тыс күту
классный час (4 класс) по теме

Биманова Венера Туребековна

тәрбие сағаты тысты қалай күту керектігі

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл dokument_microsoft_office_word_8.docx17.87 КБ

Предварительный просмотр:

Тақырыбы: Тіс және оны күту
Мақсаты: Тіс туралы түсінік беру. Балаларға көзді күтуге, тіс тазалығы, оның қасиеттілігін, пайдасын түсіндіріп айту. Суреттер арқылы әңгімелеу. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, жеке басының гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тіс пастасы, щеткасы, айна, тіс макеті.
Әдіс - тәсілі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, сергіту, қорыту.

Мотивациялық қозғаушы.
«Шаттық шеңбері»
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз баршамыз
Арайлап атқан күнге!

Ұйымдастырушы ізденушілік.
Оқу іс - әрекетің тақырыбымен таныстыру.
Балаларға жұмбақ жасыру
1. Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (көз)
2. Өзі аппақ маржандай
Тамақ өтпес шайнамай (тіс)
Қоршаған ортаны көру қабілеті – адамның бағалы сезімдерінің бірі. Біз өміріміздегі барлық жаңалықтарды көздің көмегімен қабылдаймыз. Қас, қабақ және кірпік көзді шаң тозаңнан, тер тамшысынан сақтайды.
- көздің көру қабілетін арттыруға «А» дәруменінің пайдасы зор, сондықтан тамаққа сәбізді көп пайдалану қажет;
- кітап оқығанда, сурет салғанда көзбен қағаз арасында 30 см қашықтықта сақтау керек;
- қараңғыда немесе жарық жеткіліксіз жерде оқу көздің көру қабілетін төмендетеді;
- теледидар көргенде 2 - 3 метр қашықтықта отыру қажет;
- жұмыс үстінде қайшы және басқа үшкір заттармен көзді жарақаттап алмас үшін өте ұқыптылық қажет.
Енді тісіміз туралы айтатын болсақ, тіс – біздің денеміздегі ең қатты зат. Тістің негізгі қызметі – тамақты шайнау. Тіс жақ сүйектен өседі. Адам дүниеге келгеннен кейін, алты ай болғанда бастап шығады – ол «сүт тіс» деп аталады. Алты жасқа толғанда сүт тістер түсе бастайды, түскен тістің орнына «негізгі тістер» шығады. Олардың көлемі үлкендеу, барлық тістер сыйып тұруы үшін сонымен бірге адамның жақтары да өседі. Он екі жасқа толғанда барлық тіс жаңарып болады. Адамдардың көпшілігі 20 жасқа толғанда 32 тісі толық шығып болады.
Тосын сәт: есік қағылып, ішке тіс дәрігері келеді:
- Сәлеметсіздер ме балалар, мен тіс дәрігері боламын. Сіздерді тісті күту ережесімен таныстырып, қалай дұрыс тазалауды көрсетуге келдім.
Балалар сіздер тіс тазалайсыздар ма?
Тіс қабығын «эмаль» жауып тұрады. Тамақты шайнаған кезде ауыз қуысынан қышқыл бөлінеді, бұл эмальді бұзады. Сондықтан тісті тамақтан соң тазалап, жуып тұру керек.
Сурет бойынша тісті қалай дұрыс тазалау реттілігін көрсетеді.
- Балалар тісті жақсы сақтау үшін тәттіні көп жемеу керек, тәтті тіс жегісі (кариес) ауруын тудырады. Оны дер кезінде емдеу керек. Тіс жегісі тістің қатты эмальін жеп тастайды және түбірінде бұзады. Тісіміз мықты болу үшін «С» және «Д» дәрумені бар тағамдар жеген дұрыс. Ол ағзадағы кальцийдің сақталуына көмектеседі. «С» дәрумені жеміс, көкөністерде болады. «Д» дәрумені балық, ірімшік, сүт, айран, уылдырық тағамдарында болады. Балалар мен енді басқа балаларға баруым керек. Сау болыңыздар!

Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
жаттығу оңай - ақ.
Дидактикалық ойын:
«Тазалық көмекшілерін жұмбақ арқылы тап».
Шарты:
Балалар жасырылған жұмбақтың шешуін сурет арқылы тауып, тақтаға іледі.
1. Дымқылдап күнде сен
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір - ласың
Тап – таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
2. Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолында,
Сипайды жонында.
Бұл не? (Сүлгі)
3. Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге,
Ұқыпты ісіне.
Бұл не? (Айна)
4. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақта тісі бар,
Шашыңмен ісі бар.
Бұл не? (Тарақ)
5. Белінен қыссаң,
Аузынан ақ уыз шығады.
Бұл не? (Тіс пастасы)
Балалар тісіміз сау болу үшін мына ережені тағыда бір естеріңе салайын:
1. Тісті күніне 2 рет тазалау.
2. Тамақтан соң ауызды шаю.
3. Ыстық тамақтан соң суық су ішпеу.
4. Қатты заттарды тіспен шақпау.
5. Тәттіні көп жемеу.
6. Тіс дәрігеріне жиі көріну.
7. Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.

Оқу іс - әрекетіне белсене араласқан балаларды мақтап, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Білу: Тіс, көз туралы толық түсінік алды, тазалық ережесімен танысты.
Меңгеру: Көзді күтуді, тісті тазалауды меңгереді.