Сөз таптары
план-конспект урока (2 класс) по теме

Жумагалиева Роза Матжановна

Қазақ тілі 2-класс

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл kazak_tili.docx36.11 КБ

Предварительный просмотр:

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары

Сабақтың мақсаты: Сөз табы ұғымымен таныстыру және сөз таптары туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

1) Әрбір сөздің белгілі бір ұғымды білдіретінін, сөйлемдегі сөздердің орны мен өзара мағыналық байланысы болатынын түсіндіру;

2) Өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, жазба тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту.Шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3) Білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, өз бетімен жұмыс,СТО әдістері

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мазмұнды суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

1.Сабақтың мақсатын хабарлау

2.Психологиялық дайындық. Қыс туралы

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

-«Ой қозғау» стратегиясы. Өткен материалды бекіту.

«Қар лақтыру» ойыны арқылы сұрақтар беру.

1.Сөз құрамы нешеге бөлінеді?

2.Түбір деген не?

3.Қосымша дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?

4.Жұрнақ дегеніміз не?

5.Жалғау туралы кім айтады?

6.Жұрнақ пен жалғаудың бір-бірінен айырмашылығын дәлелде.

- «Қызығушылықты ояту»  әдісі. Сурет арқылы әңгіме жүргізу.

1.Бүгінгі ауа-райы қандай? Аспанның күйі қандай боп тұр? (Бұлтты)

2. Жиі-жиі не жауады? (Қар)

- Бұлттан әріптер жауады дегенге сенесіңдер ме?

Ойын  «Бұлттан әріптер жауғанда».

1.Дыбыстардан не құралады?                         заттың

2.Сөз дегеніміз не?                    Сөз               қимылдың         атауы

                                                                           сапаның

                                                                           санның

ІІІ.Негізгі бөлім.

-Енді сөздер туралы ертегі тыңдайық.

   Ерте,ерте ертеде, біз білмейтін бір елде сөздер өмір сүріпті. Ол ел «Морфология» деп аталыпты.Бір күні кең сарайда өмір сүріп жатқан сөздер бірнәрсеге келісе алмай, «сен ұзынсың, мен қысқамын, сен көпшілсің, көп мағына бересің, анаумен де мынаумен де  тіркесесің, мен бір мағына беріп оқшау жүргенді ұнатамын» -деп, кең сарайға бастары симай,айтысып жатады. Мұны естіген хан оларды жинап алып: - Сендер, өз мағыналарыңа қарай, жауап беретін сұрақтарыңа, өзіндік ерекшеліктеріңе қарай топқа бөлініңдер, сосын әрқайсысыңды жеке отау етіп, бөлек-бөлек үй қылып қоямын, - дейді. Сөйтіп, сөздер өздерінің ұқсас белгілеріне қарай тапқа бөлініп, оларға ат беріледі. Осылайша морфология елі – СӨЗ ТАПТАРЫ еліне айналады. Хан өз еліндегі сөз таптарын қалай атағанын мына тапсырмаларды орындай отырып табасыңдар.

1-тапсырма: берілген суретке қатысты сөз таптарын тауып айту.

Мысалы: шаңғы суреті берілген.

Сұрақ:

1.Осы сөздердің мағыналары бар ма?

2.Сұрақ қоюға болады ма?

3.Осы сөздерден сөйлем құрайық. Сөйлемдегі сөздердің орны мен өзара мағыналық байланыс бар ма?

2-тапсырма: берілген сөздерді кестеге жазу.

Барды, ауа,елуінші,қоңыр, таза,әнші,үрді,тоғыз.

Кім? Не?

Не істеді? Не қылды?

Қандай? Қай?

Қанша? Неше? Нешінші?

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

-Олай болса, сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді. Олар: зат есім, етістік, сын есім, сан есім.

Хан сөйтіп, сол сөздерді өз алдына жеке-жеке үй етіп бөлек шығарыпты.

Үйдің суреттері (слайдтан көрсету).

-Жаңа сабақты бекіту. «Миға шабуыл» әдісі

       Аты                  Қимылы              Сыны               Саны

  (кімдер?)              (Не істеді?)         (қандай?)          (неше?)

- Сергіту сәті. Әр сөз табын айтқанда қимылмен көрсету.

Зат есім – қол шапалақтау

Етістік – партаны тырсылдату

Сын есім – аяқты қозғалту

Сан есім – басты қозғалту

ІV.Оқулықпен жұмыс.

-Ережені оқу.

-Дәптермен жұмыс.

1.Көркем жазу.

2.Жаттығу жұмыстарын орындау.

-«Семантикалық карта» толтыру. Өзін-өзі бағалау.

Сөз таптары

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Ұшты

Дәрігер

Ащы

Тұнық

Теңіз

Тоқсан бір

V.Қорытынды. «Топтастыру»

VІ. Сабақты бекіту.

1.Сөздер мағыналарына қарай неше топқа бөлінеді?

2.Сөз таптарын ата.

3.Зат есім сөздер қандай мағына береді?

4.Етістік қандай мағына береді?

5.Сын есім ше?

6.Сан есім ше?

VІІ.Үйге тапсырма

VІІІ.Бағалау