Ізгілікті қарым-қатынас мәдениеті
методическая разработка по теме
"Ізгілікті қарым-қатынас мәдениеті" атты дөңгелек үстел
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
izgilikti_karym-katynas.2.docx | 63.08 КБ |
Предварительный просмотр:
Ш.Қ.О. Үржар ауданы,
Мақаншы ауылы,
Найманбай орта мектебі,
Қырықбаева Гүлім Айтмұхамбетқызы.
Тақырыбы: Ізгілікті қарым-қатынас мәдениеті.
Мақсаты:
1.«Мен» деген тұлғаның өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қа- рым-қатынас жасауы.
2.Әрбір адамның өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін түсінуі не ықпал ету.
3.Ізгілікті сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Әдістері: Кіріспе әңгіме, сұрақ-жауап ,баяндау, бекіту.
Көрнекіліктер: Слайдтар, фотосуреттер, бейне көріністер,нақыл сөз жазыл-
ған плакаттар.
Түрі: Дөңгелек үстел.
Өтілу барысы: 1.Ұйымдастыру. (көрермендерге амандасу )
-Армысыздар қадірменді бүгінгі «Кеш қалмаңыз!» дөңгелек үстелінің көрер- мендері! Жайнаған жайдарлы жайма шуақ күнде біздің студиямызға хош келдіңіздер!
-Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын «Бөбек» балалар ұйымының прези- денті Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Өзін-өзі» тану бағдарламасы бойын ша қысқаша айта кетсем:
-2001ж бастап эксперимент жоба ретінде енгізілген.
-2001-2002 оқу жылынан бастап Алматы қаласындағы балабақшалар мен мектептерде жеке сабақ ретінде өткізіле бастады.Осы уақыт ішінде оның ғылыми негізі қаланып, оқу-әдістемелік кешені, стандарты мен бағдарла- масы жасалынған.
Өзін-өзі танудың пәні, курсы, бағдарламасы бар.
Өзін-өзі тану философия, құқықтану, этика, әлеуметтану, экология, психологиямен тығыз байланысты.
Қазіргі таңда өзін-өзі тану пәні бойынша С.А.Назарбаева П.К.Ивановтың 12 өсиетін ұстанады екен.
1. Күніне 2 рет суға шомылу.
2. Ағзаны шынықтыру.
3. Ішімдік ішпеу, темекі шекпеу.
4. Гигиена.
5. Денсаулық сақтау.
6. Ашығу.
7. Ауру, өлім туралы ойламау.
8. Табиғатпен сырласу.
9. Істеген ісің жайлы мақтанбау, қарапайым болу.
10. Жақсылық пен жамандық.
11. Ойлағаныңды іске асыру.
12. Ізгілікті қарым-қатынас жасау.
Ендігі кезекте бүгінгі тақырыбымызға арқау, өзек болатын 12 өсиеттің бірі ізгілікті қарым-қатынас мәдениеті жайлы әңгімемізді өрбітсек. Олай болса, студиямызға ерекше қонағымыз, ұстаздардың ұстазы, білім саласына үлкен үлес қосқан оқу ісінің үздігі С.С.Сағымбаев мырзаны ортаға шақырайық.
Ұстанымы: Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат,
нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Бейне сұрақ:
-«Әділдіктен асқан ізгілік жоқ» - дейді дана халық. Осы қанатты сөз жайлы не айтар едіңіз?
Әділдік- адамгершілік айнасы. Бұл қасиет адам жанының рухани байлығы. Кез-келген адам отбасында, қоғамдық ортада, мектепте өзін-өзі ұстай біліп, әрбір басқан қадамына есеп беріп, шындыққа, әділдікке сүйенетін болса,ол адамның болашағы жарқын болары сөзсіз. Әділдікті жолдас еткен адамның еңбегі табысты, несібесі ырысты болмақ.
Келесі қонағымыз салмақты да, сабырлы, өзіндік сүбелі ойы бар Салтанат ханымды ортаға шақырайық.
Ұстанымы: Ынта болса адамда
Қиын іс жоқ жалғанда.
Көпшілік орындарда адамдар бір-бірінің ар-намысына тиіп, сүйектен өтетін сөздермен балағаттап жатады. «Ізгілік адамгершілік белгісі»,- деген сөзге сіз- дің пікіріңіз қандай?
