Ойлы болсаң,озып көр!
классный час (3 класс) по теме

Ахметжанова Нургуль Оразгалиевна

 

 Оқушыларды сауатты,  еркін сөйлей білуге және сабақтан алған білімдерін пысықтау.

 Оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Оқу-білімге, ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге және алғырлыққа, тапқырлыққа, ортада өзін ұстауға, сабырлыққа  тәрбиелеу.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл oyly_bolsanozyp_kor.docx20.97 КБ

Предварительный просмотр:

Тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр!»
Сабақтың мақсаты:        1.  Оқушыларды сауатты,  еркін сөйлей білуге және сабақтан алған білімдерін пысықтау.

2. Оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.
Оқу-білімге, ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге және алғырлыққа, тапқырлыққа, ортада өзін ұстауға, сабырлылыққа  тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, Типі: Сайыс сабақ
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі.
І. Кіріспе бөлім.

-Әрқашан да білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген.

Сәлем бердік өрендерге талапкер,

Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен.

Құрметті қонақтар! Сіздерді 3 «Ә»-сынып оқушыларының арасында өтетін «Ойлы болсаң, озып көр!» атты сайыс сағатын көруге шақырамыз.

1. Оқушыларды топқа бөлу.
2. Топ басшыларын сайлау.
3. Қазылар алқасын сайлау.
4. Жеребе тастап қай топ ойынды бірінші болып бастайтынын анықтау.

«Бірлік» тобы. Ұраны:   Бәріміз біріміз үшін,

                                         Біріміз бәріміз үшін!

 «Тапқыр достар» тобы.  Ұраны:  Досы көпті жау алмайды,

                                                        Ақылы көпті дау алмайды.

Сайыстың шарттары:

I-кезең Бәйге

II-кезең Біліміңді мықта (сұрақ-жауап)

III –кезең Жалғасын тап  Мақал-мәтелдерді толықтырып айту.

IV-кезең «Адасқан әріптер» Адасқан әріптерден сөз құрау керек

V-кезең. Полиглот

VI- кезең Метаграммалар
VII - кезең Танымдық жұмбақтар.

І-кезең: «Бәйге» 

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,                                                                                           Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.                                                                                                        Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,                                                    Бәйге,бәйге,бәйгелерді көріңіз.-дей келе I-кезең.Бәйге

1. Білім күні қай күн ?

2. ҚР-ның тұңғыш президенті ?

3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері ?

4. Қазақтың ұлттық аспабы ?

5. Мектеп – білім  (есігі)

6. Оқу – білім  (қазығы)

7. Бірінші байлық – (денсаулық)

8. Киелі сандарды ата ?

9. Ұлы Отан соғысының батыр қазақ қыздары?

10. Жылдың 4 мезгіліне өлең жазған ақын ?

 11. Отан туралы жатқа өлең оқы ?

12. ҚР-ның мемлекеттік тілі ?

13. Ата заңымызды қай күні тойлаймыз ?

Ал, келіңдер, келіңдер!

  Біріңе-бірің еріңдер!

  Біліміңді тексеріп,

  Ойынға қатысып көріңдер

II-кезең Біліміңді мықта (сұрақ-жауап)

1 дм неше см бар? 10 см бар.

1 ғасырда неше жыл бар? 100 жыл

1 жылда неше күн бар? 365 н/е 366 күн бар.

1 жылда неше ай бар? 12 ай бар

1 айда неше күн бар? 30 н/е 31. Ақпанда 28 н/е 29 күн.

1 аптада неше күн бар? 7 күн.

1 сағатта неше минут бар? 60 минут

1 минутта неше секунд бар? 60 секунд бар?

1 тәулікте неше сағат бар? 24 сағат бар.

1 кг неше грамм бар? 1000 грамм

Екі нүктенің арасындағы түзу? Кесінді.

1 аптада неше тәулік бар? 7

2 жылда неше ай бар? 24 ай бар.

