Қазына көтерген бала
план-конспект занятия по чтению (4 класс) на тему
Предварительный просмотр:
Тақырыбы: Ә.Жапаров «Қазына көтерген бала»
Білімділік мақсаты:Оқушыларды Қ.Сәтбаевтың өмірі жайлы әңгімемен таныстыру; Дамытушылық мақсаты: Қ.Сәтбаев есімімен байланысты кен орындарын білгізу,оқушыларды ізденуге, ойлауға жетелеу; көркем сөйлеу іскерлігін арттыру, танымын, елестету, сезіну қабілетін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Туған ел байлықтарын қорғауға үйрету,ұлы адамдар өмірін үлгі ету;
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру
Ынтымақтастық орта құру
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
-Балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық. Ол үшін мына жерден өздеріңе ұнаған шартты белгілер бойынша топқа бөлініп алайық.
Топтарды таныстыру:
1-топ-Гранит
2-топ-көмір
3-топ-мыс
4-топ-әктас
Топ жетекшісін сайлау.
Алтын ереже
1. Бір - бірімізді тыңдау, қатысу
2. Уақытты үнемдеу
3. Ойымызды еркін айту
4. Тақырыптан ауытқымау
5. Анық, нақты сөйлеу
Білім
II.Үй тапсырмасын сұрау,бағалау
-Балалар, үйге қандай тапсырма берілген еді?
-Бала Тұрар оқып, мазмұндап келуге берілді.
Топтарға тапсырма
1-топ Тұрарға мінездеме беріңдер.
2-топ-Бала Тұрар мәтінінің мазмұнын айтып, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар.
3-топ-«Ыстық орындық» ойыны. Мәтін бойынша сұрақ-жауап әзірлеу
4-топ-Картадан әңгімедегі елдерді көрсет.
Түсіну
III.Жаңа сабақ
1.Қызығушылықты ояту
Балалар осы айтылған топ атауларын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?
- Қазақтың тұңғыш геологі кім еді?
- Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
- Мен мынадай қоржын әкелдім, оның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
-Оны білу үшін Әнуар Жапаровтың «Қазына көтерген бала» әңгімесін оқып танысайық.
Бұл әңгімеде Қаныш Сәтбаев туралы.
-Балалар Қаныш Сәтбаев туралы не білесіңдер, соны «Генологиялық ағашқа» жазып ілейік.
Жақсы балалар, бүгін Қанышты тағы бір жаңа қырынан танитын боламыз.Ендеше мәтінмен жұмыс жасайық.
2.Оқулықпен жұмыс
А)Мәтінді тізбектеп оқыту
2.Мәтінмен жұмыс
«Болжау стратегиясын» пайдалану арқылы мәтінді талдау.
- Балалар қапшықтың ішінде не бар деп ойлады? Неліктен?
- Қапшықтың ішінен не шықты?
- Оның әр нәрсені білуге ынтазар бала болғанын неден аңғаруға болады?
- Әңгімеден Қаныштың бойындағы қандай қасиеттерін байқадыңдар?
- Қаныш туралы ұстазы не деді?
- Қаныш тастарды неге әкелді деп ойлайсыңдар?
-Мәтіндегі негізгі ой не?
-Әңгіме неліктен «Қазына көтерген бала» деп аталған деп ойлайсың?
Сөздік жұмысы
Түртіп алу әдісі:
Геолог-
-Ендеше балалар, айтыңдаршы қапшықта не бар деп ойлайсыңдар?
-Әрине менің де әкелген қапшығымда көмір бар.
Қолдану
4.Топтармен жұмыс.Ой толғаныс.
Топтарға жеке тапсырмалар беріледі
- Қаныштың салған суретін көз алдыңа елестету арқылы салып көр.
- Қаныш қандай бала болғанын мәтінге сүйеніп жаз.
- Көмір туралы білетіндеріңді «Балық сүйегі сызбасына» түсір.
- Қазақстандағы ірі көмір шығаратын орындарды картадан тауып, көрсет.
- Талдау
–Бүгінгі өткен «Қазына көтерген бала» әңгімесін оқи отырып, өзіңе қандай ой түйдің?
8.Бағалау
Топ басшысы бағалайды.
9.Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек»
V.Үй тапсырмасы
8.Қосымша деректер
-Қ.Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай шығарылған монета
- Қ.Сәтбаев атындағы ғаламшар
- Қ.Сәтбаев атындағы канал (Ертіс-Қарағанды каналы)
- Ақсу қаласындағы ескерткіш мүсін
Хрестоматия оқулығынан
1) 106-бет, “Ерте есейген бала”
2) 122-бет, ”Тұңғыш кен инженері”
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Балықшы мен балық
Әдебиеттік оқуСабақтың тақырыбы: Пушкин А.С. "Балықшы мен балық"(Ертегі)Сабақтың мақсаттары: Сабақтың мақсаты:1. Ертегі мазмұнын түсіну арқылы идеясын ашуға, өмірімен байланыстыра білуге дағдыла...
А.С.Пушкин "Балық пен балықшы"
А.С.Пушкин туралы түсінік бере отырып ертегіні түсіндіру....
А.С.Пушкин "Балық пен балықшы"
А.С.Пушкин туралы түсінік бере отырып ертегіні түсіндіру....
А.С.Пушкин "Балық пен балықшы"
А.С.Пушкин туралы түсінік бере отырып ертегіні түсіндіру....
А.С.Пушкин "Балық пен балықшы"
А.С.Пушкин туралы түсінік бере отырып ертегіні түсіндіру....
"Әдепті бала, арлы бала" тәрбие сағаты
Тәрбие сағаттың тақырыбы: "Әдепті бала, арлы бала" деп аталады. Тәрбие сағатының мақсаты: а) Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке,...
Сценарий Пушкинского бала «Я был от балов без ума!»
Занятие построено в форме бала XIX века, что позволяет учителю познакомить учащихся с некоторыми страницами романа А.С.Пушкина «Евгений Онегин», пробудить интерес к творчеству великого русского поэта ...