Әліппемен қоштасу
презентация к уроку (1 класс) по теме

Кукеева Орынкуль Исмагуловна

ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.

2.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып,толық жауап беруін,қабылдауын,зейін қоюын,есте сақтауын дамыту.

 3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға,кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалрдың эстетикалық талғамдарын түсіп,ана тілін сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу.

 1.Безендірілуі: «Әліппе,саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат,суреттер, шарлар, жалаушалар,суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:Сахынаның бір бұрышын орман бейнесінде безендіру.Сахна бұрышынды  сиқыршы қыз ертегі кейіпкерлерімен билеп жүреді.Сиқыршы қыз:Ой,бүгін күн қандай тамаша!Табиғат-ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай!Қараңдаршы қандай әдемі,қандай көрікті.Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен?Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің?(Сол кезде шар жарылып,сиқыршы оқушылар ортасына келеді)

Сиқыршы: Ой, мен қайда келіп қалдым? (Мұғалімге кездеседі)

Мұғалім:Армысыз, кішкентай сиқыршы!

Сиқыршы:Сәлеметсіз бе?!Мен сізді танымадым. Мен өзі қайда келіп тұрмын?

Мұғалім: Кішкентай сиқыршы,сіз біздің мектебімізде тұрсыз.Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр.Мектептің 1 «к» сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр.Бұл тойдың қадірлі қонағы бол!

Сиқыршы: Рахмет,маған да сізге көмектесіп тұруға бола ма?

Мұғалім:Әрине болады.Әзірге балалармен бірге отыра тұрыңдар.

 

 Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!  Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

 Әліппені бітірді балаларым,

 Әліппеден нәр алған даналарым.

 Өзі оқып жазатын хәлге жетті.

 Құтты болсын білімі балалардың,

 Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.

2- жүргізуші

  Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

 Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

 Алдарында қызғалдақтай құлпырған,

 Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

1- жүргізуші

 Көз салып қараңызшы бойымызға

 Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

 Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

 Әліппемен қоштасу тойымызға.

 Ән:    Ертегілер(Дильнара, Асыл)

 Мұғалім:

 Өсті міне бойларың,

 Өсті ақыл – ойларың.

 Қуанышқа ортақпын,

 Құтты болсын тойларың!

 -    Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

 Іші толы әріпке,

 Білімдегі жарық не?

 Хормен:  Болашаққа жол ашқан,

 Ол сүйікті Әліппе!

 Мұғалім:

 -    Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

 Хормен:       Әліппе.

 Әліппе:

 Менің атым -  Әліппе,

 Мені анаңдай дәріпте.

 Мені оқып ер жеткен,

 Аған менен әпкең де.

 Армысыздар жас достар!

 Армысыңдар, ата-ана!

 Болашаққа жол бастар,

 Әліппең келді ортаға.

 Мерекеңмен құттықтаймын

 Бүлдіршіндер, балғындар!

 Не үйреніп, не білдік

 Кәне ортаға салайық.

 Әліппе: – Осы сендер қандайсындар?

 -    Талабы биік таудаймыз.

 -    Мың бұралған бишіміз.

 -    Біз шеберміз.

 -    Ақылдымыз.

 -    Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.

 -    Көп оқимыз.

 Барлығы: Біз -  қазақ елінің болашағымыз.

Сиқыршы: мен сендермен бірге бір ойын ойнасам деймін. Ойнаймыз ба?

Балалар:Ойнаймыз.

 

Сиқыршы: Балалар мен жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын дұрыс тапсаңдар бір сөз шығады.Қане мұхият тыңдаңдар.

Сиқыршы:1.Әжеде бар, атада жоқ,

Әтеште бар,көжекте жоқ.(«Ә» әрпі)

2.Біреуі «белде»

Біреуі «көлде»   («Л» әрпі)

3.Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

4.Ірімшікті біз жеген,

Қай әріптен басталған. («І» әрпі)

5.Ата-анаңмен барып сен,

Пілді көрдің парктен.

