Ата аналарға жаднама
консультация по теме
Предварительный просмотр:
Подписи к слайдам:
Ø Үйде қолайлы, тыныш жағдай болуы тиіс . Сіздің кішкентай оқушыңыз сабақтан кейін тым жабырқау оралуы мүмкін. Оны жазаламаңыз және асықтырмаңыз . .
Ø Баланы сабырмен оятыңыз . Оянған сәтте ол сіздің күлімсіреген жүзіңізді көріп, мейірімді үніңізді естуі керек .
Ø Баланың таңғы асын ішуін қадағалаңыз (аз да болса нәрлі болсын ), өйткені мектеп беретін түстікке дейін оған әлі көп жұмыс жасауға тура келеді .
Ø Баланы таңнан асықтырмаңыз , жоққа бола ұрыспаңыз , аздаған қателіктері мен жаңылысқаны үшін сөкпеңіз . Портфелін , ауыстыратын аяқкиімін, формасын кешкілікте дайындап қойыңыз.
Ø Баланы мектепке шығарып салып тұрып , « Бүгін нашар баға алушы болма », - деп тықыртпаңыз . Одан да оған табыс тілеп , жігер беретін жылы сөз арнаңыз – оның алдында ауыр күн тұрғанын
Ø « Бүгін қандай баға алдың?» деген сөзді ұмытпаңыз. Баланы мектептен келгенде сабырмен қарсы алып , сұрақты жаудырмай , аздап сергіп алуына мүмкіндік жасаңыз ( өзіңіздің жұмыс күнінен кейін , адамдармен бірнеше сағат бойы қарым-қатынас жасаудан қалай шаршап келетіңізді еске алыңыз ). Егер бала тым елеуреп келген болса , біреумен бөліскісі келсе , қол сілтеп , кейінге сырғытпаңыз , айтарын мұқият тыңдаңыз – бұл көп уақыт ала қоймайды .
Ø Егер балаңыздың әлденеге ренжіп келгенін байқасаңыз, бала өзі үндей қоймаса , тықақтап сұрамаңыз , аздап сабасына түскеннен кейін , бала неге ренжігенін өзі-ақ айтып береді .
Ø Мұғалім ескерту айта қалса, баланы жазғыра жөнелуден сақ болыңыз. Екі жақты да тыңдап алмай тұрып , қорытынды жасауға асықпаңыз .
Ø Мектептен келгеннен кейін балаға күш жинап алу үшін 2-3 сағат демалыс қажет .
Ø Сабақ орындау үшін бала күнде бір мезгілде , мүмкіндігінше сағат 15-тен 17-ге дейінгі аралықта отырғаны дұрыс .
Ø Бала сабақты ең күрделі сабақтан бастағаны , ал ең сүйікті , жеңіл сабақтарды соңына қалдырғаны жөн .
Ø Бір отырғанда барлық сабақты орындап бір-ақ тұруын талап етпеңіз. Әрбір 30-40 минут сабақтан кейін 5-10 минуттық үзіліс жасағаны дұрыс . Бұл үзіліс кезінде бала қозғалыс жасауы керек , мысалы , қоқыс шығарып келу немесе итті қыдыртып келуді , жақын жердегі дүкеннен нан алып келуді өтінуге болады . Бұдан кейін бір алма немесе бір стақан шырын ұсыну керек .
Ø Физиологтардың айтуынша , басқа демалыс түрлеріне қарағанда, күндізгі ұйқы организмнің жұмыс қабілеттілігін анағұрлым артық қалпына келтіретін көрінеді, тіпті балаларға сондай пайдалы таза ауадағы ойыннан да артық . Күндіз 1-1,5 сағат ұйықтау арқылы тәуліктік ұйқы мерзімін ұзартуға болады . Егер сіз баланың күн тәртібін бала күндіз ұйықтап алатындай етіп ұйымдастыра алсаңыз , оның үй тапсырмасын орындау өнімділігі айтарлықтай өседі , ал өзі белсендірек әрі көңілдірек бола түседі .
Ø Отбасындағы үлкендердің баламен біркелкі қарым-қатынас жасауын талап етіңіз, ал тәрбиесіне қатысты келіспеушіліктеріңіз болса , ол туралы бала жоқ кезде сөз еткендеріңіз жөн . Егер тіл табыса алмаушылық болса , психологпен , мұғаліммен, дәрігермен ақылдасыңыз – көптеген қызықты да пайдалы кеңес аларыңыз сөзсіз .
Ø Баланы ұйқыға жатқызарда , жағымсыз нәрселерді еске алмаңыз , қателіктерін бетіне баспаңыз , ертең болатын бақылау жұмысын , т.б. талқыламаңыз.
Ø Баладан бірден барлығын талап етпеңіз, сәтсіздіктеріне сабырмен қараңыз. .
Ø Баланың өміріне қызығушылық танытыңыз. Оның не ойлайтынын білуге тырысыңыз . Үйге қайтып келе жатқанда, мектепте не болғанын сұрап біліңіз .
Ø Таза ауада серуендеуі қажеттігін ұмытпаңыз . Ол күніне 40 минуттай далада қыдыруы керек .
Ø Үйде бала бірнеше сағаттап теледидар немесе компьютер алдында отыруға даяр . Алайда бұл техникамен қарым-қатынас мерзімі шектеулі болуы тиіс . Оқушылар теледидар немесе компьютер алдында аптасына 3-4 рет 60 минуттан ғана отыруы керек . Оқушыларға мазмұны жағынан олардың мүддесіне сай келетін бағдарламаларды ғана көруіне рұқсат еткен дұрыс.
Ø Балалардың жүйке жүйесі ақыл-ой жүктемесінен ғана емес , демалыс күндері және каникул күндеріндегі ойын-сауық шараларына байланысты шектен тыс эмоциялық әсерлерден де қажуы мүмкін . Демалыс кезінде де баланың күн тәртібі сақталуын қадағалаған жөн .
Ø Каникул кезінде баланың теледидар алдында отыруы жай күндегідей сақталуы керек . Баланың каникул және демалыс күндеріндегі бос уақытын қыдыруға , таза ауадағы қозғалысты ойындарға , экскурсияға , үйде және мектеп маңы өлескісіндегі пайдалы еңбекке , спорт ойындарына арнағаны дұрыс . Әрине, үстел үсті ойындары , қолөнермен айналасу , әдеби кітаптар оқу, музей кинофильмдер көруге бару, үйірме жұмыстарына, көркемөнерпаздар үйірмесіне, жалпы мектептік шараларға қатысу да ұмыт қалмауы керек .
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Аналар көне уңаеннан " Гаилә бәйрәме"
Максат:аналарга хөрмәт, үзара конкурентлылык, дуслык хисләре тәрбияләү;балалар һәм гаиләләр арасындагы сәләтләрне ачыклау;милли йолалар, гореф – гадәтләрне саклау, яшь буынга өйрәтү....
Доклад "Ата-аналар балалары өчен җаваплы"
Балаларыгызны мәрхәмәтле итеп тәрбияләгез - бары тик мәрхәмәтлек кенә аларны бәхетле итә ала...
Ата-аналар балалары өчен җаваплы
Балалар гаиләнең көзгесе. Шәхси үзенчәлекләре булуга карамастан, балаларда гаиләнең холкы чагыла. Гаилә дөньясы. Ул әти һәм әни, сеңел һәм энеләр яши торган дөнья. ...
Ата - аналар җыелышы . Тема: ”Компьютер технологияләре һәм бала сәламәтлеге ”
Бүгенге көндә һәр гаилә замана агымынннан артта калмас өчен тырыша. Без дә үзебез бала вакытта булмаган мөмкинлекләрне балаларыбызга булдырырга тырышабыз. Безнең тырышлыгыз һәр вак...
Ата-аналар белән эшләү өчен еллык эш планы
Ата-аналар белән эшләү өчен еллык эш план...
3 класс “Наркотиктан ничек сакланырга?” (ата-аналар җыелышы)
3 нче сыйныфта “Наркотиктан ничек сакланырга?” темасына ата-аналар җыелышы....
Ата-аналар җыелышы тематикасы
Ата-аналар җыелышы өчен якынча план...