1 жылда неше мезгіл бар? 4 мезгіл

4 ғасырда неше жыл бар? 400 жыл

1.Егер тырна 2 аяғымен тұрса 4 кг болады, ал 1аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (4кг)

2.Үстел  беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5)

3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

4.Ағаш үстінде 100торғай отыр. Аңшы 10  торғайды атып қалды. Неше торғай қалды?(10 торғай)

5. 1жұмыртқа 5 минут піссе, 3жұмыртқа неше минутта піседі? (5 минут)

6.  1т.мақта ауыр ма, 10центнер темір ауыр ма? (тең)

7. Бөлменің 4 бұрышында 4мысықтан отыр.Әр мысықтың алдынды 3 мысықтан отыр.Бөлмеде барлығы неше мысық бар? (4 мысық)

8. Бір жанұяның 5 баласы бар және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяда қанша бала бар? (6 бала)

Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз,

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз-дей отырып келесі

III –кезең Жалғасын тап 

Ойланбастан басқасын,
Жазып қойма бұл жерге
Керек сөзді таңдап жаз,
Уақыт берем сіздерге.
1. Күш – білімде, білім – ...(кітапта)
2. Еңбектің наны тәтті, ...жаны тәтті (жалқаудың)
3. Денсаулық – зор ...(байлық)
4. Кітап – білім бұлағы, ...– өмір шырағы (білім)
5. Анадан артық...бар ма? (дос)
6. Анасыз ақын да болмайды,... да болмайды. (батыр)

Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл)

Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)

Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

Отыз тістен шыққан сөз ,(отыз рулы елге тарайды)

Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

Төртеу түгел болса төбедегі келеді, (алтау ала болса, ауыздағы кетеді)

Көңілді тапқыштар, алғырлар,

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп білсе егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады-дей отырып

IV-кезең: «Адасқан әріптер» деп аталады. Адасқан әріптерден сөз құрау керек Ы Р Ш А Ш- ШАРШЫ

Ш Ұ Ү Ш  Р Б Ы- ҮШБҰРЫШ

Ш Ұ Б Р Ы- БҰРЫШ

 Е І Д К Н С І- КЕСІНДІ

Ш Т К Р Ұ Ш І Т Б Ы Ө- ТІК ТӨРТБҰРЫШ

Қ Ы С  И Ы З Қ С С Ы- ҚИСЫҚ СЫЗЫҚ

Қ Ы З Ы С У Т З Ү- ТҰЗУ СЫЗЫҚ

Қ Ы З Ы С Е К И Р- ИРЕК СЫЗЫҚ

Қ Ы З Ы С Ы С Н Қ Ы –СЫНЫҚ СЫЗЫҚ

Ш К Ө Ұ Р Б П Ы- КӨПБҰРЫШ

V-кезең Полиглот

Келді кезің жұмбақтарды шешуге,

Жауаптарын аудар орыс тіліне.

Қазақ, орыс тілін білгенде,

Ұпайларым көбейеді деп тіле.-дей отырып келесі кезеңімізді бастаймыз.

1.Бір үйде тұрады екен елу батыр,

Үй сыртына сүйкенсе –ақ өліп жатыр. (сіріңке-спичка)

2.Ақ шапанын үстінен,

Алты ай бойы шешпейді.

Қара шапан үстінен,

Алты ай бойы түспейді. (қара  жер мен ақ қар-земля и снег)

3.Алпыс төрт тең бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар.

Ақ, қара қып бөлгенде,

Бірін-бірі қуғандар (шахмат-шахмат)

4.Қарны жуан қампайған,

Қос құлағы қалқайған. (қазан-казан)

5.Қос құлақты, жүз тісті,

Жүзінен бір-ақ із түсті. (ара-пила)

6.Сақталады 6 ай жаз,

Сандығымды сары аяз. (тоңазытқыш-холодильник)

7.1 санға өсірді,

Өзі қалды орнында,

Бізді алға көшірді. (сынып-класс)

8Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп,қорқып тұрады. (қоян-заяц)

9.  Болса көкте мекені,

Кездеспейді екеуі.( ай,күн-луна, солнце)                                                                        10.Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе-верблюд)

11.3 қазық, 2 желі, 9 ноқта,

Теңселіп, тербеледі адам соқса,

Шешен тіл,сөзге жүйрік болғанымен,

Не пайда үндемейді адам соқса. (Домбыра-домбыра)

Жұмбақтың шешуін 2 тілде табу.

12. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. ( Кітап- книга)

13. Жеті қазынаның бірі, адамды қорғап жүретін досы  (Ит-собака )

14.Тілі жоқ өзінде , сөзі бар ізінде. (Қалам- ручка)

15. Футболшының алаңдағы ойын заты. (Доп- мяч)

16. Тұмсығымен қозғалар, соңынан аппақ із қалар. (Бор- мел)

17. Жердің көркі – (Гүл-цветок)

Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі / көктем - весна /
18. Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп – шығар сапары жоқ / мысық - кот /
19. Жүз теңгең болғанша,
Жүз........... болсын. /дос – друг /
20. Тықырлатып тақтайды,
Түні бойы жатпайды /тышқан - мышь /
21. Футболшының алаңдағы ойын заты /доп - мяч /
22. Қабат – қабат қаттама
Ақылың болса аттама / кітап – книга /
23. Жеті қазынаның бірі -
Адамды қорғап жүретін досы /ит – собака /
24. Қыста ұйықтап жатады,
Жазда қызыққа батады / аю – медведь/
25. Бір үйге Көзсіз боп басты сұғасың
Бұл үйден Көреген боп шығасың / мектеп – школа/
26. Әр адамның шағын Отаны /отбасы – семья /

Сынның да сыны бар ғой сыналатын,

Әр түрлі білім сырын ұға алатын.

Жылдамдық керек мұнда, әрі өткірлік,

Сыналып әр секундпен жүре алатын-дей отырып келесі                                                

VI- кезең Метаграммалар
1 - топ Метаграммалар
1. Ж - дан басталса жыл мезгілі
Қ - дан басталса ол құс белгілі (жаз - қаз)
2. Егер т - дан бастасаң –
Биіктердің биігі.
Егер д - бастасаң.
Қиындардың қиыны.
Екеуің де алып тастасаң.
Балықшының бұйымы.
/тау, дау, ау/
2 - топ: 1.. Г - ден баста, мен кілең.
Ажарымын өмірдің.
К - ден баста, мен енді
Қалдығымен көмірдің.
/гүл, күл/
2. К - ден егер бастасаң –
Шомыласың суына
Ш - дан егер бастасаң –
Жазда аунайсың құмына.
/көл, шөл/
3 - топ: 1. Егер б - дан бастасаң,
Түтіндей боп көшемін.
Егер н - дан бастасаң,
Жап - жасыл боп өсемін.
Жеке өзімді тастасаң –
Ішкен жанға кеселмін./бу. ну, у/

2. Қ - дан бастасаң
Маған қарап сабақ айтады.
П - дан бастасам
Маған балалар жүгін артады (карта - парта)
VII -.Танымдық жұмбақтар.

1.Келген емес жайдан-жай,

Жеңдік барлақ езгіні.

Тәуелсіздік алған ай,

Жылдың қай мезгілі?        (Желтоқсан,қыс)

2.Тәуелсіздік жолында,

Тапқан жолдың шешімін.

Президенті қазақтың,

Айтшы, қане, есімін?        (Нұрсұлтан Назарбаев)

3.Туымыздан күн қарап,

Күлімдейді әлемге.

Күн астында қандай құс,

Қанат қаққан бар елге?         (Қыран)

4.Көк аспанның түсі бар,

Ортасында күні бар.

Қыран ұшқан қалықтап,

Кімнің туы біліп ал!        (Қазақстан)

5.Тәуелсіздік біз алдық,

Жеңіп шығып азапты.

Айға алғаш аттанған,

Атап бергін қазақты.      (Тоқтар Әубәкіров)

6.Ғарыштар да,ғалам да,

Бір-бірімен кеңескен.

Жылдың қай айында,

Күн мен түн теңескен.         (22 наурыз)

7.Жеті нәрсе қашанда,

Қосылатын заты бар.

Даяр болса,қазанда,

Бұл көженің аты бар.             (Наурыз көже)

8.Айды барып айналып,

Ғылым іздеп қайтқан кім?

Абай әнін ғарыштан,

Жер жүзіне айтқан кім?  ( Талғат Мұсабаев)

Көңілді тапқыштар, алғырлар,

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп білсе егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады-дей отырып

Қорытынды

«Жорға» (Топ басшыларына арналған сайыс)

Қазақстаным! Қолшатыр  сөзінің әріптерінен сөз құрау.


Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға беріледі.

Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Озық ойлы оқушы

№1 орта мектеп4ә класс класс жетекшісі С.А. БекбергеноваКластан тыс шара   Тақырыбы: « Озық ойлы оқушы «Мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін арттырып,адамгершілік қасиеттерін бойлары...