Фариза Оңғарсынова "Қанат туралы хикая"
план-конспект урока (4 класс)
Предварительный просмотр:
Қазақ тілі | Уақыты:02.03.2018. | Кабинет: | Мұғалім:Усенова А | |||
Сабақтың атауы | Қарсы мәндес сын есім | |||||
Сілтеме | Қазақ тілі оқулығының әдістемесі | |||||
Сабақтың жабдығы Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі | Сабақтың мақсаты: Білімділік:қарсы мәндес сөздер туралы түсінігін кеңейту Қарсы мәндес сөздер қолдану және оның мағынасын ұғыну; Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, Дамытушылық: тапсырмалар арқылы сөздік қорларын дамытып, сөздердің мағыналарына қарай орнымен қолдануға дағдыландыру; Тәрбиелік:сөз мағынасын түсіне білуге,сауаттылыққа тәрбиелеу: Қарсы мәндес сөздерді қолданып және оның мағынасын ұғынып ,іс- жүзінде сауатты жазуға,сөйлеуге дағдыландыру | |||||
Топқа бөлу | 1-топ Дара және күрделі сын есім 2-топ Негізгі және туынды сын есім 3-топ Қарсы мәндес сын есім | |||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||
Ынтымақтастық атмосферасы | Қазақ тілім - өз – тілім – ана тілім, | |||||
Қызығушылықты ояту 5- минут | Өткен сабақты пысықтау6-жаттығу. Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақ қойылады?
8 - жаттығу. Өлеңді оқып,жатқа жаз.Қарсы-мәндес сын есімдердің астын сыз. Үйрен жақсы әдептен, Жирен жаман әдеттен 9 - жаттығу.Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Мейірімді (қайырымды, мейірбан ); Инабатты(сыпайы, кішіпейіл, тәрбиелі, әдепті ); Жуас ( момын, қой ауызынан шөп алмайды, момақан, бұйығы 10 – жаттығу. Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелде және оларға қарсы мәндес сын есім тап. Ірі – ұсақ Жұқа – қалың Құрғақ – ылғал Дәлелдеу үлгісі: Заттың түсін (көлемін т.б) білдіреді. Бұл - сын есім, өйткені қандай? сұрағына жауап береді. | |||||
Мағынаны тану 15- минут 5- минут | ||||||
Сергіту сәті 3-минут | Ойын | |||||
Ой толғаныс 10 - минут | 12-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жаз,қарсы-мәндес сын есімдерді тауып,астын сыз 1 Жаман адамға да жақсы көзбен қара 2 Аш болсаң да,тоқ болсаң да,құдайыңды ұмытпа 3 Ақылды мақтанса,істі тындырар,ақымақ мақтанса,аяғын сындырар 13-жаттығу Жұптастырып жаз ойыны Шығармашылық тапсырма 1-топ 11-жаттығу 2-топ 14-жаттығу 3-топ 14-жаттығу Сабақты бекіту «Еркін микрофон» | |||||
Сабақтың соңы 2 минут Үй тапсырмасы | Рефлексия Бағдаршам. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім Үй жұмысы. 15-жаттығу | Смайликтер Күнделіктеріне жазады | ||||
Бағалау | Бағалау парақшаларын толтыру. |
Күні:-------------
Сабақтың тақырыбы:Ғ.Қайырбеков «Ана тілі»
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға ұлттық болмысымыздың белгісі,халқымыздың асыл қазынасы ана тіліміздің құдіретті күшін,қасиетін түсіндіру.
2.Шығармашылық деңгейлерін дамыту.
3.Өз тіліне деген сүйіспеншілігін оятып құрметтеуге,қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер,автордың суреті,қажетті тірек сызбалар,Қазақстанның физикалық картасы
Пәнаралық байланыс: дүниетану,бейнелеу,қазақ тілі.
Түрі:жаңа материалды меңгерту сабағы ,топтастыру.
