«Дос болайық, бәріміз!»
план-конспект урока (3 класс) по теме

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп: Т.Жароков орта мектебі

Тақырып: «Дос болайық, бәріміз!»

Құндылық: ішкі  тыныштық

Қасиеттер: әдептілік, шыдамдылық, тәртіп.

Мұғалiм: Айымгул Кадырбаевна Арыстангалиева

Сынып: 3 «а»

Оқушылар саны: 21

№16

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл 21.docx18.28 КБ

Предварительный просмотр:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Т.Жароков орта мектебі

Тақырып: «Дос болайық, бәріміз!»

Құндылық: ішкі  тыныштық

Қасиеттер: әдептілік, шыдамдылық, тәртіп.

Мұғалiм: Айымгул Кадырбаевна Арыстангалиева

Сынып: 3 «а»

Оқушылар саны: 21

№16

Сабақ мақсаты: достарға деген қарым – қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір - біріне көмек көрсету және шыдамды, тәртіпті және тыныштықты сақтай білуге үйрету.

Міндеттері: - достық, әдептілік  туралы түсінік беру;

-үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, шыдамдылығын  дамыту;

-әдептілікке,кішіпейілділікке, тәртіптілікке  тәрбиелеу.

Ресурстар:

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Балаларды топқа бөлу

Тыныштық сәт (баяу әуен) «Су асты патшалығына саяхат»

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

№ 16 «Сазды хикая» ертегі.

  • Ертегідегі негізгі ой не туралы?
  • Достарымыздан ажырап қалмас үшін бойымызда қандай қасиеттер болу керек?
  • Шыдамдылық дегеніміз не? Қандай жағдай арқылы өз бойыңыздағы  шыдамдылықты сезіндіңіз?

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

Достық малға емес, басқа жарасады,

Нағыз дос бір - біріне шынайы қарасады.

                                           Амандық шешен

  • Нағыз достық дегенімізді қалай түсінесіздер?
  • Осы құндылықтар өз бойымыздан табыла ма?
  • Қандай іс-әрекеттер арқылы бойымыздағы қасиеттерімізді дамыта  аламыз.

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Аңыз әңгіме:

«Екі дос» ертегісі

      Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.

Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.

      Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.

     Сонда досы: «Досына қауіп - қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.

-Бірінші баланың әрекеті дұрыс па?

- Қандай достықты біз «адал» деп айтамыз?

-«Ал айнымас досы бар адам – ең бақытты адам» – дегенді қалай түсінесіңдер?

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1.Адал дос барлық жерде керек екен,

 Өмірде достың орны бөлек екен.

 Жақсы дос жадыратса, жан дүниеңді,

 Жаман достан жамандық келеді екен.

2.Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген — адамның көрігі екен,

Достық деген адалдың серігі екен.

3.Достық деген өмірде ең керегі,

Достық болып дүние дөңгеледі.

Өзендегі толқындар дос боп ақты,

Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі.

4. Нағыз достар бір-біріне ұнаған.

Қиындықта бірін-бірі сынаған.

Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде,

Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.

5. Досы үшін дос көнеді бейнетке,

Дос деген сөз ең қадірлі жер-көкте,

Жақсылардың айрылмас досы көп.

Қолын берген қиыншылық кездессе.

  1. Топпен ән айту.

                     «Достарым»

Әні: Көшеровтікі           Сөзі: Х.Закарияныкы

  1. Үй тапсырмасы.

№17 Е.Шайқыұлы «Жақсы ата» мәтінін оқу

  1. Сабақтың қорытынды  сәтi.

    Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды айналамыздағы адамдарға жеткізу үшін оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы іс істейік.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет!Көздеріңізді ашуларыңызға болады.

                 

   «Достарым»

Әні: Көшеровтікі

Сөзі: Х.Закарияныкы

Толтыра біліп көңілдің олқы, бос жағын,

Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс-қостадың.

Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,

Жүрдіңдер, сендер,қолтықтан демеп, достарым.

Қайырмасы:

Жабыққан сәтте қас қағым,

Жанымды ұғар басқа кім?

Жаңа бір әуен бастадым,

Сендерге арнап, достарым.

Сағыныш толы кеудені кернеп жыр-көшкін,

Достықтың келді сазына әнмен үн қосқым.

Өтермін мына өлшеулі ғана тірлікте,

Биіктен сайлап орнын адал, шын достың.

Десек те қанша баянсыз достан түңілді,

Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер.

Асылдар аз ба, жанын да қияр дос үшін,

Соларға тағдыр,өкінбей өтер ғұмыр бер


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Дос болайық бәріміз

Сабақтың тақырыбы: «Дос болайық бәріміз» Мақсаты: Балалардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген қарым – қатынасты  қалыптастыру,  достықты қадірлей білу,  б...