Осы атаулар зер салшы,

Басталған қай әріптен. («П» әрпі)

6.Пілде бар,шілде жоқ,

Допта бар,шарда жоқ. («П» әрпі)

Ешкіде бар,қойда жоқ,

Кеседе бар,қасықта жоқ. («Е» әрпі)

Сиқыршы:Балалар қандай сөз шықты?

Балалар: «Әліппе»

Сиқыршы: Ал сендер әліппе туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Ия

Дильнара

Ең алғаш қолға алғанда әліппені,

Қызыға қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Нұрасыл

Ұйретіп бізге алғаш Әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Амина

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырыннан қаққаның.

Серік

Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.

Сабина

Ақылшы асыл ұстазым,

Өзіңе менде ұқсармын.

Жеткенше қайрат күш әлім

Биікке самғап ұшамын

Асыл

Жақсы кітап әліппе,

 үйретеді әріпке,

Қуыршақпен қоштастым,

Әріптермен достастым.

Малика

Іші толы әріпке,

Мынау айбат әліппе

Барлық ілім, білімнің

Әжесі осы әліппе

 Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.

Асыл

ә деп ұзақ айтамын

ә деп үйге қайтамын

әкем, әжем, тәтеме

әдемі ән айтамын

Серік

Ғалым болып аламын,

Ғаламға да барамын

Ғылым, білім- ілімді

Ғибрат еткен баламын

Дильнара

Ыдырыс-ау, Ыдырыс.

Алдыңда үлкен бұрылыс

Жол тәртібін абайла

Артыңда үлкен құрылыс.

Нұрасыл

Ұлар, ұлар, ұлармын

Ұшқырлыққа құмармын

Ұлы сөздің басында

Ұ әрпі болып тұрамын

Амина

Фарида мен Фатима -фотоопарат алыпты

Фархад пенен Фатима

Фермаларға барыпты

Сабина

Ілияс-інім, Інжу сіңілім

Інім-ілімді, сіңілім-білімді.

Малика

Алфавитті білдік біз

Онда жүйе қалып бар.

Бізідің қазақ тілінде

42 әріп бар

 Мұғалім: – Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

 Қыздар:   Балаларға ақ тілек,

 Ұлдар:      Болашаққа бақ тілеп.

 Хормен:   Біздерге білім үйреткен,

 Әліппе, саған рахмет.

 Әліппе:

 -    Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

 Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

 Әліппе:  Ретімен тізбелі

 Әрбір санды даралап,

 Қайсың барсың бізге енді

 Айтып берер санамақ?

Санамақ айтайық

Нұрасыл

1 дегенім- бесік,

 Шықтың содан өсіп.

Сабина

 2 дегенім – елім,

 Далам, тауым, көгім.

Малика

 3 дегенім – үміт,

 Үміт артар жігіт.

10 дегенім – Отан,

Қорға соңы, ботам.

Асыл

 4 дегенім – төзім,

 Төзе білем өзім.

9 дегенім – тоқтау,

 Елдің жоғын жоқтау.

Серік

 5 дегенім – бақыт,

 Бағалайтын бақыт.

Амина

  6 дегенім – ақыл,

 Тыңдағаның мақұл.

Дильнара

7 дегенім – жалау,

 Жүректегі алау.

8 дегенім – сөзің,

 Серт беретін кезің.

Әліппенің тапсырмалары.

 Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын

 Ән бимен шашу шашылсың

 Мың бұралған бишелер

 Бименен кешті жалғасын.

Сынып оқушыларының  орындауында «Ша-ра-рарела» биі.

-Математика: Есептеуге  жүйрік  болсаң  жасыңнан

                          Математикаға  орын  берсең  басыңнан

                           Барлық  ғылым  саған  үйір  болады,

                           Досың  солар  табылатын  қасыңнан

-Ал  енді  Болашақ  математиктерді  ортаға  шақырайық.

 1- жүргізуші

 Әліппені бітіріп,

 Бала болдыңдар  ақылды.

2- жүргізуші

Қош бол, құтты Әліппем,

 Көп нәрсені үйреткен!

 1- жүргізуші

 Әліппемен қош айтысып қаламыз,

 Енді қолға Ана тілін аламыз.

