Конкурс "Нурсулу"
классный час (1 класс) по теме
Внеклассное мероприятие конкурс "Нурсулу". В конкурсе участвовали все 13 девочек класса. Мальчики были ведущими и членами жюри. Конкурс, включал в себя: визитку, демонстрацию таланта, дефиле, отгадывание загадок.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
Конкурс "Нурсулу" | 35 КБ |
Конкрс "Нурсулу" | 2.76 МБ |
Предварительный просмотр:
Сабақтан тыс жұмыс
1 «А» сынып 27/02/2014
Тақырыбы: «Нұрсұлу» байқауы
Мақсаты: Өзін-өзі таныстыра білу, мақал-мәтелдерді, өлеңдерді мәнерлеп оқу. Әдептілікке, сыпайылыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қиялын, тілін дамыту.
Көрнекілік: нақыл сөздер, үлестірмелі қиындылар, гүлдер, плакат, шарлар.
Ильдар: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, ұстаздар!
Эльдар: «Қыз өссе елдің көркі» дегендей «Нұрсұлу» байқауына қош келдіңіздер!
Ильдар: Бүгінгі байқаудың жүргізушілері Эльдар.
Эльдар: және Ильдар.
Ильдар: Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ.
Эльдар: Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын – бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер.
Ильдар: Ендеше біз де өзіміздің сыныптас достарымызға лайықты ықылас – ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарды ортаға шақырайық.
Эльдар: Олай болса бүгін байқаудың кезеңдерімен таныс болыңыздар:
1. Таныстыру
2. Өнер көрсету
3. Авангард киім үлгілерін көрсету.
4. Сұрақ-жауап.
Ильдар: Енді бүгінгі байқауымызға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейік:
Эльдар: Ол бірінші сыныптың ұлдары мен аналары
- Тимофеев Данил
- Аминов Тагир
- Ғалымжанов Несіпжан
Ильдар: Көмекшілері боп осы балалардың аналары Татьяна, Мадина апайлар және Сания әжей.
Эльдар: Есепшілер
- Мухутдинов Низомидин
- Манап Амир
Ильдар: Олардың көмекшілері боп аналары Шахсанам және Жанар апайлар.
Эльдар: Бағалау «5» не «10» ұпаймен бағаланады.
Ильдар: Арулар келіп жетті танысуға
Сыпырды томағасын осы дуға
Эльдар: Ұшып келген қырандай керілтеді,
Әдеппен, ізетпен танысуға – деп олай болса байқауымыздың 1-ші кезеңі
«Таныстыру». Арулар кезек-кезек өздерін таныстырады.
Ильдар: Білмеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Эльдар: Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында. Кезекті өнер сайысына берейік.
(арулар өнерлерін көрсетеді)
Ильдар: Келесі кезең Авангард киім үлгілерін көрсету болады.
Эльдар: Арулар өздерінің үйден жасап келген киім үлгілерін көрсетеді.
Ильдар: Енді ару қыздарымыз өздеріне сұрақ не жұмбақ таңдайды.
Эльдар: Дайындалуға отыз секунд береміз.
(Қыздар қағаздарын алып, сұрақтарды оқиды және жауап береді.)
Ильдар:Осымен байқауымыз аяқталды.
Эльдар: Әділ қазыларға сөз бергенше қыздардың аналары өнер көрсететін шығар.
Ильдар: Енді әділ-қазылар алқасы қорытындылайды.
Эльдар: Сөз кезегі әділ қазылар алқасына береміз.
Ильдар: Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Эльдар: Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Ильдар: Осымен байқау аяқталды.
Эльдар: Келесі кездескенше хош сау болыңыздар!