Әдісі: мәнерлеп оқу,түсіндіру,шығармашылық жұмыс,сұрақ-жауап,күрделі тапсырмалар.
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі
Ана тілім мақтанышым,елдігім,
Ана тілім күш-қуатым,өрлігім.
Қиянатқа ешқашанда төзбейтін
Ана тілім мәңгі өлмес ерлігім.
Сурет-суретшілердің тілі,ән-әнші,музыканттардың тілі,сөз ақын-жазушылардың тілі болып есептеледі.Олардың әрқайсысы өз тілінде туған жеріміз жайлы,оның қазына байлығы,салт-санасы,табиғаты және тағы басқа кереметтері жайлы жеткізіп отырады.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар,Ы.Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» ойын арқылы пысықтап алайық
«Қызықты жетілік»
1.Ыбырай Алтынсарин кім?
2.Асанға мінездеме бер.
3.Үсенге мінездеме бер.
4.Үсен үйрікті қалай ұстады?
5.Венн диаграммасын сызу.
6.Асанның шегіртке жинауы.
7.Еліне ама-есен оралуы.
ІІІ.Жаңа сабақ кезеңі
«Ой қозғау».Тіл туралы ойлар,сұрақтар:
-Тіл туралы заң қай жылы қабылданды?(1997 жылы 11-шілдеде)
-Тіл дегеніміз не?
-Біз қай тілде сөйлейміз?(қазақ тілі)
-Қазақ тілін тағы қалай айтуға болады,неліктен?(ана тілі,ана сүтімен дарыған)
-Мемлекеттік тіл дегенді қалай түсінесің?
-Балалар,тіл туралы бекер сөз қозғаған жоқпыз.,бүгін Ғ.Қайырбековтың«Ана тілі» өлеңімен танысамыз.Өлеңнің мазмұны ашып,негізгі айтылар ойды анықтап,ана тіліміз-қазақ тілін қадірлеп,құрметтеуге,өзгелерге насихаттауға үйренеміз.
Авторға түсінік
Ғ.Қайырбеков (1928-1994) қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданында туған.Қазақтың көрнекті ақыны.Оның«Алматы бесік» т.б көптеген өлең жинақтары бар.
Оқулықпен жұмыс
«Ана тілі» өлеңін мәнерлеп тізбектеп оқи отырып, мазмұнын түсіндіру.
Мейлі шарлап теңіз өттім, тау бастым,
Мейлі көктің ақ бұлтына жармастым.
Сонда-дағы сен қалмассың көкейден,
Сонда-дағы сені ұмыта алмаспын.
(Дүниені шарлап жүрсе де адам қаншалықты білімді, мәдениетті болған сайын өз ана тілін құрметтеуі тиіс. Өз ұлтын адал пейілімен сүйгіш ақын тілегі де, мүддесі де сол).
Бар қазақтың арман, көлі, өзені.
Тау қиясы жалпақ, жазық кезеңі.
Сайрап, сөйлеп тұрған жоқпа қазақша,
Қалай тозар сендік асыл сөз енді.
(Қазақстан Республикасы-бай өлке.Ақын кең байтақ жері, байлыққа толы екенін сүйсініп, тіл тозбайды,ол мәңгілік ұрпақтан ұрпаққа жалғасады деп жырлайды.)
Сенде емес пе солардың бар ажары,
Орман үйі, бұлағының таза әні.
Гүл, бәйшешек, көкорайдың жұпары,
Жақсы қысы, жомарт көктем, жаз айы.
(Қазақстан Республикасы-бай өлке. Сол байлықтың ажарын кіргізетін тіл-қазақ тілі, табиғат әсемдігін де жырлайды.)
Ана тілім күшім менің, қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды
Тізелесіп қатар жазса мың ақын.
(Ана тіліміздің байлығы мен қуаттылығы жөнінде ақын ерекше толғанып, байлықты ысырап етпей үнемдеп жұмсауға бағыт берген.)
ІV. «Ой қозғау» стратегиясы.