2- жүргізуші

 Ата –ана қуанышқа ортақ бол,

 Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Сиқыршы қыз  мен балалардың  сауаттылығын тағы бір тексерейін менімен бірге

 «Ұйқасын  тап» ойынын  ойнайық,әрі  жұмбақтың  шешуін  табайық.

1)Құйрығы  сүйір, Алаботаға  үйір  Оның  аты(Сиыр)

2) Тастан  тасқа  секірген ,Шұнаңдап  ойнап  есірген

Құйрығы  келте  шұнақ,  Оның  аты  (Лақ)

3)Теңбіл  түсті  ,өзі  ширақ ,

Ұзын  мойын,ұзын  сирақ,Білгің  келсе ,аты(Жираф)

4)Тоны  түкті, Түрпі,Оның  аты  (Кірпі)

Сиқыршы: Рахмет. Біздің ертегілер әлеміне кететін уақытымыз болды. Сендердің білімдеріңді көріп, өнерлеріңді тамашалап, риза болдық. Біздің сендерге сыйлықтарымыз бар.

Білім алу жолдарыңда қанаттарың талмасын! Қош сау болыңдар!

 Әліппе: Балалар, рахмет сендерге.

 Ән « Қоңырау»  Серік пен Нұрасылдың орындауында

 1- Жүргізуші

 Баланың да тірегі,

 Дананың да тірегі.

 Шаншылмасын ешқашан,

 Аналардың жүрегі.

2- Жүргізуші

  Ақыл құйған санама,

 Күннен де артық расында.

 Күн-алыста, ал анам,

 Ылғи менің қасымда.

 Мұғалім: – Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.

 Ән "Бөбектер әні"

 Әліппе:   Енді мен сендермен қоштасайын.

 Кір шалмасын беттерін,

 Таза болсын оқулық пен дәптерің.

 Оқығандарын есте болсың,

 Күнделіктерің 5-ке толсын!

 Қыздар: Бәрімізді сүйіп өткен,

 Ұлдар:    Балаларға үйреткен.

 Хормен.Әліппе мен ұстазға

 Бас иеміз құрметпен.

 Би "Цып цып шөжелерім"

 Мектеп басшыларына сөз беріледі.

 Мұғалім:   Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар

 Сөз берейік әкелер мен аналарға.

 Мұғалім:   Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,

 Балалардың есімі әулеттерге таралар,

 Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

 Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.

 -    Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!

 -    Қош сау болыңдар.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл prezentatsiya_microsoft_office_powerpoint.pptx2.83 МБ
Office presentation icon proshchanie_s_bukv.ppt2.08 МБ

Предварительный просмотр:


Подписи к слайдам:

Слайд 2

Қош бол, құтты Әліппем!

Слайд 5

Өсті міне бойларың, Өсті ақыл ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың! Іші толы әріпке білімдегі жарық не?

Слайд 7

Біз Қазақстанның болашағымыз!

Слайд 8

1- айналым “Ұшқыр ой”

Слайд 9

“Әліппе” деген алтын жол, Апарады сені алысқа. Жеңіл емес, ауыр жол, Тырысып бақ намысқа.

Слайд 10

2- айналым “Ойлан тап”

Слайд 11

Әліппе даңғыл жол ашты , Жаңадан пәндер жалғасты. Әліппе сырын ұқтырған, Рахмет,ұстаз, алғашқы!

Слайд 12

3- айналым “Құпия сандық”

Слайд 13

. Мұз айдыныда 3 бала Асыр сап жүр сырғанап Сырғанамай 2 бала жағалауда тұр қарап Енді осы бар баланың Санын айтсаң жарадың

Слайд 14

Жаңа ғана шалғында 9 бұзау жүр екен Әлде шаршап қалды ма, Жатып қалды екеуі Нешеуі енді жайылып Айт жүргенін айырып

Слайд 15

Көлден ұшты 7 қаз, Қайтып қонды 2 қаз, Қонбады оның нешеуі? Кәне кім тез шешеді?

