сауат ашу разроботка
методическая разработка по развитию речи (подготовительная группа) по теме

Таласбаева Айдана Сержанкызы

Мектепалды даярлаудың бағдарламасы бойынша 5(6)жастағы балаларды оқытуға арналған әдістемелік нұсқау

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл сауат ашу разроботкасы320.29 КБ

Предварительный просмотр:

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеммен танысайық.

Сабақтың мақсаты: 1) Балаларға сөйлем туралы түсінік беру. Суретке қарап сөйлем кұрау.

2)  Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту.

3)  Балаларды  ұғымталдықка, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жүмбақтар, буындар, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші:

Өзі сондай нәзік,

Су құйсақ кетеді.

Алақанын жазып. Бұл не болды, балалар?

— Гүл.

— Дұрыс. Гүл екен (суретін көрсетеді).

—  Енді осы гүл сөзін пайдаланып бірнеше сөздер айтайық.

— Дала. Гүл. Ашыды. Әдемі. Бақ.

— Дұрыс. Енді осы сөздерді бір-бірімен байланыстырып айтып көрейік. Балалар, біз бүгін сендермен сөйлем туралы түсініп, оның қалай жасалатынын үйренеміз.

—  Гүл қайда өседі?

Тәрбиеші: - Гүл қандай?

—  Енді осы сөздерді біріктіріп айтайық.

— Далада әдемі гүл өседі.

— Сөздер бірігіп белгілі аяқталған ойды білдіреді. Сөйлем төрт сөзден құралып түр. Сөйлемде сөздер бір-бірімен байланысып тұр.

Сергіту сәті.

Тәрбиеші: (үлестірмелі қима-қағаздармен жұмыс)

—   Енді қолдарыңдағы суретке қарап, атын тауып, оған сөйлем құрайсыңдар.

Тәрбиеші жұмбақтар оқып береді. Балалар жауабын тауып, сол сөзге сөйлем құрайды.

Көк ала костюм киеді,

Күннің көзін сүйеді. (Қарбыз)

Аспай піскен

Қайнамай түскен. (Жеміс)

Сабақты "Кім шапшаң сөйлем құрайды?" ойынымен аяқтау.

Сөйлемді көп тауып құраған балаларды мадақтап мақгау. Қорытындылау.

2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөздер мен дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: Сөз, дыбыс туралы үғымдарды түсіндіру. Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру. Есту қабілетін жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: ойыншыктар, суреттер, фланелеграф, үлестірмелі материалдар, текшелер, кеспе әріптер.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші балаларды сабаққа ұйымдастырады. Балалар назарын өзіне аударып есік қағады да, олардан не естігендерін сұрайды.

Тәрбиеші дабыдды (барабанды) соғады да, не естідіндер деп сұрайды.

-  Дұрыс, балалар, сендер дыбыс естідіңдер? Бірақ ол дыбыстар біркелкі ме?

- Дыбыстар әр түрлі болады. Мысалы: А-А десек? Оны созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. Ал енді бір дыбыстардың айтылуы қысқа. Мысалы: Д дыбысы. Қане, бәріміз осы екі дыбысты айтып көрейік. Айырмашылығы қандай? Бұл дыбыстарды жеке-жеке айтсақ, ол дыбыс. Енді осы дыбыстардан сөз құрайык. Топта көргендеріңнен, ойыншықтардың аттарын, заттарды атандар.

- Сөз бір нәрсе туралы ұғымды біддіреді. Қуыршақ бұл ойыншықты білдіреді. Осы сияқты басқа сөздерді де айтуға болады. Сөз дыбыстан құралады. Енді ана сөзін талдайық.

АНА - неше дыбыс бар?

-  Дұрыс айттындар, ана сөзі үш дыбыстан құралған. Келесі сөзді өздерің ойлап, кезекпен айтындар.

-  Жеке дыбыс ойлаңдар. Балалардың жауабы тыңдалады.

"Кім көп біледі?" ойынын Ұйымдастыру.

Балалар жеке дыбыстарды айтып жарысады. Ең аз айтқан бала жеңілген айыбын өтейді. Алфавит сыры:

1 -б.    Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде?

Түсінші.

2-6.    А деген ол —

Аналар ғой ардақты

Ә деген ол — Әкелер ғой салмақты,

Б деген ол — Балалар ғой әдемі,

Біздің елде Үшеуі де кәделі...

Алшақ кетпей,

Сондықтан да, расында,

Тұрады олар Алфавиттің басында!

—  Жақсы балалар, енді "Сөз жарысын" ұйымдастырайық. Кім көп сөз айтса, сол жеңімпаз болады.

Бала сөзді тоқтағанша айтып жарысады.

Көп сөз айтқан бала мадақталады.

Тәрбиеші сөз, дыбыс ұғымдары жөнінде сұрақтар қояды.

— Дыбыс пен сөздің айырмашылығы неде?

— Дыбыс қандай болады?

—  Сөзге мысал ойла.

—  Жан-жануар қалай дыбыстайды?

Балалар жауаптарын тәрбиеші толықтырып сабақты аяқтайды.

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы:  Сөйлем құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

1.  Сөйлем туралы түсінік беру.

2.  Жаттығулар орындату арқылы сөйлем туралы ұғымын кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.  Сөздік корын молайтуға, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі карточкалар, дидактикалық ойындар, ребус.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын өздеріне аудару.

II.  Өткен сабақгы пысықгау.

Үй тапсырмасы сұралады, жаттығулар тексеріледі.

III.  Жаңа сабақ туралы түсінік беру.

—  Мысалы: құс, орындық — бұлар сөздер екен, сөйлем болу үшін бір аяқталған ойды білдіру қажет екен. Бір сөзден сөйлем құралмайды. Ендеше балалар, осы сөздерден сөйлем құрап көрейік.

-   "Құс" деген сөзге тоқталайық. "Құс" десем сендер бірдеңе түсіндіндер ме? Ол сөйлем бе?

-  Құс балапан шығарады. Бұл сөйлем бе? Балалар сөйлем екенін бірден біледі.

- Аяқталған ойды білдіріп тұр екен. Сөйлем үш сөзден құралып тұр. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі. (Қимылдармен орындау қажет).

Үлестірмелі кима қағаздармен жұмыс жүргізіледі.

Ойын: "Кім шапшаң сөйлем құрайды?".

Суреттерді көрсетеді (тауык, көбелек, машина, тарақ, кітап т.б.).

Мысалы: Тауық балапандарымен жайылып жүр.

Балалар құраған сөйлемдерін талдайды, неше сөзден құралғанын айтады.

— Схема өтілген тақырып бойынша жұмыс жүргіземіз. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты.

Дидактикалық ойындар жүргізіледі. Сөзжұмбақ. Тігінен: сөзден құралған.

Көлденеңінен:

1. Күннің түсі. 2.Буыннан құрайтын

3. Кедей сөзінің антонимі

4. Кір су. 5.Аяқ киім. 6.Тышқанның жауы.

Сабақты қорытындылау.

4-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөз.

Сабақтың мақсаты: а) Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптасытыру сөздің ұзындығын  қолмен өлшеп айыра білуге үйрету.

б)  Есту қабілетін жетілдіру.

в) Танып-білуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: ойыншықтар, түстері әр түрлі, мөлшерлері бірдей екі машина, аю, қуыршақ, кубик, доп, (әдемі қорапша (себет)) мүмкіндігінше айқын болғаны жөн, қатты қағаздан ақ жалауша. "Үлестірмелі құралдар" ақжолақшалар (1,5 х 5) әр үстелде жеткілікті мөлшерде болуы керек.

Сабақтың барысы:

1. Тәрбиешінің кіріспе сөзі: —Балалар, сендер білесіндер, жер бетінде адамдар, жануарлар, андар, құстар, балықтар, өмір сүреді. Сол сияқты үйлер, машиналар бар. Кім үй салуды (машина жасауды) ойлап тапты? Неге? Сонымен бірге адамдар сөзді ойлап шығарған, себебі олар бір-бірімен сөз арқылы қатынас жасайды, жер бетіндегі заттардың бәрін өз атымен атап сөйлеседі.

- Қазір сендермен бір ойын ойнап көрейік. Сендер үндемей отырып қалыңдар (ситуациялық ойын ойналады).

Ұстаз қолмен ымдап көрсету арқылы балалардың бәріне орындарыңнан тұрындар деген белгі береді, енді кейбіреулеріне отырындар деп т.с.с үнсіз тапсырмалар береді. Одан кейін тәрбиеші әңгімесін әрі карай жалғастырады.

-  Міне, балалар, көрдіндер ме сөзсіз өмір сүру қандай қиын, ал біз бәріміз өз ойымызды сөз арқылы айта аламыз. Ал сендер қандай сөз білесіндер?

Егер айтуға қиналса, тәрбиешінің өзі терезе, стол, жасыл, ыстық және т.б. сөздерді айтады.

- Мына бір ойыншыққа қарандар, ең әуелі оның атын атаймын: доп бір сөз. Енді сөздерді есептегенде жаңылып кетпеу үшін, әр сөзді мынадай жолақшамен белгілеп отырайық. Мен "доп" сөзін айттым, бір жолакша қоямын. Кім тағы да доп туралы айтады? (домалақ, көк, домалайды т.б.)

—  Қане, санайык, біз қанша сөз айттық?

(Балалар әр сөзді қайталай отырып, қойған жолақшаларын санайды.) Дәл осы сияқты 1-2 ойыншықпен жұмыс жүргізіледі.

—  Мына қорапшаға өзіміз білетін сөздерді айта отырып, жолақша арқылы жинап салайық. (Балалар жалғастырады).

— Мен мынадай сүйкімді, батыл, әдемі деген (балалар жалғастырады) жақсы сөздерді білемін. (Ең соңында қорапшадағы сөздерді санап қорытынды жасау).

—  Міне, біз қандай көп сөз білеміз, айта берсек әлі де көп.

— Қане, "Кім көп сөз ойлайды?" ойынын ойнайық. Әрбір айтылған сөзге бір-бір жолакшадан қойып отырындар. Соңында кімде көп жолақша болса, соңында сол жеңімпаз болады. (Ойын ойналады. Жеңімпаз баланы мадақтайды.)

3.  Музыкалық және қимыл-қозғалыс кідірісі. (Балалар музыка ырғағымен жаттығу жасайды).

4.  Сөздің ұзақтығымен таныстыру және өлшеуіш жаттығуларын жасату.

— Сендер, байқадындар ма, кейбір сөз ұзақ дыбысталса, енді бір сөз қысқа дыбысталады. Сол себепті сөздер ұзын және қысқа болады деп айта аламыз.

— Мына 2 сөзді тыңдандар: доп, ғарышкерлер. Осы сөздердің қайсысы ұзақ, қысқа айтылады?

(Балалардың жауабы).

—  Біз ол сөзді өлшеп көрейік: 2 қолдың алақандарын біріктіріндер. Сөзді дыбыстай бастаған кезде алақандарынды аша бастандар. Ал, дыбыстап болысымен, сол сәтте тоқтай қалыңдар. (Бұл жаттығу ең әуелі 2-3 баламен үстел жанында жекелеп жүргізіледі, қалған балалар қайталап отырады, осылай 6-8 сөз айтылып, балалар олардың ұзақтығын анықтайды).

Балалар хормен таныс тақпакты айтады, сосын бір бала тақпақты мәнерлеп айтады. (Әр сөзін анықтайды, балалар жолақшаларымен мәтіндегі әр сөзді белгілеп отырады).

5. Сабақты қорыту. Балаларға сұрақ қойылады:

—  Бұл сабақта не туралы білдіндер?

— Сөзді немен белгіледік?

— Сөз туралы не білгілерің келеді?

5-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөздерді буынға бөлу.

Сабақтың мақсаты: Буын туралы түсінік беру, сөздерді буынға бөлуге үйрету, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ойын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: тірек схемасы, ойыншыкгар, төлдердің суреттері, асықтар.

Сабақтың барысы:

—  Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға жұмбақбай атай келіпті.

—  Кімнің атасы бар?

—  Атаға қалай көмектесеміз?

—  Атаны қалай құрметтейміз? Балалар сұраққа жауап бергеннен кейін:

—  Қарттар — біздің ақылшымыз. Біз оларды қадірлеп, күтеміз. Қарт Жұмбақбай атайдың сендерге әкелген тапсырмасын, кане, қалай шешеміз? - деп атайдың қоржынынан асықтар алғызу арқылы балаларға мынадай тапсырмаларды орындату.

Суретті үлгі бойынша шана сөзіне дыбыстық талдау жасату.

— Сонымен, шана сөзінде неше дыбыс бар екен, ондағы дыбыстарды атаңдар.

Суретті үлгінің төменгі жағындағы жолакшаға "ша", "на" деп кеспе әріптерден құрап жазып, буын туралы түсінік беріледі.

— Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буынға я болмаса бөлікке бөлуге болады.

—  "Шана" сөзінде неше дауысты дыбыс бар?

—  Мен неше бөлікке бөліп айтамын, мұқият тындандар.

—  Ша-на, бірінші ша бөлігін ша буыны, ал екінші на бөлігін на буыны деп айтамыз.

—  Шана сөзі неше буыннан түрады? Әр буынын атап айт.

—  Екі буыннан. Бірінші -ша, екінші  -на буыны. "Шана"  сөзін буындап айтқызу.

Раушан, ата, ай, көбелек сөздерін буынға беліп айтқызу. Рау-шан, а-та, ай, кө-бе-лек.

Балалардың өздеріне жеке сөздер ойлатып, буынға бөлдіріп, неше буын екенін айтқызу.

—   Өте жақсы, балалар. Жұмбақбай атай сендерге енді жұмбақ. жасырмақшы.

Судан ол қорқады,

Бүдан кір қорқады. (Сабын)

Сабын сөзін буынға бөлдірту. (са-бын)

Сергіту сәті.

Күйсандыққа күйтабағын ойнатып, балалар жаймен қосылып айтып, қимыл жасайды.

-   Енді балалар, сендерге атайларың "Қай буынды жоғалттым?" ойынын ұсынғысы келіп отыр екен. Енді бәріміз осы ойынды ойнау арқылы аталарыңа көмектесіп, жоғалған буынын тауып жіберейік.

-  Мен қазір сендерге бір буын айтам, сендер сөздің сонғы буынын табасындар.

Мысалы:         са-ғат           а-ғаш

мы-сык       кү-шік т.б.

-  Өте жақсы, балалар. Ал енді, мына сездерде қанша буын болса, сонша рет кол шапалақтау арқылы буынға бөлейік: (қоңырау, тоқылдақ, жұлдыз) қо-ңы-рау, то-қыл-дақ, жұл-дыз.

Балалардың өздеріне сөз ойлатып, осы бойынша буынға бөлгізу.

-  Өте тамаша, балалар, аталарынның кдйтар кезі де болып калды. Енді Жұмбақбай атайды риза ету үшін "Еңбек ерлікке жеткізетінін" дәлелдеп, Н.Жанаевтың "Еңбек" олеңін айтып жіберейік:

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты — еңбек.

Кесте тіксең зерлеп.

Мұның аты — еңбек.

Қырға шықсаң ерлеп.

Мұның аты — еңбек.

Сабағыңа жөндеп.

Әзірленсең — еңбек.

Қиындықтың бәрін.

Еңбек қана жеңбек!

-  Сонымен бүгін біз не үйрендік?

-  Буын дегеніміз не?

-  Әр буында неше дауысты дыбыс болады?

-  Міне, бүгін Жұмбақбай атайдың қатысуымен "Буын" тақырыбын меңгердіндер. Атай сендерге рақметін айтып кетті, - деп белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

6-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс пен әріп.

Сабақтың мақсаты:

1) Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмащылығын ажырата білуге үйрету.

2)  Балалардың ойын дамыту, сөздік қорын молайту.

3)  Балаларды үй жануарларын сүюге, қамқорлық жасауға үйрету.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.

Сабақтың барысы:

Сабақ тәрбиешінің жан-жануарлар жөнінде әңгімесінен басталады. Тәрбиеші әңгімесінің бағытын балалардың төрт түлік туралы түсініктеріне карай аударады.

— Төрт түлікке қандай малдар жатады?

—  Олардың төлдері қалай аталады?

Балалардың жауаптарын қорытындылай келе, тәрбиеші "Ала бұзау'' (авт. Ерешова К.) атты әңгіме айтып беретіндігін хабарлайды.

"Ала бұзау".

Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп, көк орай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді. Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетгі. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді. Бір кезде қатты жел соқты.

— Жел соққанда қандай дыбыс шығады?

— Жел уілдейді.

— У -У -У-

Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды.

—  Қандай дыбыс естіледі?

—  Ш -ш -ш -ш.

Тоғай ішінде жүру өте қиын болды. Маса да ызындап, мазасын алды.

—  Маса қандай дыбыс шығарады? -з-з-з-з.

Ескендір қасында еріп келе жатқан Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді.

—  Ит қандай дыбыс шығарады?

— р - р - р -р.

Ескендір айналасына қарады. Шөп арасында басын көтеріп, Актөске қарап айбат шегіп тұрған жыланды байқады. Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен.

— с - с - с -с.

Жыланды көрген Ескендір қорыққаннан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінді. Ыжылдаған дыбысты құлағы шалды. Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көрді. Ыжылдаған аралар екен.

—  ж - ж- ж- ж.

Ескендір ала бұзауын шақырды.

Қане, балалар, бұзауды шақыруға көмектесейікші:

— Акау - ақау - ақау!

Жақын жерден бұзаудың мөңіреген дауысы естшді.

— мө - мө - мө -мө.

Сөйтіп Ескендір бүзауын үйіне айдап қайтты.

Балалар, сонда біз әр түрлі дыбыстар естідік, яғни біз дыбысты естідік, яғни біз дыбысты естиміз.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар

Үп-үлкен боп өседі.

Енді балаларға әріп туралы түсінік беру.

—Балалар, жаңағы естіген дыбысты қағаз бетіне түсіру үшін әріп жазамыз. Әр дыбыстың өз таңбасы болады. Оны әріп дейміз. Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.

Сабақты қорыту: Өтілген дыбыстарды қайталау.

Мадақтау.

Балалардың жауаптарын ескере отырып мадақгау.

"Біз бақытты балдырған" әнімен сабақты аяқтау.


7-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға дауысты дыбыс ерекшелігі туралы түсінік беру.

2. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.

3. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, жалпы ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, кеспе әріптер, суреттер, үлестірмелі дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа сабақ.

Оқушылардың назарын тәрбиеші өзіне аударған соң дауысты дыбыс ерекшеліктері туралы түсінік береді. Кесте пайдаланылады. Дауысты дыбыстар: а, ә, и, о, ө, е, э, у, ұ, ү, ы, і.

- Балалар, енді осы дыбыстарды хормен жеке-жеке айтамыз: а, э, и т.б.

Тәрбиеші суреттерді көрсете отырып балалар оның ішіндегі сөздерге мән береді. Көбелек, домбыра, орындық, үйрек т.б. тауып оқиды, осы сөздердегі дауысты дыбыстарды тауып олардың айтылу ерекшеліктеріне назар аударады.

III. Сергіту сәті.

Баланың білімін жан-жақты тексеру. Әр түрлі жаттығулар арқылы орындалады.

Тәрбиеші бірнеше сөздер айтады. Балалар сол сөздегі дауысты қанша болса қолдарын шапалақтап білдіртеді. Мысалы: күшік, кітап, өзен, дала, қаз, балапан т.б.

"Ұйқасын тап" ойыны.

Орыннан орынға ауысқан,

Ұшқалақ қарала... (сауысқан)

Бәрі бірдей жұмысқа

Шығады кім? (құмырсқа)

Топтық жұмыс. Жаттығулар орындайды. Дауысты дыбыстарды тауып астын сызады. Сөйлемдер құрайды.

IV. Сабақты қорыту.

Кеспе әріппен жұмыс. Дыбыстық талдау.

"Адасқан әріптер" ойыны жүргізіледі.

Жаңа сабақты түсінгенін байқау.

Тірек—схема бойынша сөйлем құрау. Сабақты бекіту.

— Бүгінгі сабақта не үйрендік?

— Дауысты дыбыстарды атаңдар.

— Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі неде? Бағалау, мадақтау.

8-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыс ерекшелігі.

Сабақтың мақсаты:

1. Дауыссыз дыбыс ерекшелігі туралы түсінік беру.

2. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін меңгерту. Сөйлеу тілін жетілдіру. Ой-өрісін дамыту.

3. Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыпты, таза, көркем жазуға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, еңбек құралдарынын суреттері, кима әріптер, тірек схема, суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды сабаққа дайындау. Гигиеналық талаптар кою.

II. Өткен сабақты бекіту.

III. Балалардың білімін жан-жақты тексеру:

Ағаш көрсе қышынар,

Сояу-сояу тісі бар.      (Ара)

Басы құрыш,

Сабы - шырыш. (Балға)

- Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Еңбек, ауыл еңбегі, дала енбегі, баланың өз басына көрсететін қызметі жайлы әнгімелесу, сұхбаттасу.

Баланың бақылаушылығын, зеректілігін, логикалық ойын байкау мақсатында:

- Пальтоңның түймесі үзіліп қалса ...

- Киім ілгіштің шегесі жұлынып кетті ...

- Шкафтың сөресін түсіріп алдың ...

- Бәтеңкеңнің бауы үзіліп қалды ...

IV. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

- Өздерің білетін дауысты дыбыстарды атаңдар.

- Жануарлардың "дыбысын" келтірейік ...

- Сиыр қайтеді?

- Есек қайтеді?

- Өз атын өзі шақыратын құсты білесіңдер ме?

- Көкек. ко-кек, кө-кек.. Соңғы (к) дыбысты созып айтып көрейікші

V. Жаңа сабақ:

- Балалар, дыбыстар кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.

Балаларға бір буынды сөздерді айткызу барысында, ережесінің

- Дауыссыз дыбыстар 26. Қане 26-ға шейін санап көрейікші. Көп екен ә? ...

Бірнеше дауыссыз дыбыстарды айтқызу: Т. ...ы; р. ...ы;        к. ...і; г. ...і.

VI. Сергіту сәті:

Бас бармақ — әкем,

Балаң үйрек - шешем,

Ортан терек - ағам,

Шылдыр шүмек - әпкем,

Кішкентай бөбек - мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз (бесеуміз).

VII. Жаңа материалды түсінуін, меңгеруін тексеру.

"Адасқан әріптер" ойыны.

VIII. Қорытынды бөлім:

- Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі қандай? Мысал келтір. Еңбек құралдарының суретін қалауы бойынша салу.

IX. Балаларды мақтау, ерекше қатысқан балаларды атап өту.

9-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Әріптер сыры.

Сабақтың мақсаты:

І. Балаларға дыбыстау арқылы әріптерді айтқыза отырып, әріптер сырын ұғындыру.

2. Балалардың ойлау ой-өрісін, тілін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Балаларды тазалыққаа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: әріптер дыбысталуына байланысты сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалардың сабаққа даярлығын тексеру. Сабаққа қажетті оқу-құрал жабдықтарын даярлату.

2. Сабаққа даярлық кезеңі.

Өткен сабақтағы танысқан материалдарды бекіту.

3. Негізгі бөлімі. Тук-тук...

- Балалар, бізге қонаққа біреу келіп тұр ғой деймін. Тыңдайықшы: тук-тук...

Есік ашылып, бір бала келеді.

Тәрбиеші: - Балалар, келген кім екенін сұрайықшы...

— Менің атым Дымбілмес. Мен сендерге қонаққа келу себебім, мені ойландырып, білмей жүрген сұрақтарым бар. Соларды сендерден сұрап білуге келдім.

Тәрбиеші: — Ал, ендеше балалар, біз Дымбілместің көрмейтін сұрақтарына жауап беріп көрейікші.

Дымбілмес: - Мына суретке ары қарап, бері қарап, баланың не істеп, не айтып тұрғанын түсінбедім.

Балалар: - Бұл суретте бала аузын ашып "А" дыбысын айтып тұр.

Дымбілмес: - "А" деп қайталап айтады. Иә, дұрыс айтады екенсіндер.

— Ал мына суретте ше?

Балалар: — Бұл суретте аузы сопақша келіп айтып түр, яғни "О" дыбысын айтып тұр.

Дымбілмес келесі суретте не болып тұрғанын сұрайды.

Балалар: — Суреттегі бала тонып; у-у-у деп түр.

Тәрбиеші: - Біз қай кезде жаурап, тоңамыз?

— Біз қыста, суықта жаурап тоңамыз.

— Келесі суретте бала барабан (дауылпаз) соғып тұр.

— Барабан (дауылпазды) көргендерін бар ма?

Әр суреттегі әрекетті балалар өздері қайталап көрсетуі арқылы өтеді.

Тәрбиеші "А, О, У, Д" дыбыстарының әріп таңбаларын көрсету арқылы түсіндіреді.

Дымбілмес: — Иә, бұл біз айтып жүретін дыбыстар екен ғой. Олардың әріп таңбасы осылар екен. Иә, мен енді түсіндім. Тағы да қонаққа келіп, білмеген нәрселерімді білуге бола ма?

— Иә, келіп тұрыңыз, күтеміз.

Дымбілмес балаларға рақмет айтып, қоштасып шығып кетеді.

Келесі сәтте сергіту жаттығуын жасату.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

5. Оқулықпен жұмыс жүргізу.

— Балалар, сендер отбасы, деген сөз мағынасын білесіндер ме?

— Өз отбасында неше адам бар?

Оқулықтағы суретпен жұмыс жүргізу.

  • Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

Әрқайсысын жеке-жеке атату.

—Суретте кімдер отыр?

— Олар не істеп отыр?

— Міне, осы адамдар барлығы бір үйдің адамдары, бұларды "отбасы" деп атайды. Балалардың бірнешеуінен өз отбасы мүшелерінде кімдер барын айтқызу.

6. Дәптермен жұмыс жүргізу.

Жазу дәптерлеріндегі суретті үзік сызықтарды бастыра жүргізу, жоддың аяғына дейін жазғызу.

7. Сурет арқылы тапсырма "Суретті қайтала".

10-сабақ

Сабақтың тақырыбы: А дыбысы және әрпі.

Сабақтың міндеті:

1. Балаларға өткен сабақты еске түсіре отырып, А дыбысымен таныстыру.

2. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту.

3. Балаларға "А" дыбысы бар сөз сөйлем, ойлап табуына назар аудара отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: А дыбысының баспа түрі, ребустар, текшелер.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

— Балалар, казір жылдың қай мезгілі?

— Қай ай?

— Аптаның қай күні?

—Балалар, біз сауат ашу сабағында өткен дыбыс туралы не білетіндерімізді еске түсіріп көрейікші.

— Дыбыс дегеніміз не?

— Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз?

— Ал әріп дегеніміз не?

— Әріп дегеніміз дыбыстарды таңбалау.

— Әріпті көреміз, жазамыз, оқи аламыз.

— Ал, балалар, мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.

 Жаңада бар, ескіде жоқ,

Танада бар, ешкіде жоқ. Жауабы: А.

— Мынау ненің суреті?

— Алма деген сөз қай дыбыстан басталып тұр?

— "А" дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?

— Неліктен дауысты?

— Ал осы алма сөзін қандай текшелермен жазуға болады?

"А" дыбысының баспа және жазба түрін көрсетіп таныстыру. "А дыбысын ауада жазып көрсету.

Қане, балалар, бәріміз бірігіп "А" дыбысын ауада жазып көрейікші "Кім жылдам?" ойынын ойнату.

— "А" дыбысынан келетін сөздерді маған кім жылдам, көбірек тауып айтады. Алма, ағаш, адам, ай, ақку. Өте жақсы, балалар. Осы тапқан сөздерінді буынға бөліп айтып көрейікші.

Шапалақ арқылы буынға бөлгізу.

— Балалар, "А" дыбысына байланысты кім тактіақ біледі? Мысалы міне мынадай.

Астанамыз Алматы,

Алатау асқақ аясы.

Алқабында атақты,

Ал қызыл апорт алмасы.

Екі, үш балаға тақпақ айтқызу.

Сергіту жаттығуын жасату.

Ептеп-ептеп бидай терейік

Тергенінді торғайларға берейік.

Тойған торғай томпаң-томпаң секірсін,

Ол да біздей үлкен болып жетілсін.

Шаршадың ба отыра ғой демінді ал

Енді менің әңгімеме құлақ сал.

— Ал, балалар, қазір дәптерлеріңді алып, үлгіге қарап сызықтарді қосып "А" әрпінің баспа түрін жазамыз.

Балалар түгел жазып болған соң, "А" дыбысын есте сақтау үшін, осы дыбыстан басталатын нәрселердің суреттерін көрсетіп, қай дыбыстап басталатынын өздеріне айтқызу.

Балаларға ребусты шешкізіп, онда шыққан сөздерді буынға бөлгізу. Қорытынды бөлім.

— Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

— "А" дыбысы қандай дыбыс екен?

— Осы "А" дыбысына байланысты тез-тез сөздер ойлап айтып жіберейік.

Балаларды мадақтап мақтай отырып, сабақты аяқтау.

11-сабақ

Сабақтың тақырыбы: А дыбысымен және әрпімен таныстыру.

Сабақтың мақсаты:

"Күн астындағы Күнекей қыз" ертегісі бойынша А дыбысымен және әрпімен таныстыру. "А" әрпін ауа арқылы жазып көрсету. Сөз ішіндегі дыбыстардың жуан, жіңішке, дауысты, дауыссыз болып бөлінетінін ұғындыру. Балаларға "А" дыбысы бар сөз, сөйлем ойлатып, оны ойын-жаттығулар арқылы бекіту.

Көрнекілігі: кеспе әріп, әріп таңбасы, суреттер, қаңбақ, қоржын, асықтар, тұмарша, ертегі кейіпкерлері.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші әуелі ертегіні оқып, мазмұнын айта бастайды. Сол кезде балалар домалап келе жатқан Қаңбақты көреді.

— О, керемет. Балалар, мынау не болды екен?

— Иә, иә, ұшарын жел біліп, қонарын сай біліп, сайран салып жүретін қаңбақтың көмегі кімге қажет болды екен? Кәне, маған әпере қойшы, көрейін. Балалар, міне ғажап, қаңбақ ішінде "хат" бар ғой. Хатты ашып оқиды. От тауының ар жағында Тасбол хандығында күн астындағы Күнекей қызды тас қапаста ұстап отыр. Жолдағы кездесетін барлық кедергілерден өткенде ғана Күнекей сұлу құтқарылады, хатты бізге "Ербатыр" жолдапты.

— Балалар, Ербатыр ағаларың көмек сұрап хат жазыпты, көмектесеміз бе?

Балалар: — Көмектесеміз.

— Ендеше "темір етік тебендей, темір таяқ теңгедей" болғанша жол жүруіміз керек.

— Сәлем, балалар, бәрекелді, бар болыңдар сендердің аяқ дыбыстарынды естіп жолдарынды тосып жүр едім.

— Балалар тыңдадыңдар ма бұл кім?

— Тыңшы ғой.

— Тыңшы аға, біз алыс сапарға шығып едік, бізге жол сілтемес пе екенсіз?

- Білем, балалар. Мен күні-түні тыңдап, сендерге жол сілтеуге жүр едім. Бірақ сендерді құралақан жібермеймін. Сендер өнерпаз боларсыңдар. Кәне, сол білімдерінді көзбен көрейін.

- Ал, балалар, Тыңшы ағаларыңа білімімізді көрсетелік. Мен сендерге бір жұмбақ айтайын, шешуін тауып көріндер.

Иілсең иіліп,

Түйілсең түйіліп

Қарайды кісіге

Ұқыпты ісіне. (айна)

- Шешуін дұрыс таптындар. Қане, енді бәріміз еркін отырып, осы сөзді қайталайық.

- Ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

- Дұрыс, енді осы "А" дыбысын аузымызды кеңірек ашып, қайталаймыз.

А-А-А.

- Қалай айтылады екен?

- Иә, А дыбысы дауысты дыбыс. Сондықтан оны қызыл текшемен белгілейміз.

- Ал, енді А дыбысынан басталатын сөздерге мысал келтіріндерші?

- Алдарындағы кеспе әріптерден сөз құрай қойындар.

Тыңшы: — Бәрекелді, менің білгіштеріме көп-көп рахмет. Енді сендерге жол сілтеп жіберейін. Оң жаққа барсаңдар "Зарлы хандығына" жолығасындар. Сол жақта — "Жыландар патшасы", "Бала хандығы". Тура жүрсендер "От тауы" бар. Оның ар жағында Тасбол хандығы бар.

- Бізге қай бағытта жүру керек?

- Тура жүреміз.

- Жолда келе жатып, бір көпірге тап болды.

- Мына көпірден өту үшін, мына бір тапсырманы орындап жіберейік.

Егер А-дан бастасаң,

Үлкен ақын атамыз.

А-ны алып тастасаң,

Мол дәулетке батамыз.

Б-ны алып тастаса,

Түнде жарық шашамыз.

Абай. Бай, ай.

- Өте жақсы.

- Бұл сөзде А дыбысы қай жерлерде кездеседі?

- Өтe жақсы. Міне, көпірлерден де өттік. Жолда Мыстан кемпір кездеседі.

Мыстан кемпір: — А-ха-ха-ха, тоқтаңдар. Менің рұқсатымсыз қайда барасындар? Мен сендерді жібермеймін.

- Әже, сабыр етіңіз. Бұл балалар күн астындағы Күнекей қызды құтқаруға барады.

— Әже, бізді жіберіңізші.

- "Әже"? Не дейді мына балалар, мені "әже" дей ме? Мені осы уақытқа дейін ешкім "әже" - деп көрмеп еді (жылайды).

— Әже, жыламаңыз.

- Әжелеріңнің көңілін көтеру үшін, ән айтып, би билеп берейік (сергіту сәті).

Мыстан алғыс айтып шығарып салады. Алдарынан Ербатыр шығады.

- Біздің балалар Қаңбақ ішінен табылған хатты оқып, көмекке шыққан еді.

Ербатыр: - Жол болсын! Бәрекелді, мен де қалындығымды құтқаруға шығып едім. Осы жерден мына қоржынды тауып алып, не істерімді білмей отырмын.

Балалар қоржынды алып, тәрбиешіге береді. Қоржында үш тұмарша бар екен. Әрқайсысында тапсырма бар.

1. Тұмарша:   Арықта бар,

Семізде жоқ.

Балықта бар,

Теңізде жок.

Бұл қай әріп? (А)

2. Тұмарша: Ай, ана, ат сөздеріне сөйлем құраңдар.

3. Тұмарша: Алма, сағат, айна сөздерін буынға бол. А дыбыстарын

тап.

Т: - Ал, енді А дыбысын ауада жазып көрейік. (А әрпін ауада жазу) Балалар үш тұмаршадағы тапсырмаларды орындайды. Ербатыр: — Енді, тура жүре берейік, "От тауы" да көрініп қалды. Балалар, мына кедергіден калай өтеміз? Ол үшін бүгінгі сабақты қорытындылап жіберейік.

— Қандай дыбыспен таныстық?

— А дыбысы қандай дыбыс?

Тәрбиеші: — Жарайсындар. Менің кішкентай батырларым. Міне, Тас қапасқа да аман-есен жеттік.

Осы кезде алдарынан Күнекей қыз шығады.

Күнекей қыз: — Балалар, міне сендердің батырлықтарың мен тапқырлыктарыңның арқасында мен тас қапастан босадым. Мен де бұл жерде қарап отырмай сендерге сыйлық дайындадым. Күнекей қыз балалардың мойнына тұмарша тағады. Ойлан тап, бұл қай әріп? Енді Жұмбақ жасырылады.

Күн нұрын шашқан асқардан,

Алатау алып тас қорған.

Бас қала аты — Астана.

Қай әріптен басталған? (А)

"Жаңа сөз ойла" ойыны ойнатылады, А дыбысынан басталатын сөздерді кім көп ойласа, сол жеңімпаз атанады.

12-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Т т дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау.

2. Жаңа Тт дыбысымен таныстыра отырып, сөздер, сөйлем құрауға және дұрыс буынға бөлуін қадағалау.

3. Қолдарын әдемі жазуға тәрбиелеу және қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: әліпби, кеспе әріп кассасы, суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Дөңгелек құрып кілемге отыру

ә) әліпби қайталау

б) жұмбақ жасыру:

Өзі айлакер, өзі бір қу,

Жүрген жері айғай да шу. /түлкі/

II. Қайталау.

1. Кеспе әріптен өткен дыбыстарды тауып, текшеге тізу.

а) ас — осы буынға "т" дыбысын қосу арқылы сөз құрату "тас".

ә) өлшем құру.

2. Сергіту минуті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі.

3. Суретпен жұмыс:

— Ненің суреті? Не байқадыңдар?

— Тау.

— "Тау" сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?

Тт — дауыссыз дыбыс. Сондықтан әліпби көк түспен белгіленеді.

а) Кеспе әріптен "т" дыбысын тауып, өткен дыбыстарды қосу арқылы буын, сөз құрғызу. -та; -то; -ту; -ти.

ә) тай, тас, тос, тон т. б.

4. Ойын: "Т" дыбысын тап.

АӘБИТШЗТНКД

5. Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:

а) Т әрпін ayада жазу.

ә) Т әрпін қолымен үстінен бастыру.

б) Т әрпін жаздыру.

6. Торсықпен жұмыс.

а) "Тор-сық" буынға бөлгізу.

ә) Дыбысын тапқызу.

б) Торсықтың қасиетімен таныстыру.

7. Торғайдың суретін көрсету:

Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып-ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

а) Торғайдың суреті арқылы қасиетін түсіндіру.

ә) Торғай қалай ұшады?

б) Қанатын қалай сермейді?

в) Сергіту сәтімен жалғастыру.

8. Сабақты қорыту:

Т дыбысы бар сөздер ойлап келу.

9. Мадақтау, бағалау.

13-сабақ

Сабақтың тақырыбы: П п дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты:

1. Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау кабілетін арттыру.

2. П п дыбысымен таныстыру, өз бетінше сөз, сөйлем қарастыруын қадағалау.

3. Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: көрнекілік ойын.

Сабақтың көрнекілігі: парта, піл суреттері. кеспе әріптер, буындар, текшелер, әріп элементі.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

I. Әріп элементтерін тарату.

II. Қайталау.

1. П п әрпімен таныстыру

2. Пп дыбысы бар сөздерді буынға бөліп оқытқызу (хормен) -па, -пе, -пу, -по, -пы.

3. Пілдің суретін көрсете отырып, піл туралы білетіндерін әңгімелету. Піл туралы таныстыру.

4. Жұмбақ жасыру.

Қалың киімді ұнатады.

Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

5. Тақпақ оқып беріп, "п" дыбысын тапқызу

Пайдалы деп.

Пияз жеп.

Парлады жас көзімнен

"Піссінші" біраз деп.

Пысылдадым төзіммен.

III. Сабақты бекіту.

1. Піл, парта суреттерін көрсетіп сипаттау, "п" дыбысын тапқызу текшеге жазу.

2. Жазу.

а) Қолды жазуға даярлау.

б) Сергіту сәті.

в) Ауада жазу.

г) Баспа және жазба түрімен таныстыру,

3. П п дыбысы — дауыссыз дыбыс.

4. Дыбыс және әріп дегеніміз не? /сұрау/

5. Дәптерге "П п" әрпін бір жолакқа тізу.

IV. Қорыту.

1. "Парта, піл" сөзін қатыстырып сөйдем құрау, буынға бөлгізу.

2. Өз ойларынан "п" дыбысын қатыстырып, сөз құрастыру "Сөзойла, тез ойла" ойыны.

V. Хормен. - па - по - пу - пе

VI. Мадақтау.

14-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Н н дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты:

1. Н дыбысын сөз құрамына бөліп алу, Н дыбысын дұрыс дыбыстау, Н әрпін таныту.

2. Оқушылардың ұшқыр ойлау қабілетін дамыту.

3. Оқушыларды мейірімділікке, имандылықка тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, бекіту, жұмбақ ырым сөздер.

Көрнекілік: Әліппе, сурет, кеспе әріптер, қима буындар: ла, ну, на, нау.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, бүгін біздің сабаққа Алдар көсе мен Тазша бала қонаққа келіп отыр. Алдар көсе сендерге бірнеше тапсырма ала келіпті. Егер сол тапсырманы дұрыс орындасаңдар, жаңа әріппен танысасындар.

I тапсырма. Бұл ненің суреті? (аттың)

- Бұл сөз буынға бөліне ме?

II тапсырма. Ала сөзін буынға бөл, дыбыстық талдау жаса.

III тапсырма. Ата сөзіне дыбыстық талдау жаса.

IV. Жаңа сабақ

- Балалар, сендер Алдар көсенің тапсырмасын өте жақсы орында-дындар. Енді атамыз бізге қандай жаңа әріп алып келді екен, соны тамашалайық.

(Бір оқушы шығып, атаның қолындағы конвертті алып ашады. Ішінен тек нанның ғана суреті шығады).

- Балалар, біз ненің суретін көріп тұрмыз? (нанның)

-Ендеше "Нан" деп бірнеше рет қайталайық

Бірінші кандай дыбыс құлағымызға естіліп тұр? (Н).

- Сонда өтетін жаңа дыбысымыз қайсы екен? (Н).

Оқулықтағы "Нан" суреті бойынша әңгіме құрастырып, нанның пайдасы айтылып, обал, сауап деген сөздерге түсінік беріледі. Тыйым сөздер:

1) Нанды бір қолмен үзбе!

2) Нан уағын тастама!

Жұмбақ:

Өзі үлкен жануар,

Үстінде бір тауы бар. (Нар)

- Бірінші тұрған қандай дыбыс?

Кірш-кірш етеді,

Ішіне кіріп кетеді. (Ине)

- Н дыбысы қай жерде тұр?

Н дыбысына дыбыстық талдау жасап, оның дауыссыз екенін анықтау. Қима әріптерден "Нан", "нар" т.б. сөздер құрату.

V. Бекіту.

1. "Нан құдіреті" ертегісін магнитофоннан тыңдау.

2. Сергіту сәті. (Өлең шумағын жаттау).

Нан уағын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

3. А-на, нан сөздерін салыстыра оқыту арқылы буынға бөлгізу, нан сөзінін буынға бөлінбейтінін түсіндіру.

Жұмбақ.

1) Жезге ұқсас сабағы,

Дәні —халықтамағы. (Бидай)

2) Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас. (Нан)

VI. Қорыту.

- Қандай дыбыспен таныстық?

- Н дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

- Қандай ертегімен таныстық? - Сонымен, балалар, үйде, мейлі көпшілік арасында болсын нан қоқымын көргенде басуға болмайды екен. Осыны өздеріңнің іні-қарындастарына да үйретулерің керек екен.

VII. Үйге тапсырма.  Нанның, бидайдың суретін салып келу.

15-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра отырып, дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Балалардың F дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Буын құрату, жұмбақшешу, жаңылтпаш айту, ребус шешу арқылы игерген білімдерін бекіту.

Көрнекілік ретінде кеспе әріп, әріп таңбасы, суреттер, текшелер, ребустар пайдаланылады.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктемде кандай өзгерістер байқадыңдар?

- Ағаштардан қандай өзгерістер байқадыңдар?

- Құстар жайлы не байқадыңдар?

- Сендер көктемнің өзгерісін жақсы біледі екенсіндер. Енді көктем айларын кім атап береді?

- Наурыз, сәуір, мамыр.

- Бүгін қай күн екенін еске түсірейік.

- Балалар, сауат ашу сабағын мынандай жұмбақ, шешуден бастайық.

Жұмбақ

Көп әріп ішінде,

— Шалғы пішінде.

Тап, мұны түсін де.

(Ғ әрпі)

- Балалар ғ дыбысын айтып көрейік.

- Ғ қандай дыбыс ?

- Неліктен дауыссыз?

- Қандай текшемен белгілейміз?

- Ғ дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады?

- Қане кім "балға" сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді? (Бір бала тақтаға балға сөзін жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында отырып дауыстап айтады шапалақ ұру арқылы буынға ажыратады).

- Енді, Ғ дыбысына байланысты жаңылтпаш үйренейік.

Жаңылтпаш:    

Ағабай ағасын,

Ағатай ағасың!

Аға деп бағалар,

Ағаның бағасын.

(Хормен. топтап айтып үйретіледі.)

Сергіту сәті:   Солға, солға түзу тұр.

Оңға, оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Сендер орындарынды қарап жүргенде мен бір жұмбақ тауып алдым.

Жұмбақ: Жоқ өзінде бас та,

Қас та мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(Сызғыш)

Сызғыш сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

- Екінші буын қай дыбыстан басталады?

- Дыбысты біз айттық, естідік, енді Ғ дыбысынын таңбасымен танысайық. (Баспа және жазба түрі көрсетіледі).

- Ғ әрпін ауада жазып  көрсетелік (балалар бірге ілесіп жазады).

- Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап үзік сызықтарды қосып, F әрпін жазамыз.

Сергіту сәті:

Біз жаздық біз жаздық.

Қолымыз шаршады.

Ақырын демалып (қол соғамыз)

Қайтадан жазамыз.

Дәптерге жазып болған соң ойын ойнаймыз. "Ғарышқа үшу" ойыны.

Ойынның шарты: Балаларға қағаздан сәндеп жасалынған ракета үлгісі көрсетіледі де кім ғарышқа ұшқысы келсе, мұндағы тапсырмаларды дұрыс орындау керектіп ескертіледі. Бір-бірден ала отырып, өткен әріптерге жұмбақ жаңылтпаш, санамақтар айтады. Ойын мақсаты балалардың білімге құштарлығын арттырып, өткен әріптерді есте сақтауға дағдыландырады.

Ребус шешу: Ж + аға (аға бейнесін салу)= Жаға

Шешуі: (сандық, жаға, таға)

Ойын: "Сөйлемді толықтыру"

1. Өзімнен үлкен бауырым........(аға)

2. Қыз құлағындағы әшекей...... (сырға)

3. Атам ат.........(тағалады)

"Орамал тастамақ" ойыны, ойын кезінде өтіткен әріптер бойынша басқа дыбысты айтып, балаға орамал лақтырады. Бала сөз ойлап, қайта тәрбиешіге лақтыру керек. (б, а, л, ғ, а дыбыстары айтылады.) Осы дыбыстардан сөз құрап, тақтаға кеспе әріптер арқылы жаздырады. "Балға, аға, алға".

Қорыту:

- Қандай дыбыспен таныстық?

— Қандай сөздөрде F дыбысы бар екен?

16 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Р р дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Өткен әріптерді еске түсіре отырып,   ойлау қабілетін арттыру.

2. Рр дыбысымен таныстыру, өз бетінше сөз, сөйлем құрастыруын қадағалау.

3. Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: көрнекілік, ойын.

Сабақтың  көрнекілігі: шар, ара cype'nepi, кесне әріптер, буындар, текшелер, әріп элементі, иттің суреті.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1- Әріп элементтерін тарату.

II. Қайталау.

1. Р р әрпімен таныстыру.

2. Р р дыбысы бар сөздерді буынға бөліп оқытқызу /хормен/: -pa   -ре   -ру  -ро

3. Иттің суретін көрсете отырып, оған ат қойғызу, сипаттау, қалай дауыс шығаратынын сұрау.

Жұмбақ жасыру:

Басында өткен саннын,

Бірінші жаттап алдым.

/Бір/

5. Тақпақ оқып беріп, "р" дыбысын табу.

Ретін сен де білесің

Көліктің қайсысын таңдайсың

Автобусқа мінгесін

Айтқызбай билет алғайсың.

III. Сабақты бекіту:

1. Шар, ара суретін көрсетіп, сипаттау "р" дыбысын тапқызу, текшеге жазу.

2. Жазу.

а) Жазуға қолды даярлау.

б) Сергіту сәті "Балақан".

в) Ауада жазу.

г) Баспа және жазба түрімен таныстыру

3. Р р дыбысы — дауыссыз дыбыс

4. Дыбыс және әріп дегеніміз не? /сұрау/

5. Дәптерге "Р р" дыбысын бір жолаққа тізу.

IV. Қорыту:

1. "Шар, ара" сөзін катыстырып, сөйлем құру. /Буынға бөлгізу/

2. Өз ойларынан "р" дыбысын қатыстырып сөз құрастыру. "Тап-қышбек" ойыны.

V. Хормен: -ра -ро -ру буынын айтқызу.

VI. Мадақтау.

17-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Л л дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Л дыбысы туралы ұғым беру.

2. Окушылардың тілдерін, ойын дамыту.

3. Мал төлдерін сүйе білуге, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, сөздік.

Көрнекілік: Суреттер, қима әріптер мен буындар.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, бүгін бізге қонаққа "Балдырған" келіпті, ол бізге біp жаңа әріпті өзімен бірге ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай әріп әкелгенін "айтпаймын" дейді, ол әріпті табу үшін біз мынандай бір тапсырманы орындауымыз керек.

I тапсырма.

Конвертке салынған сурет.

- Мынау не? (Лақ )

- Лақ қай малдың төлі, қалай дыбыстайды? Сендердің ата-әжелерің мал баға ма?

- Сөзде неше дыбыс бар?

- Лақ сөзін буынға бөліп көрейік?

- Неше буын бар?

- Сөздің басында қандай дыбысты естіп отырсыңдар? (Хормен айтқызу.)

- Л қандай дыбыс?

- Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?

II тапсырма.

- Суретке қарап дыбыстық талдау жаса. (Піл, телефон Суреттері көрсетіледі).

III тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы үзік сызықтарды қос.

- Балалар, енді "Балдырған" демалып сендердің білімдеріңді көрсем дейді.

Сергіту сәті.

Лақ

Жалт-жұлт етіп лақ,

Жағалайсың бұлақ.

Секірем деп бірақ

Қала көрме құлап.

Ойын. Кім тез ойлайды?

Л дыбысына қатысты сөздер ойлап, буынға бөлу, сөйлем құрату. Осы айтқан сөздерінен Л дыбысы қай дыбыстан бұрын не соң тұрғанын анықтату.

IV. Қорыту.

Қима әріптерден а-ла, ал, ол сөздерін құрату, осы сөздермен сөйлем құрап айтқызу. Сөйлемдердің схемасын сызып көрсету.

V. Үйге тапсырма.

Л дыбысы мен әрпі бар заттардың суретін салып келу.

18-сабақ

Сабақтың тақырыбы: У у әріп және дыбысы

Мақсаты: 1. У әрпін таныстыру, У әрпі бар сөзді оқуға, жазуға үйрету.

2. Сөздік қорларын дамытып, көркем жазуға баулу.

3. Достыққа, еңбекті суюге, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: кеспе әріптер, буындар, суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Оқушылардың оку-құралдарын түгендеу.

2) Зейіндерін сабаққа аудару.

