Көмектес септік
методическая разработка (4 класс) по теме
Предварительный просмотр:
Қазақ тілі.
Сабақтың тақыры: Көмектес септік (86-91-жаттығу).
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ тілінде септіктерді меңгерту, сұрақтары мен жалғауларын жаттату.Көмектес септік жалғауы үндестік заңына бағынбай жалғанатынын байқату.
2. Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатынын білдіру. Көмектес септігінің басқа септіктерден ерекшелігіне тоқталу.
Дамытушылығы: өткен сабақтармен байланыстыра білу, өзіндік жұмысқа үйрету.Сөздік қорды, ойлау қабілетті дамыту.
Тәрбиелігі: жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру. Ұжымдық жұмысқа тәрбиелеу, жолдастық көмекке баулу.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, өмірмен байланыс.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Жаңа технология элементтері: Венн диаграммасы, Семантикалық карта,ой қозғау стратегиясы, топтастыру.
Ұйымдастыру: Амандасу слайд №1 слайд №2
Қайырлы таң достарым, қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті сәттілікке толсын.
Сендердің алар бағаларың кілең бестік болсын.
Өткен тақырып бойынша: слайд №3, 4, 5
-Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
-Көмектес септіктің жалғаулары қандай?
-Сөйлем ішінде қандай мүше болады?
Жаңа тақырып бойынша: слайд №
86-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіру.
87-жаттығу. Жұмбақты жатқа айтып, шешуін табу.(Рельс). слайд № 7,
-Балалар, тағы да екі ішекті не болады? (домбыра).
- Ал домбырада кімдер ойнайды? (Ақын, күйші, жыршы). слайд №9
-Ақын демекші біз қай ақынның 145 жылдығын тойлап жатырмыз?
-Әсет Найманбаев ата -145 жаста
- Әсет атаның атымен аталатын Мақаншы ауылында қандай көрнекті жер бар? (Ауыл және мектеп мұражайы). слайд №10
-Олай болса назарларыңды бейне көрсетілімге аударыңдар. Слайд №11
-Сендерге Әсет аталарын жайлы деректі ақынның немересі Ләззәт апайла- рың түсіндірді. Енді осы мағлұматты естеріңнен шығармаңдар.
88-жаттығу. Ребус шешу. Слайд №12
Сергіту сәті. Слайд №13, 14, 15, 16, 17 ,18, 19,20
89-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау. Әңгімеде көмектес септіктегі сөздер және сөз тіркестері болсын.
слайд №21 слайд № 22
-Балалар, той демекші жақында біз қандай атаулы мерекені атап өттік?
-Егеменді Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы.
-Егеменді ел атанғанымызға неше жыл болды?
-Баянды да, ғұмырлы өмірді сыйлаған Қайрат, Ербол, Ләззәт, Сәбира сынды аға-апаларымызға 1 минут үнсіздік жариялайық.
Міне, Тәуелсіздігімізге 20 жыл толды. Шіркін, осы Тәуелсіздігімізді арман даған Қайрат пен Ербол, Сәбира мен Ләззәт тірі болғанда ғой! Бірақ, олар- дың рухы мәңгі өлмейді.
Осы сөйлем ішінен сөйлем мүшесі болмайтын сөздерді тауып жазың- дар.(міне, шіркін, осы, пен, мен, ғой, бірақ)
2-топ.Көмектес септіктегі сөздерді табыңдар.
3-топ. Тәуелсіздік, ел, білім, ұрпақ сөздеріне мағынасы жуық сөздерді атаң- дар.(тәуелсіздік-егемен; ел-Отан, мекен; білім-оқу, білік; ұрпақ-келешек, мұрагер, болашақ)
Қазақстан, жер, ел, ұрпақ, бейбітшілік. слайд №23
Берілген зат есімдерге бірінші әрпінен басталатын сын есім қосып жаз.
Қазақстан-қазыналы қазақстан, қонақжай қазақстан, құнарлы қазақстан.
Жер-жұмыр жер, жұмақ жер, жомарт жер.
Ел-егеменді ел, еңселі ел, ерікті ел.
Ұрпақ- ұғымтал ұрпақ, ұлағатты ұрпақ, ұйымшыл ұрпақ.
Бейбітшілік-баянды бейбітшілік.
90-жаттығу. Зат есімдерді екі түрлі септіктерге қойып, жақшадағы сөзбен тіркестіріп жаз.
Венн диаграммасы: Киіз үй мен қабатты үйді салыстыру.
Қуанышты хабарлама.
Құрметті ата-ана! слайд №24
Бүгін сіздің балаңыз қазақ тілі сабағында белсенділік көрсетті. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды жақсы орындап шықты. Рахмет!
-Н.Ә.Назарбаев сияқты ақылды ел басшысы болыңдар. слайд №25
-А.Құнанбаев тәрізді өткір тілді ақын болыңдар.
-Р.Қ.Рымбаева сияқты күміс көмей әнші болыңдар.
-Б.Сарсекбаев тәрізді ел намысын қорғар әлем чемпионы болыңдар.
Сабақты қорытындылау:
-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Өздеріңе қажетті қызықты мәлімет ала алдыңдар ма?
Үйге тапсырма: слайд №26
91-жаттығу. Сөздердің ұйқасын тауып, көмектес септіктегі сөздерді сөз құрамына талдау.
Бағалау. Сабақ аяқталды. Рахмет!
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
қазақ тілі Табыс септік
Блум таксономиясы туралы өткен сабақ...
Қазақ тілі Көмектес септік
Блум таксаномиясы...