Методическая работа
статья (4 класс) по теме
Предварительный просмотр:
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.Еліміздің жоғары мектеп жүйесі Болония процеесінің идеяларын толығымен қабылдап,өзінің мазмұны мен болашағын осы үдеріспен байланыстырып жұмыс жасауда.Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауда «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»деп бекер айтпаған да болар.Басқаша айтқанда : « Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады» және «тек әрекеттесу арқылы ғана үйренуге,үйретуге болады» Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр, сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйені оқыту үрдісінде іске асыру үшін оны технологияландыру қажеттігі туындайды. Халық даналығы да осыны растап тұр: «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас!» Тұлғаның тек білімді болуы бүгінде жеткіліксіз. Білім беру,алу жүйесінің басты мақсаты-өзіне-өзі есеп беріп,ойлары мен әрекеттерін талдай білетін,өзін-өзі бағалай алатын,өзінің мүмкіншіліктері мен қабілеттерін жүзеге асырып,өркендей білетін,өз өмірі мен іс-әрекеттерін жоспарлай алатын, жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптастыруға мейлінше тиімді жағдай жасау. Мұндай қасиеттерді бойында қалыптастырған тұлға ғана жаңа Әлем жағдайында өмірдегі өз орнын тауып,қоғам игілігіне нәтижелі еңбегімен қызмет жасауы мүмкін. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекет жиынтығы. Педагогиялық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толық жету. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білімде, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймыз.Технология мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін қарастырады». «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді,түсіндіреді,ал оқушы тыңдайды,қабылдайды,ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып,сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары: Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады; Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады; Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады; Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды; Оқытушының уақытын үнемдейді Қосымша мәліметтер береді. Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек: * Барлық баланы оқыту; *Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу; *Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару; * Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену; Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын басшылыққа алуда.Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі.Ол бұрын тыңдаушы болса,енді ізденуші,ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Бүгінде формалды білім жеткіліксіз.Сол себепті де біз өмір бойы өздігімізше үйренуіміз қажет.Үйрену мен есте сақтаудың ең тиімді әрекеті басқаларды үйрету.Адам басқаларды үйреткенді ұнатады,ал өзін үйреткендерді жақтырмайды.Адамның осы қасиеттерін үйрету процесінде оқушылардың бірін-бірі оқытсын,үйренсін!Бұған қоса мұғалім үйреткеннен гөрі оқушының бір-бірін үйреткені нәтижелі болады.Егер мұғалім түсіндірген немесе әңгіме айтқан дауысын естігенде көп оқушыларда шартты рефлекс пайда болып,олардың құлақтары тас бітіп,естімей қалса,бір-бірін үйреткенде олардың сөзі де өтеді,түсінігі де жоғарлайды. Әр сабақта мүмкіндігінше:ойлану,өзіндік ой мен идеялар қалыптастыру, таңдау жасау,шешім қабылдау,сызу,салу,жазу,тб. олардың бірлескен жұптық,топтық жұмысын қолдану керек. Оқушы :білімнің оқығанда-10%,тыңдағанда-20%,көзбен көргенде-30%,көзбен көріп,тыңдағанда-50%,пікір таластырғанда-70%,тәжірибе жасағанда-80%,басқаларды үйреткенде -95% алады екен адам зейіні 6 минуттан кейін сейіле бастап,15 минуттан кейін 2 есе кемиді. Бағдарлама негізгі жеті модульден тұрады:1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ)пайдалану. 5.Талантты және дарынды балаларды оқыту және оқу. 6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 7.Оқытуды басқару және көшбасшылық. Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру,яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту,ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу.Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау,сол пікірлерді салыстыру. Бұл технологияның негізгі ұстанымдар:әлсін –әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы,оқушының жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау,барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау,оқытумен тәрбиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процес болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады.Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән.Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан,оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып,өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.
Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы: Нақты мақсат қоюға дағдыланады Өзіне деген сенімі артады Оқу процесіне белсенді қатысады Жолдастарының пікірін сыйлайды. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі. Сараптауға, бағалауға дағдыланады Пәнге деген қызығушылығы артады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады. Ø Қызығушылығын ояту; Ø Мағынаны тану: Ø Ой толғаныс Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. «Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады.Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. «Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді.(Авторлық орындық-,ыстық орындық,көбіне тестке дайындалғанда пайдалы).Мысалы:Лоси әдісі н/е орын әдісі –есте сақтағыңыз келетін ақпаратты танымал жерлермен байланыстырып елестетуге негізделген ең белгілі мнемоникалық әдіс.Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді.Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс.Мұнда «Венн» диаграммасын ,Инсерт әдісі,жоба н/е постермен жұмысты қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір-сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру.Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса,соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз. Мен айтып берсем-оқушы түсінеді-деген түсінік бүгінгі күні тіпті ескіріп кеткен.Бүгінде «Сөз арқылы емес,әрекет арқылы үйрену,үйрету қажет» деген ұстаным басым .»Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін,мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын» деген екен атақты ғалым А.Энштейн. Әр сабақта жағымды атмосфера орнатуға ұмтылу-жақсылық пен ізгілік нышаны. Жаңа технологияның принциптері- оқытуды ізгілендіру,өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұланы қалыптастыру.Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандайда болмасын ақпаратты өздігінше игеріп,өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талапарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденген де ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.К.Д.Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім.Оқуды , ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады» деп бекер айтпаған.Ал ,жаңа форматтағы үш айлық оқытудың Кембридждік әдіс-тәсілін үйренгеннен тапқанымыз көп болды.Сындарлы оқыту теориясының негіздері еліміздің білім беру саласына тереңінен сіңіссе,білімді де тәрбиелі,өз елін сүйетін,рухани құндылықты бойына сіңірген жастар өсіп шығары белгілі.Ал ,жастар-еліміздің болашағы.Болашағымыз жарқын,еліміз де іргетасы мығым болса,өмірімізде әрлі болары анық.Білімнің мазмұнымен қоса,түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ақпараттық технологияны пайдалана отырып,мағынасына терең мән бере оқытуды көздейтін оқытудың кембридждік әдісінің бізге берері көп.Сол себепті еліміздің әрбір мұғалімі бұл оқыту әдісін меңгеруден бас тартпауы тиіс деп ойлаймын.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
НАУЧНО – МЕТОДИЧЕСКАЯ РАБОТА ПО ТЕМЕ «СЛОВАРНАЯ РАБОТА НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА В НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЕ"
СодержаниеВведениеГлава I. Исторические и психолого-педагогические основытемы « Словарная работа на уроках русскогоязыка в начальных классах ».1. История развития ведущего вопроса темы.2. Психолого-пе...
2. Учебно-методическая работа. 2.2 Методическое руководство группой педагогов: Наставничество в ОУ
Наставничество...
3 раздел. План методической работы. План участия в методических и профессиональных мероприятиях федерального, регионального, муниципального уровней. План участия в работе РМО учителей начальных классов.
3 раздел. План методической работы.План участия в методических и профессиональных мероприятиях федерального, регионального, муниципального уровней.План участия в работе РМО учителей начальных классов....
2. Учебно-методическая работа 2.2 Методическое руководство группой педагогов
2. Учебно-методическая работа 2.2 Методическое руководство группой педагогов...
2.1.Учебно-методическая работа. Методическое руководство группой педагогов.
Наставничество в ОУ...