Жазбаша қосу және азайту
план-конспект урока по математике (2 класс) по теме
2-класс Математика пәнінен ашық сабақ жоспары
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
ashyk_sabak_obl.seminar.docx | 256.32 КБ |
Предварительный просмотр:
Ашық сабақ
Математика 2-класс
Ақтөбе қаласы №1 орта мектебінің
Бастауыш класс мұғалімі Альсуеуова Гулбану Сагидуллаевна
Сабақтың тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: Екі таңбалы сандарды баған түрінде жазып және сәйкес шығару алгоритмін пайдаланып, қосуды, азайтуды орындау; ұжымның өзін-өзі ұйымдастырудағы синергетикалық ұстанымын сақтау.
Сабақтың міндеттері:
1.Жазбаша қосу және азайтуға байланысты тапсырмалар орындау;
2,Ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту;жылдам топтық дағдыны және үлкен топтарда жұмыс істей алу шеберлігін дамыту;
3.Топпен жұмыс жасауға үйрету, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ ( Маша мен аю ертегісінің желісі бойынша)
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.
Сабақта қолданылатын технологиялар: «Биоақпараттану және синергетика» технологиясы және ақпараттық коммуникациялық технология.
Карта түрі: «Көшбасшы » картасы.
Деңгей: «Классик» деңгейі.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: Маша мен аюдың суреті, слайдтар, Маша мен аю мультфильмі.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
*Сабақтың мақсатын хабарлау.
*Класты 3 топқа бөлу.
1-топ Машаны жақсы көретін оқушылар.
2-топ Мишаны жақсы көретін оқушылар.
3-топ Машаны да аюды да жақсы көретін оқушылар.
2.Жаттығу. Қосу амалына байланысты жылдамдық өткізу.
3.Негізгі бөлім.
а)Әр топ өзіне ат таңдайды.
ә)Әрбір топтан бір оқушы «Көшбасшы» болып сайланады.Көшбасшы тапсырыс береді және тапсырмаларды бөліп беріп, шығарылуын қадағалайды.
Топтың аты | Сұраныс Тапсырма уақыт | Жөндеу Тапсырма уақыт | Сұраныс бойынша ұпай саны | Уақытты қосқандағы ұпай саны | Қорытынды |
ТКШ АКШ ЖКШ | ТКШ АКШ ЖКШ | ||||
ТКШ АКШ ЖКШ | ТКШ АКШ ЖКШ | ||||
ТКШ АКШ ЖКШ | ТКШ АКШ ЖКШ |
б)Машаның тапсырмалары:
ТКШ №1
23+12 54-12
36+21 63-21
42+26 98-24
23+54 85-14
55+13 66-32
АКШ№1
37+23 90-13
64+16 80-12
55+35 70-23
12+38 60-34
19+71 50-15
ЖКШ№1
43+29 92-29
66+17 83-67
55+19 75-19
73+18 84-16
29+29 62-13
Әр топ тапсырманы орындайды, бірін- бірі тексереді.
Сергіту сәті.
«Маша мен аю» мультфильмін көрсету. Есте сақтауын дамыту мақсатында әр топқа сұрақ қойылады.
1.Банка аюдың қай қолына киіліп қалды? ( оң қолына)
2.Миша үйден неше банка алып шықты? ( 8 банка)
3.Миша орманнан қайтқанда себетте неше құлпынай болды? ( 4 құлпынай)
4.Миша тосап жасау үшін үйден неше қорап қант алып шықты? ( 4 қорап)
5.Почта жәшігінің түсі қандай? ( көк)
6.Миша бірінші қандай тосап жеді? ( жаңғақтан жасалған)
в)Аюдың тапсырмалары:
ТКШ №2
24+11 44-24
35+22 25-14
41+36 55-13
22+13 54-12
54+15 33-13
АКШ №2
56+14 90-34
12+78 70-41
74+16 40-27
58+22 80-33
63+27 60-47
ЖКШ №2
57+18 91-29
63+29 72-37
45+16 83-49
77+19 64-18
64+17 51-27
4.Сабақты қорыту.
