Абдрахман Асылбеков "Үйрену"
презентация к уроку по чтению (4 класс) по теме
Предварительный просмотр:
Сабақтың тақырыбы: Үйрену Әбдірахман Асылбеков
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Әбдірахман Асылбековтің «Үйрену» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету,өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып,байланыстырып сөйлеуін,ойлауын дамыту,білім мен еңбекті қадірлеуге баулу.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс.
Шығармашылық қабілетін дамыту, сурет салу, өлең, жұмбақтар шешу, құрастыру, логикалық ойлауға дағдыландыру.
Сабақтың кұрал-жабдықтарды: мен көрнекіліктері: тірек сызбасымен жұмыс, суреттер, интер белсенді тақта. Міндеттері:1.Танымдық ізденпаздық қызығушылығын арттыру. 2.Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру. 3.Оқушылардың өздерін өздері оқытуға,сыни тұрғыдан ойлауға,білім алуға жағдай жасау Негізгі идеялар:1.Оқушылардың өміріндегі біліміне,білетіне сүйену. 2.Жаңа ақпарат беру арқылы, ойлау,сөйлеу,оқу дағдысын дамыту. Күтілетін нәтиже:1.Өз бетімен жұмыс жасау арқылы білімдерін жетілдіру. 2. Әңгіменің адам баласына тигізер пайдасын меңгерту. 3.Өз ойын тиянақты,еркін айтуға үйрету. Сілтеме:4 сынып.192-193 бет
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық. Амансың ба алтын күн, Амансың ба көк аспан, Амансың ба достарым. Амансыздар ма, қонақтар, Сабағымызды бастайық. Жалқаулықты тастайық.-жарайсыңдар балалар,көңіл –күйіміз жақсы болса,көңілді отырып сабағымызды бастайық.
Оқушылардың 5 топқа топтасуы: (1-топ-инелік,2-топ-балық,3-топ-жираф,4-топ-ақ құман ,5-топ-бұлбұл)
II. Үй тапсырмасын сұрау.
А) Сұраққа жауап алу
-Ержан неге сурет салғысы келмеді? (Суретші емеспін деп) -Мәтінде қандай суретшілердің атын білдік?(мысырлық,Леонардо да Винчи,Рафаэль) -Неге Салауат ағай абыржып қалды?(қай жерден қателестім деп ойлады)
-Жамал шығармасының авторы кім? (Қанафия Тельжанов) -Сүйікті шеше мен әкпе,қарындастарының қына бояумен бейнелеген кімдер?(тас ғасыр суретшілері)
Б)Үй тапсырмасын пысықтау. Эссе оқу.
Ш. Жаңа сабақ. 3.Мақсат қою кезеңі:1.Сабақтың мақсатын ,тақырыбын хабарлау. Бүгін сабақта Әбдірахман Асылбековтың «Үйрену» атты өлеңімен танысамыз.Өлеңнен нені үйренуге болатынын білеміз. 2.Балалар ,сендер мектепке келгеннен кейін неге үйрендіңдер?(оқу,жазу,санауды,есеп шығаруды,еңбек етуді.)
А) Автор туралы түсінік беру. Әбдірахман Асылбеков 1938 ж 1мамыр күні Жамбыл облысы,Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында дүниеге келген.Каз ПИ-дің тарих-филология факультетін бітіріп,мектептепте мұғалім болған.Асперантурада оқыған,31 жыр кітабын шығарған.Лирика,ән мәтіндер жазған,сатира және аудармамен айналысады.Көптеген байқаулардың жүлдегерлері.Балаларға арналған өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген.
Ә) Өлеңді мәнерлеп оқып беру
б) Оқушыларға оқыту (іштей жеке,топпен) в)Дәптермен жұмыс. Инелік-тікұшақ,балық-сүгуір қайық,жираф-кран,бұлбұл-ән айту,өрнек-ою.
Постермен жұмыс: I. топ.инелік «тік ұшақ» II. топ. Балық «сүңгуір қайық»
III. Топ-жираф «кран» 4топ- ақ құман «паровоз» 5-топ бұлбұл «ән салу»
IV. Шығармашылық жұмыстар:
Топпен жұмыс.
1. Ұйқастар бойынша шумақ құрастыру.
I топ. Балық... жүзеді
...... сүңгіді
...... отырып
...... ойлады.
II топ....... керікті
...... созыпты
Оны бақылап ағалар.
...... тауыпты.
III топ. Бұлбұл... тыңдады
...... тамсанды
...... апалар.
Тамылжыта ән салды.
4 топ
2. Жұмбақтар шешу.
1.Гүлге қонды қалықтап,кіп-кішкентай верталет (инелік)
2.Тонғақты таниды,беті қолын қариды.(аяз)
3.Қанаты бар,ұшпайды,су астында қыстайды(балық) 4.Қыл кеңірдек батыр,тау көтеріп жатыр.(көтергіш кран) 5.Беті дуылдап тұрады,танауы шуылдап тұрады.(шәйнек)
4. «Өнер тапқыштар» клубы.
Өзің не ойлап тапқың келеді?(ою,балық,қайық,көбелек) жасау
V. Кітаппен жұмыс.
Мақал - мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіру.(білім,еңбек туралы) 1.Көз қорқақ,қол батыр. 2.Байлықтың атасы-еңбек,анасы-жер.. 3.Ердің атын еңбек шығарады. 4. Еңбекке үйренем десең,ерінбе,Өнерге үйренем десең,жерінбе. 5.Талапты ерге нұр жаур.
VII Қорытынды бөлім.
Адам табиғаттағы құбылыстар арқылы үйренген өнерлерін атау.(тікұшақ пен инеліктің, балық пен қайықтың т. б. ұқсастықтарын)
VIII. Үйге тапсырма: 1. 245 - 246 бет жаттау
2. Байқап, бақылағандарын әңгімелеу. (табиғат құбылыстарын)