Слайд 16

Тал басында тізіліп 10 жапырақ тұр еді. Жел соқты да, үзіліп Ұшып кетті біреуі. Ізінше оның жұлынып түсті тағы бесеуі. Тұр әлі де ілініп, Жапырақтың нешеуі?

Слайд 17

Табақта 5 алма, Қолымда 3 алма. Інімдіе 2 алма, Қосқанда барлығын Болады неше алма?

Слайд 18

Маймылда 10 банан болды. Бірнеше банан жегеннен кейін, оның 4 бананы қалды. Маймыл неше банан жеді?

Слайд 19

Қоймаға 7 жәшік жеміс әкелінді. Оның 3 жәшігі алма, қалғаны алмұрт. Қоймаға неше жәшік алмұрт әкелінді

Слайд 20

Жиналған қауым таң қалсын. Ән, бимен шашу шашылсын Мың бұралған бишілер Бимен кешті жалғасын

Слайд 21

4- айналым Құпия ұяшықтар.

Слайд 22

50 40 30 20 10 Жұмбақтар 50 40 30 20 10 Әр-түрлі 50 40 30 20 10 Дүниетану 50 40 30 20 10 Математика 50 40 30 20 10 Әліппе Сұрақтар

Слайд 23

Жуан дауысты дыбыстарды ата . Жауабы : А,о,ұ,ы әліппе

Слайд 24

Жауабы: А, ы, о, ы -жуан. Әліппе маса, шыбын, қоңыз сөздеріндегі дауысты дыбыстарда ата. Олар қандай дыбыстар

Слайд 25

Ертегі сөзінде неше дауысты дыбыс? Олар қандай дыбыстар? Жауабы : 3- жіңішке . Әліппе

Слайд 26

Қазақ әліпбиінде неше әріп бар. Жауабы: Әліппе: 42

Слайд 27

Жауабы: 3 Әліппе: Щетка сөзіне дыбыстық талдау жаса . Неше дауыссыз дыбыс

Слайд 28

Математика Айнұр 2 пирамида, ал Гүлнұр 3 пирамида құрастырды.Екі қыз неше пирамида құрастырды? жауабы : 5

Слайд 29

Математика Алпамыс аптасына 3 кітап, ал Берік сонша кітап оқыды.Балалар қанша кітап оқыды? жауабы : 6

Слайд 30

Дүниетану. Қыстан кейін қай жыл мезгілі келеді? жауабы: Көктем

Слайд 31

Дүниетану. Ботаның енесін айт? жауабы: түйе.

Слайд 32

Дүниетану Орман әншісі қай құс? Жауабы: Бұлбұл

Слайд 33

Әр түрлі “Жедел жәрдем” машинасында қандай таңба бар? Жауабы: Қызыл крест.

Слайд 34

Әр-түрлі Бір аптада неше күн? Аттарын ата . жауабы : 7 күн- дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі , жексенбі .

Слайд 35

Әр түрлі Біздің елімізді кім басқарады? Жауабы: Президент, ел басы

Слайд 36

Әр-түрлі. Алыстағы туыстармызбен қалай хабарласамыз? Жауабы: Хат арқылы

Слайд 37

Көкөністерден қысқа қандай тағам дайындайды? жауабы: Салат Әр-түрлі

Слайд 39

Жұмбақ Көл мен бақаны қосқнда қандай сөз шығады. Жауабы: Көлбақа

Слайд 40

Қоымша раунд. Есту мүшесі Көру мүшесі

Слайд 41

Қош бол, құтты Әліппем, Көп нәрсені үйреттің. Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеттің

Слайд 42

“Ұйқасын тап”


Предварительный просмотр:


Подписи к слайдам:


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

бастауышпен қоштасу

Сабақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, біл...

Әліппемен қоштасу

Әліппе оқулығынан алған білімдері –барлық білім-ілімнің бастамасы екенін түсіндіру, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру. Оқушылардың білімділік белсенділігін арттыра отырып, ұжымдық жұмыс ...

Бастауышпен қоштасу

4-класс   Бастауыш класс оқушыларының ертеңгілігі...