-Ақынның ана тілі деп отырғаны қай тіл?
-Енді мемлекеттіктің басты белгілерінің – тіл. Өзіміздің туған тіліміз ана тіліміз-қазақ тілі.
-Адам қаншалықты көп біліп, биіктен көрінсе де, ана тілін ұмытпау керектігі жөнінде өлеңнің қай шумағында айтылған? (1-шумағында)
-Қазақстан өлкесі бай өлке екендігі жөнінде ақын не дейді?(2-шумағында)
-Сол байлықтың ажарын кіргізетін не? Ол жөнінде өлеңнің қай жолдарында айтылған?(3-шумағында)
-Қазақ тілінің ерекше байлығы, ұлылығы туралы ақын қалайша шабыттана жырлайды?(4-шумағында)
Поэзия минуты
Дәптермен жұмыс
1.Бейнелі сөздерді тауып жазу.
2.«Ажар» сөзіне синоним сөздер тауып жазу.
3.Бәйшешек ,жұпар сөздерін қатыстырып,сөйлем құрап жазу.
4.«Ана тілін арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте----» өлеңін аяқтап жазу
V ІІ. Ұйқасын тап ойыны.
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
.......... болмаса,
Болмас еді жыр, әнім
Қазақ тілім - өз тілім,....
Абай, Мұхтар сөйлеген – дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың – мәңгі сені,
Қуанышым, бақытым дара тілім.
Айналайын халқымнан,
Айналайын даңқыңнан.
............ бағасы,
Қымбат екен алтыннан.
Құндағында бесіктің,
......... үйрендім.
Сол арқылы бой жазып,
Азамат боп өсемін
Күрделі тапсырма: «Тілге деген құрмет-елге деген құрмет» деген нақыл сөздің өлеңге қандай қатысы бар?
-Барлық халықтардың өз тілін үйренуге және дамытуға,тілді қалай құрметтесе елді де солай құрметтеу керектігі.
VІ «Шығармашыл орта» стратегиясы:
1.Ана тілін қалай құрметтеу керектігі жөнінде әңгімелеу.
2.Тілге байланысты нақыл сөздер жинастыру.
VІІ.Қорытынды.
1.Кімнің қандай шығармасымен таныстың?
2.Өлең ұнады ма? Өлең несімен ұнады?
3.Ана тілін қалай құрметтеу керек деп ойлайсыңдар?
Тест
1.Ақынның ана тілі деп отырғаны қай тіл?
а) қазақ тілі ә) орыс тілі б)ағылшын тілі
2.«Өнер алды-қызыл тіл» кімнің нақылы?
а) Шәкәрім ә) Абай б)Шоқан
3.Сөйлеу және қарым-қатынас құралы не?
а)тіл ә)ой б)қол
4.«Туған тілім-бабам тілім-өз тілім!
Туған тілім-анам тілі-өз тілім!
Туған тілім-далам тілі-өз тілім!
Туған тілім-адам тілі өз тілім»-деген жолдар кімнің өлеңінен алынған?
а) ӘбілевД,«Туған тілім» ә) Қайырбеков Ғ.«Ана тілі» б)ӘлімбаевМ.«Ана тілім!»
5.Тіспен түйгенді не шешеді деп ойлайсың?
а)қол ә) ой б) тіл
Үйге тапсырма:Өлеңді мәнерлеп оқу. Тілге байланысты нақыл сөздер жинастыру.
