Ынтымағы жарасқан, туған өлкем-Қазақстан
классный час (3 класс) по теме
Мақсаты: «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.
Міндеттері:
-Сыйластық,татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
-өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту.
-өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
klastan_tys_aptalyk_.docx | 20.37 КБ |
Предварительный просмотр:
Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем-Қазақстан»
Мақсаты: «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.
Міндеттері:
-Сыйластық,татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
-өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту.
-өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстанның картасы, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен суреттері, бейбітшілік құсы, әртүрлі гүлдер суреттері.
Әдіс-тәсілдері: «әңгімелеу», «шығармашылық жұмыс», «сергіту сәті», «тыныштық сәті», «жүректен-жүрекке»
-Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты
Жарқырайды күніміз
Жадырайды жанымыз
-Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз біздің көңіл күйімізге байланысты. Олай болса бүгінгі сәтті күніміз үшін бір-бірімізге жылы лебізімізді арнайық..
-Балалар сендердің тілектерің қандай тамаша, рахмет сендерге. Бүгінгі сабақта біз кең байтақ, көпұлтты елге саяхатқа шығамыз. Алдарыңда жатқан мозаика арқылы бүгінгі саяхат жасайтын елімізді табайық
ҚАЗАҚСТАН
-Балалар біз қандай елде тұрамыз?
-Елімізде қандай ұлттар тұрады?
(Қазақстанда тұратын ұлттар суреттерін көрсету)
-Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз?
-Дұрыс балалар біздің еліміз көп ұлтты мемлекет қатарына жатады.
Біз қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым-қатынастамыз
Олар біздің елімізде тұрса да өз тілдерінде сөйлеуге,салт-дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен менің елім Қазақстан деп айта алады. Мамыр осы ұлт қкілдерінің бірлігі мерекесі болып тойланады.
Жер бетіндегі барлық халықтар да достықта, ынтымақтастықта өмір сүруге тиіс.
Бүгін біз елімізге саяхат жасай отырып, әр ұлт өкілдерімен кездесеміз олардың берген сұрақтарына жауап іздейміз
Ол үшін ең алдымен топ топқа бөлінейік. Ол үшін мына түрлі түстерді таңдау ақылы бөлінеміз. Әр топ өз атауын алдарында жатқан әріптерден сөз құрау арқылы табады тіл
КӘРІС қызыл
ӨЗБЕК сары
ТҮРІК көк
ҚЫТАЙ жасыл
Видео «Бірлігіміз жарасқан»
Балалар енді кезекте саяхатымызды бастайық
1-аялдама
Қазақстанның солтүстік өңірі. Ғалымның деректеріне сәйкес, 1937 жылдың аяғына дейін кәріс халқын Қазақстан жерінде толығымен қоныстандыру жоспарланған болатын. НКВД бұл жоспарды қазан айында орындап шықты. Сол кезде 124 эшалонмен 171 781 адам Солтүстік Қазақстан аумағына көшірілді.
«Мінеки, осылай тоталитарлық режимнің кесірінен кәріс халқы әлеуметтік-экономикалық, мәдени және демографиялық қиыншылықтарға тап болды. Олардың барлық құқықтарына шектеу қойылды - әскер қатарында қызмет етуге, жоғары оқу орындарында білім алуға рұқсат берілмеді. 50-ші жылдардың ортасына дейін кәріс азаматының төлқұжатында «Қазақстанда ғана тұруға рұқсат беріледі» деген ескерту жазылды. Бұл ескерту, сөз жоқ, кейінгі жылдары олардың Қазақстанды өзінің туған жері ретінде көруге және қазақ халқымен етене араласуға жол ашты», - дейді Н.Әбуов.
Бұл өңірде қазақстанның астанасы орналасқан. Ендеше тапсырма «ғимараттар сөйлейді» деп аталады. Берілген ғимараттарды атай отырып, тапсырмаларына жауап беру керек.
Тапсырма сұрақ жауап
Қазақстанның астанасы
Қазақстанның мемлекеттік тілі
Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы
Қазақстанның заңдар жинағы
Қазақстанның рәміздері
Қазақстанның ғарыш айлағы
2-аялдама
- Қазақстанның шығыс өңірі. Бұл өңірде
- қазақтар - 49% астам
- орыстар - 44% астам
- басқа ұлттар - шамамен 5,5%
Облыста Қазақстан халқының 9,4%-ы шоғырланған.
- 59,4%-ы қалалық жерлерде
- 40,6%-ы ауылдық жерлерде
Шығыс өңірінде Абай,Мұхтар сияқты ақын жазушыларымыз дүниеге келген. Олар шешендігімен, тапқырлығымен елге танымал болған. Ендеше келесі тапсырмамыз «тілге шешендер» деп аталады.
Тапсырма жұмбақ шеше отырып оны орысша мен ағылшынға ауыстыру
Ти, ти десем, тимейді,
Тиме десем тиеді.
/Ерін/. Губа
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін.
/Көз/. Глаза
Қимылда қос шебер,
Талай-талай іс бітер.
/Екі қол/. Руки
Өзі арық,
Басы жарық,
Жүрген жері көп әріп.
/Қалам/. Ручка
Ұшымен қазық,
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып.
/Дәптер/ тетрадь
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.
/Кітап/ книга
3-аялдама
Бұл Қазақстанның оңтүстік өңірі. Оңтүстік Қазақстан облысында республика халқының 15%-ы тұрады (2011). Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км²-ге 18,6 адамнан келеді. Республика бойынша бала туу жөніндегі ең жоғарғы көрсеткішке (1000 адамға 22,6 сәбиден келеді) және халық санының табиғи өсуінің ең жоғары шамасына (32,5 мың адамнан астам) жетті. Облыс халқының басым бөлігін қазақтар (69%) құрайды, одан басқа өзбек (17,1%), орыс (7,2%), татар (1,2%), Әзірбайжан, тәжік, түрік, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мақтаарал, Шардара, Сайрам, Сарыағаш ауданында тұрғындар жиі қоныстанған. Облыс тұрғындарының 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады.
Бұл өңірде еліміздің танымал әншілері, бишілер, яғни бір сөзбен айтқанда өнер тарландары көп шоғырланған сол себепті
Тапсырма сергіту сәті
4-аялдама
Қазақстанның орталық өңірі. Орталық Қазақстанның халқы ұзақ уақытқа дейін аз қоныстанған аудан ретінде белгілі болатын. Ұлы Отан соғысына дейін және тың жерді игеру кезінде Кеңес өкіметінің батыс аймақтарынан славян ұлт өкілдері келіп коныстана бастады. Соның нөтижесінде славян халықтарынын, саны көбейді. Қазіргі танда Орталык Қазақстанда 115 ұлт өкілінен 1,3 млн адам тұрады.Ауданның 11 каласында 1 134 мың адам тұрады, бқл аймақ кен өндірумен айналысады. Олай болса бізде білім кенін өндірумен байланысты тапсырмаға жауап берейік.
Тапсырма
Мақалдарды араласқан сөздерден құрау
Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.
Ырыс алды – ынтымақ.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
5-аялдама
Қазақстанның батыс өңірі.
.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Ынтымағы жарасқан, туған өлкем-Қазақстан
Мақсаты: «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.Міндеттері:-Сыйластық,татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.-өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту...
Комментарии
Оқушыларды сүйіспеншілікке,
Оқушыларды сүйіспеншілікке, өзара достыққа тәрбиелеуде осындай тәрбиелік шаралардың маңызы зор.Әрқашан шығармашылық табыс тілеймін.