"Әдепті бала, арлы бала" тәрбие сағаты
классный час (2 класс) на тему
Тәрбие сағаттың тақырыбы: "Әдепті бала, арлы бала" деп аталады.
Тәрбие сағатының мақсаты: а) Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.
ә) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп
әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
б) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Берілген тапсырмаларды орындай отырып таудың биік шыңына жетеді.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
"Әдепті бала, арлы бала" | 304.5 КБ |
Предварительный просмотр:
Сабақтың тақырыбы: Әдепті болам десең, арлы бол!
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.
ә) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп
әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
б) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
-Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
-Бүгінгі болатын 2 «Б» сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатына қош
келдіңіздер!
-Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
(ән ұран орындау)
- Психологиялық дайындық.
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. «Жүректен жүрекке» ойыны
(тілектер айтылады. )
-Денің сау болсын!
-Ұқыпты бол!
-Батыл бол!
-Кішіпейіл бол!
-Ізетті бол!
-Әдепті бол!
-Ақылды бол!
-Білімді бол!
-Сүйкімді бол!
-Қазақтың баласы бол!
-Отаныңның баласы бол!
-Еліңе қорған бол!
-Арманшыл бол!
-Әжеңнің шуағы бол!
-Атаңның ұрпағы бол!
–Өнерлі бол!
-Биші бол!
-Әнші бол!
-Өнерің өрге жүзсін!
-Нұр жаусын!
-Мерейің үстем болсын!
-Білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет!
-Рахмет!
-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралады екен.
3. Жаңа сабақ.
-Ал енді балалар бәріміз тақтаға қарайықшы.
Ситуациялық жағдай. (тақтадан сурет көрсету)
Әдеп
Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.
Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.
Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.
-Ал балалар сендер не істер едіңдер?
-Арманның істеген ісі дұрыс па?
- Әдептілікке жата ма?
Демек, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ұстаздарымыз үйретеді екен.
-Ал біз, осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен , бал тілінен бойымызға сіңіреміз.
-Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуларың керек.
-Ал ,балалар, өздерің ойланыңдаршы әдепті бала қандай болады?
-Әдепсіз бала қандай болады? Өздерің айтыңдаршы?
-Демек, бүгінгі тәрбие сағаты жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Мектеп жасынан жақсы әдеттерге тәрбиеленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн екен.
-Олай болса, бүгінгі ашық тәрбие сағатының тақырыбы «Әдепті болам десең, арлы бол!»
- Балалар мынау ненің суреті?
- Дұрыс, таудың. Ол үшін біз сендермен мынау өздерің көріп тұрғандай таудың биік шыңына шығуға тырысайық. Бірақ бұл шыңға біз бірден шыға алмаймыз. Шыңға шығу үшін біз тапсырмаларды орындауымыз керек.Әр тапсырманы дұрыс орындасаңдар, шыңға шығасыңдар.
1-ші тапсырма:
Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді топтастырайық.
-Сендер қалай ойлайсыңдар? Жарқырап тұрған күнге қандай баланы жатқызуға болады?
-Ал, мына бұлтқа қандай баланы жатқызуға болады?
-Олай болса, мына тақтада жақсы және жаман қасиеттер жазылған сөздер берілген. Сол сөздерден жақсы және жаман қасиеттерді бөліп алып, күннің шуағы мен бұлттан жауған жаңбырды көрсетейік.
Әдепті шыншыл
тәртіпті білімді
мейірімді
таза жүреді ұқыпты
тіл алмайды нашар оқиды
өтірікші еріншек
әдепсіз
2-ші тапсырма
Әдепті және әдепсіз бала туралы тақпақтар айтыңдар.
Кім үлкенді сыйласа, Әли
Кім үлкенді тыңдаса,
Сыйлы болмақ өзі де,
Үлкен болған кезінде.
Сыйла үлкен кісіні, Ақерке
Қамқорлыққа ал кішіні
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
-Айтқан тілді аламын, Санжар
Айтқан жерге барамын.
Мен әдепті,
Мен әдепті баламын!
Сыйластықты іздеген, Амина
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі,
Үлкендерге «сіз» деген.
Атам менің әманда, Жанерке
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
Алдын орап кісінің, Арай
Кесіп өтпей көлденең,
Ізетімен кішінің,
Сәлемдесіп, қол берем.
Жақсылықтан үйреніп, Ильяс
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Әдептілік дегенің, Нұрсұлтан
Әрқашан да керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре сарсаң әлегің.
Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек.
Әдепсіз балаға тән қасиеттерді бойына жинаған балалар қандай болады екен, осы жайлы сынып оқушыларына сөз берейік.
Етек кетер салақтап, Ислам
Бос жүріспен далақтап.
Ұқыпсыз сабақ ұқпайды,
Өз бетімен алақтап.
Кеше ғана қадалған, Назерке
Өміртайдың түймесі.
Орнында жоқ апырай,
Қайда кеткен,бұл несі?
Ілгек,түйме жұлынып, Меруерт
Кешке дейін алысар,
Әркімге бір ұрынар,
Құспен, малмен жарысар.
Сумка, дәптер бәрі де, Әйбек
Дал-дұл болып жыртылып.
Сия төгіп бәріне,
Шимай салған сыртына.
Сабақ бітті мектептен, Ердана
Оқушылар тарады.
Бір тентек бір тентекпен
Дабырласып барады.
-Міне, балалар, уәде беріп оны орындамаса, кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондайды жұрт «әдепсіз екен» дейді. Әдепсіз баланы достары да сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады.
-Ал, балалар, сендер бірінші тапсырманы дұрыс орындадыңдар.
2 –ші тапсырма
Өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдар.
-Ал, енді балалар, өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдаршы?
-Қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
-Аталарың, әжелерің айта ма?
Әкені ренжітпе. Асылхан
Босағада отырма.
Босағаны керме.
Үйге қарай жүгірме.
Бүйіріңді таянба. Мөлдір
Бетіңді баспа.
Бас киіміңді аяғыңа киме.
Бос бесікті тербетпе.
Білмесең айтпа.
Бейуақытта жылама,ұйықтама.
Баланы басқа ұрма.
Баланы алдама. Елдар
Бетіңе сызба.
Баланы шошытпа.
Бөтен үйге рұқсатсыз кірме.
Басыңды шайқама. Еркебұлан
Досыңды өкпелетпе.
Дөрекі сөйлеме.
Дастарханды аттама.
Үлкеннің алдын кесіп өтпе.
Үлкеннің сөзін бөлме.
-Дұрыс. Сендер екінші тапсырманы да дұрыс орындадыңдар. Тыйым сөздерді жақсы біледі екенсіңдер.
3-ші тапсырма
Жаман әдет туралы қандай мақал білесіңдер?
-Жаман әдет туралы мақал білетін болсаңдар айта қойыңдаршы?
-Ұрлық – түбі қорлық. Аружан
-Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаласың.
-Атақты ұры аштан өледі. Қуаныш
-Ұры қарының серігі.
-Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
-Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
-Әдептіліктің белгісі – иіліп сәлем бергені Әзия
-Міне, балалар, бұл жерден біздің білгеніміз кісі сыйлық жасаса рахмет, біреуді ренжітсең міндетті түрде кешірім сұрау керек екен. Біреудің затын ешуақытта да рұқсатсыз алмау керек екен, бір рет рұқсатсыз алсаң соған әдеттеніп кетесің де, біртіндеп ол әдетті бойыңа сіңіресің. Түбі ол сені үлкен ұрлыққа жетелейді. Ал өздерің білесіңдер «Ұрлық- түбі қорлық» екенін, ұрлық жасасаң заң алдында жауап беруге тура келеді.
-Ал, енді, балалар осы Ата заң туралы тақпақ білеміз бе?
-Қане, кім айтып жібереді?
Ата заңым, Аружан
Ата заңым ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын
Ақиқаттың аппақ жолын аттаймын
-Ал, балалар, өркениетті Қазақстан елінің тәртіпті, әдепті, мәдениетті азаматы болу үшін үлкенге ілтипатты, кішіге үлгілі болып заңды сақтауымыз керек.
Дұрыс, балалар, сендер бұл тапсырманы да дұрыс орындадыңдар.
4-ші тапсырма
Музыкалық үзіліс
-Балалар , бәріміз қосылып хормен ән орындайық
-Қандай ән айтамыз?
-Олай болса И.Нүсіпбаев ағамыздың «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін бәріміз орындайық.
Жас дәуірдің түлегіміз
Сөзі: Е:Өтетілеуов
Әні: И.Нүсіпбаев
-Бау-бақша белдер,
Орман тау көлдер-
Көрікті шексіз даламыз.
Дәулеті тасқан,
Сәулеті асқан-
Көңілді ауыл, қаламыз.
