кішкентай білгір 2016
классный час (2, 3 класс) на тему
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 2-3 кластар Зияткерлік сайыс
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
kishken_bilgir_2016zhyl.pptx | 1.51 МБ |
kishkentay_bilgir_2016zhyl.doc | 881.5 КБ |
Предварительный просмотр:
Подписи к слайдам:
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құмсай ауылы Құмсай бастауыш мектебі Аймухамбетова Ләззат Сәндібекқызы бастауыш класс мұғалімі
Кішкентай білгір Зияткерлік сайыс
І V . Ойлы болсаң, озып көр! ІІІ. Сандар сыры І. Қас-қағым сәт ІІ. Тұлғаны тани біл
Қас-қағым сәт 1. Орман емшісі 2. Жылқының сүті 3. Сандарды немен белгілейміз 4. Математикада неше амал бар 5. Анамыздың туыстары бізге 6. Қатып қалған су 7. Аптаның соңғы күні 8. Қалталы жануар 9. Сөйлем неден құралады 10. Тәуелсіздік күні 11. Қабырғалары бірдей фигура 12. Дыбыс нешеге бөлінеді? 13. Астана қай өзеннің бойында 14. Қазақ даласына алғаш мектеп ашқан?
Қас-қағым сәт 1. Тоқылдақ 2. Қымыз 3. Цифрмен 4. Төрт 5. Нағашы 6. Мұз 7. Жексенбі 8. Кенгуру 9. Сөзден 10. 16 желтоқсан 11. Шаршы 12. Екіге 13. Есіл
ІІ. Тұлғаны тани біл
ІІ. Тұлғаны тани біл
Оны қазіргі заманның қаһарманы. Ол қазақтың үшінші ғарышкері
Ол қазақ жерінің географиясын зерттеген ғалым, саяхатшы, этнограф. Абылай ханның немересі.
Оған Төле би бала кезінде Сабалақ деп лақап ат қойды. Шын есімі Әбілмансұр. Қазақтың ханы.
Арап әрпі негізінде балаларға арнап тұңғыш қазақ әліппесін жазған ақын, ғалым, қоғам қайраткері кім?
Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан . 28 мемлекетте күреске түсіп , 56 медаль олжалаған .
Кеңес Одағының Батыры, снайпер мерген қыз. Ақтөбе облысының тумасы.
“Ең бірінші бақытым – Халқым менің... Ал екінші бақытым – Тілім менің.... Бақытым бар үшінші – Отан деген...” деген өлең үзіндісінің авторы, атақты ақын.
«Абай жолы» романыны, “Көксерек” шығармаларының авторы.
Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген, биыл 175 жылдығы тойланатын тұлға
«Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!» деп басталатын өлеңнің авторы кім?
Шын есімі “Ерасыл”, ж еңгесі оны “Нар бала”, ал Абылай хан оған “Дарабоз” деп ат қойды. Ол кім?
“Бай болсаң, Халқыңа пайдаң тисін. Батыр болсаң, Жауыңа найзаң тисін” - деп бата берген кім?
ІІІ. Сандар сыры
Ал ғ а
16 Тәуелсіздік күні КЕРІ
1 Тұңғыш президент күні, Жаңа жыл, білім күні КЕРІ
22 Наурыз мерекесі КЕРІ
30 Конституция күні КЕРІ
8 Халықаралық әйелдер күні КЕРІ
9 Жеңіс күні КЕРІ
І V . Ойлы болсаң, озып көр!
10 2 0 3 0 4 0 1 0 2 0 3 0 4 0 1 0 2 0 3 0 4 0 Қазақ тілі Математика Дүниетану Әдебиеттік оқу 1 0 2 0 3 0 4 0 5 0 5 0 5 0 5 0
Қазақ алфавитінде неше әріп бар? 10 Қазақ тілі
20 Қазақ тілі Етістік дегеніміз не?
30 Қазақ тілі Дауыссыз дыбыстардың түрлері қандай?
Мәтіннің түрлері қандай ? 40 Қазақ тілі
50 Қазақ тілі Балдырғандар с өзінде неше тасымал бар?
10 Әдебиеттік оқу Жеті жұрттың тілін біл , ….. Жеті жұрттың тілін біл , Жеті түрлі білім біл
20 Әдебиеттік оқу «Адам болам десеңіз » кімнің өлеңі ?
30 Әдебиеттік оқу «Байлық пен ақыл» ертегісінде шалдың төрт ұлы бар. Мұрагерлікке қай ұл лайықты болды, неге ?
40 Ш. Смаханұлының « Тәкаппар» өлеңі қандай шығарма ? Әдебиеттік оқу
50 Ы. Алтынсариннің « Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа айт Әдебиеттік оқу
Ең кіші үш таңбалы санды ата. 10 Математика
Периметр деген н е? 20 Математика
30 Математика Үстелдің неше бұрышы бар, бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрыш болады ?
Бірдей үш санның көбейтіндісі де, қосындысы да 6 – ға тең Бұл қандай сан? 40 Математика
50 Математика Заңдылықты анықтап келесі санды тап . 64 , 32, 16, ... Заңдылықты анықтап келесі санды тап. А) 64, 32, 16,
10 Көкжиек тұстарын ата Дүниетану
Өсімдіктің көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығаратын мүшесі не? 20 Дүниетану «
Жануарлар қоректенуіне қарай қандай топтарға бөлінеді ? 30 Дүниетану
Көмірлі өлке атанған жерлерді ата Дүниетану 40
Дүниетану 50 Пайдалы қазбалардың қандай негізгі топқа бөлінеді?