II. Өткен сабақты пысықтау:

— Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

— Лас, лақ, бала, тал (буынға бөле отырып Л-дыбысын анықтау, кеспе әріптермен жазу).

Осы сөздермен сөйлем құрау.

III. Сергіту сәті:

IV. Жаңа сабақ:

— Мына суреттерден не көріп тұрмыз?

— Тау, ту, уық, науа, ау, су.

Бәрінің атауында қандай дыбыс кездеседі?

— Ендеше, бүгін біз у дыбысымен танысамыз.

— Кане, бәріміз айтайық - у

У — әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.

У — әрпі қандай затқа ұқсайды?

У — әрпін ауада жазу.

Кеспе әріптермен у дыбысы бар сөздерді тақтаға жазу.

А-уа, ay, тау, на-уа.

Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Тордағы әріптерден сөз құрау.

У дыбысын орны□, т □ лар.

— Балалар, ендеше у дыбысына байланысты мынадай өлең жаттайық:

Уық деген немене,

Уыз жегің келе ме?

Уыс-уыс уаққа,

Ақшаны уат.

V. Сабақты қорытындылау.

"Кім жылдам" ойыны.

1) Допты біріне-бірі лақтыра отырып, у дыбысы бар сөзді айтады.

2) Көзді жұма отырып, у дыбысын кім жаза алады?

3) Тіл ұстарту. Жаңылтпаш, өлең жаттау.

4) Ермексаздан у дыбысын жасау.

VI. Оқушыны бағалау. Ауызша бағалап, сабақты аяқтау.

19 сабақ

Сабақгың тақырыбы: Ш дыбысы және әріп таңбасы

Сабақтың мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту.

Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. "Ш" дыбысы және оның ерін таңбасымен таныстыру. Балалардың "ш" дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысында аталған мақсаттарға жету үшін кеспе әріптер, текшелер, көрнекілік ретінде пайдаланады.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: — Балалар, қазір жылдың қай  мезгілі?

— Қай ай?

— Аптаның қай күні?

Балалар біз сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық?

— Алдымен дыбыс дегеніміз не? Соған тоқталайық.

— Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

 Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

— Балалар, кім "ш" дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді.

Тәрбиеші жұмбақ жасырады, жауабын шештіреді.

Мысалы:

Зулап түсіп төменге,

Шыға алмас менсіз бегенге.

(Шана)

Шана сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Шана сөзін айтып көріңдерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

"Ш" әрпімен танысқан соң ш дыбысының баспа және жазба түрін көрсетеді.

— "Ш" дыбысын ауада жазып көрейікші. Алдымен мен жазайын, содан сендер ауада жазып қайталайсыңдар.

— Балалар, дәптермен жұмыс жасар алдында бой сергітіп алайық.

Отырып-ақ орнында,

Айдын көлді кешемін.

Сен білмесең егерде,

Былай ескек есейін.

— Өте жақсы, қазір дәптерімізді ашып, үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ш әрпінің баспа түрін жазамыз.

"Сөз ойла, тез ойла" ойыны.

Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір-бірден беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнін ойыншықтарының саны артық болса, сол бала ұтады. Мысалы: шана, шар, шие, машина, ағаш, шымшық.

Осы сөздерге сөйлем құрап әңгімелету қажет. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, оны балалардың өздері де салып, қай дыбыстан басталатынын қайталау.

— Ал дауыссыз дыбыстар ше?

— Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды?

— Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

— Ал дауыссыз дыбыстар ше?

— Ал, біз әріптерді көреміз бе?

— Өте дұрыс өткен сабақтарды жақсы меңгерген екенсіндер. Балалар, енді әріптер туралы жұмбақтар айтамын, оны сендер шешесіңдер.

Тікен-тікен тік пісте

Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

"Шырша" деген сөз қай  дыбыстан басталады? "Ш" дыбысы дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па?

Неліктен дауыссыз, қане, бәріміз айтамыз. Ал енді "ш" дыбысына кім тез сөздер тауып айтады?

— Қане, кім "шана" сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап айтады.

"Шана" сөзінде қанша буын бар? Шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.

Сондай-ақ әріптер бойынша "Дүкен" ойыны кезінде балаларға әріп таратылып беріледі. Олар сол әріпке байланысты затты тәрбиеші сатушыдан сатып алады. Сонынан балалар тақта алдында әріптерді тауып, текшелеп "шана", "шырша", "шар", "шие", "машина" сөздерін жазады.

— Балалар, бізде бүгін қандай сабақ болды?

— Қандай әріппен таныстық?

Сабақты тағы бір рет қайталап сұрап пысықтаған соң қорытындылауға болады.

20-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Й дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1. Й дыбысы мен әрпін таныстыру. Й дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.

2. Тіл ұстарту мақсатында й дыбысына сөз құрау, буын ішінде бекіту.

3. Балалардың ой-өрістерін дамыту, сөздік қорын молайту, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Кеспе әріптер, суреттер.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері: сөздік, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

— Балалар, біз өткен сабақта қай әріппен таныстық?

— Қане, кім айтады, и қандай дыбыс?

— Балалар, мен қазір сендерге бір жұмбақ жасырайын. Кім жылдам шешеді екен?

Ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді.

— И әрпіне өлең жолдарымен түсініктеме беру арқылы бастау.

"Й" әрпі.

Бұл й-дың сөз басында,

Болмайды көп керегі.

Йог пен йодтың расында,

Алдында тек келеді.

Соңында ол айдың да,

Соңында ол тайдың да.

Тұрады ол ортада

"Айбын" менен "Айдында".

— Балалар, сонымен бүгін біз қандай дыбыспен танысады екенбіз?

И қандай дыбыс?

Тіл ұстарту: И дыбысына сөз құрай отыра, буын ішінде бекіту. Мысалы: ой-на, ой-ла, Сай-ран, Ай-ман, ой-лан.

Сергіту сәті.

Тәрбиеші: — Балалар, сендер біраз жүмыс жасадыңдар. Енді ребус шешіп көрейікші.

Тәрбиеші тапсырмасы бойынша үстел үстіндегі әртүрлі суреттерге қарап, тақтаға шыккан бала й дыбысының қай  жерде тұрғанын анықтайды. Егер жаңылысса, жұмбақ не тақпақ айтады. Ойын: "Кім көп сөз ойлайды?"

(Жеңімпаздарды, яғни көп сөз ойлаған баланы, жалауша беру арқылы анықтау).

— Ал; балалар, қазір дәптерлерінді ашып, үлгіге қарап сызықтарды қосып, "Й" әрпінің баспа түрін жазамыз.

Балалар түгел жазып болған соң, "й" дыбысын есте сақтау үшін, осы дыбыстан басталатын нәрселердің суреттерін көрсетіп қай дыбыстан басталатынын өздеріне айтқызу.

Қорытынды бөлім:

— Балалар, бүгін біз қай дыбыспен таныстық?

— И дыбысы келетін сөздерді секіріп көрсету арқылы буынға бөлгізу: Ай-дын, ай-на, ай-ла, Ай-ша.

— Ойын ойнайық.

Тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар зейін қойып тыңдап отырады. Егер тәрбиеші сөзі түсінікті болса, тыныш отырады, егер сөз түсініксіз, не буын құраса, бәрі қол шапалақтауы керек.

Мысалы: ай, айран, йод, ша, ту, лай, шай, aп.

Caбaққa жақсы қатысқан балаларды мадақтап өту.

Үйге тапсырма: й дыбысы келетін создерге сурет салып келу.

21-сабақ

Сабақтың тақырыбы: О дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. О әрпімен окушыларды таныстыру. Құрамында О дыбысы бар сөздерді талдау; О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын - әрпін таныту, О дыбысы бар сөз, сойлем ойлату.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

3. Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, жұмбақ, қайталау.

Көрнекілік: Әліппе, мазмүнды сурет, қима әріптер, сызба — кесте.

Сабақтың түрі:

Саяхат Сабақ.

Сабақтың барысы:

I. Жаңа сабақ.

- Балалар, бүгін біз "Әріптер бағына" саяхатқа шығамыз.

- "Әріптер бағына" қандай көлікпен барсақ екен?

- Ал, балалар, ол бақка мен "Білім" көлігімен баргым келіп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсындар ма?

- Онда қарап отырмайық.

- Ал, балалар, ойнайық.

Ойнайық та ойлайық-

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық.

1. "Оюда" бармын,

"Допта" бармын.

"Түнде" жоқпын.

Мен сонда қандай дыбыспын? (О)

"О" дыбысын үш рет хормен қайталап айтқызу.

Осы дыбыспен сөздер ойлау (Ою, орындық, доп)

- "О" қандай дыбыс? (дауысты)

- Ол сөздің қай буындарында кездеседі?

- Кім осы дыбыспен мысал келтіреді?

(Балалардың мысалдарын тындау).

Сергіту сәті.

Оң қолымда — бес саусақ,

Сол қолымда — бес саусақ

Алақанды ашамыз,

Бесті беске қосамыз.

Кел, санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы?

Оң қолымда — бес саусақ,

Сол қолымда — бес саусақ

Жасырып ем бесеуін,

Қалды мұнда нешеуі?

Бесеу екен қалдығы,

Нешеу еді барлығы. (он)

- О дыбысы кездесетін сөздер бар ма? (дыбыстық талдау жасау).

- Балалар, алдымыздан қасқыр шықты. Ол біздің қайда баратынымызды сұрады. Жауапты орындауға оқулықтағы үзік сызықтарды қосуымыз керек (Балалар орындайды).

- Одан әрі жүріп келе жатқанда алдымыздан түлкі кездесті.

- Егер оқулықтын осы бетіндегі "Ою" сөзімен үлгі бойынша сөйлем құрасаңдар, бақты өзім көрсетіп беремін, - деді ол қулана (Тапсырма орындалады).

— Баққа жақындағанда қарауылдың арпылдап иті шықты. Ол буындарды толықтырып оқып беруді бүйырды. (Балалар жарыса окиды).

Ойын. "Күн мен түн". "Білім" көлігімен баққа келеді. Олар:

— Балалар қалай оқи алады екен, көрейік, - деп мына сөздерді оқуға берді. (ойна, ою, орындық т.б.).

Балалар сөздерді оқып, олармен сөйлем құрайды. Енді оларға балалар басқа да өнерлерін көрсетпек болды.

1) "Қошақан" әні.

2) "Қамажай" биі.

3) Тақпақ жұмбактар айтылып ішінен "О" дыбысы табылып, сөздер буынға бөлінді. "О" әрпін келтіре отырып "Отан" тақырыбы төңірегінде әңгімелесу. Балалар Отанын сүйетіндігін айтты. Оны мына өлең шумағымен пысықтай түсті.

Отанды әркім анасындай,

Қастерлейді, қолдайды,

Өйткені Отан батасындай,

Бізді асырап қорғайды.

Отан деген — атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан —ана,

Отан — пана,

Қазақстан — туған ел.

— Сонымен, әріптер бағымен қош айтысып, саяхаттан аман-есен өз мекенімізге оралдык.

II. Қорыту.

Алдар көсе сыныпка келеді. Оның қоржынында бір тапсырмасы бар. Ол балалардың сабақты қаншалықты меңгергендерін білу үшін "О" әрпімен сөздер құрастырғызды. (Балалар сөздер, сөйлем құрастырды).

— Енді, балалар, Алдар көсе өз ауылына аттанады. Ол сендерге Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін мына сыйлықтарды тапсырады. (Оқушыларға оюлар беру).

III. Үйге тапсырма. "Отан" тақырыбына сурет салып келу.

22-сабақ

Сабақгың тақырыбы: Қ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1) Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, баталардың сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету.

2) Сөйлем ойлап, табуына назар аударып, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

3) Сюжетті ойын арқылы балатарды ата-бабамыздан кейінгі ұрпаққаа мирас еткен асыл мұрасын бағалап, қастерлеуге, түсінуге үйрету.

Қолданылатын әдістер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын арқылы.

Сабақтың көрнекілігі: Сандық торсық, жастық, қоржын, тоқылған ши, кеспе әріптері, киіз үй суреті, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

- Мына суреттен нені көріп тұрмыз?

- Оны неден жасайды?

Балалар, мына сырмақ қандай оюлармен әшекейленген?

Сендер білесіндер ме, сырмақты, тоқылған шидің арасына қойдың жүнін салып, киіз басып, оның бетіне неше түрлі ою-өрнектерді пайдалана отырып жасайды.

Балалар, қазақтың ою-өрнегімен, сырмақпен таныстық.

Ал бүгінгі сабағымызда Қ дауыссыз дыбысымен танысамыз.

- Дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

- Ал біз әріптерді көреміз бе?

- Өте дұрыс, енді әріптер туралы жұмбақ жасырамын, сендер шешіндер:

Әжемнің колында шыр айнатар,

Шыр айналса, өзіне шыр байланар.

- Бұл жұмбақтың шешімі не туралы?

- Қ дыбысы "ұршық" сөзінде қай жерде орналасқан?

- Қ дыбысы дауысты дыбыс па, жоқ әлде дауыссыз дыбыс па?

Тәрбиеші: — Неліктен дауыссыз?

Кәне бәріміз қайталап айтайық. Қарақат, ұршық сөздерін тақтаға текшелер арқылы жазады, қалған баталар орындарында дауыстап айтады.

- "Ұршық" сөзінде неше буын бар? Балалар шапалақ арқылы екі буынға бөледі.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып жүгірді,-деген таклак арқылы қоян болып жаттығулар жасау.

- Бойымыз сергіп қалды, ал енді "Ойлан-тап" ойынын ойнайық.

—Ал, қане, кім айтады, менің қолымдағы ыдыстың атын білесіндер

ме?

- Тостаған.

- Бұл қандай ою түрімен әшекейленген?

Ал мына бұйымды атап өтіндерші. (Сандық торсық).

- Өзіміз ұйықтарда жамылатын көрпені, жастанатын жастықты неден жасайды екен?

Баланың "эвристикалык" қабілетін арттыру үшін тәрбиеші сөзжұмбақ ұсынады.

Сандық

Жастық

Қасық

Сюжетті ойын "Аукцион".

Салтанат деген фирмадан,

Қаламкас жүр жан сала.

Қазақтың киімдерін, бұйымдарын

Танытамын деп баршаға.

Қаламқас: - Балалар, мына дайындаған көрмелеріңе

Қарағанда қазақтың ұлттық бұйымдарын, киімдерін жақсы білетін сияқтысындар.

Қаламқас:

Сараптандар білімді,

Алмай тағы тынбандар.

Жасырамын бес жұмбақ

Шешуін жаңылмай табындар.

1. Кіруге адам батпайды,

Аман-есен сақтайды.

Балалар жауабы: (Сандық)

2. Бала көтерген қаңбақты,

Батыр лақтыра алмапты.

Балалар жауабы: (Мамық)

3. Әсемделіп істелген,

Көздің жауын алады.

Жата кетсең үстіне,

Ұйқын келіп қалады.

Балалар жауабы: (Көрпе)

4. Арқауы бір қос қалта,

Ажыраса алмайды,

Атам қайда жол тартса

Қанжығадан қалмайды.

Балалар жауабы: (Қоржын)

5. Сұлу-сұлу құнаным

Сылдырлаған жүгенім.

Аяз күнде мінбеген,

Аяғы жерге тимеген.

Балалар жауабы: (Сәукеле)

- Бүгінгі ойынға қатысушы балаларға өз өнерлерін көрсеткендері үшін және белсенділіктері үшін Қаламқастың сыйлығы да бар.

23-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Д дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, Д дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару.

Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ пен ребус шешу, жаңылтпаш айту т.б.)

Дамыту ойындарын пайдаланып еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар ретінде кеспе әріп, әріп таңбасы, текшелер, суреттер, домбыра, доп пайдаланылады.

Сұрақ-жауап, түсіндіру әдістері қолданылады. Балаларды ұйымдастыру сәті.

— Балалар, сәлемдесу туралы мақал-мәтелді еске түсірейікші. "Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергеннен".

- Ал, ендеше, жылы шыраймен сәлемдесіп, бір-бірімізге жылуымызды берейік.

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға Жұмбақбай атай мен Білмеспек қонаққа келіп отыр. Қане, қонақтармен амандасайық.

1. Балалар бір-бірімен қол беріп амандасады.

2. Аталар мен ер балалар "Ассалаумағалейкүм" деп он қолын кеудесіне қойып, басын иіп барып амандасады.

3. Қыздың үлкендермен сәлемдесуі:

— Сәлеметсіз бе, ата? Есенсіз бе?- деп кеудесіне қолын қойып ізет ету.

Қыз балалар мен ұл балалар өз салты бойынша амандасады.

— Балалар, Жұмбақбай атай мынандай біз білмейтін суретті тірек сызба алып келіпті.

- Білмеспек, мына сурет ненің суреті?

— Білмеймін.

Суреттерді ататып болған сон, қандай дыбыстан басталып тұрғанын тапқызу.

Д дыбысы. Д дыбысын ортаға кою.

Д дыбысынын баспа және жазба түрімен таныстыру.

- Қандай белгімен белгілейміз, дауысты ма дауыссыз ба?

- Қане, кеспе әріптердің арасынан Д дыбысын тауып көрсетейік.

Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып алайық.

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық,

Солға-солға түзу тұр.

Оңға-оңға түзу тұр,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бойымызға күш жинап,

Бір дем алайық

- Қане, орнымызға отырып, Жұмбақбай атай жұмбақ жасырады соны шешейік.

Сол аяқ пен оң аяқ

Кезек оны тебеді.

Ол тынымсыз домалап

Зыр жүгіре береді. (Доп)

Бір түймелі, екі желілі,

Күйдің көрігі, әннің көлігі. (Домбыра)

Лақтырдым да әуелеп

Қағып алдым "оп" деп.

Жерге соқтым, секең қақты

Атаймыз оны "не" деп? (Доп)

Жұмбақбай атайдың бізге әкелген сөзжүмбағын бірігіп шешелік. Сөзжұмбақ.

Тігінен: Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы.

Көлдененінен: 1. Сол аяқ пен оң аяқ, кезек оны тебеді. 2. Басты бұратын. 3. Сан басы. 4. Тамақ құятын. 5. Бал таситын. 6. Қарт.

Мына суреттегі сөздердің алғашқы дыбыстарынан сөз құра.

- Енді сабағымызда Білмеспектің білімін сынайық.

- Д дыбысына байланысты сөздер ата.

- Білмеймін

- Балалар, Білмеспекке өзіміз көмектеселік.

- Доп, домбыра, дәптер, дән, адам, долана.

1. Осы сөздерді текшемен көрсет.

2. Шапалақтай отырып буынға бөл.

3. Осы сөздерді беретін мағынасын ашу, түсіндіру.

Доп - жел толтырылған, резеңке, ойыншық.

Домбыра - күй ойнайтын аспап.

Дәптер - оқу құралының бірі, жазу жазамыз.

Дала - жазық жер, алаңқай.

Дән - дәнді дақылдардың біреуі.

Долана — жидектің аты.

Адам - жеке тұлға.

Сергіту сәті.

Ал, қанеки ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Байлап қойып көзінді,

Қоршап тұрмыз айната.

Атынды атап шақырған,

Арамызда қай бала?

 - Орнымызға отырып бүгінгі сабақта қандай дыбыс өткенімізді еске түсірейік.

-  Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-  Д дыбысы қандай дыбыс, қалай белгіленеді?

 Білмеспекпен бірге Жұмбақбай атайдың соңғы жаңылтпашын жаттай отырып, бүгінгі сабағымызды аяктаймыз.

Доста — сән

Достасамын

Достас жаным

Досқа мәлім.

Білмесекте бізден көп үлгі, жақсы қасиеттер алды. Рақмет, саған Білмеспек. Біздің балалармен бірге болсақ, бұдан да көп нәрсе үйренесің.

24-сабақ

Сабақтың тақырыбы: М дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. М дыбысын сөз ішінен бөліп айта білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. Баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

2. Дұрыс оқуға тәселдіру.

3. Достыққаа тәрбиелеу.

Әдісі: Әңгімелеу, көрнекілік, бекіту.

Көрнекілік: Әліппе, суреттер, қима әріптер мен буындар, сызбалар.

Сабақтың түрі:

Ойын сабақ.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сабақтың "Ойлап, ойна" ойынымен бастау.

Тәрбиеші: - Мақпал мата сатып алды. Мынау мата дүкені. Ондағы сөздерден өтілетін әріпті атату. Әр сөйлемді жеке айткызу арқылы құрамындағы сөйлемлердің санын анықтату. М дыбысынын дауыссыз екенін байқату. таңбасын көрсету, дұрыс дыбысталуына жаттықтыру.

2. Оқулықпен жұмыс.

а) Суреттеп атаулардың әрқайсысын шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.

ә) Осы сөздермен бірнеше сөйлем құрату (мысық, бағдаршам, машина, алмұрт)

б) М дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында кездесетінін анықтау.

в) Үзік сызықтарды қосып, буындап оқыту.

г) Әр қатарға құрамында М дыбысы бар сөздер ойлату (дыбыстық, буындық талдау жасату).

Тез әрі дұрыс айтқандарын мадақтау.

г) Тақтаға екі оқушы шығарып, мата, алма сөздерін қима әріптерден құрату, алма сөзін қатыстырып сөйлем ойлату. Балалардың айтқан сөйлемдерінің сызбасын тақтаға сызып көрсету.

Мысалы: "Алма пісті" деген сөйлемде алма сөзі қай сызыққа, пісті сөзі қай сызыққа тән екенін сұрап, сөйлемдерді жазғанда бірінші сөзі бас әріптен басталып әр сөз бөлек жазылатынын, соңына нүкте қойылатынын естеріне салу.

Алма сөзін буынға бөліп бірінші буынның алдыңғы дыбысы дауысты, екіншісі дауыссыз дыбыс екеніне көңіл аударту. Буын құрамы әртүрлі (ашық, тұйық, буынды) сөздерді оқи білуге жаттықтыру.

II. Қорыту.

- Сонымен, балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?

- М дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз?

- М дыбысы қандай дыбыс?

25-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Б дыбысымен танысу сюжетті сурет бойынша әнгіме құрату арқылы, балалардың ойлау қабілетін дамыту,сөздік қорларын молайту.

2. Б дыбысына сөздер айтып талдау жасап үйрету.

3. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс: Түсіндіру, сұрақ-жауап ойын арқылы.

Сабақтың көрнекілігі: Кішкене балға, балта, балық, бүркіт, бұғы, бұзау,

балапан, бақа, саңырауқұлақ, кеспе әліппе, текшелер.

Ұйымдастыру бөлімі:

- Балалар, бізде қазір қай ай?

- Бұл жылдың қай мезгілінің айы?

- Дұрыс айтасыңдар, көктемнің мамыр айы екен.

- Аптаның қай күні?

Осы кезде столға секіріп бақа шыға келді.

- Мынау не екен балалар?

- Бақа бізге неге келді екен, мен сұрап көрейінші. (Құлағын тосқан болады.)

- Балалар, бақа бізге қонаққа келіпті, сендермен бірге

Сабаққа қатысып ойнамақшы екен.

Балалардан бақаның қимылын жасауын және өзі тураты ән айтып беруді сұрайды.

- Қане, онда ән айтып берейік. Әнімізді еске түсірейік.

— Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

 Темір тел пек көп киіп,

Басым содан жалпақ.

— Бақа, бақа, балпақ,

Бұтың неге талпақ?

— Су бетінде көп жүзіп,

Бұтым содан талпақ

— Өте жақсы айттындар, балалар, таныс емес қай  дыбыс?

— Дұрыс. Б дыбысы екен.

— Біз сабақ басталғанда аптанын қай  күні дедік?

— Бұл сөзде қай  дыбыстан басталып тұр?

— Тамаша дұрыс таптындар.

Балаларға бірнеше сурет көрсетіп ондағы заттардың атын атату.

— Балалар, мынау ненің суреті?

— Балтаның суреті.

— Мұнымен не істейді?

Балға, күрек, кетпен, тырманың қызметімен таныстырып, олардың ортақ аттары құрал-саймандар екені түсіндіріледі. Осылайша басқа да суреттер көрсетіп, аттарын ататқызады.

— Осы сөздердің барлығында Б дыбысы қай  жерде тұр?

— Шалбар деген сөзде Б дыбысы бар ма?

— Өте дұрыс. Бұл сөзде ортасында естіліп жүр екен.

— Ал, енді осы Б дыбысын айналаларыңа қарап, дауыстап айтып көрейікші, не байқадыңдар?

Балалар Б дыбысын айналаларына қарап айтқан кезде, еріндерінің бір-біріне тиетінін, жүйісетінін айтты.

Жаңа дыбысты айнаға қарап дыбыстатып айтқызу, дыбысты дұрыс ажыратуына, ерін мен езу қимылдарына байланысты дыбыстарды оның айта білуіне үйретеді.

— Ал, енді осы дыбысты созып айтып көрейікші, созып айтуға келе ме екен?

— Жоқ, Б дыбысын созып айтуға келмейді. Б дыбысын созып айтсак, Ы дыбысы қосылып кетеді.

— Олай болса Б дыбысы қандай дыбыс екен? Дауысты ма, әлде дауыссыз дыбыс па?

— Дауысты дыбыстар қалай айтылады екен?

— Дұрыс екен балалар, ал біз дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз?

Балалар түгелдей көк текшені көтереді.

— Ал дауысты дыбысты ше? Түгелдей қызыл текшелерін көтереді.

— Ал, қане енді кім көп сөз біледі екен, бәріміз ойланып осы Б дыбысынан басталатын сөз ойлайық.