Қайырмасы:
Жадырап күндей,-
Жайнаған гүлдей
Бақытты біздер баламыз.
Өзіміз туған
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп, толамыз
Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып
Білімді адам боламыз
Қайырмасы:
-Дұрыс , балалар , сендер бұл тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Әнді жақсы айттыңдар.
5-ші тапсырма
-Ойын : «Жалғасын тап»
- Балалар, мен , мақалдың бірінші жолын оқимын, сендер жалғасын табасыңдар.
(экраннан көрсету)
-Ұқыптының тоны тозбас
............................................
(ұқыпсыздың ісі оңбас)
-Әдептілік белгісі
..............................
(Иіліп сәлем бергені)
-Сәлем түзелмей,
............................
(Әлем түзелмейді)
-Аға әдепті болса
................................ (іні әдепті)
-Әдепті бала ата-анасын мақтатар
........................................................
(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
-Ана әдепті болса
...............................
(қызы әдепті)
Бұл 5-ші тапсырманы да дұрыс орындадыңдар.
6-шы тапсырма
Сиқырлы сөздер айтыңдар.
-Сәлеметсіз бе?
-Аман-есенсіз бе?
-Армысың!
-Айналайын!
-Өркенің өссін!
-Көп жаса!
-Денің сау болсын!
-Спортпен дос бол
-Рахмет!
-Қайырлы таң!
-Кеш жарық!
-Кешіріңіз!
-Сау болыңыз!
-Ал, балалар, өздерің айтқан сиқырлы сөздерден не пайда болды?
-Дұрыс, өздерің айтқан сиқырлы сөздерден көңілімізді көтеретін әдемі гүл шықты.
Бұл тапсырманы да дұрыс орындадыңдар.
7-ші тапсырма
Музыкалық үзіліс (Би)
8-ші тапсырма
- Абай атамыздың жақсы-жаман әдет туралы қандай өлеңін білесің?
-Абай кім?
-Абай Құнанбаев қазақтың ұлы ақыны.
«Адам болам десеңіз»
-Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз.
Адам болам десеңіз.
Бес асыл іс бес дұшпан іс
Талап Өсек
Еңбек Өтірік
Терең ой Мақтаншақ
Қанағат Еріншек
Рахым Мал шашпақ
-Бұл тапсырма да дұрыс.
Қорытынды: Міне,балалар,біз бүгінгі тәрбие сағатында тапсырмаларды дұрыс орындап биік таудың шыңына шықтық.
Ал, енді сендер бүгінгі тәрбие сағатындағы көрсеткен өнерлерің мен білімдеріңді мен «Әдепті бала» атты медальдарымен марапаттаймын. ( медальдар тарату)
-Әдептілік, тәрбиелілік-асыл қасиеттер. Адамдарды бір-бірінен осындай жақсы қасиеттері арқылы бағалайды.
Қазақтың мынадай жақсы мақалы бар. «Жақсы бала ата-анасының есіктегі басын төрге, жаман бала төрдегі басын есікке сүйрейді» деген халық нақылын естеріңде ұстаңдар.
Мен сендерді бүгінгі тәрбие сағатынан үйренген, білгендеріңді өмірде пайдаланып , әдепті, жақсы адам болады деп сенемін.
-Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, батылдық ұранымыз.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
презентация разработка...
Балықшы мен балық
Әдебиеттік оқуСабақтың тақырыбы: Пушкин А.С. "Балықшы мен балық"(Ертегі)Сабақтың мақсаттары: Сабақтың мақсаты:1. Ертегі мазмұнын түсіну арқылы идеясын ашуға, өмірімен байланыстыра білуге дағдыла...
А.С.Пушкин "Балық пен балықшы"
А.С.Пушкин туралы түсінік бере отырып ертегіні түсіндіру....
А.С.Пушкин "Балық пен балықшы"
А.С.Пушкин туралы түсінік бере отырып ертегіні түсіндіру....
А.С.Пушкин "Балық пен балықшы"
А.С.Пушкин туралы түсінік бере отырып ертегіні түсіндіру....
А.С.Пушкин "Балық пен балықшы"
А.С.Пушкин туралы түсінік бере отырып ертегіні түсіндіру....
Сценарий Пушкинского бала «Я был от балов без ума!»
Занятие построено в форме бала XIX века, что позволяет учителю познакомить учащихся с некоторыми страницами романа А.С.Пушкина «Евгений Онегин», пробудить интерес к творчеству великого русского поэта ...