Мүшелде бар жұмбақ сыр
опыты и эксперименты по окружающему миру (2 класс)
Предварительный просмотр:
«Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Мүшелде бар жұмбақ сыр
Бағыты: этномәдениеттану
Орындаушы: Өмірғалы Нұрәлі
Сыныбы: 2 «Ә»
Мектебі: «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ
Қаласы: Балқаш қаласы.
Облысы:Қарағанды облысы
Жетекшісі: Сейткалиева Светлана Несипбеккызы, бастауыш сынып мұғалімі.
Жұмыс орны: «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ
2020-2021 оқу жылы
Мазмұны
І.Кіріспе бөлім:
Мүшелдің пайда болуы.
ІІ.Негізгі бөлім:
1.Жыл санау жүйесі.
2. Мұсылман жылтізбесі
ІІІ.Қорытынды.
Аннотация
Өмірғалы Нұрәлінің ғылыми жұмысы үш негізгі бөлімнен тұрады.
Ғылыми жұмыста мүшел жастың адам өміріндегі маңызы туралы айтылады.
Мүшел жас санауын ғалымдар осыдан 2000 жылдай бұрын пайда болғаны, мүшел жастың әрбір он екі жыл сайын келіп тұратыны жайлы айтылады. Әр жыл хайуан аттарымен аталатыны , қазақтар мен кейбір мұсылман елдерінде жаңа жыл 22-наурыз күні келетіні де айтылып кеткен.
Мұсылман жылтізбесі бойынша әрбір адамның туған жылына қатысты мінез –құлықтары нышандарының сәйкес келетіні туралы баяндаған.
Сыныптың ішінде , оқушылардың өз туған жылдарына байланысты берілген жұлдыз жорамалға сәйкес келмейтіндігі туралы сауалнама жүргізген.
Нұрәлі зерттеуге алған тақырыбы «Мүшелде бар жұмбақ сыр» .Оған осы тақырыпты алуына ықпал еткен ,әжесінің мүшел жасқа толуы.
Содан бері Нұрәліні « мүшел жас деген не?, неге олай аталады?» деген сұрақтар қызықтыра бастады. Осы тақырыпты ала отырып , мүшел туралы көптеген деректер жинақтады, тақырыпты зерттей отыра өзіне көп мәліметтер алды.
Осыдан Нұрәлінің қазақ халқының салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын дәріптейтінін байқауға болады.
Ғылыми жоба мақсаты:
Қазақ халқының жыл санау үлгісіне терең бойлап, мүшел жас жайында мағлұматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату;
Ата-бабамыз мүшел жасты ерекше тәрбие көзі ретінде пайдаланғанын , астрономиялық жцне математикалық теория тұрғысында ұтымды екенін дәлелдеу.
Міндеттері:
-жыл санау мен мүшел жасты жіптей білу;
-Жасқа сипаттама беру;
Өзектілігі:
Заман өзгергенмен халықтың сенімі құпиялыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді;
Мүшел жас ұғымына үңіліп , құпиясын түсіне білу, қашанда өзекті мәселенің бірі болмақ.
Болжам:
Егер мүшел жас туралы неғұрлым көп білсек , адам өміріне тигізер әсері мен ықпалының сырларын ашар едік.
КІРІСПЕ
Мүшелдің пайда болуы.
Қазақтың ырымы, наным- сенімдерінің бірі –мүшелді бәрің білетін боларсыңдар ? Міне, осы мүшел төңірегінде әңгіме қозғамақшымын. Жыл санау мен қайырудың алғашқы деректері VІІІ ғасырдағы «Күлтегін ескерткіштері мен ХІ ғасыр ғұламасы Махмұт Қашқаридың еңбектерінде кездеседі» Мүшел есебі қазақтарда ғана емес Жапониядан Болгарияға , Сібірден Бирмаға дейін тарап ,Қытай арқылы әлемге кеңінен таралып отыр.
Мүшел есебін кім ойлап тапты деген сұрақ көп ғалымдарды қатты толғандырады. Ғалымдар : «Он екі жылдық мүшел есебі бұдан 2000 жылдай бұрын орта Азияда пайда болған » деп қорытындылады. Ғалымдардың пайымдауынша 12 жылдық хайуанаттар мүшесі –басқа уақыт айналымдарынан әлдеқайда ұтымды.