Бекітемін | Пәні: әдебиеттік оқу | Сыныбы: 4-В | 23.02.2016ж | |||
Сабақтың тақырыбы | Қанат туралы хикая Фариза Оңғарсынова | |||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға өлең авторы Фариза Оңғарсынова туралы мәлімет беру және өлеңді оқи отырып,мазмұнын ашу,негізгі идеясын түсіну | |||||
Міндеттері: | Өлеңді оқу арқылы адамның қос қанаты ата-анасы алдындағы міндеттері мен борыштарын өтеуге үйрету Баласына ата-анасынан ең жақын ,ең қасиетті адам жоқ екенін түсіндіру арқылы сезімдерін,сүйіспеншілігін,ой-өрісін дамыту. Адамгершілікке ,жауапкершілікке,әдептілікке баулу,адалдыққа бағыттау. Ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге үйрету. | |||||
Күтілетін нәтиже | Өлеңді оқу арқылы адамның қос қанаты ата-анасы алдындағы міндеттері мен борыштарын өтеуге үйренеді. Баласына ата-анасынан ең жақын ,ең қасиетті адам жоқ екенін түсініну арқылы сезімдерін,сүйіспеншілігін,ой-өрісін дамытады. Адамгершілікке ,жауапкершілікке,әдептілікке ,адалдыққа тәрбиеленеді..Ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді. | |||||
Әдіс-тәсілдер | «Кір жаятын жіп»әдісі,бейнеролик, Оқы.Ойлан .Бөліс, Қай жұп тапқыр? ойыны , Өлеңді сатылай кешенді талдау | |||||
Сабақтың кезеңі | уақ | Сабақ барысы | ресурстар | |||
Жағымды ахуал қалыптастыру | у 2мин | Күнге қолдарыңды созыңдар.Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды,сипалайды,жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұзды ерітіп жібереді.Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын, Ізгі әрі нәзік ,жарық ,мейірімді. Болып кетер сонда дереу жан-жағым -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Мақтау мадақтау әдістерін қолдану | ||||
Үй тапсырмасын сұрау | 7мин | Оқу,мазмұндау Ғабит Мүсірепов «Ана құшағында» сұрақтарға жауап беру. «Кір жаятын жіп»әдісі
«Менің анам» тақырыбына жазған шағын эсселерін оқыту | Қима қағаз -дар Қыс тыр ғыш смай лик | |||
Тұсаукесер | 5мин | Сыныпты топқа бөлу (стикерлер арқылы 1,2,3,4) Әр топқа «Шашыранды әріптер» тастаймын.Балалар әріптерден сөз құрастырып «Әке», «Ана»,«Бала», «Қанат» тобы болып топқа бөлінеді.Осы сөздер туралы не білетіндерін ортаға салып,өз түсініктерін білемін. Бейнероликке назар аударайық (үзінді көрсету Ф.Оңғарсынова –(КZ) Фариза Оңғарсынова туралы не білеміз? Фариза апамыз бізге хат жіберіпті .Оқимыз ба? Сәлеметсіздер ме 4-В сынып оқушылары Мен сіздерге жұмбақ жасырдым.Соны шешсеңдер мен сіздердің керемет оқушы болатындарыңа сенемін! Жұмбақ Барлық жемін бітеулей асайды, Әйтсе де ұзақ жасайды (Құс) | Қима әріптер ролик хат | |||
Негізгі бөлім Кеңейтілген тапсырма | 21 мин | Өлеңді мәнерлеп оқу Сөздік жұмысы ХИКАЯ-әдебиет жанрының бір түрі.Сюжетке құрылған оқиға желісі.повесть пен романнан бұрын пайда болған жанр. Өлеңді тізбектей оқыту. Өлеңді оқығанда қандай көңіл-күйде болдың? /Ренжідік,аядық,қуандық,таң қалдық/ Балапанға не болды? Көмек берілді ме? Бала балапан қанатын көріп қандай ойға қалды? Бейне ролик тыңдау Қос қанатым Топтық жұмыс Оқы.Ойлан .Бөліс Өлең шумақтарымен жұмыс1-ші шумақты мән беріп оқы. Обал дегеніміз не? Обал –қазақ халқының жас ұрпақты әдептілікке тәрбиелейтін ұлағатты ұғымы.