— Балық, балапан, балдырған, бақа, балға, бұғы, бұзау т.б.

— Жақсы, өте көп сөздер біледі екеңсіндер. Енді осы сөздерді буынға бөліп көрейікші.

— Балға деген сөзді буынға бөлейік, кане, шынтақтарынды парта үстіне тіреп, саусақтарынды айқастырындар да, айқастырылған саусақтарынды иектеріңнің астына қойып, бәріміз бірге буынға бөлейік, - деп тәрбиеші бірге айта отырып, буынға бөлдіреді:

Бал -   ға

- Иектеріңе саусақтарың неше рет тиді?

- Олай болса балға сөзінде неше буын бар екен?

- Б дыбысы қай  буында тұр?

- "Шал-бар" сөзін де тұра осылай буынға бөлейік. Шал - бар

- Неше рет иектерің саусақтарыңа тиді?

- Б дыбысы қай  буында тұр екен?

- Олай болса Б дыбысы сөздің басында, ортасында да, аяғында кездеседі екен.

- Міне, балалар, біз бүгін сендермен жаңа дыбыспен, яғни Б дауыссыз дыбысымен таныстыңдар.

- Міне, мынау Б дыбысының әрпі. (Кеспе әріптен Б бас әрпі мен кіші әрпі көрсетіледі.)

- Ал ол былай жазылады екен (Тақтаға жазып көрсетіледі).

- Мен қазір осы әріпті ауада жазамын содан кейін сендер жазасыңдар (Ауада екі-үш рет жазып көрсетіледі)

- Ал енді сендер жазындар, үзік сызықтар арқылы жазылады екен. Бір жол жаздырып, қолдарын демалту үшін, сергіту жаттығуы жасалады.

— Бала-бала, балақан

Қане қайсы алакан?

Саусақтарың әйбәт,

Былай-былай ойнат.

- Енді, балалар, "Б" дыбысына әр кім бір сөз ойласында соны текшелеріңмен алдыларында жазындар және оны әрқайсысың оқып шығасыңдар.

Кім жылдам орындаса сол бала тақтада да көрсетеді. Алғашқы орындаған төрт балаға жаздыру. Бота, арба, балға, саба.

Дауыссыз дыбыс көк текше, дауысты дыбыс қызыл текше.

- Өте дұрыс жақсы жазып көрсеттіңдер.

- Енді айналаларыңа қарандаршы, "Б" дыбысынан басталатын қандай заттар бар?

Бесік, бор, бақа, балық т.б.

- Тамаша жақсы, енді біздің арамызда "Б" дыбысынан басталатын балалардың аттарын атандаршы.

- Сендер тамаша ойлап таптыңдар. Енді мен жұмбақ жасырайын сендер тауып көріндерші:

Бірнеше рет ауада қайталаймыз.

Табада бар,

Танада жоқ.

Сабада бар,

Санада жоқ.

— Ол "Б" дыбысы.

— Дұрыс айтасыңдар, ал енді осы жұмбақты бәріміз қай талап айтайық. (екі-үш рет айтқызу)

(Сюжет сурет көрсету. Саңырауқұлақты паналаған балапандар)

— Мына суретке қарайықшы, балалар.

— Мұнда не бар екен?

— Саңырауқұлақ қандай?

— Ал, мұнда ше?

— Үлкен болып өсіп кетіпті. Астына балапандар жаңбырдан тығылып паналап тұр.

— Ал енді осы суретке қарап, сөйлем құрайықшы.

1) Жаңбыр жауып, саңырауқұлақ үлкен болып өсті.

2) Балапандар саңырауқұлақ астын паналап тұр.

Осы сөйлемдер бірнеше балаға қай талатып айтқыздырылады.

— Енді осы суретке қарап біз де ойнап көрейік.

Біреуміз саңырауқұлақ болайық, қалғанымыз балапандармыз. (Өзім бір рет көрсетем). Саңырауқұлақ кішкентай болды деп отырамын «жаңбыр жауды" деген сөзден кейін саңырауқұлақ өсіп кетеді. Ол кезде орнымнан тұрамын. Ал балапандар сол кезде жүгіріп келіп саңырауқұлақтың астына жиналады. (Ойынды бір-екі рет өздеріне ойнатам).

Сабақ осы "Балапан" сөзі арқылы қорытындыланады.

— Балалар балапан сөзінде бірінші қай  дыбысты естіп тұрсыңдар?

— Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

— "Б" дыбысы қандай дыбыс?

— Оны біз қандай текшемен белгілейміз? Көтеріндерші түгел. Суреттерді көрсете отырып, '"Екінші буыным қайла?" ойынымен сабақ қорытындыланады.

Бұзаудың суретін көрсетіп бұ дейді, балалар -зау дейді. Бүркіттің суретін көрсетіп бүр дейді, балалар - кіт дейді. Сол сияқты: шал, -бар.

26-сабақ

Сабақтың тақырыбы: С дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Өткен дыбысты қайталата отырып, есте сақтау қабілетін арттыру.

2. Жаңа С дыбысымен таныстыру, сөз, сөйлем құруға дағдыландыру.

3. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, баспа әріп жазуға жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп кассасы, түрлі-түсті суреттер. "жұмбақтар" кітапшасы, С дыбысының баспа және жазба түрі, алфавит.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Шеңбер құрып балаларды тұрғызу арқылы /мұғалім/ тәрбиешімен, балалардың бір-бірімен сәлемдесуін дағдыландыру.

2. Сергіту сәті: "Сұр қоян"

II. Қайталау:

1. Өткен Аа дыбысын қай талау а/ дыбыстың айтылуын тексеру в/ қандай дыбыс екенін ажырату.

2. Сөз: ай, аю, ара, aпa т. б.

3. Сөйлем: Ай туды. Ара ұшты т.б.

4. Буынға шапалақтау арқылы бөлгізу: а-ра, а-на т.б.

III. Жаңа сабақ:

1. Алфавиттен Аа және Сс дыбысын табу.

2. Кеспе әріптен осы әріптерді тапқыза отырып, текшеге буын құрастыру.

а/ -ас, -са, -ее, -ис, т.б.

ә/ буындардан сөз, сөйлем құрастыру:

тас, кес, сан, т.б.

3. Ойын: "Мен айтайыншы!" Ауаға кез-келген әріпті жазады. Балалар сол әріпті тауып, тәрбиешінің құлағына ақырын келіп айтады.

4. С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру.

а) С дыбысы айтылған кезде тілдін ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады (хормен дауысты төмен және жоғары көтеріп айту). ә) С дыбысы дауыссыз дыбыс.

5. "Көкөністер жинау" ойынын ойнату арқылы жұмбақ жасыру:

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығымен суырып,

Әкелді әжем бір күні. /сәбіз/

Сәбіз — сезін буынға бөлгізу арқылы с дыбысы қай буында тұрғанын тапқызу.

6. Сергіту сәті:

Бір, екі, үш

Қолға қалам аламыз

С дыбысын жазамыз.

7. Дәптермен жұмыс:

Бір жолға әдемі, сауатты жазу: С С С С т.с.с

8. Сабақты бекіту:

Сақинаны, салғызды,

Сарымсақты, сәбізді.

Бастап тұрған қай  әріп?—

Сапсыз орақ тәрізді.  /С/

9. Мадақтау.

27-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ы дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Жаңа Ы дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; Ы дыбысы бар сөздер айтып, талдау; сөйлем, сөз туралы ұғымдарын кеңейту.  

2.Оқушылардың ойлауын, тілін дамыту.

3.Тазалыққа, еңбекке баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әліппе, текшелер, сюжетті суреттер, үлестірмелі суреттер.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға оқу құралдарын алғызып, сабаққа дайындалту.

II. Өткен дыбыстарды қайталау.

"Кім білгіш?" ойыны арқылы өтілген дыбыстарды қайталау.

Ойын шарты: Мен дауысты дыбысты атасам, екі қолдарынды жоғары көтеріп шапалақтайсыңдар, ал дауыссыз дыбысты атасам, еңкейіп тізелерінді шапалақтайсыңдар.

III. Жаңа сабақ.

Сюжетті суретке қарап әңгіме құрау.

Бұл — ас бөлмесі. Айжан үстелдің үстін жинады. Ол шыны, қасық, тәрелкелер жуды.

- Балалар, енді шыны, қасық, тәрелке, шайнектерді бір сөзбен қалай айтуға болады.

-Сөздің басында қандай дыбыс естіледі?

Міне, мынау — әріп таңбасы, - деп үлкен, кіші ы әрпін көрсетіледі.

-Айтылуына қарай қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?

- Жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма?

-Демек, ы дыбысы — жуан дауысты дыбыс. Ыдыс сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Ы дыбысы қызыл текшемен, д дыбысын көк, ы дыбысын қызыл, с дауыссыз дыбысын көк текшемен белгіленеді.

Алдарындағы текшелерге қарап, осы сөзде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар екенін кім айтады?

-Ыдыс сөзі неше буыннан тұрады?

Кеспе әріппен ыдыс сөзін буынға бөліп жазып okmtv

Ы-ДЫС  

V. Сергіту сәті

Теңселеді ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай бөбектер

Үп-үлкен боп өседі.

VI. Үлестірмелі суреттермен жұмыс жүргізу. Оқушыларға балық қайық, мысық, қайшы суреттері таратылады.

Оқушы әр суреттегі заттың атын атап, сөйлем құрастыруы керек. Тақтаға схема бойынша жазғызылады. Балық суда жүзіп жүр. Мысық мияулады. Айнұр домбыра тартты. Әжемде қайшы бар. Сұрақтар қою.

-Әр сөйлемде неше сөз бар?

VII. Қол жаттықтыру жұмысы.

1. Ауада жазу.

2. Дәптерге жазу Ы ы, ыс, ы-дыс

VIII. Қорыту.

"Сөз ойла, тез ойла" ойынын ойнату.

Оқушылардың отыруларына қарай екі командаға белу. Ы дыбысына қай команда көп сөз ойласа, сол команда жеңеді.

IX. Оқушыларға берілген жұлдызша, төртбұрыш арқылы жауаптарын бағалау, марапаттау.

28-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ж дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ, ребус (суретті жұмбақ) шешу т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Ойыншықтар, суреттер, кеспе әріптер, әр түрлі текшелер.

Сабақтың барысы:

- Балалар, бүгін ауа райы қандай?

- Ауа таза екенін қайдан білдіңдер?

- Өте жақсы, балалар. Ал енді аптаның қай күні?

- Ендеше жұма күнді қандай күн деуші едік?

- Көніл-күйіміз қалай?

- Ендеше, балалар, осы жақсы көңіл-күйімізбен сабағымызды бастайық.

- Балалар, біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстық.

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Қандай болып екіге бөлінеді?

- Олай болса мен бұрын танысқан дыбыстарды көрсетіп, айтамын. Егер мен көрсетіп атаған дыбыс дауысты дыбыс болса қызыл текшелерінді, дауыссыз дыбыс болса көк текшелерінді көтеріңдер.

-Ал, мен бүгін сабақты "Кім тапқыр?" деген ойынмен бастаймын. Дыбыстарды жеке-жеке атаймын, сендер текшемен белгілейсіңдер.

Текшелерін көтеріп белгілеу арқылы қанша дыбыс таңбасымен танысқандарын атап өтеді. Оның ішінде дауысты, дауыссыздарын ажыратады.

- Өте жақсы, балалар. Енді біз "Алма жинау" ойынын ойнайық. (Үлкен алма ағаштың суреті, жемісімен)

- Мына алма ағашында, алмалар пісіп түр екен. Әр алманың артында дыбыс таңбасы (әріп) жазылған, дыбысты атап, сол дыбысқа байланысты сөз құрап, мына үлкен себетке саламыз.

Аталған сөздерге буындық талдау жасатып отыру.

Жаңа сабақ.

Ойын: "Ойлан тап" ойыны арқылы жұмбақ, ребус шештіру.

- Ал, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақтар.

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)

Ішіне тамақ, салынған,

Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа)

Ребус (суретті жұмбақ)

Шешуі: Жапалақ.

- Осы біз шешіп тапқан сөздер, қай  дыбыстан басталып айтылып тұр? Қане, қайталап айтып, байқап көрелікші.

Ж дыбысының   айтылу артикуляциясын түсіндіру, ұғындыру. Бұдан кейін "Кім жылдам?" ойыны арқылы тақтаға ілінген суреттегі заттардын атауларын атату. Буынға бөлу. Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетінін балаға өздеріне байқатып атату, аңғарту. Суреттер: Жылқы, жапалақ, жұлдыз, көжек, морж.

- Енді, балалар, осы сөздеріңе текшелеріңмен дыбыстық талдау жасап жіберелік. Неше дауысты, неше дауыссыз екенін ажыратып анықтаңдаршы.

- Өте жақсы, балалар. Енді қолымызды шапалақтап осы сөздерді буынға бөліп жіберелік.

- Жақсы буынға да бөліп тастадық. Осы зеректігімізді дәлелдеу үшін "Біз зерекпіз" ойынын ойнайық. Мен сендерге алдымен дыбыстарды, сонан соң буынды, сөзді атаймын. Солардын ішінен Ж дыбысы бар дыбыс буын, сөз кездескенде қолдарынды шапалақтайсыңдар.

Мысалы: 1. П, б, с, ж; л, ж, қ, ә, т.б. (дыбыс)

2. на, са, жа, ла, за, жу, т.б. (буын)

3. таға, саға, жата, алға, жылға (сөз)

- Қай дыбысты атадық? (бүгінгі өтіп жатқан)

- Ендеше Ж дыбысы. Мынау сол дыбыстың таңбасы - Жж әрпі. Көрсетіліп, тақтаға ілінеді. Ж дауыссыз дыбыс екенін тағы да қайталап, анықтау. Баспа түрін, жазба түрін салыстырып көрсету.

- Қане,   балалар, енді осы әріпті ауаға әдемі етіп жазайық. Олармен бірге жазып көрсету. Дәптерлеріне үлгі бойынша жаздыру.

Сергіту сәті:

Toп-топ етіп басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса жарқын күн,

Жаса-жаса алтын күн.

Тәрбиеші: — Мен сендерге тақпақ оқып берейін.

Жау-жау жаңбыр, жау жаңбыр!

Жауған жаңбыр, жауған нұр.

Жердің шаңы басылсын,

Гүлдің қауызы ашылсын.

Еккен егін көктесін,

Бізге нанды көп берсін!

Жау, жау,

Гүлденсін бау! (Ж.Смаков)

  • Балалар, Ж дыбысы бар сөздерді атандаршы.
  • Жақсы, енді оздерің Ж дыбысын қатыстырып сөз ойлаңдаршы. (Ж дыбысынан басталатын).
  • Жүзім, жүзік, жылан, жираф, т.б.

"Менін көжегім" тақырыбы бойынша тақтаға сурет салу. Салған суретке сөйлем құрау, талдау. "Көжек сәбізді жақсы жейді". (көреді) Ж дыбысы бар сөздерді атату.

Стол үстіндегі ойын: әртүрлі ойыншылар алдын-ала ақ матамен жабылып қойылады.

- Ал, балалар, мына матаны ашамын, астынан бірнеше ойыншықтар көресіндер. Сол ойыншықтардың ішінен Ж дыбысынан басталатын ойыншықтарды тауып атын атап, буынға бөлесіңдер. (Жылқы, жолбарыс, жылан, жүзік)

- Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?

- Ж дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

- Өте жақсы, балалар. Олай болса, "Жау, жау жаңбыр" әнін айтып жіберейікші.

Бәрі қосылып айтылған осы әнмен сабақ аяқталып, балалар сыртқа демалуға шығады.

29-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ұ әрпімен таныстыру.

Сабақтың міндеті:

а) Ұұ әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.

ә) Жеке сөздерді окуға және тез оқуға дағдыландыру.

б) Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалықка тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер, буындар.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Өткен сабақты пысықтау.

III. Жаңа сабақ.

- Кәне, балалар, жұмбақ шешейік!

Кеше жіптей,

Бүгін күптей. (Ұршық)

Шыр айналып биші қыз,

Билеп-билеп алады.

Өз бұрымын беліне,

Орап түсіп барады. (Ұршық)

Тапсырмаларды орындау.

Суреттерге қарап дыбыстық талдау жаса.

Ұлу, ұя, бұғы, ұршық.

Тордағы әріптерден сөз құра.

Үзік сызықтарды қос. Буындап оқы.

Ұ                Ұ

Жаңылтпаш жаттайық!

Тұз - мұздай

Мұз - тұздай.

Талап - тұлпар

Білім - сұңқар

IV. Қорытынды.

Сұрақ-жауап әдісімен:

1) Дыбыс дегеніміз не?

2) Әріп деп нені айтамыз?

3) Бүгін қай  әріппен таныстық?

4) Ол дыбыс қалай айтылады?

5) Сол әріпті қатыстырып сөздер ойла.

V. Бағалау.

Тал басында — тамаша ұй. (Ұя)

- Ұшқыш, ұя, ұршық сөздерінде ең бірінші қандай дыбыс естідіндер?

- Ұұ дыбысын қатыстырып сөздер ойлайды. Ұұ дыбысын ауада жазып көру.

Тақтамен жұмыс.

Ұұ дыбысының әріп элементтері.

Ұұ баспа түрі.

Ұұ жазба түрі.

Сергіту сәті.

"Ұшты-ұшты" ойынын ойнау. Ойын шартын, мазмұнын, міндетін түгел түсіндіру.

Ұшты-ұшты (ұшады)

Ұшты, ұшты,

Торғай ұшты (ұшпайды) т.б. Ойын шартын бұзғандар өлең айтады.

30-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ң дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Құрамында Н, Ң дыбыстары бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуге, Ң дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға үйрету.

2. Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздерді дұрыс оқуға баулу.

3. Табиғатты, жабайы андарды қорғауға тәрбиелеу. Олар табиғаттың бір бөлігі екенін түсіндіру.

Әдісі: Сұрақ-жауап.

Көрнекілік: Суреттер, қима әріптер мен буындар.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы.

I. Жаңа сабақ.

- Балалар, бүгін біз "Орманда" деген тақырып бойынша жұмыс жасаймыз.

Орманда нелер мекендейді? (қасқыр, аю, түлкі, қоян т.б.).

- Оларды бір сөзбен не деп атаймыз?

- Енді, балалар, "аң" сөзімен сөйлем құрап көрейікші.

- Ал, "Орманда" деген тақырыпқа кім шағын ертегі құрап береді?

- Ормандағы жануарларды неге "аң" деп атайды.

Аң сөзін буынға бөлу, дыбыстарды ретімен ата, Ң дыбысының қай дыбыстан сон тұрғанын сұрау, оның дауыссыз екенін түсіндіру.

- Ң дыбысы қай дыбысқа ұқсайды? Н мен Ң дыбыстарын жеке-жеке дыбыстату арқылы, айтылуына көңіл аударту. Бір қатарға н, екіншісіне ң дыбысы бар сөздерді ойлап айтуды тапсыру. Ол сөздердегі н, ң дыбыстарын салыстыра отырып талдау жасау, бұлар қандай дыбыс екенін айтқызу, н-ның ң әрпінен айырмашылығы барын түсіндіру, аң сөзін құрату.

Сергіту сәті. Суреттегі аңдардың қимылын келтіру.

II. Бекіту. Оқулықпен жұмыс.

Оқулықта бейнелеген суретпен жұмыс: аттарын атату, буынға бөлу, сөйлем құрау. Жұмбақ.

1) Қос арғымақ мінемін,

Жолсызбен-ақ жүремін. (Шаңғы)

- Шаңғы сөзімен кім сөйлем құрайды?

2) Оқушылар кірерде, үзіліске шығарда белгі беретін қандай құрал? (қоңырау).

- Шаңғы, қоңырау сөздерін қима әріптерінен құратып, буынға бөлдіріп талдату, буын санын анықтау, үлгісін салдыру.

Жаңылтпаш айтқызып, оны жаттату.

Шапсаң шапшаң,

Бұрқырайды ақ шаң. ң дыбысы бар сөздерді дұрыс айтқызу.

III. Қорыту.

- Бүгінгі танысқан дыбыс қандай дыбыс?

- ң дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

- Қандай тақырып бойынша жұмыс жасадық?

- Орманда нелер мекендейді?

- Аң сөзімен кім сөйлем құрап береді?

IV. Үйге тапсырма.   Оқулықтағы үзік сызықтарды қосу.

31-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімін бекіту.

2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, ребустар шешу). Дамыту ойындарын ойната отырып игерген білімдерін бекіту.

3. Е дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың Е дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Сабақ барысында аталған мақсаттарға жету үшін кеспе әріптер, текшелер, ребустар, кроссворд, көрнекілік ретінде пайдаланады.

Сабақ барысы:

- Балалар, қазір жылдың қай  мезгілі?

- Қай ай?

- Аптаның қай  күні?

- Балалар, біз сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық?

- Біз, алдымен дыбыс дегеніміз не соған тоқталайық.

- Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыстар қалай аталады?

- Ал, дауыссыз дыбыстар ше?

- Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды? Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

- Ал, дауыссыз дыбыстар ше ?

- Ал, біз әріптерді көреміз бе? Бірнеше сауалдарға балалар жауап береді.

- Өте дұрыс. Өткен сабақтарды жақсы меңгерген екенсіңдер. Балалар, енді әріптер туралы жұмбақтар айтамын, оны сендер шешіңдер.

Егер мен К-ден бастасам,

Тісі жоқтың бірімін.

К-ні алып тастасам,

Аяқ киімнің бірімін. (Кетік-етік)

Етік деген сөз қай  дыбыстан басталады?

- Е дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па ?

- Неліктен дауысты, қане, бәріміз айтайық.

- Ал енді Е дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады?

- Қане, кім еден сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді? (Бір бала тақтаға еден сөзін жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап отырады).

- Еден сөзінде қанша буын бар? Шапалақ ұру арқылы буынға бөл. Енді, балалар, кім Е дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді.

Тәрбиеші жұмбақ жасырады, жауабы, мысалы: (елік) осы сөзге дыбыстық талдау жасайды.

- Елік деген сөзді еркін отырып айтып көріңдер. Ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

(Е әрпімен танысқан соң Е дыбысының басқа және жазба түрі көрсетіледі).

- Е дыбысын ауада жазып көрейікші. Алдымен мен жазайын, содан кейін сендер ауада жазып қайталайсыңдар.

- Балалар, дәптерге жұмыс жасар алдында бой сергітіп алайық. "Ұзын құлақ сұр қоян" тақпағын айтып, бәрі бой сергітеді.

Өте жақсы, казір дәптерлерінді ашып, үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, Е әрпінің баспа түрін жазамыз. Балалар түгел болған соң ойын ойнаймыз.

"Балықшы" ойыны. Ойыннын шарты: балалар аквариумнен магниттік кубиктерді қармақпен аулап алады да, кубиктегі қандай әріп, қандай дыбыс екенін тауып, сол әріпке сөйлем құрап әңгімелеу қажет. Мақсаты: Алған білімдерін тиянақтау. Ойынға түгел қамти отырып, қызығушылығын арттыруға көңіл болу. Одан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, оны балалардың өздері де салып, қай дыбыстан басталатынын қайталау.

Ребус шешу: Ай + гүл= Айгүл

тас + бақа= тасбақа т.б.

Кроссворд: тігінен: ер бала есімі.

Көлденеңінен: 1. Үй жануары

2. Аяқ киім

Ойын: "Сөйлемді жалғастыру".

1. Әжем ауылдан............

2. Мен қызықты ертегі........

3. Орманда бұлбұл...........

Сондай-ақ әріптер бойынша "Дүкен" ойыны кезінде балаларға әріп таратылып беріледі, олар сол әріпке байланысты затты тәрбиеші сатушыдан сатып алады. Соңынан балалар тақта алдында әріптерді тауып текшемен "кесе", "күрек", "бел", "ел", "ерін" сөздерін жазады.

- Балалар, бізде бүгін қандай сабақ болды?

- Қандай әріппен таныстық?

- Қане, Е дыбысына тез-тез сөз айтып жіберіңдерші. Сабақты тағы бір рет қай талап сұрап пысықтаған соң қорытындылауға болады.

32-сабақ

Сабақтың тақырыбы: К дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. К дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.

2. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды К дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету.

3. Таза қазақ тілінде сөйлеуге, байланыстырып сөйлеуге түзу отыруға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктері: к дыбысынын баспа түрі, текшелер, кеспе әріптер.

Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, қазір қай  мезгіл?

- Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Тәрбиеші жұмбақ шештіре отырып, бүгін қандай дыбыстың өтілгендігін бірінші дыбысынан балаларға аңғартады. Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Өз атын өзі шақырады.

Сөйтіп күнді батырады. (Көкек)

- Көкек деген сөзде бірінші қандай дыбыс?

- Кім К дыбысына байланысты адам аттарын атайды?

- Енді осы адам аттарында К дыбысы қай  жерде тұрғанын талдайық.

- К дыбысының айтылу ерекшелігіне тоқталады. "К". Түсіндіру. К дыбысы - дауыссыз дыбыс, дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленеді.

Жана үйретілген К дыбысынан сурет арқылы өлең жолын жаттату:

К әрпі

Көркем ғой

Көктебе деп,

Ұшып жүр кептер, көбелек.

Жайнатып тұр маңайды,

Күн нұры көктен себелеп.

- Ал енді, балалар, мен сендерге к әрпі бар сергіту өлеңін үйретейін.

Дыбыстан қашып,

Қаққан безек.

