Тапқыр достар. Сыныптан тыс жұмыс
план-конспект урока (2 класс) на тему
Предварительный просмотр:
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Тапқыр достар»
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін анықтау;
Міндеттері:
1.Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру;
2.Сөздік қорын байыту, дүниетанымын дамыту;
3.Жан-жақтылыққа, таза сөйлеуге, қазақ тілін қадірлеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
*Сайысқа қатысатын топтармен таныстыру:
1-топ «Таланттар»
2-топ «Ойшылдар»
3-топ «Тапқырлар»
2.Кіріспе бөлім.
*Сайыс кезеңдері мен шарттарымен таныстыру:
1-кезең –Көшбасшылар сайысы «Кім көп біледі?»
Бұл кезеңде әр топтың көшбасшысына 10 сұрақ қойылады. Сұраққа иә немесе жоқ деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
2-кезең – «Тіл өнері»
Бұл кезеңде әр топқа 2 мақал беріледі. Сол мақалдағы тиісті сөзді тауып, оның орысшасын және ағылшыншасын табу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
3-кезең - «Сұрақ бізден, жауап сізден...»
Бұл кезеңде әр топ бір әріпті таңдау керек. Қойылған сұраққа тек сол әріптен басталатын сөзбен ғана жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай.
4-кезең –«Кім жылдам?»
Бұл кезеңде үш топқа «Қайырымды» сөзі беріледі. Үш топ белгіленген уақыт ішінде берілген сөзден мағыналы сөздер құрастыру керек. Әр дұрыс сөзге 1 ұпай беріледі.
5-кезең – «Кім тапқыр?»
Бұл кезеңде бір буын айтылады, сол буыннан басталатын сөздерді кезектесіп айту керек. Айта алмай қалған топ ойыннан шығады.Ұтқан топқа 5 ұпай беріледі.
3.Негізгі бөлім.
1.Топтың көшбасшыларын тағайындау.
2.Әділ қазы мүшелерімен таныстыру.
3.Сайыстың тапсырмалары:
1-кезең «Кім көп біледі?»
1-топ:
1.Қазақ тілі мемлекеттік тіл - иә
2.қазақ тілінде 40 әріп бар – жоқ
3.Дыбыс екіге бөлінеді – иә
4.А дыбысы – дауыссыз дыбыс – жоқ
5. Ә дыбысы –жіңішке дауысты дыбыс – иә
6. М дыбысы – қатаң дауыссыз дыбыс – жоқ
7. Сөйлем бас әріптен басталып жазылады – иә
8. Күн сөзі бір буынды сөз – иә
9. Жер- су аттары бас әріптен басталып жазылады – иә
10.Ұя сөзінде 2 дыбыс бар – жоқ
2-топ:
1.Біздің ана тіліміз қазақ тілі – иә
2.Қазақ тілінде 42 әріп бар –иә
3.Дауысты дыбыс созылып айтылады –иә
4.Б дыбысы дауысты дыбыс –жоқ
5.О дыбысы жуан дауысты дыбыс – иә
6.Б дыбысы ұяң дауыссыз дыбыс –иә
7.Сөйлем кіші әріпен басталып жазылады –жоқ
8.Аю сөзі екі буынды сөз –иә
9.Жан-жануарларға қойылған аттар кіші әріптен басталып жазылады –жоқ
10.Күн сөзі 3 дыбыстан тұрады – иә
3-топ:
1.Біз қазақ тілінде сөйлейміз –иә
2.Қазақ тілінде 42 дыбыс бар –жоқ
3.Дыбыс үшке бөлінеді – жоқ
4.С дыбысы дауыссыз дыбыс – иә
5.Р дыбысы жуан дауысты дыбыс – жоқ
6.Ш дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс – иә
7.Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады – иә
8.Кітап сөзі үш буынды сөз – жоқ
9.Адамның аты-жөні бас әріптен басталып жазылады –иә
10.Ою сөзінде 2 дыбыс бар –жоқ
2-кезең «Тіл өнері»
1-топ:
*Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің .......тәтті. (нан-хлеб-bread)
*Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз ..... сорлы бала. (бала-мальчик –boy)
2-топ:
*Оқу - білім бұлағы,
Білім-..... шырағы. (өмір – жизнь -life)
*Қыз өссе- елдің көркі,
......өссе – жердің көркі. (гүл – цветок- flower)
3-топ:
*Батыр туса, ел ырысы,
.......жауса, жер ырысы. (жаңбыр – дождь –rain)
*Көп сөз күміс,
Аз сөз ........ (алтын – золото –gold)
3-кезең «Сұрақ бізден жауап сізден...»
1-топ:
1.Атың кім?
2.Әкеңнің аты кім?
3.Көңіл күйің қандай?
4.Балықта аяқ бола ма?
5.Өлең жаза аласың ба?
6.Қандай тағамды ұнатасың?
2-топ:
1.Анаңның аты кім?
2.қай қалада тұрасың?
3.Қандай түсті ұнатасың?
4.Тауларда нелер өседі?
5.Досыңның мінезі қандай?
6. Өскенде кім болғың келеді?
3-топ:
1.Досыңның аты кім?
2.Ауа-райы қандай?
3.Жасың нешеде?
4.Жер шары қандай?
5.Қай сабақты жақсы көресің?
6.Орманда не бар?
4-кезең «Кім жылдам?»
«Қайырымды» -ай, қайыр, ырым, айыр ,май, ырық, Қырым, дақ, ақ, ық, қамыр, ымыра, ар, қар, қыр, қай т.б.
5-кезең «Кім тапқыр?»
Мысалы: До-дос,домбыра, долана, доға, дорба т.б.
4.Қорытынды бөлім.
Сайыс қорытындысын шығару, жеңімпаздарды марапаттау.
- Батыр туса, ел ырысы,
..... жауса, жер ырысы.
2. Көп сөз күміс,
Аз сөз .......
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Тапкыр достар танымдык ойын
Бастауыш сыныптарға арналған танымдык ойын. Сценариін көшіріп ал....
Тапқыр достар
тапқыр достар жарысы сабақ жоспары...