Жалпы 3 топтың ұпайын есептеу. «Көшбасшы» топты анықтау.
5.Үйге тапсырма беру.
6.Бағалау.
Ашық сабақ
Қазақ тілі 2-класс
Ақтөбе қаласы №1 орта мектебінің
Бастауыш класс мұғалімі: Жумагалиева Роза Матжановна
Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға лепті сөйлемнің мағынасын түсіндіру,
көңіл-күйді,сезімді білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеті:1.Лепті сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттықтыру;
лепті сөйлемнің қандай мағына білдіріп тұрғанын анықтату.
2.Өз бетімен жұмыс жасай білуін және өзін бағалай білуге үйрету,
байланыстырып сөйлеуін, жазба тілін дамыту.Сөздік қорларын молайту.
3.Ұйымшыл болуға, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: Б.Блум таксономиясы, түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекі.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
1.Психологиялық дайындық
Өзімізге: Сәттілік,қуаныш!
Қонағымызға: Жақсы көңіл-күй!
Елімізге: Ашық аспан, молшылық!
2.Сабақтың мақсатын хабарлау
ІІ.Негізгі бөлім
Бөлім | Тапсырма | Ұпай | Деңгейлік тапсырма |
Білім Мақсаты: өтілген материалдар бойынша алған білімдерін тексеру | Сөйлем туралы не білеміз? | 1 | Сөйлем дегеніміз не? |
1 | Сөйлем нелерден құралады? | ||
1 | Сұраулы сөйлем дегеніміз не? | ||
Түсінік Мақсаты: Лепті сөйлем туралы түсінік беру | Ойын «Сәйкестендір» Берілген сөйлемдер қандай мағынада айтылып тұр? |
Бірін-бірі бағалау | 1.Сүйікті менің Қазақстаным жасасын! 2.Қап,бақшаның есігін жауып қоймаған екенмін! 3.Қане,күнделігіңді берші! 4.Шіркін, айға самғап ұшсам ғой! |
Қолдану Мақсаты: Лепті сөйлем туралы білімдерін нақтылай түсу | Оқулықпен жұмыс | 4 ұпай |
190 - жаттығу 71 -бет Лепті сөйлемдерді теріп жаз. |
Талдау Мақсаты: Берілген сөздерден лепті сөйлем құра білу дағдысын жетілдіру | Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз |
2 ұпай | Біз, алақай, жеңдік Бекер, ренжіттім – ау, қап |
Жинақтау Мақсаты:Лепті сөйлем туралы білімдерін қорыту, бекіту | Тест сұрақтарына жауап беру | Өзін-өзі бағалау | 5 ұпай – «5» 4 ұпай – «4» 3 ұпай – «3» |
Бағалау Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау | Ұпай сандарын есептеп, бағалау | 18-17 ұпай - «5» 16-14 ұпай – «4» 9-13 ұпай – «3» |
ІІІ.Сабақты қорытындылау.
Лепті сөйлемнің өзіндік белгілері:
- Адамның көңіл-күйін,сезімін (қуану,ренжу,өкіну,ұран т.б.) білдіреді;
- лепті сөйлем үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады;
- лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.
ІV. Сабақты бекіту
V.Үйге тапсырма
Ашық сабақ
Математика 3-класс
Ақтөбе қаласы №1 орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі Альсуеуова Гулбану Сагидуллаевна
Тақырыбы: Баға,сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік
Мақсаты: Баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділікті меңгерту.
Міндеттері:
1.Бағасы, саны, құнын табуға берілген есептер туралы білімдерін қалыптастыру; осындай есептерді шығару тәсілдерімен таныстыру;
2.Ой-өрісін, қисынды ойлау қабілеттерін, есте сақтауын дамыту;
3.Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: Б.Блум таксономиясы
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
А) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;
Б) Психологиялық кезең;
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен,
Біз сабақты бастаймыз!
2.Кіріспе бөлім
Сабақ кезеңдерімен таныстыру
Б. Блум бойынша:
1. Білім
2. Түсінік
3. Қолдану
4. Талдау
5. Жинақтау
6. Бағалау
3.Негізгі бөлім
І Білейік!
Мақсаты: Заттың саны, бағасы, құны туралы білімді еске түсіру.
Ойын «Сәйкестендір»
5 шар бағасы
30 тг тұратын дәптер саны
Бірнеше қалам 150 тг тұрады құны
ІІ Түсінейік!
Мақсаты: Баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік туралы түсінік беру.
Мұғалім түсіндіруі:Заттардың құнын табу үшін, бір заттың бағасын заттардың санына көбейту керек.
х
Заттың бағасын табу үшін, олардың құнын заттардың санына бөлу керек.
:
Заттардың санын табу үшін, құнын бір заттың бағасына бөлу керек.
:
Тапсырма: Кестені толтыр:
Кестені толтыр:
Бағасы | Саны | Құны |
- 40 теңге тұратын 2 қаламға 80 теңге төленді.
- 200 теңгеге 20 теңге тұратын 10 апельсин сатып алынды.
- 50 теңге тұратын 3 алмұрт үшін 150 теңге төленді.
ІІІ Қолданайық!
Мақсаты: Заттың бағасы, саны, құны арасындағы тәуелділікті қолдана отырып есеп шығару.
Тапсырма: Есеп құрастыр және шығар:
1 дорба- 90тг
2 дорба -? Тг
90•2=180тг
4 дорба – 360 тг
1 дорба - ? тг
360:4=90 тг
80 тг – 1 л сүт
320 тг - ? л сүт
320:80= 4 л
Сергіту сәті.
ІV Талдайық!
Мақсаты: Заттың бағасы, саны, құны туралы білімді талдау.
Тапсырма: Сурет бойынша есеп құрастыр және оны шығар:
40 тг ? тг 40тг
? тг ? тг ? тг
60 тг
V Жинақтайық!
Мақсаты: Алған білімді жинақтау, қорытындылау.
Тапсырма: Тест тапсырмасын орындау.
1-нұсқа
1.Бір қаламның бағасы 20 теңге. Осындай 4 қалам неше теңге тұрады?
А) 20 Б) 80 В) 24
2.Бірдей 3 шар үшін 60 теңге төленді. Бір шар қанша тұрады?
А) 20 Б) 60 В) 30
3.Бір күнделіктің бағасы 100 тгеңге тұрады. 500 теңгеге неше күнделік сатып алуға болады?
А) 1 Б) 5 В) 20
4. Бағасы 50 теңге тұратын 2 бананға 100 теңге төленді. Осы сөйлемде заттың саны нешеге тең?
А) 50 Б) 2 В) 100
5. 20 теңге тұратын 4 ойыншыққа 80 теңге төленді. Осы сөйлемде заттың бағасы нешеге тең?
А) 20 Б) 4 В) 80
2-нұсқа
1.Бір дәптердің бағасы 10 теңге. Осындай 8 дәптер неше теңге тұрады?
А) 18 Б) 80 В) 8
2.Бірдей 9 қарындаш үшін 45 теңге төленді. Бір қарындаш қанша тұрады?
А) 5 Б) 45 В) 9
3.Бір өшіргіштің бағасы 30 теңге тұрады. 90 теңгеге неше өшіргіш сатып алуға болады?
А) 30 Б) 60 В) 3
4. Бағасы 60 теңге тұратын 3 бананға 180 теңге төленді. Осы сөйлемде заттың саны нешеге тең?
А) 60 Б) 3 В) 180
5. 200 теңгеге 40 теңге тұратын 5 апельсин сатып алынды. Осы сөйлемде заттың құны нешеге тең?
А) 200 Б) 5 В) 40
VІ Бағалайық!