Кішкентай білгір-2016
Құлақ салып тыңдап, Көңіл қойып көргеніңіз үшін РАХМЕТ!
Предварительный просмотр:
Тақырыбы:«Кішкентай білгір»
Мақсаты:
Оқушыларды білімдік, жан - жақты болуға үйрету. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, плакаттар. слайд
Сабақтың барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Бүгінгі біздің мектеп оқушылары арасында «Кішкентай білгір» атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер. Оқушыларымызға тек қана сәт - сапар тілейік. Ойынымызды бастауға рұқсат етеңіздер.
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Сайыс 4 - турдан тұрады.
1 - тур «Қас-қағым сәт»
2 - тур «Тұлғаны танып біл»
3 - тур «Сандар сыры»
4 - тур «Ойлы болсаң, озып көр!»
1 - тур «Қас-қағым сәт».
1. Орман емшісі (тоқылдақ)
2. Жылқының сүті (қымыз)
3. Сандарды немен белгілейміз (цифрмен)
4. Математикада неше амал бар (4)
5. Анамыздың туыстары бізге (нағашы)
6. Қатып қалған су (мұз)
7. Аптаның соңғы күні (жексенбі)
8. Қалталы жануар (кенгуру)
9. Сөйлем неден құралады (сөзден)
10. Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
11. Қабырғалары бірдей фигура (шаршы)
12. Дыбыс нешеге бөлінеді? (2)
13. Астана қай өзеннің бойында (Есіл)
14. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан (Ыбырай)
Бұл турда берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысыңыздар. Әр дұрыс жауап
1 ұпай. Алдарындағы қағазға жауаптарын жазып тұрасындар. Болған соң монитордан дұрыс жауаптар шығады. Тексеріп әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қойып , санап шығамыз.
2 - тур «Тұлғаны танып біл»
Бұл турда монитордағы түсті жұлдыздардың бірін таңдап, артындағы тұлғаны табуларыңыз керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай. Ұпай саны көп ойыншы бастайды.
Бұл турда ұпайы аз екі ойыншы ойыннан шығады.
3 - тур «Сандар сыры»
Бұл турды қалған 5 ойыншы жалғастырады. Таңдаған ұяшық артындағы санға сәйкес мерекелерді толық атап береді. Сол мереке жайлы түсініктеме берсе 20 ұпай. Қысқаша жауап берсе 10 ұпай
4 - тур «Ойлы болсаң, озып көр!»
Қазақ тілі
10 Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
20 Етістік дегеніміз не?
30 Дауыссыз дыбыстардың түрлері қандай?
40 Мәтіннің түрлері қандай?
50 Балдырғандарсөзінде неше тасымал бар?
Әдебиеттік оқу
10 Жеті жұрттың тілін біл, .....
20 «Адам болам десеңіз» кімнің өлеңі?
30 «Байлық пен ақыл» ертегісінде шалдың төрт ұлы бар. Мұрагерліккеқай ұл лайықты болды, неге?
40 Ш. Смаханұлының «Тәкаппар» өлеңі қандай шығарма?
50 Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа айт
Математика
10 Ең кіші үш таңбалы санды ата.
20 Периметр деген не?
30 Үстелдің неше бұрышы бар, бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрыш болады?
40 Бірдей үш санның көбейтіндісі де, қосындысы да 6 – ға тең Бұл қандай сан?
50 Заңдылықты анықтап келесі санды тап. 64, 32, 16, ... /2-кл: 2,4,6,.../
Дүниетану
10 Көкжиек тұстарын ата
20 Өсімдіктің көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығаратын мүшесі не?
30 Жануарлар қоректенуіне қарай қандай топтарға бөлінеді? /2-кл: бақа қай топқа жатады?/
40 Көмірлі өлке атанған жерлерді ата / 2-кл: Жыл мезгілдері -/
50 Пайдалы қазбалардың қандай негізгі топқа бөлінеді? / 2-кл: Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді?/
Қосымша сұрақ,
1. Бөлменің төрт бұрышында бір - бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
2. Бір жаққа қарай бір әже кетіп бара жатыр. Оған қарсы үш кісі келе жатыр. Әр кісінің қолында дорба бар. Әр дорбаның ішінде бір - бір мысықтан. Барлығы неше адам кетіп бара жатыр? ( Бір әже ғана кетіп бара жатыр)
- Міне, құрметті көрермендер, біздің мектеп озатын көріп отырсыздар. Екінші оқушымызды қошеметтеп шығарып салайық. Енді ортаға жеңімпазымызды шақырып арнайы диплом мен сыйлықты табыс етемін . Сау болыңыздар!
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Кішкентай ханшайым
разработка...
Кішкентай ханшайым
презентация...
кішкентай білгір 2016
Тақырыбы:«Кішкентай білгір»Мақсаты:Оқушыларды білімдік, жан - жақты болуға үйрету. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: шарлар, плака...