Қорқақ жасық.  Бұл не? (Көжек)

Осы өлеңді балаларға қимыл арқылы 2-3 рет жаттата отырып орындату.

— Балалар, барлығың жаттығуды жақсы жасадыңдар. Енді қызық ойын ойнайық.

Балаларды 3 топқа бөледі. Тақтаға А, О, Б, В, Г, F, Д, Е, Е, Ж әріптерінің үлгісін іліп кою.

Сол үлгіні тәрбиеші өзі көрсетіп тұрады. 3 топтың балалары сол көрсетілген дыбыстың дауысты не дауыссыз екенін тез ажыратып айтулары керек.

Егер шатасса, келесі топ балалары жауап беріп, ұпай санын жинайды. Тіл ұстарту:

Кекілік-ау, кекілік,

Кетіп қалма секіріп.

Көңіл-күй әуенімен "к" дыбысын буын ішінде айыру жаттығуы: Ка-ка, ко-ко, ку-ку, кэ-кэ, ки-ки, ке-ке.

Қол жаттықтыру дәптеріне "к" дыбысының жаттығу жұмысын орындату.

Сөйлем құрату. Тақырыбы: " Көк".

Көкен ауылда тұрады.

Ауылдың қасында қол бар.

Көлдің суы мөлдір, таза.

Еркебұлан,

Назкен көлге шомылып,

Еркебұлан балық аулады.

Қорытындылау.

Ойын: "Қай дыбысты дыбыстадым"? деп сыбырлау арқылы "к" дыбысының айтылу, есту арқылы жеткізуге үйрету "к" дыбысына жұмбақ жасыру арқылы "к" дыбысын бекіту. Жұмбактар шешкізу:

  1. Жұп-жұмыр жоны бар,

Инеден тоны бар,

Түйреген, түрпі...

Бұл не? (Кірпі)

2. Ақ сандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды.     (Күн)

— Кірпі, күн сөзінде неше дыбыс бар, бірінші қай  дыбыс естіледі? "к" дыбысы қай  жерде келіп тұр?

— Қалай естіледі? - деп балалардан жауап ала отырып, сабақты қорыту. Үйге тапсырма: Көжектің суретін салып келу.

33-сабақ

Сабақтың тақырыбы: I дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. I дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; сөзге дыбыстық талдау жасату; оқуға, жазуға жаттықтыру 2. оқушылардың сөздік қорын, тілін дамыту. 3. Өз ана тілін елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әліппе, суретті үлгі бойынша кітаптың ішіктің, түлкінің, ілгіштің суреті, текшелер.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа даярлығын тексеру.

II. Өткен сабақты қайталау.

1. Өтілген дыбыстарды кеспе әліппеден тапқызу.

2. Қала, жан, ана, ата т.б. сөздерді кеспе әріптермен жазғызып, буынға бөлгізу.

III. Жаңа сабақ.

Кеспе әріптен і әрпін көрсете отырып, өлең шумағын оқу. Жалғыз таяқ боп тұр, Төбесінде доп тұр. Бұл не?

Бұл і дыбысы деп, әріп таңбаларын көрсету. Айтылу артикуляциясына мән беру.

- I дыбысы жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма?

- Дұрыс. Айтылуына қарай қандай дыбыс дейміз?

- Көрдіңдер ме, дауысты дыбыс екі түрлі айтылады екен. Айталық ы дыбысы жуан дауысты, і десек жінішке дауыспен айтамыз.

Сондықтан да дауысты дыбыстар жуан, жіңішке болып екіге бөлінеді. Мысалы: ы-і, ү-ү, а-ә, о-ө.

IV. Сергіту сәті

Жел соқты гу-гу

Жаңбыр жауды тырс-тырс.

Жаңбыр басталды.

Күн ашылды.

V. Сурет бойынша жұмыс.

Тақтаға кітап, ілгіш, ішік, түлкі суреттері ілінеді. Сөйлем құрастыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Мысалы: ілгіш       і-дауысты дыбыс, қызыл.

л-дауыссыз дыбыс, көк

г-дауыссыз дыбыс, көк

і-дауысты дыбыс, кызыл

ш-дауыссыз

дыбыс, көк - текшемен белгілейміз.

  • Қане, бәріміз хормен оқиық ілгіш

Енді сөзді буынға бөліп оқиық. іл-гіш.

VI.  Өз бетінше жұмыс жүргізу

-  Кеспе әліпелеріңе тіл, кітап сөзін жазыңдар. Оқушыларға аз ана тілінің қадір қасиеті, кітап жайлы түсінік беру.

VII.  Мақалмен таныстырып, бірін жаттатқызу.

Кітап - білім бұлағы.

VIII.  Жазу жұмысы.

І-нің үлкен, кіші әрпін жаздыру. Ін, тіл, тіс сөздерін жазғызу.

IX.  Сергіту сәті

Кі-кі-кі - бұлаңдайды түлкі.

X.  Оқулықпен жұмыс.

XI.  "Әріп тастамақ" ойыны

Ойынның шарты: 7-8 балаға бір-бірден әріп таңбасын таратады. Оқушы өз қолындағы әрпіне сай сөз ойлап табады айтады.

XII.  Үйге тапсырма:

1.  Дәптердегі жазуды аяқтау.

2.  Тіл. кітап туралы мақал-мәтел жаттау.

XIII.  Бағалау.

34-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

 Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету.

2.  Ә дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

3.  Ұғымталдыққа тәрбиелеу. Үлкендерге құрмет көрсетуге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пайдаланылған әдістер: Сұрақ-жауап; ой қозғау; ой толғау; логикалық ойын дамыту, бақылау: мәнерлеп оқу қаблетін дамыту; ән айту; көрсету; таныстыру; серуен; проблемалық сәт тудыру.

Ұйымдастырылуы: Серуенде ұлттық заттарды ұстатып  көрсету, заттардың атын атату.

Сабақтың көрнекілігі: Әже (суреті), бесік. сырмақ, текемет, көрпе жастық, әлди (қуыршақ);   әріптер (касса),   әтеш (суреті); әке (суреті); суреттер, "әукешім". сөзжұмбақ "әліппе".

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:

—  Мына суреттен нені көріп тұрмыз?

—  Әтешті.

Әтешіміз "ақ" қанат

Күзетшідей қырағы.

Таң азаннан қақпада,

Айқай салып тұрады.

—  Балалар, әтеш таң азаннан неге айқайлайды?

—  Ал, ояндың енді не істеу керек?

-  Дұрыс, азаматсындар! Ал, қанеки бастайық (Сергіту жаттығуын жасау).

— Ал енді, іске кірісейік. Әтеш тек кана бізді оятты ма?

-  Әке қайда кетті?

—  Әпке қайда кетті?

—  Әже ше? Әлди ше? ... (Үйде қалды ...)

-  Мынау - Әлім. Ол жақсы, әдепті бала. Әжесіне, үлкендерге сәлем береді. Ол - әдепті бала.

-  Бізде сондай әдепті балалар бар ма екен? (... иә...)

-  Мынау не?

-  Сиыр, ... "әукешім".

—  Әсел қайтті?

—  Әсел әукешімді сауды, әукешім көп сүт берді...

-  Сүт өте пайдалы. Бал қосып ішсең, ауырмайсың.

Сюжетті ойын: Қатысушылар: Әсел, әже, әлди.

Әсел: - Әже, әлди жылады.

Әжесі: - Әлди-бөпем, әжең келе жатыр

Әжең "әлдиді" тербетеді...

Әсел: - Әже, әлдиді бесіктен шешіп алайық.

Әжесі: — Жарайды, шешіп алайық.

Әкеле ғой, көрпесі мен жастығын.

Әжесі мен Әсел әлдиді бесіктен шешіп алады...

Тәрбиеші: — Ойынға кімдер қатысты?

- Әже, Әсел, әлди.

- " Бұл сөздер қай дыбыстан басталады?

- Ә дыбысынан.

Тәрбиеші Ә әрпін әріп кассасынан алып, балаларға көрсетеді. Ә дыбысының дыбыстық мәдениетін сақтап, анық таза айту үшін артикуиялық жұмыс жүргізеді.

- Балалар, Ә дыбысына қатысты тағы қандай сөздерді айта аламыз?

- Әлім, әңгіме, ән,...

— Жарайсындар. Олай болса "әлди-бөпем" әнін үйренейік...

Әлди-әлди бөпешім,

Ұйықтай қойшы көкешім.

Бармақтарың майысып

Ұста болар ма екенсің?

Күйші болар ма екенсің?...

(Балаларға әрі қарай жалғастырып айтуға көмектесу: өз ойларынан шығарып, жалғастырады).

Сабақты қорыту.

—  Балалар, бүгін сабақта не үйрендік? ...

—  Өте тамаша. Үйден тағы да бір өлең құрастырып көріндерші: Мысалы:         Әне отыр мысық

Өзі сондай қызық

Қарайды ол маған

Бір көзін қысып...

—   Баланың "эвристикалық" қабілетін арттыру үшін тәрбиеші сөзжұмбақ ұсынады:

Әже (суреті).

Әтеш (суреті).

Сәбіз (суреті).

Сабақты қорытып, балаларға ерекше кабілет танытқаны үшін, сабаққа жақсы қатысқаны үшін, өз үлесін қосқаны үшін, әр оқушыны жеке-жеке мадақтап сабақты қорытады.

—  Балалар, ә дыбысының қатысуымен айтылатын сөздер өте көп. Үйден ойланып келіңдер. Келесі сабақта сөздерінді, құрастырған (мысық туралы) өлеңдерінді тыңдаймыз.

Ал бізге барлык әріптерді үйрететін кітап "Әліппе" деп аталады (таныстыру).

Таныстырар әріппен

Мынау кітап - әліппең

"Әліппе" деген аты оның

Басталған қай әріптен? (Ә)

— Балалар, үйден кітап, журнал, әліппе т.б. карап шығып, әр қарағанда Ә әрпіне назар аударындар. Әпке, әжелеріңнен оқып беруін сұраңдар.

35-сабақ

Сабақтың тақырыбы: И дыбысы және әрпі.

Сабақгын. мақсаты: 1. И дыбысы мен әрпін таныстыру. И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. 2. Балаларға и дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудара отырып сөздік қорларын байыту. 3. Балаларды таза, ұқыпты жүруге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, сөздік, үйрету, тіл жаттықтыру.

Көрнекіліктер: Суреттер, кеспе әріптер, текшелер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: суреттер көрсету арқылы ой-тұжырым жасау арқылы басталады.

— Суретте не көріп тұрмыз?

—  Ит, кит, шие.

—  Иә, осы ит, кит, шие сөздерінде қай дыбыс көп қайталанады?

—  И дыбысы дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз. И дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Ойын "Кім зейінді?"

Тәрбиеші өлеңді оқып шығады. Балалар зейін қойып тыңдап отырады. Өлең аяқталған соң и дыбысы кездескен сөзді балалар кезекпен айтады.

Ұшып кетті инелік,

Бізден қорқып именіп,

Тікұшаққа ұқсайтын,

Инелікке тимелік,

Мен көп оқып үйренем,

Білім сырын игерем.

Бейне құдық қазғандай

Болса да білім инемен.

—  Инелік, именіп, тимелік, игерем, именем.

Тәрбиеші "И" дыбысы мен "й" дыбысының айырмашылығын айтып түсіндіреді.

Балаларға қол шапалақтау арқылы дыбыстату.

И-не, и-не-лік, ти-ме-лік, и-тел-гі.

Буынға бөлінбейтін "и" дыбысы бар сөздер:

Ит, кит.

Сөйлем құрату.

Тақырыбы "Шие".

Мысалы: Болат пен Ислам бақшаға шие екті. Оны суарды, баптады. Шие жақсы өсті.

Шие сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Балаларға ребус шешкізу (инелік).

Сергіту сәті:    Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Осы өлең жолын балаларға айтқызып, жаттату.

Ойын: Сөзді есіңе сақта.

Ойын мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты: Тәрбиеші өтілген жаңа дыбысқа байланысты сөздерді сол ретте қайталап айтып шығулары керек. Сөздерді шатастырып алса, Қолындағы бір қиықшасын тәрбиешіге, не ойын бастаушы балаға береді. Кім қолындағы қиықшасын кебірек сақтаса, сол жеңімпаз болады.

- Ал енді мына сөздерді кім буынға шапалақ арқылы бөледі? инелік

кәм пит

ки ік

ит

са қи на

ки ме шек

-  Балалар, бүгін біз кай дыбыспен таныстық? Тәрбиеші: — И дыбысын қандай текшемен белгілейміз? Тәрбиеші:

Исатайдай батыр болам,

Иса атамдай ақын болам.

Игі істе батыл болам,

Игілікке жақын болам.

Осы өлең жолдар арқылы сабақты корытындылау.

36-сабақ

Сабақтың тақырыбы: "3" дыбысы және онын таңбасымен таныстыру

 Сабақтың мақсаты: Ұсынылған сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілетін арттыру мақсаты көзделеді.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, касса, суреттер, текшелер.

Әдіс-тәсіддері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңінен басталған сабақ өткен тақырыпты пысықтап, жаңа тақырыпты түсіндіріп қорытындылайды.

Сабақта белсенділік көрсеткен балаларға мадақтау тәсілі де ескеріледі. Сабақ жұмбақ жасырудан басталады.

Ләззатта бар,

Жанатта жоқ.

Азатта бар,

Қанатта жоқ ("з" әрпі).

Жауабын айтқан бала сол "3" дыбысына сөз ойлап айтады. "Сөз ойла, көп ойла" ойынын ойнату.

Барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырып доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады. (Сөздің басында, ортасында, соңында, "з" дыбысы).

Суретке қарап дыбыстык талдау жаса.

"Зебра" сөзін шапалақ ұру арқылы буынға бөлі.

Бой сергіту:

Ұзын қанат инелік,

Инелікке тимелік,

Ұшақты біз жасадық

Инеліктен үйреніп.

Зу-зу, зу-зу, зу-зу.

Дәптерлеріндегі берілген тапсырманы орындау. Үзік сызықтарды қос. Буындап оқы. ЗЕ-РЕ     КАЗ

Өзіндік жұмыс.

Әріптер тізбегін ұқрып, алты сөз құра.

Қ-о-й-с-и-ы-р-з-е-б-р-а-б-ұ-з-а-у-к-а-р-б-ы-з-т-е-р-е-з-е.

Дауысты дыбыстарды қызыл бояумен боя, дауыссызды көк бояумен боя.

- Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар. Сендер әріппен таныстындар, сөз құрадыңдар. Қазір орнымыздан тұрып, бір сәт сергіп алайық та сабақты сурет салумен аяқтайық.

37-сабақ

Сабақтың такырыбы: Ө ө дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.  Ө ө дыбысымен таныстыру.

2.   Бір сызықтың бойына Ө ө әрпін жазуын, сөз және сөйлем құрастыруын қадағалау.

3.  Буынға бөлуін, ауызша және жазбаша жазу қабілетін арттыру.

Сабақтың әдісі: Ойын, көрнекілік

Сабақгың көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріп, кітаптар, кесте. Үлестірмелі материалдар: Әріп элементі, әріп, Әліппе.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Үлестірмелі материалдарды тарату.

II.  Қайталау (тіл дамыту)

а)  Ө ө дыбысымен таныстыру.

ә) Ө ө буыны бар сөздерді буынға бөліп, оқыту: -өс; -өк; -өр.

б)  Ө ө дыбысына байланысты жұмбақтар жасыру.

Сарғайып отсыз піседі,

Үзіліп жерге түседі.  (өрік)

в)  Ө о дыбысына байланысты тақпақ

Өткел бар көше астында,

Жер асты екі арада.

Өрілген қымбат тас мұнда

Шамдары тұтас самала.

III.  Жазу.

а)  Жазуға қолды даярлау. ә) Ауада жазу.

б)  Әріптің жазылуын бақылау.

в)  Баспа және жазба түріне көңіл бөлу.

г)  Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

г)  Үлкен Ө әріпін саусағымен үстінен басу, сызып жазу.

д)  Тақтаға тәрбиеші өзі жазып көрсетеді.

е)  Өз бетінше жұмыс. (Жазуды ұзын жолға тізіп шығу).

IV.  Ойын: "Кім жылдам?"

(Кеспе әріптерді пайдаланып, жылдам о-ө дыбысының орнын ауыстыру).

соз — сөз                             тор — төр

қол — көл                            от —   өт

жон — жөн                          он — өн

V.  Сабақты бекіту:

Сөз оқыту: өрнек, көл, көш, көп.                            .  .

Хормен:

VI.  Сабақты қорыту:

-өс; - өр; - өк айтқызу.

VII.  Мадақтау.

38-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1.  Балаларды ү дыбысымен таныстыру, аталған дыбысқа сөз ойлату арқылы сөздік қорларын байыту.

2.  Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту.

3.   Шыдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Жан-жануарларды сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көркемділік.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Көрнекіліктер: Суреттер, кеспе әріптер, фигуралар, схема.

Пәнаралық байланыс: есеп сабағы, психология.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық (балаларды көңілдендіріп алу.)

—   Балалар, бір-бірімізге сабақты бастамас бұрын, жақсы тілек айтайықшы.

II.  Үй тапсырмасын тексеру.

III.  Жаңа сабаққа шолу.

IV.  Жаңа сабақ:

—  Балалар, бізге бүгін үкі конаққа келіпті. Ол орманнан көптеген жаңалықтар ала келіпті. (Үкінің суретін немесе макетін көрсету.)

—  Үкі туралы не білеміз?

—  Балалар, үкі де сендер туралы көп нәрсе біледі екен. Үкі деген сөздің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз? (Балалар "ү" деп жауап береді).

— Ендеше, бүгін біз сендермен "Ү" деген әріппен танысамыз. (Баспа, жазба түрін көрсету).

—  "Ү" дыбысы кездесетін сөздерді айтайықшы.

—  Үйрек, үй, үйеңкі, үзеңгі, үміт, сүзбе, күз, күшік, күрек, үз т.б. (Осылайша кім қанша сөз айтады бақылау жасау, онымен қатар сөздердің қорларын арттыру).

V.  Сергіту сәті: "Күн шықты".

Сабақты ойын түрде жалғастыру. Қызыл телпекті апасына алып баратын жолмен жүріп өтуіне көмектесу. Бұл схемада жол бойында есте сақтауға ыңғайлы ерекше, қызықты заттар кездеседі.

Алдымен қызыл Телпек көпір арқылы өтуі қажет. Бұл көпір өте қорқынышты, себебі көпірдің кейбір тұстары сынып тұр. Бұл көпірден сәтті өту үшін жаттығу ретінде "Крестер мен нүктелер" тапсырмасын орындайық. Әр оқушыға арнайы фигуралар беріледі, әрбір шеңберге "+" таңбаларын үшбұрышқа "—" таңбаларын қойып шығу (1,5 мин. беріледі).

—  Жарайсыңдар, сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар, ал енді көпірден асықпай өтіп, гүлді алқапқа шығамыз. Әрі қарай жол бізді сиқырлы орманға алып барады. Орманда ағаштар көп екен, жел соғып тұр. Сендер қорыққан жоқсыңдар ма?

-Жоқ. Ендеше орманда: Шыршадан шыршаға секіріп жүретін бір аң бар екен. Ол өзіміз жақсы білетін тиін.

—  Балалар, сендер білесіңдер ме? Тиін "жазу машинкасы" ойынын ойнағанды жақсы көреді. Кеспе әріптерден сөздер жазып көрейікші: үй, ата , шөп, нан, доп т.б.

—  Жарайсыңдар, балалар. Сендер жақсы ойнағандарыңа тиін өте қуанышты. Ал енді әрі қарай жол жүрейік. Міне, біз қызыл Телпектің әжесінін үйіне де жеттік. Қызыл телпек те, әжесі де сендердін үйді жақсы тауып келгендеріңе қуанышты, рақметін айтып жатыр.

—  Сонымен бүгін біз сендермен қандай дыбыспен таныстық?

Қайсысы қалай дауыстайды?

Бүркіт шаңқылдайды.

Қарға қарқылдайды.

Арыстан ақырады.

Әтеш шақырады.

Кірпі пысылдайды.

Жылан ысылдайды.

Құрбақа құрылдайды.

Шегіртке шырылдайды.

Ешкімді ешкім күндемейді.

Олардың ішінде, айтыңдаршы

Не ғана үндемейді?  (Балық)

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау, сабақты аяқтау.

39-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.  Дыбыстар туралы балалардың ұғымдарын кеңейту. Сөздік қорын молайту.

2.  Аталған дыбыстар сөздік қай буында кездесетінін білдіру. Ойын ойнату барысында игерген білімдерін бекіту. Сөзге дыбыстық талдау жасату.

3.  Мақсатты ойын арқылы білімдерін тиянақтау.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сауат ашу сабағында көрнекілік үшін суреттер, текшелер, қол жаттықтыру дәптермен таныстыру қолданылады. Сабақтың барысында тәрбиеші:

-  Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-  Көктемде қандай өзгерістер болады?

-  Ал, енді мына бір өлеңге кұлақ түріңдерші. "Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер" - деген өленде не туралы айтылған?

Гүл - дер

- Дұрыс солай "гүл" деп айтсақ сөздің басында қандай дыбыс естіп отырмыз?

— Өте жақсы. Енді Г дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Дыбыс жасау үшін кедергі келіп тұр. Сондықтан Г дыбысы дауыссыз дыбыс. Көк текшемен белгілейміз. Гүлдін астына текшемен белгілейміз.

Сабақты түрлендіру үшін, балаларды қызықтыру мақсатымен осы жерде "Кім зейінді?" деген ойын ұйымдастырылады.

Ойын шарты: Фланелеграф тақтасына Г дыбысы бар суреттерді іліп, "қай суретте аталған Г дыбысы кездеседі?" — деп сұрау керек. Балалар да, Г дыбысы қай сөзде бар екенін анықтайды. Г дыбысын кім бұрын атаса, сол жеңімпаз аталады.

Балалар, "Гүл" десек, Г дыбысы сөздің қай жағында кездесіп тұр.

—  Ал көгершін десе ше? Кө - гер — шін.

—  Яғни Г дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі екен.

—  Ондай болса, сергіту сәтін жасайық.

Орнымыздан тұрайық

Гүлді жұлып алайық.

Орнымыздан жылжып

Басқа гүлге барайық.

—  Енді, балалар, бүгін сендермен Г дыбысымен таныстық. Қазір біз осы дыбысты ауада жазамыз (5-6 рет ауада жазғызу).

Үзік сызықтарды қосу арқылы Г дыбысын жаздыру. Енді айналамызда Г дыбысынан басталатын қандай заттар бар, атап көрейік.

—  Гүл, галстук, гауһар, көгершін.

—   Енді балалар, "Адасқан әріптер" ойынын ойнаймыз. Шарты: Балаларға кеспе әріптер таратып, сол әріптер бойынша сөз құрастыруды ұйымдастыру, жұмбақ жасыру.

Суреттерді көрсете отырып "Дұрыс буын" ойынымен сабақты қорыта келіп, жұмбақ жасыру.

Қатар-қатар түйме,

Бассаң салар күйге.  (Гармонь)

Жайса - көлдей,

Жиса - жеңдей.  (Кереге)

Мінезін оның түсінгем,

Ашуы тамақ пісірген.  (Газ)

Жұпар исі еседі,

Жайнап бақта өседі.

Қайсы әріптен басталған,

Аты не, кім шешеді? (Г)

Өзі сондай нәзік,

Су құйсаң кетеді.

Алаканын жазып. (Гүл)

—  Қазір серуенге шыққанда айналамен таныстыру кезінде гүлдің суретін салып, бақшадан гүл тереміз.

—  Сонымен бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

—  Г дыбысы қандай дыбыс?

—  Қандай текшемен белгіледік?

— Яғни Г дыбысы қандай дыбыс?

40-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Балаларға Я әрпі мен дыбысының айтылуын және сөздегі орнын тапқыза отырып таныстыру.

Әр түрлі ойын ойнату арқылы сөзжұмбақ, ребус шештіру арқылы логикалық ойлануын дамыту.

Өлең айткызу, жұмбақжасыру арқылы тітдерін дамытып, туған жерді, жануарды т.б. қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, текшелер, суреттер, сөзжұмбақ. Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: Шымшып алады қолсыз,

Сырғанақ жоқ онсыз.

Жауабын кім табады?

—  Ондай болса кім айтады жылдың қай кезі екен қазір?

—  Қыстың қай айы?

— Аптаның қай күні?

— Бүгін біз сауат ашу сабағында Я дыбысымен танысамыз. Дыбыстың әріптен айырмашылығы қандай?

— Дұрыс. Я дыбысын айтып көрейікші, қандай дыбысқа жатады екен, хормен: Я.

—  Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

—  Қоян.

—  Қоян сөзін буынға бөлейікші.

—  Сендерге қай буындағы дыбыс таныс емес?

—  Олай болса я дыбысымен танысайық.

Ол дауысты дыбыс. Сөздің ортасында, соңында және жеке буын құрай алатын дыбыс екен.

—  Бәріміз сергіту сәтін жасайық.

Ұзын кұлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлерде,

Ытқып-ытқып жүгірді.

 Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпандап,

Көжегі екен өзінің.

-  Балалар, бізге бүгін тағы бір қонақ келіпті. Ол қонағымызда бір дорба жұмбағы, өлеңі бар, екінші дорбасында сендерге сыйлығы бар екен, сол дорбаның қайсысын ашсақ — сыйлық аламыз.

- Бірінші дорбаның жауабын дұрыс тапсақ, екінші дорбаны аламыз.

