Мектеп алды даярлық кластарының сабақтары.
учебно-методический материал (математика, средняя группа) на тему

Аяпова Жумагул Исагаликызы

Балаларға 1-10-ға дейін тура және кері санау дағдысын,сандардың көршілерін , жыл мезгілдері мен апта,ай күндерін үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon mad_klastarynyn_sabaktary.doc639.5 КБ

Предварительный просмотр:

МАД кластарының сабақтары.

 

Сабақтың тақырыбы: Сандар әлемі

Мақсаты: Балаларға 1-10-ға дейін тура және кері санау дағдысын,сандардың көршілерін , жыл мезгілдері мен апта,ай күндерін үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың құралдары: ИКТ,  «Шалқан» ертегісін сахналауға байланысты суреттер.

Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, көркем әдебиет

Сабақтың типі:  Жаңа білімді меңгерту

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау.

Қолданатын технология:  Ойын арқылы оқыту технологиясы.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс - ойын сабағы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Психологиялық даярлық

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,Жарқырайды даламыз.

(Балалармен сәлемдесіп, көңіл-күйлерін сұрау.)

  • Балалар, таңертең терезеден нені көресіңдер?
  • Дұрыс, Күнді көресіңдер, сол кезде қуанғаннан қолдарыңды не істейсіңдер? Иә, алақайлап қол соғасыңдар.

Жылы лебіздер тілеу.

Еліміз тыныш болсын!

Деніміз сау болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

3 Ой ашар: ( балалармен әңгімелесу арқылы                                                                                  жылдың қай мезгілінде тұрғанымыз, көктемде үш ай болдатыны, көктем айларына наурыз, сәуір мамыр айлары жататыны, айдың апталарға бөлінетінін айтамыз) Бұл әңгіме диалог түрінде өтеді.

 

4.  Мағынаны таныту.

   Бүгін математика сабағында математикалық тапсырмалар орындаймыз деп отырып, тапсырмаларды «Шалқан» ертегісін айта отырып, әр ой төңірегінде тапсырмалар беріліп отырады. Сонымен, атай көктемде ауласына шалқан екті. Күзде шалқан үлкен болып өсті. Ата шалқанды жұлып алмақ болды, бірақ жұлып ала алмады.

  Шалқан сіздерге тапсырма береді: 1-10-ға дейін   тура және                 кері сана.

Ата көмекке әжені шақырады. Бірақ шалқан жұлынбайды. Шалқан 2-ші тапсырма береді:

Санның алдыңғы  және кейінгі көршілерін тап.

                                             

Әже немере қызын көмекке шақырады. Шалқан жұлынбайды, 3-ші тапсырмасын береді.

 Не артық?

                                 

Немересі Ақтөсті шақырады. Шалқан тағы да жұлынбайды, 4-ші тапсырмасын береді:

                              Сергіту жаттығулары.

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Демімізді  алайық.

 

Күшік мысықты шақырады, шалқан жұлынбайды, 5-ші тапсырмасын береді:

Сәйкестендір ойыны.

Мысық тышқанды шақырады. Шалқан 6-шы тапсырмасын береді:

Геометриялық пішіндерді ата.

5. Ой қорыту: «Кім көп біледі?» ойыны.   Жұмбақ есептер беріледі.

 Балаларды сабаққа қатысымы бойынша мадақтау. Алдын ала дайындалған гүл шоқтары таратылады.

 


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Мектепалды даярлық топтары.

Көктем мезгілі, оның ерекшеліктері, көктем құстары туралы алғашқы түсініктер беру.Құстардың пайдасы, олардың тіршілік ету әрекеттері туралы мәлімет беру.Табиғаттың достары, құстарды, қорғау, тәрбиелеу...

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Қатынас, әлеуметтік орта.Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Тіл дамыту.Тақырыбы: Бауырсақты қ...

Конспект открытого интегрированного занятия «Инжикс Алда бабань шири вели» («В гости к бабушке Алдуня в деревню»)

Цель: знакомство с национальным бытом мордовской деревни.Задачи:Воспитательные:1. Воспитывать любовь к Родине.2. Воспитывать дружелюбные взаимоотношения и умение действовать в коллективе.Образовательн...

Конспект" В гостях у девочки Алды".

Конспект" В гостях у девочки Алды". (средняя группа)...