Ана тілі
| Күні 10.04.2014 жыл | Сабақ
|
Сабақтың тақырыбы | Шілде. Міржақып Дулатов. |
|
Мақсаты | М.Дулатовтың «Шілде» атты әңгімесін түсініп оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету; жазушының кейіптеу кезіндегі пайдаланған әсерлі сөздерінің түйінін ашуға жағдай жасау; шілде айының ерекшелігі туралы түсінік беру, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеуге, еңбек ете білуге тәрбиелеу.
|
|
Жұмыс нәтижесі | Мәтін мазмұнын әңгімелей білді, кейіптеу сөздерді ажыратты,түйіндей білді,шығармашылық ойлады, мәтінді бөліктерге бөлді. |
|
Сілтеме | Оқулық: ана тілі» 3-сынып, Алматы, ,,Атамұра,,,2010 жыл,, Г.Қ.Нұрғалиеваның модульдік технологиясы бойынша электронды оқулық. |
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдері | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, сто стратегиясын пайдалану |
|
Ресурстар | Постер, түсті қағаз, маркерлер, стикерлер, қосымша дерек көздері, суреттер. |
|
Сабақтың өтілетін уақыты | 45 минут |
|
Сабақ жоспары | - Ұйымдастыру кезеңі
- Топқа бөлу
- Үй тапсырмасын сұрау
- Жаңа тақырып: СТО стратегиясы бойынш
- Үйге тапсырма
|
|
Сабақтың барысы: | Мұғалімнің іс-әрекеті. | Оқушының іс-әрекеті. |
| 1.Ұйымдастыру. Топқа бөлу.Түрлі гүлдер арқылы топқа бөлу. | Оқушылар өздеріне ұнаған гүлдерін таңдап алып, топқа бөлінеді. |
| 2.Үй тапсырмасын сұрау. Абай Құнанбаевтың «Жаз» өлеңін жатқа сұрау. |
|
| Қызығушылықты ояту. «Торлы талқылау» стратегиясы. Саған жаз мезгілі ұнай ма?
| Оқушылар өз ойларын дәлелдейді. -Неліктен жаз мезгілі ұнайды? -Неліктен ұнамайды? |
| Мағынаны тану. Тапсырма: «Ирек» стратегиясы. Мәтін 4 бөлікке бөлініп топтарға таратылып беріледі. | Топ мүшелері мәтін бөлігін оқып, топта талқылайды, қалған топтарға түсіндіреді. |
| Мәтінді оқу, сөздік жұмыс жасау. Автор туралы мәлімет. |
|
| Тапсырма: 1-топ Мәтін бойынша сурет салу 2-топ Мәтін бойынша постер қорғау 3-топ Жаз мезгілін басқа жыл мезгілдерімен салыстыру 4-топ Жаз мезгіліне қатысты сөздерді жазып шығу.
| Мәтін мазмұны бойынша сурет салу, қорғау. |
| Зерттеушілік тапсырма: 1-топ Мінілмеген жұмысқа салынбаған мал семіріп, желідегі құлындар ғана жүдеу болады. Сұрақ: Неліктен желідегі құлындар жүдеу болады? 2-топ Ел жайлауда бірін-бірі қонақ қылып, қазақ салты өз алдына бір қызық. Сұрақ: Бұл жерде қандай салт-дәстүрлер туралы айтылып тұр? 3-топ Үлкендер сол күндерін қазір қатты сағынып, сөз қылысады. Сұрақ: Неліктен үлкендер сол кезді сағынып сөз қылысады? 4-топ Қазақ шөпті бел орақпен шабады. Ат машина жаңа тарап келеді. Сұрақ:Ат машина деген не? | Сұрақты топта талқылап, жауап іздеу, ойларын дәлелдеу. |
|
|
|
| Ой толғаныс. Рефлексия. |
|
Үйге тапсырма | Жоспар бойынша шілде айы туралы әңгімелеу.
|
|