-  Іске сәт! Кезекпен келіп алайық.

Еркебұлан:      Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)

Жазира:          Жесең ащы,

Көзіңнен шығарар жасты. (Пияз)

Мөлдір:           Қоян отыр партада,

Екі қолы қалтада.

Апай сабақ сұраса,

Ұйықтап қалыпты партада.

- Жарайсыңдар, балалар, көптеген сыйлықты алатын болдыңдар ғой. Мен де сендер сияқты сыйлық алғым келіп отыр, бір жұмбақты сендерге жасырайын, сендер жауабын табыңдар.

Тал басында

Тамаша үй. (Ұя)

- Ұяны қай кезде жасаймыз?

-  "Баспалдақ" ойынымен сабақты аяқтайық

Ойын шарты: Балалар кім Я дыбысы бар сөзді көп айтып, баспалдақтың жоғарғы сатысынан төмен түссе, сол оқушы Аяз атаның шанасымен сырғанақ тебуге барады: 2 топпен жарысады.

-  Бүгін біздің баспалдақтан тезірек түсіп, Аяз атаның шанасына отырған балаларға және өз білімдерінді жақсы көрсеткендерің үшін рақмет.

Я дыбысын қайталату.

Сабақты қайталап, пысықтап, мадақтау.

41-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ю ю дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Ю дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балаларды "ю" дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көніл бөлу, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбилеу.

Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардын ойлау қабілетін, қиялын зейінін дамыту.

Сабақтың көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер, текшелер.

Сабақтың барысы:

—  Қазір қай мезгіл?

— Көктемнің қай айы?

— Аптаның қай күні?

— Бүгін біз сауат ашу сабағында "ю" дыбысымен, әрпімен танысамыз. Біз, алдымен дыбыс деген не? Соған тоқталайық. Біз дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

— Ал дауыссыз дыбыстар ше?

— Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды?

— Дауысты және дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

— Дауыссыз дыбыстар көк текшелермен белгіленеді.

—  Өте дұрыс. Өткен сабақты қайталап шықтық, ал бүгін біз "ю" дауыссыз дыбыспен танысамыз. Ю дыбысы бар сөздерді айтып көрейікші: аю, ою, жию, тою, тию, юла, қию.

—  "Ю" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

—  Неліктен дауыссыз, кане бәріміз қайталап айтайык.. Әлім, тактаға "аю, ою" сөздерін текшелер арқылы жазады. Қалған балалар орындарында дауыстап айтады. Аю, ою сөздерінде неше буын бар?

Балалар секіру арқылы екі буынға бөледі: а-ю, о-ю.

—  "Ю" дыбысына байланысты өлең және жаңылтпаш айтайын:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Қане, кім "ю" дыбысына байланысты өлеңдер, сөздер айтып береді?

Алмас: — Жаю, ою, аю, Юра, Юнеско.

Олжас:    Аю отыр партада,

Екі қолы калтада

А дейді, Б дейді

Ю-ға тілі келмейді.

— Енді, балалар, біз "Кім жылдам?" ойынын ойнаймыз. Бұл ойында жылдам сөйлем құрауымыз керек.

— Теледидардан аю көрдім.

— Әже ою ойды.

— Аю, ою, ұю, қүю, жию сөздерінде "ю" дыбысы сөздің қайсы жерінен естіліп тұр?

Ұлан: — Ұю, құю, жию сөздерінің соңында естіледі.

—  "Ю" дыбысы сөздін басын, соңында естілетінін білдік. "Ю" дыбысының баспа және жазба түрі көрсетіледі, ауада жазып қолды жаттықтыру.

-  Балалар, дәптерге жазар алдында бой сергітіп алайық.

Көжектерім тұршы,

Беті-қолды жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы

Сөмкенді алшы,

Сабаққа баршы.

Орныңа отыршы,

Сабағынды оқышы.


-  Өте жақсы, бойымыз сергіп қалды. Қазір дәптерді ашып,   үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, "Ю" әрпінің баспа түрін жазамыз.

Сабақ әрі қарай сурет салумен жалғасады. Аюдың түр-түсін еске түсіру. Суретке қарап салу. Балалардан "Ю" дыбысына байланысты сөздерді қайталап сұраған соң, пысықтап қорытындылау және жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

42-сабақ

Сабақтың тақырыбы: X дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Сөз, сөйлем жайында түсініктерін бекіту. Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды жалғастыру.

2.  Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды қатыстырып, сөйлем, сөз құрастыру және оны талдауға үйрету. Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету.

3. Дыбыстардың айтылу артикуляциясын дүрыс меңгерту.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойын, қол жаттықтыру жұмысы.

Сабақтың көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер.

Сабақтың барысы: I. Балаларды сабаққа ұйымдастыру.

II.  Өткен материалдарды қайталау.

-  Балалар, біз өткен сабақта сендермен қандай дыбыс, әріппен танысып едік?

- Дыбысты біз естиміз, ал әріпті көзімізбен көріп, қолымызбен жазады екенбіз. Біз сендермен көп дыбыс, әріптермен таныстық. Қане, маған кім бір дыбысты айтып, сол дыбысқа мысал келтіріп береді?

-  Мысалы: а-алма, д-доп, қ-кияр, с-сағат т.б.

III. Жаңа сабақ. Ендеше, балалар, біз бүгін сендермен жаңа дыбыс X дыбысымен танысамыз.

Қане, бәріміз X деп айталық.

Балалар, мен сендерге осы әріпке байланысты жұмбақ жасырып көрейік, қане, бәріміз мұқият тыңдалық.                

Аяғы жоқ, қолы жок.

Жүрмей тұғын жолы жоқ       (Хат)

Сәлем алып алыстан,

Туысынан таныстан,

Кемтұғын "хат", "хабар",

Қай әріптен басталар? (X)

Балалар, мына суреттерді пайдаланып, сабағымызды жалғастырайық. Суреттерді атап, сөзде қанша дыбыс бар екенін айтып көрелік. Хат, хор, шахмат. Хат деген сөзде /х/ үш дыбыс бар. X дауыссыз, а-дауысты, т-дауыссыз.

Кеспе дыбыстарды пайдаланып сөз құрастырып жазғызу. Мысалы: ка-ла, доп, шар, ауа, бала.

— Балалар, енді мен сендерге сөйлем айтып берейін, сендер сөйлемде канша сөз бар екенін айтып беріндер.

Мен ағама хат жаздым. Бұл сөйлемде төрт сөз бар екен. Ауылдан хабар келді. Үш сөз бар екен.

Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

IV.  1,2 минут бой сергіту жаттығуы.

Жаңылтпаш:  Хабиба-сумка көтерген,

Хат-хабар күнде әкелген.

Хатипа мен Ханипаға, қамарға,

Харьковтегі, Хамит аға

Хат жазыпты,

Хабарла! Қол жаттықтыру, дәптермен жұмыс.

V.  Сабақты қорыту. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

43-сабақ

Сабақтың тақырыбы: һ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту.

Дидактикалық материалды пайдаланып балалардын ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрату, жұмбақ, жаңылтпаштар айту), дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. һ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың ш дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдықка тәрбиелеу. Сабақ барысында аталған мақсаттарға жету үшін кеспе әріптер, көрнекілік ретіңде пайдаланады.

Сабақтың барысы:

—  Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

—  Қай ай?

— Аптаның қай күні?

—  Балалар, біз сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық?

— Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

— Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

—  Енді, балалар, кім һ дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді?

Тәрбиеші жұмбақ жасырады, жауабын шештіреді:

Қаһарын тіге келеді,

Төріңе шыға өледі.  (Қаһар)

Қаһар сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

—  Қаһар сөзін айтып көріндерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп

тұр?

һ әрпімен танысқан соң һ дыбысының баспа және жазба түрі көрсетіледі.

- һ дыбысын ауада жазып көрейікші. Алдымен мен жазайын, сонан кейін сендер ауада жазып қайталайсыңдар. — Балалар, дәптермен жұмыс жасар алдында бой сергітіп алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары төмен карайық,

Орнымызды табайық.

— Өте жақсы, қазір дәптерімізді ашып үлгіге қарап үзік сызықтарды қосып, һ әрпінің баспа түрін жазамыз. "Кім дұрыс айтады?" ойыны жарыс түрінде өткізіледі. Өткен әріптер қатарын оқушылар дыбыс түрін ажыратады, олай болса бірнеше рет қайталап ойын жүргізіледі. - Ал дауыссыз дыбыстар ше? - Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды? - Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді? - Ал дауыссыз дыбыстар ше? — Ал біз әріптерді көреміз бе? Бірнеше сауалдарға балалар жауап береді. — Өте дұрыс, өткен сабақтарды жақсы меңгерген екенсіңдер.

Балалар, енді әріптер туралы тақпақтар айтамыз.

Кітап құмар Қаһардан

Таппаған соң шаһардан.

Алтынай қалап "қаһарды"

Сұрап алды Гауһардан.

Құрамында жаңа әріп бар сөздерді тауып айту, оны кесте әріптерден құрастыру. Сөздерге туындық талдау жасау. һ дыбысын буыннан бөліп алу. Дұрыс айтуға жаттықтыру.

— һ дауыссыз дыбыс па?

— һ дауысты дыбыс па?

— Дауыссыз неліктен дауыссыз, кане, бәріміз айтамыз.

Ал енді һ дыбысына байланысты кім көп сөздер тауып айтады? Қаһарман, айдаһар, Гайһар, Жауһар т.б.

— Қане, кім "айдаһар" сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді? (1 бала тақтаға "айдаһар" сөзін жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап айтады.

—  "Айдаһар" сөзінде қанша буын бар? Шапалақ ұру арқылы буынға бөледі.

—  Балалар, бізде бүгін қандай сабақ болады?

—  Қандай әріппен танысамыз?

—  Қане, һ дыбысына тез-тез сез айтып жіберіңдерші.

Сабақты тағы бір рет қайталап сұрап пысықтаған соң қорытындылауға болады.

44-сабақ

Сабақтың тақырыбы: В дыбысы және әрпі.

Сабақгың мақсаты: В дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды В дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбилеу.

Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын зейінін дамыту. (Буын, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту).

Сюжетті рөлді ойын арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту және игерген білімдерін бекіту.

Сабақтың көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер, текшелер, атрибуттар.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:              

Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай-салаға қашады.

Ағаш басы бүршік жарып,

Гүл бәйшешек ашады.

Балаларым, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

— Дұрыс. Көктемнің қай айы?

— Аптаның қай күні?

—  Бүгін біз сауат ашу сабағында В дыбысымен танысамыз. Біз, алдымен дыбыс деген не? Соған тоқталайық.

— Біз дыбысты естиміз, бірак көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

— Ал дауыссыз дыбыстар ше?

— Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды?

— Дауысты және дауыссыз дыбыстар кандай текшелермен белгіленеді.

— Ал, біз әріптерді көреміз бе?

—  Ал бүгін біз В дауыссыз дыбысымен танысамыз. Балалар, енді әріптер туралы жұмбақ жасырамын, сендер шешіңдер.

Бір атым бар –

Құлын болып тумаған.

Құнан болып өспеген. (Балалардың жауабы: "Велосипед")

—  В дыбысы дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па?

— Дауыссыз.

—  Неліктен дауыссыз, қане бәріміз қайталап айтайық. Әлім, тақтаға "велосипед" сөзін текшелер арқылы жазады, қалған балалар орындарында дауыстап айтады. Велосипед сөзінде неше буын бар?

Секіру арқылы төрт буынға бөледі: Ве-ло-си-пед

—  В дыбысына байланысты жаңылтпаш айтайын:

Волгасы - бар құланға,

Вена бойы ұнайды-ақ.

Вагон тіркеп қыранға,               

Великпенен жүр айдап.

Қане, кім В дыбысына байланысты жаңылтпаш айтып береді?

— Володя, Валямен, Волга бойын жағалады.

— Дұрыс балалар, жаңылмай жанылтпашты қайталадындар. Ал енді "Хат келді" деген дидактикалық ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын "Хат келді".

—  Балалар, кімде-кім В дыбысына байланысты екі-үш буыннан тұратын сөздер тауып айтса, сол көк текшені ұтып алады.

Баян: Ва-гон            Ваф-ли

Жазира: Вок-зал       Ва-за           Трам-вай

Тәрбиеші көк текшені кім ұтып алды деген сауал қояды балаларға.

Балалар бірден Жазира — деп, жауап айтады.

—  Енді жұмбақ жасырайын, жауабын жаңылмастан табыңдар:

Қызыл түсті,

Мөлдір сулы.

Сыры түсті,

Тасты, құмды,

Жасыл түсті балықтар,

Әйнек үйде балықтар. (Балалардың жауабы: Аквариум)

— Балалар, аквариумның ішіндегі су қандай?

— Су туралы кім мақал-мәтел біледі?

— Су — анасы бұлақ.

—  Судың да сұрауы бар.

—  Балалар, дұрыс айтасыңдар, сусыз күніміз жоқ, сондықтан суды ысырапсыз ағызбаңдар, дұрыс пайдаланыңдар. Мөлдір суы бар аквариумдағы балықтардың жүзуі қандай әдемі.

—  "Аквариум" деген сөзді еркін айтып көріндер, В дыбысы сөздің қайсы жерінен естіліп тұр?

В дыбысының баспа және жазба түрі көрсетіледі, ауада жазып қолды жаттықтыру.

"Жер, су, ауа" сергіту ойыны.

—  Өте жақсы бойымыз сергіп кадды. Қазір дәптерді ашып, үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып В әрпінің баспа түрін жазамыз.

— Сабақты әрі қарай сурет салумен жалғастырайық. Аквариумның түрлерін еске түсіру (төртбұрыш, дөңгелек). Балалар түгел сурет салуды аяқтаған соң: "Аукцион" ойыны ойналады.

Шарты: балалар машина маркасын дұрыс атау және В әрпінің сөздің қай буынында тұрғанын табу.

Мақсаты: балалардың білімін тереңдетіп, логикалық ойлауын қалыптастыру, белсенділігін арттыру.

Ірі фирма "Астана-моторстан" Смағұлов мырза мен боламын.

Машиналар тізімі жатыр міне.

Қалаушысы болса егер сата аламын.

Маркасын дұрыс айтпай, сан соғып қапылыста қалма, достар.

Балалар: — Волга, Вольво, Ваз ...

Смағұлов мырза балалардың жауабын дұрыс деп мадақтайды.

—  Балалар, сабағымызды жалғастырайық. Мен сөйлемді бастаймын, ал сендер жалғастырасындар.

1.  Вагондар тұр ... (тізіліп)

2.  Володя тұр ... (қызығып)

3.  Вокзал басын ... (қызықтап)

4.  Валя да жүр ... (сызылып)

"Саяхат" ойыны. Ойын шарты: балалар В әрпі бар қала аттарын көп атаса, авиа билетін ұтып алып қалаған қаласына барып қайтады. Мұнда балалардың логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту мақсаты көзделеді.

-  "Қазақ ұлттық Авиа ұжымынан" Венера қыз келіп тұрған. Кімде-кім жер шарындағы В әрпі бар каланы атаса Венера авиа билетін саяхаттап қайтуға ұсынады.

-  Бүгінгі ойында кімнің авиа билетті ұтып алғанын Венера айтады. Венера: — Төрт қаланы атаған "авиа" билетін алып, Айдар барып қайтсын саяхатқа.

-  В әрпінен саяхат сабағына көмектескен Венера қызға және өз білімдерінді жақсы көрсеткендерің үшін сендерге рақмет.

Балалар В дыбысына байланысты сөздерді қайталап жіберейік. Сабақты кайталап сұраған соң, пысықтап қорытындылау.

45-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Ф әрпімен таныстыру. Оқушыларға Ф әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.

2.  Сөздік қорларын дамыту.

3.  Сауатты жазуға, еңбекті сүюге баулу.

Сабақтың түрі: аралас. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

ә) Зейіндерін сабаққа аудару.

II.  Өткен сабақты пысықтау.

 Балалар, біз өткенде қандай дыбыспен таныстық?

-  В дыбысы.

-  Қане, В дыбысын қарастырып сөздер ойлап жіберейік. Вагон, велосипед, вокзал. .

Енді осы сөздерден сөйлем құрайык.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Суреттерге қарап заттарды атау. Фонтан, фото, футбол т.б.

Осы сөздердегі ең бірінші әріпке көңілдерін бөлу.

Ф әрпін ауада, тақтада жазу.

Ф жазба түрі.

Ф баспа түрі.

Суреттерге қарап, сөздерге дыбыстык талдау жасау.

Тордағы әріптерден сөз құрау. Те/ле/фон сөзіне дыбыстық талдау жасау. Суретпен жұмыс.

Сурет бойынша әңгіме құрайды, одан сөйлемді бөліп алып, ал сөйлемнен Ф дыбысы бар сөзді табу.

Жұмбақтар шешу.

Бір құлағы сөйлесе,

Бір құлағы тыңдайды.

Білсең айтшы ендеше,

Жұрт не дейді мұндайды?

(Телефон)

Қос аяқ жүрген қуып,

Жел мықтап үрген.

Бірде жөн, бірде лағып,

Қашады зыр-зыр қағып.

(Футбол)

Қыста дем алып, жазда тынбайды,

Көкке атылып, жерге құлайды.

(Фонтан) Өтірік өлең оқиық!

Фабрикада азып жүр,

Фонар жағып, шіл тершіп.

Фонтастика жазып жүр,

Фонармен мың борсық.

Тапсырмалар.

а) Жалғасын тап.

Фут-, фон-, магнито-, теле-, т.б.

ә) Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет.

Фатима финал кофта фонар т.б.

б)  Ф дыбысын қатыстырып создер ойла.

IV. Қорытындылау.

Жұмбақтар шешейік!

Арқасы тіреп жабысып,

Екі "р" қалған қабысып,

Бұл қай әріп?      (Ф)

Иілген ұршық -

Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?    (Ф)

Қос бүйірін таянып,

Тұратұғын қай әріп?     (Ф)

"Орамал тастамақ" ойыны. Орамалды алған бала ф дыбысы бар сөз айтады, ал келесі бала ол сөзден сөйлем құрайды.

46-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ё дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Мектепке даярлық тобында өткізілген кезекті сабақта Ё дыбысын таныстырып, балаларды ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілетін арттыру мақсаты көзделді.

Кеспе әріптер, касса, монтер, елка, шахтер суреттері, әр түрлі текшелер көрнекілік ретінде пайдаланылды. Сабақта сұрақ-жауап әдісі қолданылды.

Ұйымдастыру кезеңінен басталған сабақ, өткен тақырыпты пысықтау, жаңа тақырыпты түсіндіру, қорытындылау бөлімдерінен құралады. Сабақта белсенділік көрсеткен балаларды мадақтау тәсілі ескеріледі.

Алдымен балалардың көңіл-күйін сергітіп алу мақсатымен бірнеше сұрақтар қойып, оған балалардың жауабын тыңдайды.

— Терезеден далаға қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?

—  Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

—  Қыс айларын кім атап береді?

—  Қыс туралы  қандай тақпақ білесіңдер?

—  Енді, балалар, жұмбақбай атай сендерге жұмбақ айтып береді.

Қысы — жазы бір түсте. Ол не? (Шырша)

—  Шырша сөзін орыс тіліне аударайық.

— Ёлка сөзінің бірінші дыбысын кім айтады? Ёлка сөзіне буындық-дыбыстық талдау жасату.

—  Ё дауысты, й+о дыбысынан құралған дыбыс. Мынау әріп таңбасы деп үлкен, кіші ё әрпі көрсетіледі.

"Сөз ойла, көп ойла" ойынын ойнату. Барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырады (бір дыбысты айтып). Доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады. Сергіту сәті.

Биік болып өсеміз,

Ёлкадай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз.

Шетімізден шеберміз,

Денемізді бос ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

"Кім тапқыр" ойыны.

Шахтерде бар, шахтада жоқ,

Монтерде бар, мақтада жоқ.

Ойланайык, қарайық,

Болды екен бұл қай әріп?

Балалардың ойлау қабілетін дамыту үшін сөздің басында, ортасында Ё дыбысы келетін сөздерді ойлап табу және одан сөз құрастыру, ойластырылады.

Дидактикалық ойын "Мен бастаймын, сен аяқта". Балаларды қатыстыра отырып сұрақ-жауап арқылы Венн диаграммасын толтыру.

Шахтер                                                         Монтер

1. Жер қазады.                           Адам            1. Жер үстінде жұмыс істейді.

2.  Көмір шығарады                    2. Электр желісін жөндейді

3. Темір қалпақ киеді.                3. Бағанға шығады. Сюжетті-рөлді ойын ойнату "Кім боламын?"

Монтер, шахтер мамандығы бойынша істелетін жұмысты балалар ойын түрінде көрсетеді.

Сабақ соңында тақпақ жаттату.

Шахтер

Шахтерді ел біледі,

Оған сарай - жер асты

Көмір қазып жүреді.

Қопарып ол тау-тасты,

Бала оқитын зәулім үй

Қалмау үшін суынып.

Көмірден тау үйеді,

Беру үшін жылылық.

47-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Э дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды В дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу. Олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбилеу.

Балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту.

Ойын арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:

- Нан!

Нанда еңбек, нанда ән.

Нанда жұмыс,

Нанда сән,

Нанда үлкен мән

Сондықтан ол - нан!

Мен не туралы өлең оқыдым?

-  Нан дастарханға қайдан келді?

-  Бүгін біз сауат ашу сабағында Э дыбысымен танысамыз. Біз, алдымен дыбыс деген не? Соған тоқталайык..

- Біз дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Оқушы жауаптары тыңдалады.

- Дауысты, дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

- Дауысты және дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді. Жауаптар тыңдалып, пысықталады.

Біз бүгін Э дауыссыз дыбысымен танысамыз. Балалар, енді бір жұмбақ жасырамын, сендер шешіңдер.

Өзі тым күшті

Жерді қазып бітті. (Экскаватор)

-  Э дыбысы дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па?

-  Неліктен дауысты, қане бәріміз қайталап айтайық. (Балалар дауыстап айтады.) Экскаватор сөзінде неше буын бар?

- Экс-ка-ва-тор Ве-ло-си-пед

- Суреттермен жұмыс жасайық.

-  Мынау нелер?

- Экран, электр, экскаватор,

Осы сөздерді текшелермен буынға бөліп көрсетейік.

-  Э —кран,     э — лектр, экс -   ка —   ва — тор.

- Э дыбысына байланысты кісі аттарын білеміз бе?

- Эльвира, Эльмира, Элеонора.

- Дұрыс қане, сергіту сәтін өткізейік.

Көжегім тұршы                                                              

Бетінді жушы,

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Киімінді киші

Мектепке жүрші.

-  Э дыбысы сөздердің қай жерінде айтылады екен?

- Сөздің басында, сөздің ортасында.

-  Э қазақ тілінің төл сөздерінде кездеспейді. Орыс тілінен енген сездерде ғана айтылады.

—  Балалар, үйде мультфильм, кино көресіңдер ме?

—  Оны неден көреміз.

—  Дұрыс теледидар экранынан көреді екенбіз. Олай болса қазір экраннан суреттер беріледі. Соларды атайық.

— Ұшақтар, тікұшақтар қонатын, ұшатын жерлерді қалай атаймыз?

— Аэропорт.

— Элеватор, Электр шамы.

Дәптермен жұмыс.

—  "Кім жылдам" ойынымен сабақты аяқтайык. Кеспе буындардан сөйлем құраймыз. Мен сөйлемді бастаймын. Сендер аяқтайсыңдар.

Мен аэропортқа (бардым).

Ағам элеваторда (жұмыс істейді).

Үйде электр шамы (жанып тұр).

Сабақты қорытындылап, балаларды мадақтау.

48-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.  Щ дыбысы мен әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды Щ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көмектесу және көңіл бөлу, сөздік қорына мән беру, ой-өрісін, тілін дамытып байланыстыра сөйлеуге ұйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

2.  Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ шешу, өлең айту).

3.  Сюжетті рөлді ойын арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту және игерген білімдерін бекіту.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе эріптер, суреттер.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:

Қайың, терек басынан,

Сарғылт тартып жапырақ.

Жерге түсіп шашылған.

Жел үрсе тек шашылған,

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай мезгілде болады?

—  Күзде.

— Дұрыс, қазір күздің қай айы?

— Аптаның қай күні?

— Дұрыс, балалар, енді біз бүгін сауат ашу сабағында "Щ" дыбысымен танысамыз. Біз, алдымен дыбыс деген не? Соған тоқталайық.

— Біз дыбысты айтамыз, естиміз, бірақ, көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

— Ал дауыссыз дыбыстар ше?

—  Дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

— Ал, біз әріпті көреміз бе? Оқушы жауаптары тыңдалады.

—  Өте жақсы, дұрыс өткен сабақты қайталап шықтық, ал бүгін біз "Щ" дауыссыз дыбыспен танысамыз.

Балалар, енді жұмбақтың шешімін табайық.

Атқарады талай-талай ісінді,

Тазалайды киімінді, тісіңді. (Щетка)

Щ дыбысы дауыссыз дыбыс па, әлде дауысты дыбыс па?

— Дауыссыз дыбыс.

— Неліктен дауыссыз, қане бәріміз қайталап айтайық. Әділет тақтаға "щетка" сөзін текшелер арқылы жазады, қалған балалар орындарында дауыстап айтады. Щетка сөзінде неше буын бар?

Балалар қолдарын соғу арқылы екі буынға бөледі. Щет-ка.

