелі мұғалімдердің адресі.

МӘБ педагогтардың озат тәжірибесі мен кәсіби шеберлікте туындаған қиыншылықтарын болжау және мониторинг материалдары.

Пән бойынша авторлық бағдарлама.

Пән бойынша оқу бағдарламасы, оқу-әдістемелік құралдармен қамтылуы туралы ақпарат.

Пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау,жекелеген, факультативтік сабақтар мен үйірмені жоспарлау.

ӘБ жас мұғалімдермен, жаңа келген мамандармен жұмыс жоспары.

ӘБ отырыстарының хаттамалары.

Пән бойынша сабақтарға кіру мен сыныптан тыс  шараларға қатысу.

Оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы мен деңгейін көрсететін материалдардың мониторингі.

Пән апталықтарының әдістемелік декадасы/ жоспар + барлық жүргізілген шаралардың материалдары+ өтілген шараға берілген бағалау.

Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарын зерттеу мен талдаудың сызбасы.

Критерилері

Баға

Ескерту

ӘБ тақырыбында әдістемелік мәселелердің оқытуды ұйымдастырудағы мұғалімдердің кәсіби талаптарына сәйкес келуі.

Өткен жылға талдау жасау, оның әдістемелік проблемаларды шешу қызметіндегі нәтижесі, тығыздығы,мазмұны,ойды баяндау мен жүйелілігі.

Белгіленген уақыт аралығында істелінген жұмыстардың көздеген мақсат пен міндетке жетудегі қорытындысының нақтылығына талдау.

ӘБ жұмыс жоспарында әдістемелік проблемаларды көрсету, оның белгіленген жұмыс кездерінде сәйкес келуі.

Жоспарға енді  ме

білім беру жүйесіндегі Заңнамалық базалар мен педагогикалық озық ойлар, пәнді оқытудағы жаңалықтар;

● ғылыми – әдістемелік әдебиеттермен танысу;

● педагогтардың біліктілігін көтеру / курстан, аттестаттаудан өту/;

● озық тәжірибе мен педагогтардың кәсіби қиындылығына болжау жасау;

●озат озық тәжірибені оқып үйрену мен тарату;

●мұғалімдердің өз білімін жетілдіру қызметі туралы;

●оқушылардың білім,білік, дағдысын тексеру;

●пәнбойынша сыныптан тыс тәрбие жұмысы;

● пәнді оұытудың ғылыми- әдістемелік және дидактикалық базасын нығайту;

● ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар, оларды өткізу – мерзімі мен орындаушылар;

● педагогтардың өзара сабаққа кіруі мен талдау жасауы;

● жоспардың орындалуын қадағалайтын бақылау түрін анықтау.

ӘБ отырыстары тақырыптарының өзектілігі, іс жүзінде педагогқа тиетін пайдасы, ӘБ мақсаты мен міндетіне сәйкестігі.

Әдістемелік жұмыстардың әртүрлігі мен тиімділігі, мақсат пен міндетке жетудің үндестігі.

     -   Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын жаңартуға ат салысу және катысу.

     -   Өзінің педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру.

     -   ӘБ жұмысына белсенді араласу.

     -   Пед. кеңестер мен әдістемелік конференцияларды дайындауға қатысу.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Әдістемелік бірлестік

Бірлестікте болатын  іс-қағаздар...

Әдістемелік бірлестік

1-класс  оқушыларының мектеп өміріне бейімделуі...

Әдістемелік бірлестік

3-тоқсан қорытындысы...

Әдістемелік бірлестік

ата-анаға сауалнама...

Әдістемелік бірлестік

2013-2014 оқу жылына арналған әдістемелік жұмыс жоспары...