"Арыстан мен тышқан" мысал С. Торайғыров
рабочая программа по чтению (4 класс) на тему

Абишева Назгуль Назаровна

"Арыстан мен тышқан"  мысал  С. Торайғыров 

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл arystan_men_tyshkan.docx17.54 КБ

Предварительный просмотр:

Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров. «Арыстан мен тышқан» (мысал)
Сабақтың мақсаты: Мысалдың мазмұнын ашу, саналы түсініп оқу.
Сабақтың міндеттері:
а) мәтінді мәнерлеп, саналы түсініп оқу, мазмұнын түсінуге жетелеу, автор туралы түсінік беру, сөздік жұмысын жүргізу, мәтінмен жұмыс жүргізу;
ә) оқушыларды жан - жануарларға, үлкенге, кішіге қамқор болуға, мейірімді болуға, біреуге қол ұшын беруге дайын болуға, қоршаған ортадағы тірі жандарды аялауға тәрбиелеу;
б) ойлау қабілетін арттыру, сөздік қорын байыту, өз ойларын жеткізе білуге төселдіру, мәтінді талдауға қалыптастыру, негізгі ойды табу, қорытынды жасау дағдыларын арттыру.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау, суреттеу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: мақалдар, автордың портреті, арыстан мен тышқан бетперделері, оқушылардың салған суреттері.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау. Кітап, дәптер, күнделік, қаламсап және т. б. құралдарының түгел болуын қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. О. Әубәкіров. «Ара мен шыбын». Мысалдың мазмұнын сұрау:
1. Мысалдағы шыбын мен араның әрекетіне баға бере отырып, олардың сипатын дәптерге жазғанын тексеру
ІІІ. Жаңа материалды игеру.
1. Кіріспе әңгімесін жүргізу.
 Бүгін біз де адам бойындағы жақсы -жаман қасиеттердің ара жігін ашып көрсететін, өнеге , тәлімге толы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармасымен танысамыз.Берілген суреттердің ішінен автордың суретін тауып, ол туралы не білетіндерін ортаға салуларың керек.

Автордың суретін тақтаға іліп, шағын мағлұмат жинастыру. - Қане, балалар, С. Торайғыров туралы не білеміз, еске түсірейікші.
- С. Торайғыров (1893 - 1920) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл аулында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын, жазушы, әрі педагог. Жастарды оқуға үндеген «Неге жасаймын», «Шәкірт ойы», т. б. өлеңдердің, «Қамар сұлу», т. б. көркем шығармалардың иесі. Осы 4 сынып ана тілінен біз «Туған елім» өлеңін оқыдық.

Шығарманың атын білу үшін менің алдымдағы конвертты алып ішіндегі мазайканы құрастыруларың керек. (Оқушылар мазайканы құрастарады. Бір топта арысттанның суреті, екінші топта тышқан. Қай топта ненің суреті шықса сол топтың атауы солай аталады.)

Яғни бүгінгі танысатын шығармамыз Арыстан мен тышқан мысалы екен.

Мультфильмі көрсетіледі

Рөлге бөліп оқу.

Қане, балалар, айта қойыңдаршы, арыстан мен тышқанның айырмашылығын салыстырыңдаршы, екеуіне мінездеме беріңіздер.
Арыстан --------------------------------- Тышқан
Жыртқыш--------------------------------- кеміргіш
ірі --------------------------------------------ұсақ
аң патшасы ------------------------------- жыл басы
батыл -------------------------------------- өте қорқақ
өте күшті --------------------------------- өте әлсіз
ұзақ жасайды ---------------------------- көп өлімге душар болады
етпен қоректенеді ------- -----------------тағам талғамайды
бірнеше жылда ұрпақ береді -----------көп балалайды
в) Сөздік жұмысын жүргізу.
Сейіл құру – қыдыру, бойын жазу.
Зиян – залал, зақым
Азат қыл – еркіндікке жібер, босат.
г) Мақалдарды оқып, ішінен мысалдың мазмұнына сәйкес келетін мақалды тауып алу.
д) Дәптермен жұмыс. Мақалды дәптерлеріне жаздыру.

IV. Бекіту

 І топ.

«Арыстан мен тышқан» мысалын сахналау.

ІІ топ.

Мысал мазмұнына қарай мақал –мәтелдер айту..
Қорытындылау.
- Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?
- Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?
- Тышқан арыстанға берген уәдесін қалай орындады?
- Балалар, бүгін біз кімнің шығармасымен таныстық?
- Мәтін шығарманың қай түріне жатады?
- Адамдар қатты қысылған уақытта қандай көмек беру керек?
- Осы мысалдан қандай сабақ алдыңдар?
Түйін
Үлкен сабақ түйгеніміз мысалдан –
Нағыз дұшпан артық жаман досыңнан.
Тығырыққа тірелер күн туғанда
Арыстан да көмек сұрар тышқаннан!
V. Үйге тапсырма. «Арыстан мен тышқан». Мәнерлеп оқу, мазмұндау
VI. Бағалау.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

С.Торайғыров "Арыстан мен тышқан" мысал

С. Торайғыров "Арыстан мен тышқан" мысал...