обал ұғымы қоршаған ортаға зиян келтіруге,жамандық жасауға яғни жандыны жәбірлеуге,жансызды бүлдіруге болмайды деген мағынаны білдіреді. 2-ші шумақта Автордың балапанға көрсеткен көмегі не? Балапан қанатының нәзіктігін көрсету. 3-ші шумақта балапан қанатына қарап бала қандай ойға қалды? Не ойлады? 4-ші шумақты мән беріп оқы. Неге автор осы екі сөзді тандаған деп ойлайсың? (Әке, ана) Қатер деген сөзді қалай түсінесің? 5-ші шумақты оқи отырып өзіңе ұнамаған сөзді тап. Ол сөз "мүгедек". Осы сөзді өмірде болдырмау керек. 6-шы шумақ. Бала не деп тіледі? Бағдаршам арқылы бағалау Жұптық жұмыс Қай жұп тапқыр? ойыны 1-ші тапсырма: Өлеңнің 4-ші шумағындағы жолды қайта қарастырып мүмкіндігіңше өзгерт, не толықтыр. Оң қанатым-........... Сол қанатым-......... Бірі түссе қатерге, .............................. 2-ші тапсырма: Ұйқас бойынша өлең шығар. ......................... боламын, ............................ аламын ......................................... Әкем менен анамның. Бармақпен бағалау Жеке жұмыс Өлеңді сатылай кешенді талдау 1.Авторы 2.Тақырыбы 3.Жанр түрі 4.Идеясы 5.Шумағы 6.Тармағы 7.Бунағы 8.Ұйқас түрі 9.Өлеңнің тәрбиелік мәні 1.Баланың ............... ауырса,Ананың ........... ауырады.(білегі,жүрегі) 2.Ана сүті .......өсіреді,Ана тілі .....өсіреді.(бой,ой) 3.Балалы үй-...........,Баласыз үй –қу ......(базар,мазар) 4.Әке көрген-... жонар,Шеше көрген -...... пішер.(оқ,тон) 5.Ананың ........ бал,баланың .............. бал.(сүті,тілі) | Ролик Бағдаршам Бармақ | |||
Сергіту сәті | 2мин | Ақ мамам Фариза Оңғарсынова | ролик | |||
Қорытындылау | 5мин | Қабыл ал балаңның сәлемін жолдаған (Ата-анаңа тілек жаз) | Дәп тер | |||
Үй тапсырмасы | 2мин | Қанат туралы хикая Фариза Оңғарсынова оқу,жаттау. Ана туралы мақал-мәтелдің екінші жолын тауып жазу. | Күнделіктеріне жазады | |||
Рефлексия | 3мин | Оқушылар бүгінгі сабақтан қаншалықты түсінгендерін стикерге жазады. | ||||
Қалыптастырушы қорытынды баға | 2мин | Оқушылардың жауаптарын талдай отырып бағалау |
Бағалау
Тест
1.Ақынның ана тілі деп отырғаны қай тіл?
а) қазақ тілі ә) орыс тілі
б)ағылшын тілі
2.«Өнер алды-қызыл тіл» кімнің нақылы?
а) Шәкәрім ә) Абай
б)Шоқан
3.Сөйлеу және қарым-қатынас құралы не?
а)тіл ә)ой б)қол
4.«Туған тілім-бабам тілім-өз тілім!
Туған тілім-анам тілі-өз тілім!
Туған тілім-далам тілі-өз тілім!
Туған тілім-адам тілі өз тілім»-деген жолдар кімнің өлеңінен алынған?
а) ӘбілевД,«Туған тілім» ә) Қайырбеков Ғ.«Ана тілі»
б)ӘлімбаевМ.«Ана тілім!»
5.Тіспен түйгенді не шешеді деп ойлайсың?
а)қол ә) ой б) тіл
Сабақтың тақырыбы: М.Мұқатаев. Бабаларым,рахмет сендерге!
Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі түсінуге ықпал жасау. Қазақ тілінің қасиетін, құдіреттілігін өлең бойынша ашу арқылы оқушыларды таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың ой белсенділігін арттыру, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың міндеті: 1. Оқылған шығарма туралы өз пікірін, ойын айтып, оны дәлелдеуге, эмоционалдық қарым – қатынасын көрсете білуге үйрету.
2. Сюжеттің композициялық бөліктерімен танысу, өлеңнен табиғат суреттерін тауып, сезіне білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі иллюстративті, сұрақ - жауап, ой – қозғау, пікір алысу, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: техникалық құрал, адасқан жолдар ойыны, аңыз.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың ережесі:
1. Ұйымшылдықпен қатысу.
2. Бірін – бірі тыңдау.
3. Сұрақтарға нақты жауап беру.
4. Белсенділік таныту.
5. Ойын жүйелі жеткізе білу.
ІІ. Қызығушылықты ояту
-Біздің ана тіліміз қай тіл?
Өз тіліңді қалай дәріптер едіңдер?
Ой қозғау.
Ана тілі сөзіне түрлі ассосациялар ойлау.
Тұрмыс тілі білім тілі
Отбасы тілі ана тілі ойды жеткізу тілі
Қуанғанымды жеткізеді ойды жеткізу тілі
Өлең айтамын жазу тілі
Үй тапсырмасын тексеру.
1.Өлеңді жатқа айту.
2.Өлеңде ана тілі қандай көркем сөздермен дәріптелген?
3.Тіл туралы жазған ақындарды естеріңе түсірііңдер?
4.Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
ҮІІ. Жаңа сабақ
А) Автор туралы қысқаша мағлұмат.Бір оқушы шығып,М.Мұқатаевтың өмірбаяның айтады.
1-слайд
Оқулықпен жұмыс
Ә) Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру.
Өлеңді іштей оқу, танысу.
Сөздікпен жұмыс
Данте
Моцарт
Сыныпты 2-топқа бөлеміз.
1-топ«Аңызшылар» Ұраны:
2-топ«Тарихшылар» Ұраны:
Тапсырмалар
1.тапсырма
1-топқа: Еліміздің егемендігі,тәуелсіздігі үшін аттары тарихқа басылған батырларымызды білесіңдер?
2-топқа :Еліміздің қазіргі жетеістіктері.
2.Аңыз әңгімелерді айту.
Сергіту сәті
Поэзия минуты
Ойтолғау:«Бабаларым, рахмет сендерге!
Қорытынды
Ә) Ана тілің - ертегің,
Ана тілің - өркенің.
Ана тілің – ертеңің,
Қадірле ана тіліңді,
Жүрегіңнің бөлшегін!
ХҮ. Үйге тапсырма:
а) Өлеңді мәнерлеп оқу. ә) «Ақын өлеңінен алған әсерім.» шығарма жазу.
ХҮІ. Оқушыларды мадақтау, бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев Түнгі қонақ
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға жазушы өмірі,әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру,толықтыру;
2.Оқушылардың ой-өрісін,қызығушылығын ояту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
3.Оқушыларды тәртіптілікке,адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой – қозғау, пікір алысу, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: техникалық құрал, адасқан жолдар ойыны, аңыз.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылықты ояту.
Біз қандаймыз,қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
-Топтастыру арқылы «қонақ» сөзіне түсініктеме беру.
-Қонақжай адамды қалай танисыңдар?
-Сен өзіңді қонақжай деп есептейсің бе?
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
«Сөйлем туралы өткенді қайталау.»
Сабақтың тақырыбы: «Сөйлем туралы өткенді қайталау.» Сабақтың мақсаттары: Білімділігі: өткен тақырыпты саяхат жасау арқылы пысықтау, сурет бойынша сөйлем құруға дағдыландыру; Дамы...
әдебиеттік оқу пәні тақырыбы: "Үш жігіт туралы хикая"
бұл тақырыптың мазмұны оқушыны түріктің белгілі ақыны және жазушысы Назым Хикметтің "Үш жігіт туралы хикая" атты әңгімесін дұрыс оқыпәңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау....