Қош бол, құтты Әліппем!
материал (1 класс) по теме
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
lippemen_koshtasu_2012.docx | 21.71 КБ |
Предварительный просмотр:
Қош бол, құтты Әліппем!
Мақсаты: оқушыларға әліппенің маңыздылығын түсіндіру.
Міндеттері: - әліппеден алған білімдерін тиянақтау,сауатын таныту. Әліппеге деген сүйіспеншілік сезімін тудыру;
- өлеңдерді мәнерлеп оқуға жаттықтыру,ой-қиялдарын дамыту,есте сақтауын шыңдау;
- өнерлі болуға,әдептілікке, өзара достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер,оқулықтар мұқабалары,шарлар,гүлдер.
Барысы: І.Мұғалім сөзі. Құттықтау.
Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар. Бүгін бізде үлкен мереке – күзде ғана мектеп табалдырығын аттаған балаларыңыз,міне,білімнің бастауы – әліппемен қоштаспақшы.Әліппе-білімге бастайтын алғашқы жол.Әліппені оқып игеруде небір күрделі кезеңдер мен қиыншылыққа кездестік, бірақ менің оқушыларым білуге,оқуға деген құмарлықтарының арқасында 42 әріппен жақын танысып, олар оқи да,жаза да алады.Әр күннің өз несібесі бар дегені сияқты,білім алу да сондай,әр күнді бос жібермей бағдарламадан қалмай әліппені игердік.
1. Шашу,шашу,шашайық,
Ақсандықты ашайық.
Бұл мереке,бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.
2.Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане ортаға салайық.
3.Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр-әніміз.
Хор: «Әліппе» әні
4.Ең алғаш қолға алғанда «Әліппені»,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
5.Ашыла берді алдымнан,
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе – білім бесігі!
Әліппем менің, Әліппем!
Өмірді көрем,танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Өзіңе көп-көп рахмет!
Мұғалім: - Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
- Болашаққа жол ашар,
Ол сүйікті Әліппе!
Ол сүйікті Әліппе!
- Олай болса,бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
- Әліппе,әліппе,әліппе!
- Балалар, Әліппе неге келмей жатыр? Әлде оны біреуіміз ренжіттік пе?
- Жоқ,ренжіткен жоқпыз.Бәріміз жақсы оқи аламыз,жаза да білеміз.
- Ендеше, тағы бір рет шақырайық. (Әліппе келеді)
Әліппе: - Амансыңдар ма, балалар? Менің кешіккеніме ренжімеңдер.Достарыма соғам деп кешігіп қалдым. Міне,мынау менің досым – Ана тілі. Енді сендер Ана тілімен достасасыңдар. Менің досымды ренжітпеуге уәде бересіңдер ме,балалар?
- Иә, уәде береміз.
- Олай болса,мен енді әріптерімді түгендеп алайын. Дауыстылар,қайдасыңдар?
- Біз мұндамыз.
- Дауыссыздар қайдасыңдар?
- Біз де мұндамыз.
- Жіңішкелік белгісі мен айыру белгісі жоқ қой.
- Олар ойнап жүр.
- Олар тойға қатыспай неғып жүр?
- Біз барлық сөзде жазыла бермейміз деп өкпелеп жүр.
- Біреуің барып шақырып келе қойыңдар.
- Жіңішкелік белгісі мен айыру белгісі дыбыс па, әлде әріп пе? (әріп)
- Сендердің де өз орындарың бар.Тәртіпсіздік жасамай орындарыңа барыңдар.
Ана тілі: -Қане, балалар әліппеден не үйрендіңдер? Ортаға салыңдар.
6.Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сынын ұқтырған,
Рақмет,ұстаз алғашқы!
7.Үйретті бізді Әліппе,
42 дербес әріпке.
Сөз,сөйлем құрап әріптен,
Лайық болдың дәріпке.
Диана: «Алфавит»
Би:
Әліппеден сұрақтар: 1.Алфавитте қанша әріп бар?
2.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3.Сөз неден құралады?
4.Сөйлем неден құралады?
5.Мәтін ше? Қандай мәтіндермен таныстық?
6.Әліппе сөзіне кім дыбыстық талдау жасайды?
7.Кім мәнерлеп тақпақ айтып береді?
Аяжан: «Кішкене Әліппе»
Бұзау: - «М»- ны – «Ө» - ге қосып, - Мө, - дейді.
Бота: - «Б» - ны – «Ө» - ге қосып, - Бө, - дейді.
Құлын: - «Е» - ні - «Е» - ге қосып, - Е-е, - дейді.
Қозы: - «М» - ны - «Е» - ге қосып, - Ме, - дейді.
Ал мен: «М» - ны – «А» - ға қосып, - «Ма», - деймін.
«Ма», - «Ма», - деймін.
«Мама!», - деймін.
-Ендігі кезекті 42 әріпке берейік.
А. Ата-ананың тілегі
Адам болып өскенің
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің
Ә. Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым данасы
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
О. Отан-менің ата-анам,
Отан-досым, бауырым.
Отан-өлкм, астанам,
Отан-туған ауылым.
Хор : «Отан»
Н. Ас біткеннің анасы –
Қасиетті «нан» осы.
Қай әріптен басталып,
Аяқталған қарашы.
С. Спортпен айналыс
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы іс,
Сауық пен кинодан.
Т. Тәртіпті бала – сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала – күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
Е. Есті бала ер жетіп,
Елдің қамын ойлаған.
Ессіз бала кері кетіп,
Есерлігін қоймаған.
Ғ. Ғалым болсаң ғылымда,
Ғажайыптар аша біл.
Ғарыштың да тыңына,
Ғылым дәнін шаша біл.
Қ. Қиындықтан қорықпа,
Қаймығып еш торықпа.
Қайратың мен жігерің,
Қолқанатың жорықта.
Ж. Жатырқама кісіні,
Жатсынбайды түсінген.
Жәбірлеме кішіні,
Жақсылығың ісіңнен.
Б. Білім – алтын қазына
Білім – шалқар даналық.
Білімменен жасалар,
Өмірде бар жаңалық.
Р. Бір әріп бар, кей бала Ұ. Ұғымпаз бала
Дұрыс айтпай күлдірген, Болар дана.
Тыңдап тұрған айнала, Ұғымсыз бала
Жолдастарын күлдірген. Қалар шала.
Ш. Шындықты сақтаймыз,
Шыншылды жақтаймыз.
Шаршы топ алдына ,
Шығарып мақтаймыз.
Х. Сәлем алып алыстан,
Туысыңнан, таныстан.
Келетұғын «хат», «хабар»
Қай әріппен басталған?
Ь. Дыбысым жоқ шығатын
Жіңішкертем сөзді мен.
Орыс сөзі тұрағым,
Алфавитте тұрамын.
Ъ. Мақтанба жіңішкелік белгісі,
Менде саған ұқсаймын.
Айырмам тек атымда,
Жуандықтың белгісі.
Ы. Кесе,шыны,пиала...
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз,-
Бәрінің атын не дейміз?
Ю. Оюда бар,
Ойда жоқ.
Аюда бар,
Айда жоқ.
Ол қай әріп?
Я. Ақ қоян-ау,ақ қоян,
Үркек қоян, сақ қоян,
Қаша берсең қалыңға,
«Қорқағым» деп ат қоям.
И. Ие керек итке,
Ине керек жіпке,
Икем керек іске,
Иық керек жүкке.
І. Ізетті бала
Ізденгіш болады.
Ілгішке киімін
Тез іліп қояды.
Ө. Өзен бойын жағалап,
Өскен бақты аралап,
Өркенге өрік жинастық,
Өзіміз жеп шамалап. Маркизат: Алфавит сыры.
Би:
Ана тілі: - ал, енді математикадан не үйрендіңдер? (математикадан сұрақтар)
1.Екі сиырдың мүйізі нешеу? (4)
2.Үш тауықтың аяғы нешеу? (6)
3.Он асықтың жетеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (3)
4.Аулада бес үйрек
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек? (6)
Азамат: «Санамақ»
Көрініс:
Мирас: Оқымап едім «бір» алдым, кейіп қалды мұғалім.
Әкеп едім екілік, анам шықты жекіріп.
Үш алғанда байқадым,әкем басын шайқады.
«5» деп едім бүгін кеп,қалды бәрі күлімдеп.
Көрініс: «Бес алдым»
1. Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол,менің қасиетті әліппем!
Сенің арқаң оқи,жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
2.Қош бол,құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Жалғас: Ғұлама білгіш ғалымнан, Мәди: Әріптерді үйретіп,
Оқушы жас жалыннан. Жақын болған кім бізге?
Аса ірі ойшылдан Жамандықтан жирентіп,
Президент пен ақыннан, Ақыл болған кім бізге?
Ғарышкерден,батырдан Десек,ол – жан мұғалім,
Оқыған жас-кәріден, Таласады, сірә кім?
Оқушының бәрінен
Ұстаздарға мың алғыс!
Әлия: Аңыз,ертек,
Ән,жырдың
Бәрін бойға құйғыздың
Санамызға сен біздің
Бар асылын сыйғыздың
Жақтың білім шырағын,
Рахмет,саған мұғалім!
Бәрі: Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларды үйреткен.
Әліппе мен ұстазға,
Бас иеміз құрметпен!
Хор: «Мұғалім – ол біздің»
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар,қонақтар.
(қонақтарға сөз беру)
Мұғалім: Қымбатты балалар! Мектептегі алғашқы жеткен жеңістермен құттықтаймын!
Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-бір біріңмен достыққа,мектеп ережелерін орындайтын,үлкенді сыйлайтын,кішіге қамқор болатын әдепті оқушы болуға да үйретті.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!