Расында да көп жағдайларда осындай көріністердің куәсі болатынымыз шындық. Көзіміз көріп, құлағымыз небір сөздерді естіген кезде кірерге тесік таппай қаламыз. Біз ата-ананың тәрбиесін көріп, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсететін ұрпақпыз. Ал қазіргі жастарымыз айтқан сөзге иланбайтын, өз де- гені болмаса басқаның пікірімен санаспайтын өзімшіл ұрпақ десек болады. Бәлкім заман ағымы солай шығар?
-Сіз неге заман ағымына тірейсіз? Бұрынғы заманның бозбалалары үлкенді көрген кезде аттан түсіп иіліп сәлем беріп, ал бойжеткендері ибалық таныт- қан емес пе? Ол жайында не айтасыз?
Ол заман біз үшін көріп ұмытып қалған түспен бір болды. Кезінде солай болған десек те бүгінгінің жастары оған сенбейді. Бірақ та « көзден кетсе де, көңілден кетпейді»,- дегендей сол заманның куәсі болатын түрлі көркем фильмдер, әртүрлі сюжетті суреттер соның дәлелі емес пе? Сондықтан кәрі- жас, үлкен-кіші демей, адамгершілікті жоғалтпай, ізгіліктен арылмай достық қарым-қатынаста өмір сүрейік.
Әңгімеміздің аяғы достықпен аяқталып тұрғандықтан пікір таласымызды әрі қарай өрбітетін жаңашыл ұстаз, шындықты бетке айтатын Қымбат ханым ды ортаға шақырамыз.
Ұстанымы: Дос-жарандар жалғанда дидиар ғайып,
Жүрейік досымызға құшақ жайып.
Қымбат ханым! Сырыңды айтпа досыңа оның да айтар досы бар,-дегендей егерде сіздің ешкім білмесің деген құпия сырыңыз көпшілікке мәлім болған жағдайда құрбыңыз екеулеріңіздің араларыңызда ізгілікті қарым-қатынас мә дениеті сақтала ма? Достықтарыңыз әрі қарай не болмақ?
Ондай жағдаятқа тап болған жағдайда ең бірінші елдің сөзіне ермей құр- бымды сөзге тартып себебін анықтауға тырысамын. Егерде оның айтқаны шындыққа жанасатын болса, онда құрбымды кешіремін. Себебі, бұл өмірде адал дос табу қиын.
Адал дос демекші, Сейтхан мырза, сіз көпті көрген адамсыз. Өмірден алған іс-тәжірибеңіз ұшан-теңіз. Басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздаған кезде қа- сыңыздан адал досыңыз табылды ма, әлде амал досыңыз табылды ма?
-Әрине, адал досым табылды. Біз сыйласатын отбасылардың арасында амал достыққа орын жоқ.
Салтанат ханым! Қазіргі уақытта үлкендерді қойып мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан оқушылардың өзі мұғалімдерге ат қойып, айдар тағатын дай дәрежеге жетті.
-Сонда ізгілікті сөйлеу мәдениеті өз деңгейін жоғалтқан ба?
-Бұл жерде кінәні ұстаздардың бойынан іздеу дұрыс емес. Өйткені, тәрбие отбасынан басталады. Ал отбасындағы тәрбие-әдептілік бастауы. Ағасы қа- рындасына жаным десе, әке-шешесі баласына ботам, құлыным десе-сыйла- сым бастауы дер едім.
Құрметті көрермендер! Жанды жаралайтын да сөз, емдейтін де сөз,-дей келе бағдарлама аясында сарапшы қонақтарға сөз берсек. Сіздердің көзқа- растарыңыз қандай? Өз пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.
Жақсы адам болу –анаң мен әкеңе бақыт сыйлау. Ана жүрегінің лүпілін сезе білу. Жақын адамдардың, достардың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу сенімі-әдептіліктің, адамгершіліктің, ізгілікті қарым-қатынас мәдениетінің белгісі.
Тренинг. Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін,
Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!
Достық іс пен қасты да жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана біліммен өнеріме сенемін!
Арым таза ақ көңіл адалдыққа сенемін,
Абыройлы ақ ниет, адамдыққа сенемін!
Қалмаңыз кеш, әлі де кеш емес,
Ендеше ойланыңыз, біз айтқан әңгіме бос емес!