— Щ дыбысына байланысты жаңылтпаш айтайық.

Бұрыштың дәмі ащы ма?

Борщтың дәмі тұщы ма?

— Дұрыс балалар, жаңылтпашты жаңылмай қайталадындар. Ал енді "Кім жылдам" ойынын ойнап, "щ" дыбысына сөздер тауып жарысайық.

Балалар, кімде-кім "Щ" дыбысына байланысты сөздерді көп айтса, сол көк текшені ұтып алады.

—  Балалар, ойынды бастайық. Тәрбиеші:

—  Кек текшені кім ұтып алды?

Жеңімпаз анықталады.                                                                            

— Енді мына өленді тыңдайық:

Щетка, щетка, щеткалар,

Неше түрлі щетка бар.

Бірі тісті жуады,

Бірі шаңды қуады.

—  Балалар, тісті, шаңды тазалау ненің белгісі?

— Тазалық туралы кім мақал-мәтел біледі? "Тазалық — терең байлық".

"Дені саудың — жаны сау".

Тазалық болмаған жерде денсаулық та болмайды, сондықтан таза жүріп, спортпен айналысу керек. Ертеңгісін ауызды щеткамен жуу керек. Тістерің аппақ болса қандай әдемі көрінеді.

"Щетка" сөзін еркін айтып көріндер. "Щ" дыбысы сөздің қайсы жерінен естіліп тұр.

—  Енді "Щ" дыбысының баспа және жазба түрімен танысамыз. "Щ" дыбысын ауада жазып қолды жаттықтыру.

—  Балалар, дәптерге жазар алдында бой сергітіп алайық.

— Бір, екі, үш.

Жинап алдық күш.

Төрт, бес, алты

Бой жазамыз мықты.

Дәптерімізді ашайық,

Салақтықтан қашайық

Көрсетілген үлгіге,

Әдемі етіп жазайық.

Енді көрсетілген үлгіге қарап үзік сызықтарды қосып "Щ" әрпінің баспа түрін жазамыз.

—  Енді сабағымызды сурет салумен жалғастырайық (щетка түрлерін көз аддына елестету, түзу, қисық).

Балалар түгел сурет салуды аяқтаған соң: "Өз орнынды тап" ойыны ойналады.

Шарты: Балалар сөйлемнің дұрыс жалғасын табады.

Мақсаты: Балалардың білімін тереңдетіп, логикалық ойлауын қалыптастыру, белсенділігін арттыру.

—  Мен сөйлемді бастаймын, сендер жалғасын табасыңдар.

1.  Щеткалар тұр ... (тізіліп)

2.  Щорста тұр ... (қызығып)

3.  Щеткаларды ... (қызықтап)

4.  Шура да жүр ... (сызылып)

— Балалар "Щ" дыбысына байланысты сөздерді қайталап жіберейік. Сабақты қайталап сұраған соң, пысықтап қорыту.

Балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтау.

49-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ц ц дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

1.  Ц дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға, жазуға үйрету. Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы окушылардың білімі мен тілін дамыту, сөздік қорын молайту, диалогка үйрету, мәнермен оқуға жаттықтыру.

2. Аналогия бойынша қарым-қатынас орнату және ауыстыру қабілетін дамыту.

3. Хайуанаттарға деген сүйіспеншілігін арттырып оларды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, кестелер, карточкалар, сылдырмақ, тест тапсырмасы, түсті борлар, тақтадағы жазу, қима әріптгл сөзжүмбақ.

Әдісі: проблемалық, сұрақ-жауап, талдау-жинақта тексеру, жарыс, қорытындылау.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың зейінін шоғырландыру. Назарын  аудару.

II.  Өткен сабақты пысықтау.

1.  Тақтаға жазу.

2.  2, 3 оқушыға оқыту.

3.  Мазмұнын айтқызу. Жатқа оқыту.

4.  Қорыту.

III.  Жаңа сабақ.

1. Кіріспе. Клоун қонақта. "Бәрімен сәлемдесіп", "Щеткалар" өлеңін оқып "қуанады" сөзін куырады, - деп бәрін күлдіреді.

2. Диалог. Сергіту сәті.

Бақа-бақа балпақ,

Басын неге жалпақ?

Темір терсек көтеріп,

Содан басым жалпақ.

-  Бүгін біз Ц дыбысын өтеміз. Мынау Ц дыбысы. Кәне, бәріміз айтып көрейікші.

-  Бізге қатты естіліп түр екен. Бұл Ц дыбысы сонаң қатаң ба?

-  Иә.

-  Ц дыбысы ұзаққа созылмайды екен. Дауысты дыбыстар ұзаққа әндетіп созылады екен. Ал дауыссыздар тез, қысқа түрі айтылады екен. Мысалы "а", "о" дегенде ұзаққа созылады, байқадыңдар ма?

- Ал "Ц" дыбысы ше? Қысқа әрі қатты естіледі. Сондықтан ц дыбысы қатаң дауысссыз дыбыс. Ол бізге орыс тілінен енген.

Суретпен жұмыс.

Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

-  Бишілерді, әншілерді (көрермендерді) т.б.

-  Дұрыс, бишілер де, әншілер де өнер адамдары екен. Олар өз өнерлерін қай жерде көрсетеді.

-  Қолдарыңды ұрып буынға бөліңдерші.

-  Кон-церт.

- 2 буыннан тұрады.

-  Ц дыбысы қай буында тұр?

—  2-ші буында.

—  Қанша дауысты дыбыс бар?

Ц дыбысы сөздін басында, ортасында, соңында кездеседі. Таңбалануы Ц ц (ш дыбысына ұқсас)

Сөздік жұмыс.

Цех, цирк, кон-церт, цифр.

Дыбыстық талдау. 1 дауысты дыбыс. 1 буынды сөз. Сөздерді оқу, сөздік жұмысы, сөйлемдер құрау.

3. Оқулықпен жұмыс

1.  Цирк қай көшеде орналасқан?

2.  Сөздерді оқу.

3.  Буындар: ца, цу, цы, це, ци

4.  "Циркте" мәтінін оқу. Мәтінде неше сойдем бар? Әңгіменің мазмұнын айтқызу. Хормен оқыту.

Жазба жолдағы сөздерді оқу. Дәптермен жұмыс. Жалғауды көрсету. Ци, Це. Өздік жұмыс. Сөзжұмбақ шешу "Арена"

IV. Қорытынды.

—  Бүгін не үйрендік? Жаңа сөздерді атау.

—  Мен сендерге жұмбақтар оқимын, ал сендер циркте кездесетін аңдар болса айтып отырыңдар.

Өзі айлакер,

Өзі бір қу.

Жүрген жері

Айқай да шу. (Түлкі)

Қалқиып ұзын құлағы

Елендеп қорқып тұрады. (Қоян)

Таптым-таптым тап жорға,

Табаны жалпақ боз жорға. (Түйе)

Жер астында

Жездемнің камшысы жатыр. (Жылан)

50-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ч дыбысы мен және оның әріп таңбасымен таныстыру.

Сабақтың мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. "Ч" дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың "Ч" дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сабақ барысында аталған мақсаттарға жету үшін кеспе әріптер, текшелер, суретті үлгілер көрнекілік ретінде пайдаланылады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, әңгімелету, ойын, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

-  Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-  Қай ай?

- Аптаның қай күні?

- Балалар, біз сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық?

- Біз алдымен дыбыс дегеніміз не? Соған тоқталайық. —Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыстар қалай айтылады? —Ал дауыссыз дыбыстар ше?

-Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды? -Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді? —Ал дауыссыз дыбыстар ше?

- Ал біз әріптерді көреміз бе? Бірнеше сауалдарға балалар жауап береді.

Тәрбиеші: — Өте дұрыс өткен сабақтарды жақсы меңгерген екенсіңдер. Балалар, енді мен сендерге бір жұмбақтар жасырамын, сендер шешуін табыңдар.

Орындық тұр -Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?  (ч)

Дұрыс айтасындар Ч әрпіне ұқсайды. Бүгінгі біздің өтетін жаңа әрпіміз осы Ч әрпі.

Тәрбиеші балаларға Ч әрпінің жазба және баспа әріп таңбасын көрсетіп, таныстырады.

Тәрбиеші балаларға чемоданның суретін көрсетеді.

- "Чемодан" деген сөз қай дыбыстан басталады? "Ч" дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?

- Дауыссыз.

Неліктен дауыссыз дыбыс, қане, бәріміз айтайық. Ал енді "Ч" дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады?

- Қане, кім "Чемодан" сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді. (Бір бала тақтаға "Чемодан" сөзін жазып береді,  буынға бөледі, қалған балалар орындарында отырып, дауыстап оқиды). "Чемодан" сөзінде неше буын бар?

Шапалақ ұру арқылы буынға бөлгізу.

"Ч" дыбысының қатаң дауыссыз дыбыс екенін білдірту. Буындар құратып, оны оқыту (ча, чу, че, чи).

—  Балалар, "Ч" дыбысын ауада жазып көрсетейікші. Алдымен мен жазайын, сендер ауада жазып қайталаңдар.

—  Балалар, дәптермен жұмыс жасар алдында бой сергіту жаттығуын жасайық.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Биік болып өседі.

Өте жақсы, қазір дәптерлерінді ашып, үлгіге қарап, үзік сызыктарды қосып, Ч әрпінің баспа түрін жазайық.

Балалар жазып болған соң ойын ойнаймыз.

Ойын: "Балықшы".

Шарты: Балалар аквариумнан магниттік кубиктерді қармақпен аулап алады да, кубиктегі қандай әріп, кандай дыбыс екенін тауып, сол әріпке сөйлем құрап, әңгімелеу қажет. Мақсат: Алған білімдерін тиянақтау. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сактау үшін сол дыбыстан басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, оны балалардың өздері де салып, қай дыбыстан басталатынын қайталау.

— Балалар, бізде бүгін қандай сабақ болды? Кдндай әріппен таныстық. Қане,   "Ч" дыбысына тез сөз ойлап жіберіндерші. Сабақты тағы бір рет қайталап сұрап, пысықтаған соң, қорытындылауға болады.

51-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ь белгісі және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды Ь белгісімен таныстыру, таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

2.  Ь белгісі қатысты сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен ой-өрісін, тілін дамыту.

3.  Ұқыптылыққа, таза әдемі жазуға дұрыс оқуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жеке суреттер, буындық кестелер, кеспе әріптер.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, ойын.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру. Балаларды сабаққа даярлау.

II.  Өткен сабақ.

1.  Ч дыбысы қандай дыбыс?

2.   "Кім жылдам?" ойынын ойнату арқылы ч дыбысы бар сөздер айтқызу.

3.  Кеспе әріптерден сөз құрату.

4.  "Болашақ чемпиондар" өлеңін жатқа сұрау.

ПІ. Жаңа сабақ.

1- Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

2.  Тақырыптық суретпен жұмыс.

Конь-ки сөзіне дыбыстық талдау жасату, ь белгісі бар сөздердің айтылуын, оқылуын түсіндіру.

3.  Суретке сөйлем құрату.

4.  Бағандағы сөздерді оқып беріп, сөздердің мағынасын түсіндіру.

5.  Оқушыларға бағандағы сездерді жеке-жеке окыту.

6.  Сөздерді буынға бөліп оқыту.

7.  Балаларға жартылай дауыспен 2-3 минут оқыту.

8.  Жазу жолындағы сездерді оқыту.

9.  Буындық кестелерден сөз құрату, оны оқыту.

Сергіту сәті

Бір, екі, үш

Жинап алып күш,

Қолға қалам аламыз.

10. Дәптермен жұмыс.

IV.  Жаңа сабақты бекіту.

"Қай буынды жоғалттым" ойыны. Суретке қарап, жоқ буындарды табу.

V. Бағалау. Балаларды мадақтау, жақсы қатыскан балаларға жұлдызша беру.

52-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ъ белгісі және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Ъ белгісімен таныстыру. Ъ белгісі бар сөздерімен таныстыру, сол сөздерді жазуға үйрету.

2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, әдемі жазуға, дұрыс оқуға машықтандыру.

3.  Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

Көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, буындық кестелер.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

11. Өткен сабақты қайталау.

- Сұрақ жауап арқылы өткен сабақты қайталау.

1.  Казақ тілінде неше әріп бар?

2.  Дауысты дыбыстар нешеу?

3.  Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

4.  Дауыссыз дыбыстар нешеу?

5.  Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? Сөздерге дыбыстық тащдау жасату. Экипаж ащы

р — дауыссыз

о - дауысты, жуан

я — дауысты, жіңішке

л - дауыссыз

ь — жіңішкелік белгісі

5 — әріп, 4 дыбыс

Кеспе әріптерден сөз құрату, сол сөздер арқылы сөйлемдер құрату.

Вагон. Жүрдек поездарда вагондар көп.

Фонтан. Фонтаннан мөлдір су көкке шапшып тұрады.

Шахтер. Шахтер — құрметті маман.

IV.  Мақсат қою.

(Оқушыларға бүгінгі сабақты баяндау)

V.  Жаңа сабақ.

Ъ — айыру белгісі. Ешкандай дыбыстық таңбасы емес. Дауыссыз дыбыс пен кейбір дауысты дыбысты ажырататын таңба ретінде казак тілінде орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады: Мысалы: разъезд, подъезд, съезд.

Ъ белгінің баспа және жазба түрін көрсету, таныстыру.

Ъ және ь белгілерін салыстыру.

Лагерь — подъезд

Рояль — съезд

Фильм — разъезд

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар

Үп-үлкен боп өседі.

Суретпен жұмыс "Разъезд".

(Оқушыларға сұрақтар қою арқылы сөйлемдер құрату. "Разъезд" сөзіне түсінік беру. Шағын әңгіме құрату).

Ребус шешкізу.

(Жасырын сөз: Подъезд) Подъезд сөзін түсіндіру. Дыбыстық талдау жасату. Подъезд    -7 әріп, 6 дыбыс.

Дәптермен жұмыс. VI. Бекіту.

"Кім жылдам?" ойыны арқылы ъ таңбасы туралы түсініктерін тексеру.

VI. Сабақты қорыту.

—  ъ таңбасы қандай сөздерде кездеседі? Сөздерге дыбыстык талдау жасату.

VI. Үйге тапсырма беру.

Дәптердегі жазуды аяқтау.

53-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сурет бойынша әңгіме                       і

Мақсаты:

1.  Сурет бойынша байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Сұрақтарға жауап беріп, өз ойын дұрыс жеткізе білуте, сөйлем құрауға баулу.

2.  Оқушылардың сөзді ести білу және еске сактай алу қабілетін, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.

3.Отансүйгіштікке, достық қарым-катынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: Суреттер, ойыншықтар, гүлдердің суреті, т.б.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.  Үй тапсырмасын қайталау.

III.  Жаңа сабақ.

1.  Ойыншықтарды көрсетіп, оқушылармен әңгіме өткізу.

—  Мынау не?

—  Ол доп, секірме(скакалка), обруч.

Түсі қандай? Көлемі қандай? Ол не үшін керек? Тағы сол сияқты сұрақтарды қоя отырып суретпен жұмыс жүргізу.

2.  - Суретте не көріп тұрмыз?

— Ат қойып кім, немен ойнап жүргенін айтайық.

— Ал, енді сызба бойынша сөйлем құрастырайық.

-  Біз доп ойнадық,

-  Сөйлем неше сөзден құралған?

- Ал мұнда неше сөзден сөйлем құрауымыз керек.

- Төрт сөзден сөйлем құрауымыз керек.

-  Балалар далада ойнап жүр, тағы да сол сияқты.

-  Мына суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-  Көктем мезгілі.

-  Оны қалай білдіңдер? Сабақты қорытындылау.

54-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Буынға бөлейік.

Сабақтың мақсаты: а) Сөздердін бір буыннан да, көп буыннан да тұратынын білдіру.

ә) Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіру.

б)  Буындық белгіні қол жаттықтыру дәптеріне жаздыру.

в)  Ойын "Жоғалған буын".

Көрнекіліктер: суретті үлгі құралы - қыз баланың суреті, текшелер, ойын, дәптер, қалам.

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Тақтадағы суретке ат қою, қыз баланың есімі — Сара.

-  Енді, Сара сөзі неше буыннан тұрады екен, ойлап көрелік. Са-ра.

-  Бірінші буынын кім айтады?

-  Бірінші буыны Са.

-  Екінші буыны -ра.

-  Дұрыс. Екі буыннан тұрады. Себебі екі дауысты дыбысы бар. Дауысты дыбыс жеке өзі ғана бір буын құрай алады. Мысалы, А-ша.

Ойын: "Жоғалған буын". Балаларды екі топқа бөлу.

-   Мен бірінші буынды көрсетемін, сендер жоғалған буынды табасыңдар.

Ойынның шарты: Жылдам ойлап, келесі буынды табу. Қай катардағы топ бұрын аякталса, сол топқа бір-бірден ойыншық қойылады.

- Ал, енді ойынымызды бастайық:

Үй -   .    .., бө-     -не, қар-   7, сауыс-        , тыр-    ", кө-        , тор-, бүр-Ойын соңында жеңімпаз топқа түсті жалауша беріледі.

- Балалар, енді мына сызбаға қарап сөйлем құрастырайық. Сөйлемдегі сөздердің санын тор көзге жазайық.

қарлығаш                         ұя

Қол жаттықтыру жұмысы.

Тақтаға текшелермен екі сөз жазып, әрқайсысын буындық белгімен белгілету. Мысалы: "Сара" сөзі текшемен былай жазылады: көк, қызыл,  қызыл.

- Мына сызбаның көшірмесін дәптерге түсірейік.

-  Бұл өрнек неше торкөзден құралған?

- Енді осы өрнекті қолымызды үзбей, сатылап көшіреміз.

- Енді әуе шарларына жазылған буындардан сөз құрау: Ұ-зақ, кө-кек, қар-лы-ғаш, тор-ғай, тыр-на, боз-тор-ғай. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау. Ұзақ — жыл құсы. Торғай шырылдады. Тырна ұшып келді. Сабақты қорыту. Буын туралы білімдерін тиянақтау.

55-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөз.

Сабақтың мақсаты: 1. Сөз туралы ұғым беру.

2.  Оқушылардың тілін, ойын ойын арқылы дамыту.

3.  Ойлану және дұрыс сөйлеу мәдениетіне және табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекіліктер.

Көрнекілік: суреттер, қима буындар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

-  Балалар, бүгін бізге қонакқа "Тапқышбек" келіпті, ол бізге сөз туралы ұғым беру үшін әртүрлі ойындар әкеліпті. Сол ойындарды ойнап көрелік. - Бірінші ойын "Буындардан сөз құра".

- Балалар, мынау ненің суреті?

- Дұрыс, ағаштың сабағы екен. Сабақтың жапырактарында буындар жазылған. Оң жақтағы және сол жақтағы буындарды қосып сөздер құрайық.

-  Ба-лық, ба-ю, ба-қа, қа-сық, та-уық, мы-сық

- Тапқышбектің алғашқы ойынын жақсы ойнадыңдар.

-  Екінші ойын "Сөздерден сөйлем құра".

Мына берілген сөздерден сөйлем құрастырайық. Бірінші сөз Бақа екен және 2 тал бос клетка берілген. Ондай болса үш сөзден тұратын сөйлем құрайық.

Бақа суда жүреді.

Балық та суда жүреді.

Мысық - өте әдемі.

Қоңыз — жәндік.

Күшік үй күзетеді.

-  Біздің үшінші ойынымызды былай ойнаймыз. Әрбір сөзде неше әріп болса сонша нүкте қоялық. Бірінші соз ою екен. Ою дегеніміз не, оны кандай жерде колданамыз?

Ою, дала, ағаш, қауын, арпа, алмас

- Енді балалар, біз бағанадан бері шаршадык, сергіту сәтін өткізейік.

-  Біздің алғашқы ойынымызға ағаштардың сабағына жазылған буындардан сөз құрағанбыз. Айналамызда өсіп тұрған ағаштарды қорғауымыз керек. Ағаштарды, өсімдіктерді су құйып, күтіп жүрсек ағаштар үлкен болып өседі. Жалпы ағаштардың өсімдіктердін тигізетін пайдасы мол. Балалар, сол ағаштар секілді үлкендердің айтқанын тыңдап, сабақты жақсы оқысақ, біз де үлкен болады екенбіз.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үлкен болып өседі. (Әрбір сөзге байланысты қимыл-қозғалыстар жасату)

-  Келесі ойынымыз "Сөз құрастыр"

-  Қарандаршы, мынау ненің суреті?

-  Күн.

-  Жақсы күн. Осы «күн» сөзін катыстырып сөйлем құрап көрелік. Балаларға сөйлем құратып құрамында неиге сөз бар екенін білдірту.

- Карандаршы, күннің бетінде және шашыраған сәулелерінде буыңдар жазылған, осы буындардан сөз құрастырайық.

Ой-шыл, о-йыл, ой-на, ой-мақ, ой-ла, ой-лан, о-йық. Ойыннан соң балаларды сергіту үшін "Әрқашан күн сөнбесін" әнін айтып беру.

-  Енді балалар, суретке қарап сөйлем құрастырайық.

-  Мына суреттегі кім?

-  Бала.

-  Осы балаға ат қоялық.

-  Ерлан.

-  Ерлан — ойшыл бала.

-  Келесі сөйлемді құрайық.

Мына ойында сандарды кіргізіп сөздер беріліпті. Сол сөздерді тауып көрелік.

т10тон. қонақ-конақ, к3-күш, 5-ік - бесік

-  Балалар, біз бағанадан бері ауызша ойындар ойнадық.  Енді дәптермен жұмыс жасаймыз. Қолымызды жаттықтырайық.

-  Мынау ненің суреті?

-  Күшіктің.

-  Осы күшіктін суретін дәптерімізге салайық. Клеткаларды санап дәл суреттердей ұқсатып салайық.

Сабақты қорыту.

Әрбір ойынды ойнап біткен соң, бізге конаққа келген Тапқышбек оқушыларды мадақтап, көтермелеп отырады.

Сабаққаа жақсы қатысқан балаларды ауызша бағалау.

56-сабақ

Сабақтың такырыбы: Жоғалған сөздер.

Сабақтың мақсаты:

1.  Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау.

2.  "Жоғалғал сөздер" ойынымен таныстыра отырып, сөздер, сөйлем құруға және дұрыс буынға бөлуін қадағалау.

3.  Қолдарын әдемі жазуға тәрбиелеу және қызығушылығын артгыру.

Сабақтың көрнекілігі: әліпби, кеспе әріп кассасы,

суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, түсіндіру

Сабақтың барысы:

I.  Ұйымдастыру кезеңі

а) Дөңгелек құрып, кілемге отыру. ә) Әліпбиді қайталау.

б)  Жұмбақ жасыру.

"Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама". (Кітап)

II.    Қайталау

1.  Кеспе  әріптен  өткен дыбыстарды тауып,  текшеге тізу.

а) Тт дыбысына сөздер құрату.

э) Сол сөздерді кгітыстырып, сөйлем құрау.

б)  Суретпен жұмыс.

"Қай әріпті жоғалттым?" ойыны яау, яүлкі, кіля, яелефон

2.  Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкене балалар,

Үп-үлкен боп өседі.

III.  Жаңа сабақ.

І.Тақтамен жұмыс "Жоғалған сөздер" ойыны

Көктем                                       жылынды.   Жер

Құстар

2.Берілген сөздерден сөйлем құрау

Көктем, жылы, құстар. Ұя, балапан, наурыз.

3.  "Сөз ойла, көп ойла" ойыны.

2,3,4,5 дыбыстардан тұратын сөздер ойлату.

3. Қолдарын жазуға даярлау.

ссс

ххх

ооо

4. Сөзжұмбақ жасыру

быз.                     ға.            мақ.

5.а) Қарбыз, қарға, қармақ сөздерін буынға бөлгізу. ә) Мағынасын ашу.

б)  Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем ойлау.

в)  Осы сөздердің ішінен бұрынғы өткен дыбыстарьш тапқызу.

IV.  Сабақты қорыту

V.   Мадақтау.

57-сабақ

Сабақтың такырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаты: Балаларға сөйлем жайында терең түсінік беру.

Сабақтың міндеті: а) Сөйлем сөзден, сөздер дыбыстардан тұратынын түсіндіру. Сөйлемде неше сөз бар, сөзде неше дыбыс бар екенін ұғындыру. ә) Сөйлем құратуға үйрету. Ойлау, зейін, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, таныстыру ойын, қол жаттықтыру жұмысы.

Көрнекілік: кеспе әріптер, суреттер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

—  Балалар, сауат ашу сабағы бізге не үйретеді?

—  Әріптерді, дыбыстарды үйретеді, жазуға, оқуға үйретеді.

—  Дыбыстарды біз айтамыз, құлағымызбен естиміз, ал әріптерді біз көзімізбен көреміз, қолымызбен жазамыз. Ендеше, балалар, бір сөз ойлап, сол сөзге дыбыстық талдау жасап көрейікші. Мысалы: оқушы, ауа, мектеп.

оқушы             ауа             ме

к        т         е         п

5 дыбыс                        3 дыбыс                     6 дыбыс

Балалар, біз бүгінгі сабағымызда сөздерден сөйлем құрап үйренеді екенбіз.

Мына тақтадағы ағаштардын қанша гүлі бар екен қане, бәріміз санап шығайық. 6 гүлі бар екен.