Мақсаты: Ұпай сандарын есептеу, өзін-өзін бағалау, қорыту.
13-12 ұпай – «5»
11-9 ұпай – «4»
8-6 ұпай – «3»
Бағалау парағы:
Аты –жөні: | Ұпай саны |
Білейік | |
Түсінейік | |
Қолданайық | |
Талдайық | |
Жинақтайық | |
Бағалайық | |
Барлық ұпай саны | |
Бағасы |
Оқушылар сабақта қолданатын карта үлгісі:
Б.Блум бойынша оқу мақсатының категориясы | Мазмұны | Ұпайы | Тапсырмалар |
Білейік! | Мақсаты:Заттың саны, бағасы, құны туралы білімді еске түсіру. | ||
Ойын «Сәйкестендір» | Өзін-өзі тексеру. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. | Заттың саны деген не? | |
Заттың бағасы деген не? | |||
Заттың құны деген не? | |||
Түсінейік! | Мақсаты: Баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік туралы түсінік беру | ||
Кестені толтыру. | Бірін-бірі тексеру. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай | Берілген сөйлемдерді кестеге дұрыс орналастыр. | |
Қолданайық! | Мақсаты: Заттың бағасы, саны, құны арасындағы тәуелділікті қолдана отырып есеп шығару | ||
Оқулықпен жұмыс 99-бет №4-есеп | Бірін-бірі тексеру. Дұрыс жауапқа 1 ұпай | Кестені пайдаланып, есеп құрастыр және оны шығар | |
Талдайық! | Мақсаты: Заттың бағасы, саны, құны туралы білімді талдау. | ||
Оқулықпен жұмыс 99- бет № 5 - есеп | Дұрыс жауапқа 1 ұпай. | Сурет бойынша есеп құрастыр және оны шығар. | |
Жинақтайық! | Мақсаты: Алған білімді жинақтау, қорытындылау. | ||
Тест тапсырмасы | Өзін-өзі тексеру. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай | Тест тапсырмасына жауап беру | |
Бағалайық! | Мақсаты: Ұпай сандарын есептеу. Өзін-өзі бағалау, қорыту. | ||
Ұпай санын есептеу | Өзін-өзі бағалау | 13-12 ұпай – «5» 11-9 ұпай – «4» 8-6 ұпай – «3» |
Математика 2 класс
Ашық сабақ
Ақтөбе қаласы №1 орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі Альсуеуова Гулбану Сагидуллаевна
Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешу.
Сабақтың мақсаты: Теңдеуді шешу туралы алған білімдерін бекіту.
Сабақтың міндеттері:
1.Қосу және азайтуға байланысты оқып үйренген қарапайым теңдеулерді шешу;
2.Ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3.Өзін-өзі, өзгені бағалай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі:
Сабақтың түрі: Бекіту сабақ.
Сабақта қолданылатын технологиялар: «Биоақпараттану және синергетика» технологиясы және ақпараттық коммуникациялық технология.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, интерактивті тақтамен жұмыс т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Қыс мезгіліне байланысты суреттер, сандар жазылған қағаздар, ОӘЖӘ сызбасы т.б.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Психологиялық кезең. Өлең жолдарын толықтыру.
Мен .......................... қармын,
Мен ..........................жанмын.
2.Кіріспе бөлім.
Үй тапсырмасын тексеру.
3.Негізгі бөлім.
ОӘЖӘ сызбасын еске түсіру.
Мысалы:
Х – 7 = 40
Х = 40 + 7
Х = 47 ( т.ш.)
47 – 7 = 40
40 = 40
Үш деңгейлік тапсырмалар беру.
1.Теңдеуді шеш:
17 – Х = 8
Х – 5 = 9
2.Теңдеу құр және оны шеш:
Белгісіз санға 8 – ді қосқанда 98 шықты;
Белгісіз саннан 5 –ті азайтқанда 60 шықты;
74 – тен белгісіз санды азайтқанда 70 шықты;
3.Есептің шартына сәйкес теңдеу құр және шығар:
Айжан қағаздан бірнеше қар қиыршықтарын жасады. Ол досына 5 қар қиыршығын бергенде оның қолында 10 қар қиыршықтары қалды.Айжан неше қар қиыршығын жасады?
Тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Уақыт 5 оқушы + 30 секунд
Тапсырманы оқушылар бірін-бірі тексереді.
Жауабы:
1.Теңдеуді шеш:
Х = 9 (т.ш.) Х = 14 (т.ш.)
2.Теңдеу құр және оны шығар:
Х + 8 = 98 Х – 5 = 60 74 – Х = 70
Х = 98 – 8 Х = 60+5 Х = 74-70
Х = 90 ( т.ш.) Х =65 (т.ш.) Х= 4(т.ш.)
---------------- --------------- -------------
90 + 8 = 98 65 – 5 = 60 74 – 4 = 70
98 = 98 60 = 60 70 = 70
3.Есептің шартына сәйкес теңдеу құр және шығар:
Х – 5 = 10
Х = 10 + 5
Х = 15 ( т.ш.)
-----------------
15 – 5 = 10
10 =10
Әр деңгейге тапсырмалар беріледі.
1-деңгей. 10 және 2 сандарын пайдаланып теңдеулер құрастыр.
2-деңгей.Суретті пайдаланып, теңдеу құрастыр.
Мұз айдында бірнеше бала ойнап жүр еді.
1 бала үйіне кеткенде, мұз айдында
4 бала қалды. Осыған теңдеу құр және шығар.
3-деңгей.Теңдеуді шеш:
9 + х = 29
29 – а = 9
Х – 20 = 9
30 + х = 36
Әр деңгей бөлек тексеріледі.
Жауабы:
1-деңгей.
10 – х = 2 2 + х = 10 х + 2 = 10 х – 2 = 10 х – 10 = 2
Х = 10 – 2 х = 10 – 2 х = 10- 2 х = 10 + 2 х = 10 + 2
Х = 8 (т.ш.) х= 8 (т.ш.) х = 8 (т.ш.) х = 12(т.ш.) х= 12(т.ш)
10 – 8 = 2 2 + 8 = 10 8 + 2 = 10 12 – 2 = 10 12 – 10 = 2
2 = 2 10= 10 10= 10 10 = 10 2= 2
2-деңгей.
Х – 1 = 4
Х = 4 + 1
Х = 5 (т.ш.)
5 – 1 = 4
4= 4
3-деңгей.
9 + Х =29 29 – а = 9 Х – 20 = 9 30 + х = 36
Х = 29 – 9 а = 29 – 9 х = 20 + 9 х = 36 – 30
Х = 20 ( т.ш.) а = 20 (т.ш.) х= 29(т.ш.) х = 6 (т.ш.)
9 + 20 = 29 29 – 20 = 9 29 – 20 = 9 30 + 6 = 36
29 = 29 9 = 9 9 = 9 36=36
4.Сабақты қорыту.
5.Үйге тапсырма беру.
6.Бағалау.
Математика 3 класс
Ашық сабақ
Ақтөбе қаласы №1 орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі Альсуеуова Гулбану Сагидуллаевна
Сабақтың тақырыбы: Палетканы пайдаланып фигураның ауданын есептеу
Сабақтың мақсаты: Палетка туралы түсінік беру
Міндеттері:
1.Палетканы пайдалануды үйрету;
2.Ой-өрісін, логикалық ойлауын дамыту;
3.Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Б.Блум таксономиясы, ойын технологиясы,АКТ.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: Палетка, геометриялық фигуралар, заттық суреттер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Сабақтың мақсатын хабарлау.
2.Психологиялық дайындық.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Білім.
Мақсаты: Өтілген материалдар бойынша алған білімдерін пысықтау
Жаңа сабақты меңгеруіміз үшін не білуіміз керек?
