Ш.Смаханұлы Бұлбұл мен тоқылдақ
план-конспект урока (2 класс) по теме
Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
debiettik_oku.docx | 17.79 КБ |
Предварительный просмотр:
Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары.
2 сынып
Әдебиеттік оқу | Күні 30.04.2014 жыл | Сабақ 13.15 |
Сабақтың тақырыбы | Ш.Смаханұлы. Бұлбұл мен Тоқылдақ | |
Мақсаты | Мысалды түсініп оқу арқылы ондағы негізгі ойды, идеяны түсіндіру.Автор жайлы мәлімет бере отырып, ақынның ойын жетілдіре түсуге үйрету және мысал туралы түсініктерін кеңейту.Болжау арқылы өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету. Ойлауын, ауызекі сөйлеу тілін, таным қабілеттерін дамыту. Пәнге қызығушылықтарын арттыру. Адам бойындағы жақсы қасиеттерге баулып, жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. | |
Жұмыс нәтижесі | Мысалдың мазмұнын түсінді, негізгі идеяны ұғынды, мысалдың өмірмен байланысын түсінді. | |
Сілтеме | Оқулық: Әдебиеттік оқу 2-сынып, Алматы, ,,Атамұра,,,2013 жыл. Бейнефильм, слайд | |
Қолданылатын әдіс-тәсілдері | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, сто стратегиясын пайдалану, диалогтік оқыту. АКТ,оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту. | |
Ресурстар | маркерлер, стикерлер, баклашка, қосымша дерек көздері, суреттер. | |
Сабақтың өтілетін уақыты | 45 минут | |
Сабақ жоспары |
| |
Сабақтың барысы: | Мұғалімнің іс-әрекеті. | Оқушының іс-әрекеті. |
1.Ұйымдастыру. Топқа бөлу. Мозайка құрастыру арқылы. Психологиялық дайындық «Дельфин» бейнеролигін көру | Дельфин,тау, тоқылдақ, бұлбұлдың қиылған суреттерін таңдап алып құрастырады. | |
2.Үй тапсырмасын сұрау. Құрастырған сурет туралы мәлімет беру Құстардың дыбысын тыңдау | Әр топ оқушылары өздерінің құрастырған суреті жөнінде әңгімелейді. Қандай құстың дыбысы екенін ажыратады. | |
«Болжау»
| Оқушылар білетіндерін айтады. | |
Мысал деген не? | Мысал – адамның жағымсыз қасиеттерін, мінез-құлқын жан-жануарлардың іс-әрекеттерін суреттеп жазған шығарма түрі. | |
Мағынаны тану. «Топтастыру» стратегиясы. Әр топ өзіне берілген құс жайында мәлімет береді | Оқушылар жауаптары:
1-топ: Бұлбұл 2-топ: Тоқылдақ 3-топ: Құстар 4-топ: Бұлбұл мен тоқылдақ | |
1.Автор туралы мағлұмат беру. Шона Смаханұлы туралы слайд-презентация арқылы түсінік берді. 2.Мысалды тыңдау (аудио) 50сек. | Оқушылар Ш.Смаханұлы туралы мәліметпен танысты. Мысалдың негізгі түйінін анықтады | |
Шығармашылық тапсырма: 1.Мәтінді іштен оқу 2.топпен жұмыс | Оқушылар өз бетімен мәтінді іштей оқиды. 1-2 топтар бұлбұл, тоқылдақтың сөзін тауып оқиды, келесі топ сөздік жұмысын жүргізеді, соңғы топ сахналайды. | |
Сергіту сәтін ұйымдастырды. | Оқушылар музыка ырғағымен биледі. | |
Топтық тапсырма. «Менің жеміс ағашым» Тапсырма: Тоқылдақ ағашты құрттан қорғайды.Ал сен ағашты қалай қорғап жүрсің? | Топтық жұмыс жасады. Берілген құралдардан ағашты жасап, жұмысын қорғайды. | |
Ән тыңдау. Б.Төлегенова «Бұлбұл» | ||
Рефлексия | Ой толғаныс. Сабақты қорытындылап, бағалау парағының ұпай сандарын анықтады. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, өздері қолдан жасаған ағашқа іледі. Топ басшылары қойған бағаларын айтады. |
Үйге тапсырма | Өлеңді мәнерлеп оқу. Мысалды рөлге бөліп оқу, сурет салу. |
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Бабалар сөзі-ақылдың көзі
Бабалар...