Мүшел дегеніміз-қазақтың және жалпы шығыстың жыл санауындағы
- тышқан
- сиыр
- барыс
- қоян
- ұлу
- жылан
- жылқы
- қой
- мешін
- тауық
- ит
- доңыз
Ең бірінші мүшел 13 жас, одан әрі 25,37,49,61..... он екі жылқосылып әрі қарай кете береді.Осылардың ішінде 25,37,49 жастарды қауіпті кезеңдер санап, аман-есен өтуі үшін құран бағыштап , өзінің қатты жақсы көретін киім-кешектерін жақын жуықтарына тарату сияқты ырым жоралғыларын жасап жатады.
Халқымыз уақыт есебін мүшел жылы бойынша жүргізген. Әрбір жылды хайуан атымен атайтынын кез-келген қазақ біледі. Әжемнің маған жыл санауды қалай үйреткенін айта кетейін.
Тышқан жылы-тыныштық,
Сиыр жылы-сыйлық;
Барыс жылы-бірлік;
Қоян жылы-қамбалы;
Ұлу жылы-үлгілі;
Жылан жылы-жайлы;
Жылқы жылы-жұтсыз;
Қой жылы-құтты;
Мешін жылы-мерейлі;
Тауық жылы-табысты;
Ит жылы-игілік;
Доңыз жылы-дүниелі,-деп әрқайсысының мағынасын ашып түсіндіреді.
Он екі жыл бір айналғанда мүшел болады. Алайда адамның алғашқы мүшелі-13 жас. Содан бастап оған он екі жылды қосып отыру арқылы кейінгі мүшелерін анықтап отырады. Яғни , бір мүшел 13, екі мүшел 25, үш мүшел 37, төрт мүшел 49, бес мүшел 61, алты мүшел 73, жеті мүшел 85, сегіз мүшел 97, тоғыз мүшел 109.
Осы мүшел жастардың адам жасына сай аттары болады.
1.Балалық
2.Жасөспірім
3.Жастық
4.Аталық
5.Пайғамбарлық
6.Ақсақалдық
7.Қарттық кезең
ІІ .НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жыл санау жүйесі
Жыл санаудық өзіндік үлесі қазақ халқында да бар.қазақтар жылды мүшел арқыл санайды. Бір мүшелді 12 жыл құрайды. Әр жылға он екі аңның аты берілген.Олар: тышқан, сиыр, барыс,қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Ай аттары:наурыз,сәуір, мамыр, маусым,шілдетамыз,қыркүйек,қазан,қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан. Әр жылдың наурыз айының 22 жұлдызы-қазақтар үшін жаңа жыл, жыл басы.
1 | Тышқан | 1972 | 1984 | 1996 | 2008 |
2 | Сиыр | 1973 | 1985 | 1997 | 2009 |
3 | Барыс | 1974 | 1986 | 1998 | 2010 |
4 | Коян | 1975 | 1987 | 1999 | 2011 |
5 | Ұлу | 1976 | 1988 | 2000 | 2012 |
6 | Жылан | 1977 | 1989 | 2001 | 2013 |
7 | Жылқы | 1978 | 1990 | 2002 | 2014 |
8 | Қой | 1979 | 1991 | 2003 | 2015 |
9 | Мешін | 1980 | 1992 | 2004 | 2016 |
10 | Тауық | 1981 | 1993 | 2005 | 2017 |
11 | Ит | 1982 | 1994 | 2006 | 2018 |
12 | Доңыз | 1983 | 1995 | 2007 | 2019 |
Осы кестені пайдаланып қазақтар өзінің қай жылы туылғанын есептеген. Сонымен, мүшелдік жыл санау тышқаннан басталады. Әр жылдың атауына байланысты өз ерекшелігі болады. Соған қарап, ежелден қазақ халқы ауа райына қатысты құбылыстарды бақылап, қай жылда, қайсы айда, тіпті қай күндері ауа райы қандай болатынын анықтап отырған.
Кейбір адамдар өткен мезгілдердегі өзгерістерді салыстыра есептей отырып, алдағы уақыттағы ауа райын болжай алған.Оларды «есепшілер» деп атаған. Ал кейбіреулер шоқжұлдыздарға қарап та күннің қашан жауатынын , желдің қайдан шығатынын, қысқасы, жылдың әр мезгіліндегі ауа райын алды-ала болжап отырып, дәл айтқан.
Мұсылман жылтізбесі
(бойынша адамның туған жылына сәйкес мінез-құлықтары нышандары)
Тышқан. Үсті басын таза ұстайды.Саяқ жүргенді көңілі қалайды. Думан той, ырду-дырдудан іргесін аулақ салуға тырысады.Тәкәппар.
Сиыр.Ұстамды. Өз қайғысы мен жақын-жуықтарының қайғысына қатты күйзеледі. Кімге болсын көмегін тигізуге асығады, бірақ кейде мұнысы залалын тигізіп те жатады. Олар мұның жақсылық қайырымын тез ұмытады және қиыс басқан қадамына кешіріммен қарайды.
Барыс. Қызба. Ашуланшақ , ешнәрсеге көңілі толмайды; егер ол әлдебір істі қолға алар болса, онда бөгет жасама , бетіңнен ала түсуі мүмкін; менмендеу әрі басқаға билік жүргізуді ұнатады.
Қоян.Қорқақ. Сыр сақтай алмайды, кез-келген нәрседен өз-өзінен үрейленіп жүргені; байсалды істе өз бетімен шешім қабылдай алмайды, көңіл күйіне қарай әрекет етеді.
Ұлу.Үлкен істер атқару қолынан келеді; тұйық мінездің адамы; көбінесе үнсіз жүруді ұнатады, барынша қарапайым көрінуге тырысады. Байсалды, істі өз ақылымен оңаша шешуге бейім. Құпияны сақтай біледі.
Жылан.Сыртқы болмыс-бітімі ұяң; маңызды істерден қашқақтап жүреді, оның басына пәле боп жабысатын нәрсе-тілі.Құпияны сақтай біледі.
Жылқы. Жұмыс істеуден жалықпайды. «Жұмыс» аты тәрізді.Ертеден қара кешке дейін тыным таппай тыпырлайды да жүреді.
Қой. Алған бетінен қайтару қиын.... Болмашы нәрсеге ашу шақыруы мүмкін, сондай сәттерде өзіне де, жанындажүрген жолдасына да қауіпті.
Мешін. Өзіне-өзі ғашық. Сәнқой,өзін өзгеден артық санайды.Ырду-дырдуы көп, көңілді бас қосуға үйірсектеу келеді.
Тауық. «Үйкүшік».Үй- үйелменіне үнемі қамқор боп, қүұрақ ұшып жүргені; тұрмыста адал, кез-келген адаммен тіл табысып кете барады.
Ит. Сөзшең. Талас-тартыс, дау-дамайға араласып кеткенін өзі де білмей қалады.
Доңыз. Көп нәрсеге басқатырып ойлана бермейді. Оңаша, табиғат аясында болғанды, бау-бақшада еңбек еткенді және көңілді жүргенді ұнатады.
ІІІ .ҚОРЫТЫНДЫ
Мен сыныбымда мынандай сынақ жүргізіп көрдім. Сыныбымда барлығы 26 оқушы. Соның ішінде 11 оқушы 2012 жылы, яғни ұлу жылы туған. Ал қалған 15 оқушы жылан жылы туған.
2012 сиыр жылы туылған оқушылардың 9-ының мінез құлқы ұлу жылы туылған адамдарға берілген жорамалға сәйкес келеді.
2013 жылы туылға оқушылардың ішіндегі 7-еуінің мінез құлқы жылан жылы туылған адамдарға берілген жорамалға сәйкес келеді.
Қорыта келе:
1.Мен бұл жұмыс арқылы жыл санауды үйрендім.
2.Әр жылы туылған адамдардың мінез-құлқы әр түрлі болатынына көз жеткіздім.
3.Мүшел жастың әрбір 12 жыл сайын келіп отыратынын білдім.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақтың дәстүрі этнографиясы . Алматыкітап 2006ж
Авторы А.К.Саматұлы .
2.Ежелгі Қазақстан . Аруна 2006ж .
Авторлары: Т.Жұматаев, Л.И.Тетенко Т.Жұмаханов, Т.Шаңбай
3.Қазақ әдебиеті. Аруна .Алматы 2005ж .
4.Сен білесің бе? Энциклопедиясы .Аруна ЖШС .
Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т.
5.Қазақша жыл қайыру. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дидактикалық құрал. Б.Х.Хамзин.2006ж.
5.Интернет ресурсы Яндекс.Coogle.
Мазмұны
Аннотация .............................. 3 б.
Мақсаты ............................... 4 б.
І.Кіріспе бөлім:
Мүшелдің пайда болуы. ............................. 5-6 б.
ІІ.Негізгі бөлім:
1.Жыл санау жүйесі. ............................... 7 б.
2. Мұсылман жылтізбесі ............................... 8-9 б.
ІІІ.Қорытынды. ............................... 9 б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ................................ 10 б.