Тапсырма:
1.Аудан бірлігін ата
2.Тік төрбұрыштың ауданының формуласын жаз
3.Шаршының ауданы қалай табылады?
2.Түсінік
Мақсаты: Фигураның ауданын палетканың көмегімен анықтау тәсілімен таныстыру
Бірнеше фигураның суреттері беріледі.
Тапсырма:
-Қай фигураның ауданын таба аламыз?
Палетка туралы түсіндіру.
Суреттегі палетканың әрбіршаршысының ауданы – 1см². Палетка – тең шаршыларға бөлінген мөлдір пластина (немесе қағаз). Палеткамен өлшенген аудан квадрат бірліктермен (кв.бірл.) есептеледі.
+
:
Фигураның ішінде жататын шаршыларды және фигура контуры өтетін шаршыларды сана.
Екіншілерінің санын екіге бөл де, алдыңғыларға қос.
S = 6+16 : 2 = 14см²
Тапсырма: Фигураның ауданын тап.
3.Қолдану
Мақсаты: Палетканы іс жүзінде қолданып фигураның ауданын табу.
Тапсырма: Палетканы пайдаланып суреттегі заттың ауданын тап.
4.Талдау
Мақсаты: Палетканы пайдаланып фигуралардың ауданын салыстыру
Тапсырма:
Қай жақтағы жапырақтың ауданы үлкен? Есептеп тап.
5.Жинақтау
Мақсаты: Алған білімдерін жинақтау
Тапсырма:«Сәйкестікті анықта».
S = 3+10 : 2 = 8 см²
S = 3+12 : 2 = 9 см²
6.Бағалау
Мақсаты: Алған білімдерін қорытындылау, бағалау
Сабақ барысында әр оқушы қолданатын сабақ картасы:
Деңгейлер | Мақсаты | Тапсырмалар |
Білім | Өтілген материалдар бойынша алған білімдерін пысықтау | 1.Аудан бірлігін ата 2.Тік төрбұрыштың ауданының формуласын жаз 3.Шаршының ауданы қалай табылады? |
Түсінік | Фигураның ауданынпалетканың көмегімен анықтау тәсілімен таныстыру | Фигураның ауданын тап. (Слайдта көрсетілген фигураның ауданын палетканың көмегімен есептеп табу) |
Қолдану | Палетканы іс жүзінде қолданып фигураның ауданын табу. | Палетканы пайдаланып суреттегі заттың ауданын тап. |
Талдау | Палетканы пайдаланып фигуралардың ауданын салыстыру | Қай жақтағы жапырақтың ауданы үлкен? Есептеп тап. |
Жинақтау | Алған білімдерін жинақтау | «Сәйкестікті анықта». S = 3+10 : 2 = 8 см² S = 3+12 : 2 = 9 см² |
Бағалау | Алған білімдерін қорытындылау, бағалау |
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Урок математики на тему "Санға 7-ні қосу және азайту"
Разработка урока математики + презентация на тему "Сложение и вычитание с переходом через десяток"...
Жазбаша көбейту және бөлу.Пысықтау сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жазбаша көбейту және бөлу.Пысықтау сабақ. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу бойынша білімдерін пысықтау....
Жазбаша көбейту және бөлу.Пысықтау сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жазбаша көбейту және бөлу.Пысықтау сабақ. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу бойынша білімдерін пысықтау....
Математикадан ашық сабақ Тақырыбы: 440+50, 750-90 (44онд. +5 онд., 75 онд. – 9 онд.) түріндегі үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту
Мақсаты: 440+50 және 750-90 өрнегін шешудің жаңа алгоритмімен танысамыз.Міндеті:1. Өрнек және есептерді шығару дағдыларын арттыру.2. Математикалық...
Бастауыш сыныпта дамыта оқыту негізінде оқушының жазбаша тілін дамыту
Бастауыш сыныпта дамыта оқыту негізінде оқушының жазбаша тілін дамыту Смагулова Бейбиткул МуптикызыАктоғай ауданы Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені»ММ...