Көктем қарбаласы.
план-конспект занятия по окружающему миру (1 класс) по теме
. Көктемнің жануарлар тіршілігіне өте елеулі өзгерістер әкелетінін ұғындыру.
2. Өлі табиғаттың көктемгі өзгерістерінің тірі табиғатқа тигізер әсері жайлы түсінік бере отырып, оқушы ойын дамыту.
3. Экологиялық тәрбие беру.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
koktemgi_karbalas.docx | 16.67 КБ |
Предварительный просмотр:
Дүниетану 11 04 2014
Сабақтың тақырыбы: Көктем қарбаласы.
Мақсаты:
1. Көктемнің жануарлар тіршілігіне өте елеулі өзгерістер әкелетінін ұғындыру.
2. Өлі табиғаттың көктемгі өзгерістерінің тірі табиғатқа тигізер әсері жайлы түсінік бере отырып, оқушы ойын дамыту.
3. Экологиялық тәрбие беру.
Көрнекіліктер: Суреттер, кодоскоп, таратпа материалдар.
Әдісі: Проблемалап оқыту, сұрақ – жауап әдісі, СТО элементтері
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ - жауап әдісі:
2. Құралай дегеніміз не?
3. Құралайдың көзіндей дегенді естулерің бар ма?
4. Құралайдың түсі қандай?
5. Құралайдың жауларын ата.
6. Құралайды анасы шөп арасына тастап кеткенде қайда кетеді деп
ойлайсыңдар? (проблемалық сұрақ)
7. Көктем ортасында жауын-шашындатып, қатты соғатын желді неге «Құралай желі» дейді?
Мәтіннің мазмұнын айту.
«Топтастыру» ойыны
Жануарлар тіршілігіне не қажет?
Ауа, жарық, қорек, су, жылу
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Мағынаны ашу
«Аю туралы» ертегі
/Жаңа сабақ пен үй тапсырмасын жалғайтын көпір/
- Балалар, қыста аю қайда болады деп ойлайсыңдар?
- Неге ол қарды білмейді? /проблемалық сұрақ/
Неге ол ұйқыға кетеді?
Қорегі жеміс – жидек, шөп тамырлары. Оның барлығы қыста қардың астында қалады. Қатты аязда аршып жеу қиынға соғады.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Сондықтан күзде семіріп денесіне май жинамаса, аю апанда жатпайды. Қыс бойы долданып аш құрсақ күн кешеді. Мұндай аюлар өте қауіпті.
2. Қызығушылығын ояту.
Әлемде талай қызық бар. /қосымша түсінік/
Жануарлар әр түрлі қалыпта ұйықтайды. Жарқанаттар, сайсақтармен бұтақты бүріп, аяқтарына асыла, басын төмен салбыратып ұйықтаса, үй жануарлары көпшілік жағдайда түрегеп тұрып, ал түлкі болса, өзінің үлпілдеген құйрығын басына жастық етіп, бұйығып ұйықтайды.
Ал ақ аю /күн жылы болса/ бауырын жерге төсеп ұйықтайды. Күн салқында бір жақ бүйірінен жатып аяқтарын бауырына жинап алады.
Қоңыр аю ұйықтағанда шалқасынан жатады. Кейбіреулері отырып та ұйықтайды.
Ал қаңтар, ақпан айларында балалайды. Оның баласы әдетте екеу болады.
- Аюдың баласын қалай атаймыз? /Қонжық/
- Аю ұйқыда. Баласы қалай күн көреді? /Емеді/
- Ендеше жануарлардың қай тобына жатқызамыз? /Сүтқоректілер/
3. Ой қозғау.
- Қаннен қаперсіз ұйықтап жатқан аюды апанның төбесіне сырт – сырт етіп денесіне тамған тамшы оятып жіберді. Ояна бастаған аю не болғанын түсінбестен апаннан сыртқа шықса, айнала қаптаған су. Маңай тіпті өзгерген.
- Бұл су қайдан пайда болды деп ойлайсыңдар? /Күн жылынды. Қар еріді. Топырақ жібіді. Бәйшешек гүл атты. т. б./
- Расында да күзде ұйықтап, қар кеткенде оянған аю қарды көрді ме?
♦ Оқулықпен жұмыс. / оқыту/
- Егер аю баласын қыс ортасында туса, оның ұйқысы қандай деп ойлайсыңдар? /Сергек. әлсін - әлсін оянып тұрады./
♦ Мұғалімнің беретін қосымша түсінігі.
Көктемде сонымен жан – жануарлар төлдейді. Көбінің қалың ескі жүні түсіп, орнына жұқа, жаңа жүн шығады. Мұны «түлеу» дейді.
♦ Сабақтың мазмұнын жергілікті табиғатпен байланыстыру.
- Өз жерімізде ұйқыға кеткен қандай жануарларды білесіңдер?
/саршұнақ, борсық, кесіртке, жылан, бақа./
IV. Ой қорыту.
♦ Тірек сөздермен жұмыс.
Оянды. Балалады. Түлейді. Пайдалы.
4. Топтастыру стратегиясы.
АЮ
Тірі
Пайдалы жануар
Сүтқоректі
Пайдасы: еті өте құнды дәрі, етін туберкулез (өкпе), іш аурулары, сары ауру, көз қарығуы, қатерлі жаралар емдеуге пайдаланады.
Қорғауға алынған.
2. Құралай дегеніміз не?
3. Құралайдың көзіндей дегенді естулерің бар ма?
4. Құралайдың түсі қандай?
5. Құралайдың жауларын ата.
6. Құралайды анасы шөп арасына тастап кеткенде қайда кетеді деп
ойлайсыңдар? (проблемалық сұрақ)
7. Көктем ортасында жауын-шашындатып, қатты соғатын желді неге «Құралай желі» дейді
V. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, тақпақ, ертегі, жұмбақ жаттау.
VІ. Бағалау.
Сауат ашу 11 04 2014
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.Жырау.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға сөйлем, жырау туралы түсінік бере отырып, шығармашылыққа баулу.ә) оқушылардың сөздік қорын арттыру. б) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:буклеттер,батырлардыңсуреті,сұрақтар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:- Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?-Заттың сынын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?Заттың санын білдіретін сөздерді не деп айтамыз?
III. Мақсат қою кезеңі:Бүгінгі тақырыбымызда сөйлем.Оның сөзден ерекшелігі туралы анықтайтын боламыз.
IV. Жаңа сабақ:Оқушыларға 148-жаттығуды орындату.Әр сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыту.Әр сөйлемде неше сөз бар екенін анықтау.Сөйлемдегі сөздердің бір-бірінен бөлек жазылатынын аңғарту.149-жаттығу Оқушыларға орны ауыстырылып жазылған сөздерден сөйлем құрастырып жаздыру.Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жаздыру.Соңынан нүкте қоюды үйрету.«Жырау» өлеңінің мағынасын түсіндіріп жаттату.
Сергіту сәті.
V.Бекіту кезеңі:Өз ойларынан сөйлем құрастыру.Сұрақтарға жауап алу.Дәптермен жұмыс Сөйлем сөздерден құралады.Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады. Сонымен бүгін біз қандай тақырып өттік Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем неден құралады?
VI. Үйге тапсырма, бағалау: Жырау өлеңін , ережені жаттау
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
"Көктем аруы" байқауы
"Көктем аруы" байқауы...