Ендеше осы гүлдердегі дыбыстардан сөз құрастырып көрейік. Құрастырған сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату. Ойын Ұйымдастыру "Бірдей әріптерді қос". Ойынның ережесі: екі үйшіктегі бірдей әріптерді қосу. Бой сергіту жаттығуы.

Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Үлкен құрған соң,

Алақанды ұрайық

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға,

Шапалақта, шапалақ

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Ал енді, балалар, сабағымызды жалғастырамыз. Қане, бәріміз тақтаға қарайық, неше сызбаны көріп тұрсыңдар?

-  Ендеше осы сызбага сәйкес сөйлем құрастырып көрейік. Балалардың бүгінгі сабақта алған білімдерін тиянақтау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау. Қол жаттықтыру, дәптермен жұмыс.

58-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Заттардың жеке атауын ата.

Сабақтың типологиясы: Жаңа сабақты меңгерту.

Білімділік мақсаты: Жеке заттардың атауларын білу, оның ішінде жеміс атауларымен таныстыру. Оларды не үшін пайдаланамыз, олар қайда өседі? Олардан не жасалатынын денсаулыққа адам ағзасына әсері қандай екенін атап түсіндіру. Буындық дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру.

Дамытушылық: Ойлау, ой-өрісін дамыту, дұрыс сөйлеуге үйрету. Әр заттың аталуын есте сақтау. Тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Айналадағы заттарға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Жаттығулар орындату барысында ұқыптылықка, ойындар ойнату, ребустар шешкізу арқылы жылдамдықка тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жеке суреттер, себетке салынған жемістер, ребус.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

I. Ұйымдастыру. а) амандасу ә) оқушы түгендеу б) зейіндерін сабаққа аудару.

IV.  — Бүгін, балалар, біз заттардың жеке атауымен танысамыз және жазу жазамыз, әр түрлі тапсырмалар орындаймыз.

V.  Жаңа сабақ.

а) — Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күзде ауа-райы қалай болады?

- Күзде пісетін қандай жемістерді білесіндер?

-  Ал енді, балалар, мына себетке қараймыз. Қандай заттар?

- Себеттегі әр түрлі жемістер.

- Қане, әр қайсысының атын атайық. -Алма, алмұрт, ананас, жүзім, банан. Бұлардың барлығы күзде пісетін өсімдіктер.

-  Қане, жемістердің атын атап, буынға бөлейік.                                                 Мысалы алма — ал-ма, ал-мұрт т.б.

Ал енді, ойын ойнайық. Көзді жұмып тұрып себеттегі жемістерді сипап сезу арқылы анықтап, ойын сипаттату. -Қане, Арман, кел бір жемісті ала ғой.

— Банан. -Дәмі тәтті.

— Бұл тропикалық өсімдік, бізде өспейді.

—Алма қызыл, дәмді, одан тосап, сусындар дайындауға болады, ағашта

өседі.

Осы жемістер адам ағзасына пайдалы және әр түрлі витаминдер береді екен. Адамның өсіп жетілуіне жақсы көмектеседі. Дәптермен жұмыс.

Осы жемістердің атын жеке-жеке жаздыру. Сергіту жаттығуы.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

Ал енді мына буыннан сөз құраймыз.

Алма, жүзім, шие.

Жалқаулықты тастаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Ырғағымен әуеннің,

Жаттығуды бастаймыз.

"Өрнекті аяқта" жаттығуын орындату.

VI.  Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

- Сонымен қандай заттармен (жемістермен) таныстық?

— Жемістер қайда өседі? -Жемістерден не жасалады? т.е.с

VII.  Енді, балалар, мына ребусты шешсек бүгінгі өткен жемістердің аты шығады. Тез ойлап табайық.

Жемістердің атауына байланысты жұмбақтар жасыру. Окушылардан өздері білетін өлендер сұрау.

VIII.  Үйге тапсырма. Дәптерге жеміс суретін салып келу және оны сипаттап келу. Жұмбақ, өлең жаттап келу. Бағалау. Оқушыларды мадақтап, бағаларын атап айту.

59-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Заттардың жалпы және жеке атауы.

Сабақтың мақсаты: 1. Суретке қарап берілген көкөністер, жәндіктер мен ағаштардын атауын атап жазуға үйрету. Олар туралы білімдерін кеңейту. Адам ағзасына әсері қандай екенін білдіру.

2.  Ойлау қабілеті мен көркем жазу дағдысын дамыту.

3.  Оқушыларды табиғатты аялауға және табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сүрак-жауап, әңгіме, ойын.

Көрнекілік: такырыптық суреттер, үлестірмелі карточкалар т.б.

Сабақтың барысы:

I.  Ұйымдастыру кезеңі.

Түзу отыр партада,

Қыры батпас арқаңа.

II.  Өткенді пысықтау

Оқушылармен көкөністер, ағаш, жәндіктер туралы өз білгендерімен әңгіме жүргізу. Сұрақ-жауап:

І.Қазір жылдың қай мезгілі?

2.Күз мезгіліне қандай айлар жатады?

3.Күз мезгіліндегі адам еңбектерін ата?

4. Көкөністерге нелер жатады?

5. Қандай ағаш түрлерін білесің?

6. Қандай жәндіктерді білесіндер?

III.  Жаңа сабақ.

Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі. Тақтаға көрнекілікті іліп, көрнекілікпен жұмыс жүргізу. Жеке әр суретті көрсете отырып, атауын сұрау. Әр қатардан өзгешелігін таптыру.

а) — Бұл не?

-Қиярдың пішіні, түрі қандай?

— Қияр жасыл түсті, сопакша, қара тікені бар.

— Неге қолданамыз?

Осы сиякты сәбіз, асқабақ, пияз туралы түсіндірме-әңгіме жүргізу

— Мынау не?

— Пияздың пішіні қандай?

— Пиязды не үшін пайдаланамыз?

-Дұрыс, балалар. Пияздың сонымен қатар емдік қасиеті бар екен. Пияз қыс мезгілінде тұмаудан сақтану үшін қолданылады. Тұмау кезінде оның ащы суы бізге кеп көмек екен.

ә) Сол сиякты ағаш түрлерімен жұмыс.                                                              

—Шырша, терек, қайың.

— Шырша жасыл түсті, көйлек пішіндес. Шырша қысы-жазы бір түсті болады. Шыршаны жаңа жыл мерекесінде пайдаланады.

б) Қоңыз, кірпі суретін көрсетіп әңгіме жүргізу.

Мысалы: - Бұл кірпі. Кірпі сопақша, тұмсығы ұзын, жотасы тікенекті. Кірпі адам өміріне өте пайдалы: оны үйде, аулада асырауға болады. Кірпі жүрген жерде жылан болмайды. Кірпі сүтпен қоректенеді.

IV.  Сызба арқылы сөйлем құрастыру.

Оқушылар ағашты суғарды.

Ағаш биік өсті.

Ағаш жапырактары сарғайды.

V.  Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен,

Теріп-теріп алайық. Қалтамызға салайық.

VI.  Өзіндік жұмыс.

Қияр, пияз, асқабак, қайың, шырша, терек сөздерін буынға бөліп, дыбыстық таддау жасау. Мысалы: асқабақ

ас-қа-бақ 3 буын бар, себебі 3 дауысты дыбыс бар. а — дауысты, жуан с - дауыссыз, қатаң қ — дауыссыз, қатаң а — дауысты, жуан

6  — дауысты, үнді

а — дауысты, жуан   ' қ — дауыссыз, қатан

7  әріп, 7 дыбыс бар.

VI. Көзді жұмып тұрып, сезім арқылы кдндай жеміс ұстап тұрғанын айту және сипаттау.

Осы көкөністер жерде өседі.

Олардан тосап жасауға болады және адам ағзасына витаминдер береді.

Көкөніс, ағаштар туралы жұмбақтар шешу.

Ызақор бұғып жатып,

Сақалын тығып жатыр. (Пияз)

Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды. (Ағаш)

IX. Жазу үлгі дәптеріндегі тапсырманы жазу. Тізбекті жалғастыру.

Оқушыларды мақтау, бағалау. Үйге тапсырма.

60-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөздерге дыбыстық талдау.

Сабақтың мақсаты:

1)  Сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйрету, оқушыларға дыбыс түрлерінің дауысты, дауыссыз болуын ұғындыру, сөз, сөйлем туралы ұғымдарын кеңейту.

2)  Оқушылардың ойлауын, тілін дамыту.

3)  Төрт түлікті құрметтеуге баулу, еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.

Сабақгың көрнекілігі: үлестірмелі сурет, сюжетті сурет, текшелер. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Окушыларға оқу-құралдарын алдырып, сабаққа дайындау.

II.  Өткен сабақты қайталау.

III.  Жаңа сабақ:

1.  - Балалар, қандай үй жануарларын білесіңдер?

-  Бұл жануарларды төрт-түлік деп атайды.

-  Енді, осы жануарлардың төлдерін атаңдаршы. Түйенің төлі - бота, сиырдың төлі - бұзау, жылқының төлі - құлын, қойдың төлі - қозы, ешкінің төлі — лақ.

2. — Енді, дыбыстық талдау жасаймыз.

3.  Оқушыларға сюжетті суреттер бойынша сөйлем құрастыру. Бала атты суғарды. Үсен атын тарады.

Мына бос торкөздерге сөйлем құрастырамыз. Асан бәтеңкесін тазалап қойды.

Сызықтың шығып тұрған себебі, ол бас әріппен жазылады.

4. Дәптермен жұмыс.

Қолдың еркін қозғалысына байланысты.

- Балалар, енді мына суретгерге зер саламыз. Мұнда да аттарын жазып, дыбыстық талдау жасаймыз.

Құрт,          май,          айран,           ірімшік.

6. Енді балалар мына сөздерді қатыстырып, сөйлем құраймыз.

Қымыз — биеден алынады.

Шұбат - түйенің сүті.

Схема бойынша сөйлем құрастыру.

Әжем бие сауды. Биеден қымыз алынады.

Түйеден шұбат алынады.

Оқушыларға схема ішіне сөздерді қалай орналастыру керектігін түсіндіру.

Бірінші сөйлем үш сөзден құралған, сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен

жазылады. Мысалы: Қымыз, шұбат - шипалы сусындар.

- Дұрыс.

IV.  Сергіту сәті

Бас бармақ - әке. Балаң үйрек - шеше. Ортан терек - мен. Кішкентай бөбек - сен.

V.  Қорыту.

Енді ойын ойнаймыз "Кім жылдам?"

Тиістісін тауып, сызықпен кос.

құрт                           сиыр

май                            түйе

ірімшік                      жылқы

қымыз                       қой

шүбат                        ешкі

айран

Сол қатардағы сөздерді, он. қатардағы сөздерді сызықша арқылы

байланыстыру.

VI.  Оқушыларға берілген жүлдызша, төртбұрыш арқылы жауаптарын бағалау, мадақтау.

61-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөз және сөйлем құрайық.

Сабақтың мақсаты: Сөз бен сейлемнің құрастыру жолдарын ұғындыру. Оқушыларға сөз бен сөйлемді ажырата білуіне мән беру.

Сабақтың міндеттері:

1)  Білімділік: Сөздік қорларын арттыру, тіл байлығын дамыту.

2)  Дамытушылық: Өз табиғатымыздың байлықтарын қорғауға бағыттау.

3)  Тәрбиелік мәні: Табиғаттағы жануарлардың тамаша қасиеттерін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: "Жабайы андар". "Оқу-құралдары" және "Осы суреттерден өзгешесін тап" атты стенд.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме көрнекілік.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.  Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтарға жауап алу.

III.  Жаңа сабақ.

-  Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, яғни аты "Сөз және сөйлем".

Енді бәріміз мына суреттерге қарап отырып аттарын атаймыз. 1. Жолбарыс, зебр, аю және доп.

-  Ал енді осы суреттерге қарап отырып, өзгешесін кім байқады?

- Дұрыс "шар" екен.

Олай болса бұл андар орманның дапаның еркін жүретін андары екен. Мінеки, балалар, бұл андардың аттарын атай отырып "сөз" жасалды. Енді назарларынды мына екінші суреттерге салыңдар. Мұнда да өзгешелік бар, алдымен аттарын атайык,- Кітап, қалам, бор және керік. "Керік" деген сөз таныс емес болар, оны біз жираф дегенбіз бәріміз хормен "керік" деп айтайық. Енді мінеки, балалар, біз енді бұл суреттен де "сөз" құрап алдық.

Енді бізде тағы "сөйлем" ұғымы бар. Осы атаған суреттерімізден сөз құрау арқылы, осы сездерден сөйлем құрастыруымыз керек.

—Дұрыс балалар, өте әдемі жақсы құралған сөйлемдер.

Өткен әрпіміз бойынша "ребус" шешіп керейік. Өзім түсіндіремін, шеше алмаса көмектесемін. 1. "Борсық", ал енді 2-сін өздерің табыңдар.

Суреттен допты көрдік осы доп "п" әрпінің орнына "с" әрпін койсақ. "Дос" сөзі шығады. Өздеріңнің достарың бар ма?

IV. Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті.

Өзіндік жұмыс.

—  Балалар, "сөйлем" ұғымын ары қарай жалғастырамыз. Бәріміз мына суреттерге қараймыз. Сөйлем құрау керек.

Балалар арамен ағашты аралады. Мында қарайықшы, неге терт бос көздер қойған? Солардың ішін толтырып қойсақ, сурет бойынша сөйлем құралады.

Балалар                  ағашты                   арамен                   аралады

Бұлай тұрған  "I" себебі сөйлем бас әріппен жазылады.

Келесі сурет те солай, енді оған өздерің құраңдар.

—  Айнаш қамыр жайды.

Тор көздерге толтырып көрейік. Айнаш             қамыр                    жайды.

—  Айнүр би биледі.

Айнұр              би                 биледі.

Топпен жұмыс. "Кім шапшаң?" ойыны. Бала отын ара — 1 топтың жұмысы. Қыз қамыр биші — 2 топтың жұмысы.

Балалардың сөз сөйлем ұғымының қаншалықты меңгергенін тексеремін.

V.  Оқулықпен жұмыс.

Суреттер бойынша сөз, сөйлем құрастыру.

VI.  Дәптермен жұмыс.

Қолдын еркін қозғалысына байланысты.

VII. Бекіту. Суреттерді көрсете отырып "алма, ағаш, жапырақ" сөйлем құрай отырып, сабақты бекіту.

VIII.  Үйге: Өз беттерінше сөз, сөйлем кұрау.

IX.  Оқушыларды бағалау, мадақтау.

62-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сурет бойынша әңгіме "Тамақтану".

Сабақтың мақсаты:

1. Балаларды казақтың ұлттық тағамдарымен таныстыру.

Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту арқылы сөздегі дыбыстарды айқын естіп, дұрыс айтуға үйрету.

2.  Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту. Жалпы ой-өрісін дамыту.

3.  Ойлауға, байқағыштықка тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тағам түрлері, суреттер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I.  Ұйымдастыру.

Балалардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа даярлықтарын тексеру.

II.  Үй тапсырмасын қайталау.

III.   Жаңа сабақ.

-  Балалар, қай кезде қауын, қарбыз піседі?

-  Балалар, бүгін аптаның, қай күні?

-  Бүгін біз сауат ашу сабағында сурет арқылы "Тамақтану" тақырыбына әңгіме құраймыз.

Тамақ, қуырдақ, бесбармақ, жент, қаймак, сорпа. Дыбыстық талдау жасау.

-  Біз дыбысты естиміз, бірак көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс қалай дыбысталады?

- Ал, дауыссыз дыбыстар ше?

- Дауыссыз дыбыстарга нелер кедергі жасайды?

-  Дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыстар кандай текшелермен белгіленеді?

-  Өте дұрыс, өткен сабақты қайталап шықтық. Балалар сурет арқылы жаңа сабақты талдаймыз. Тамақ деген сөзде неше дауысты дыбыс бар?

т — дауыссыз ж — дауыссыз с — дауыссыз а — дауысты  е — дауысты          о — дауысты

м — дауыссыз н — дауыссыз р — дауыссыз а — дауысты т — дауыссыз п — дауыссыз К — дауыссыз                                а - дауысты

2  - дауысты дыбыс     1 - дауысты дыбыс      2 - дауысты дыбыс

3  — дауыссыз дыбыс   3 — дауыссыз дыбыс   3 — дауыссыз дыбыс.

-  Балалар, енді біз "Адасқан әріптерді тап" ойынын ойнайык, дыс                  асық            ышақ           есе               әйнек           абак

Ребус шешу.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Біп-биік болып өседі.

Дәптермен жұмыс.

Жазғанда түзу отыруға, қаламды дұрыс ұстауға, дәптерді дұрыс қоюға дағдыландыру.

Сурет бойынша дыбыстарға талдау жасау.

уық       — у — дауысты            - у — дауыссыз екіге бөлінеді.

у — дауысты          а — дауысты          у        -       дауысты ы — дауысты

у — дауыссыз        ы —    дауысты      қ - дауыссыз                а — дауысты

з - дауыссыз

Сөйлемді жазғызу.

Өрісте қозы жайылып жүр.

Сурет арқылы балаларға сұрақ қою.

Бала неге мінген?

Бала атқа мінген деп балалар көргенін мазмұндайды.

Балаларға мына сөздерді жазғызу.

Уақыт, тура, дуадақ.

Ребус шешу. Тауық, кит.

Дәптермен жұмыс.

Балаларды мадактап, сабақты схема арқылы қорыту.

Сүт                                                           Конфет

Айран     -                                                      Қант

63-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сурет бойынша әңгіме "Жазда көл жағасында". Сабақтың мақсаты:

1.  Балаларды жаз мезгілінің ерекшелігімен таныстыру.

Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту арқылы сөздегі дыбыстарды айқын естіп, дұрыс айтуға үйрету.

2.  Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сәздік корын байыту. Жалпы ой-өрісін дамыту.

3.  Балаларға табиғат өзгерісін байката отырып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: сурет, окулык, қима буындар.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабақка аудару. Сабаққа даярлықтарын тексеру.

II.  Өткен сабақты қайталау.

III.  Жаңа сабақ.

— Ал, балалар, суреттен не көріп отырсыңдар?

—  Көл жағасы.

—  Тағы не көріп отырсыңдар?

—  Қызды және баланы.

Бүгін біз сауат ашу сабағында сурет арқылы "Жазда көл жағасында" тақырыбына әңгіме құраймыз.

Жаз келді. Балалар көлге келді. Олар суға түсті. Күнге қыздырынды. Балалар суға, жағалауға қоқыстар тастамайды. Табиғатты қорғау керек.

Ойын ойнату. "Бөтен буынды тап" ойыны.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Біп-биік болып өседі.

Дәптермен жұмыс.

Оқулық бойынша буындарды салыстыру. а - ә;  о - ө; ал - әл;  от - өт; ар - әр;   ор - өр; нар - нәр; ос - өс; ы - і;  ү - у; ыс - іс;  қүй - күй;  тыс - тіс;  түс - түс.

Дұрыс жазылмаған сөзді сызықпен қорша.

Бата өсиет өнеге

Акыл               шірін            күре

Жілік       үран         әрлі

Балаларды мадақтап сабақты қорыту.

64-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Білім еліне саяхат.

Сабақтың мақсаты: Балалардын жыл бойы алған білімдерінің сапасына көз жеткізу. Ана тіліндегі өткен дыбыстарды қайталау. Сөзді буынға бөліп және тұтас окқға жаттықтыру. Сауат ашуда сөздік қорды байыту, түрлі суреттер және сөздік ойындар арқылы балалардын байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әліппе, суреттер, ребус схемасы, атрибуттар.

Сабақтың барысы:

— Балалар, біз бүгін білім еліне саяхатқа шығамыз. Ол жерде сендердің жыл бойы балабақшада не үйренгендеріңці тексереді. Сендер ондай сынаққа дайыңсындар ма?

— Дайынбыз.

— Ендеше саяхатка аттанайық.

Жолда "Ғалым" кездесті. Ол сабақ жүргізу тізгінін өз қолына алды.

1.Балалар мына көрсетілген суреттерді атап, дыбыстық талдау жасап жіберейік.

2. Мына суретте кандай пішіндер бейнеленген?

3.  Логикалық есеп.

Қыстыгүні ағаш басында үш алма өсіп тұрды. Оның біреуін мен үзіп жедім, сонда қанша алма қалды? Жауабы: Қыста алма өспейді.

4. Кеңістікті бағдарлау (Ғалым елінің иесі балалармен қоштасады).

— "Ғалым" аға, біз енді калай жүреміз? Жолымыздан адасып қалдық қой.

— Тура жүріп оңға бұрылсандар, іздеген жерлерінді табасыңдар. Балалар музыка әуенімен саяхатқа аттанады (Әріптер еліне келеді). Әріптер елінен бұларға ақ сақалды қария кез болады.

— Амансыңдар ма, балаларым!

(Әріптер атасы балаларға өзінің тапсырмасын ұсынады).

"Өзгеше буынды тап" ойыны.

(Әріптер атасы балаларға рақметін айтып, кала береді). Т: — Біздің саяхатымыз әрі қарай жалғасады. Жүре-жүре "Сауаттылық" еліне келіп жетеді.

Сұрақ белгісі елінің иесі, өзінің үтір, нүкте көмекшілерімен балаларды қарсы алады, оларды таныстырады.

Сұрақ белгісі өзінің тапсырмасы бар конвертін ашады да, мына төмендегі тапсырмаларды оқиды.

І.Ата, көктем, оқушы деген сөздерге сөйлем құрандар.

2.Дидактикалық ойын.

3.Ребустағы сөзді сурет бойынша оқу.

4.Суреттер арқылы "мектеп" сөзін жазу.

5.Жұмбақтар шешу.

а) Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

ә) Ат міндім қара ала таяқ,

Жүргенде жол салады табандатып. (Қалам)

Сұрақ белгісі балалармен қоштасады.

—  Балалар, біз бағанадан бері жол жүріп шаршаған болармыз. Ән айтып, би билеп, біраз бой жазып алайық. (Бой жазу жаттығулары).

Саяхат одан әрі жалғасуда. Оларды енді қуыршақ елінің кейіпкерлері қарсы алады. (Түлкі, қоян, тазша бала).

Қуыршақтар: - Сәлеметсіздер ме?

Балалар: - Сәлеметсіз бе?

Тәрбиеші: - Балалар, біз қайда келдік?

Балалар: - Ертегілер еліне.

Тәрбиеші: Балалар, түлкі, қоян қай ертегінің кейіпкерлері? Б" — "Құлақ", "Тазша бала" ертегілерінің кейіпкерлері. Т: - Балалар, сендер қандай ертегі қойып бергілерің келеді? Балалар "Жыл басына таласқан хайуанаттар" ертегісінен койылым көрсетеді.

Балалар қол ұстасып саяхатқа аттанады. Жолда оларға сандық кез болады. Онын ішінде қозы.

Т: — Бұл сандықты ашпас бұрын жұмбақ шешейік.

Жұмбақ: Кішкене ғана қошақан.

Өзі сондай момақан.    (Қозы)

Балалар: - Қозы.

Т: — Қозы ненің төлі?

Б: — Қойдың төлі.

Т: — Осы кішкене қозы туралы кім әңгімелеп айтып береді?

(Бір бала әнгіме айтып береді. Жаңбырдың тырсылдаған дауысы естіледі)

Т: — Балалар, бұл не дыбыс деп ойлайсыңдар? Жауынды бізге не әкеледі? Дұрыс, қане, оқиықшы мына ғажайып бқлттардағы буындарды.

Най - за - ғай.

-  Балалар, қарандаршы қандай ғажайып ағаш. Қалталарда қағаз қыстырылып түр, оқиықшы "Сөзді өзгертіп оқы", - депті. Діңінде қандай сөз жазылған екен? Жапырактарында ше? Қане, косып оқиық.

-  Өте жақсы, балалар. Байқайсындар ма, балалар, күн де кешкіріп қалыпты. Біздің қайтар уақытымыз таяп қалған сияқты. Ал енді қайтсақ қалай қарайсыңдар.

Балаларға қайтар жолда "Ән аруы" кездеседі. Балалар жол бойы ән айтудан сайысқа түседі.

- Бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

- Қандай елдерге саяхат жасадық?

Сабақ соңында "Ғалым аға", "Сұрақ белгісі", "Әріптер атасы", "Ән аруы" жиналып сабақты қорытындылай келіп, үздік шыққан балаларға сыйлықтарын береді.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Разроботка ГМС

подготовка к аттестации...

методическая разроботка

[[{"type":"media","view_mode":"media_large","fid":"4718285","attributes":{"alt":"","class":"media-image","height":"480","width":"292"}}]]...

методическая разроботка по теме "Кукла Тихеевой" 1 младшая группа

Конспект НОД для группы раннего возраста с использованием методического пособия «Кукла Е.И. Тихеевой».(является методической разработкой для группы раннего возраста Лапиной Ирины Владимировны).Цель:...

методическая разроботка по созданию мини-музея1 младшая группа

Методическая разработкаПроект по организациимини-музея  в ясельной группе «Чадушки»Разработала Лапина Ирина Владимировна ГБДОУ№6 САНКТ-ПЕТЕРБУРГМузей – это дитя таланта и профессионализма. Органи...

Методические разроботки (.Планирование театрализованого .кружка на учебный год 2014-2015.)

Методика театрализованных занятий с детьми 4 – 5 лет.  Во второй половине дня в пятницу педагог напоминает детям, что сегодня у них «театральная пятница» и они могут порадовать родителей нов...

Көркем әдебиет разроботка

БАЛАЛАР КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТІМЕН ТАНЫСТЫРУДА ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР...