Мектепалды даярлық топтары.
учебно-методический материал по развитию речи (средняя группа) по теме

Аяпова Жумагул Исагаликызы

Көктем мезгілі, оның ерекшеліктері, көктем құстары туралы алғашқы түсініктер беру.Құстардың пайдасы, олардың тіршілік ету әрекеттері туралы мәлімет беру.Табиғаттың достары, құстарды, қорғау, тәрбиелеу.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon mektep_aldy_dayarlyk.doc415.5 КБ

Предварительный просмотр:

Мектепалды даярлық топтары.

Сабақтың тақырыбы:    Көктем  құстары

Сабақтың мақсаты:     Көктем мезгілі, оның ерекшеліктері, көктем құстары туралы алғашқы түсініктер беру.

Құстардың пайдасы, олардың тіршілік ету әрекеттері туралы мәлімет беру.

Табиғаттың достары,  құстарды, қорғау, тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілі:  сөздік, сұрак-жауап, әңгімелеу

Сабақтың типі: Іскерлік,  дағдыны, жаңа  білімді қалыптастыру.

Сабақтың түрі:  Дәстүрлі сабақ.

Көрнекілігі:  ИКТ, ұялар,

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Арайлап бүгін атты күн

Шашып бізге шапағын.

Тілейміз сізге ақ таңның

Қуанышын, шаттығын.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қуанышты күн бүгін!

Интерактивті тақта арқылы құстардың сайраған дауыстарын тыңдатып, ұшып бара жатқан құстар  көрсетіледі.

Психологиялық дайындық

Қар еріп, су көбейіп,

Сай-салаға толады,

Бүршік атып, жапырақ шашып,

Гүл-бәйшешек басады.

Бөбектерім,  айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Көктем туралы суреткөрсетіліп, оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамыту мақсатында әңгімелетіледі.

Актуалдау.

Сонымен, балалар, көктем болғанда қар еріп, сулар сай-салаға ағып, күн жылы болады.Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек шығады.ағаштар көктей бастайды. Табиғат ұйқысынан оянады.

Мұнан соң: «Сөздер шынжыры»  ойынымен жұмыс жүреді.

 Жаңа сабақ.

Тәрбиешінің қысқаша әңгіме-түсіндірмесі.

Қазақстан жерінде көптеген құстар мекендейді.  Олар дала құстары, жыл құстары, жыртқыш құстар, орман құстары, суда жүзетін құстарға бөлінеді. Күн суытқан кезде олар жылы жаққа ұшып кетеді де, күн жылынып, көктем келгенде  туған жерлеріне қайта ұшып келеді. Шып келіп жатқан құстар көрсетіліп, атары аталып таныстырылады.

Тірек-сызбамен жұмыс.

Құстардың мекендейтін жерлері туралы әңгімелеу.

«Дауысынан таны» ойынын ойнату үшін үнтаспадан құстардың дауыстары тыңдатылып, бірінен соң бірі ажыратылады.

Сен білесің бе? Тірек – сызба арқылы құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасы туралы оқушыладың танымын дамытып, білімдерін толықтыратындай   мәліметтер беріледі.

Сергу сәті.

Қарлығашқа ұқсайық

Қане, қанат қағайық.

Ұшып-ұшып алайық

Орнымызды табайық.

Құстар әлемі және ұлттық дәстүрімізде.

Ертеден-ақ құстар жеке қасиетіне қарай бағаланған.Мысалы, Қазақстан Республикасының туында Бүркіт бейнеленген. Бүркіті – құс патшасы деп атаған.

Оқулықпен жұмыс.

Тоқылдақтың суретін салдыру. Онан соң балаларға мына әңгіме айтылады да:  «Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс»  деген сұрақ қойылып, балалардан жауап алынады. Яғни: Есен деген бала ағашта тұрған құсты атпақшы болады. Досына айтады: Жасұлан,  қарашы , мына ағашта тұрған құсты атайықшы, кім бірінші тигізер екен -дейді де рогаткасын алып көздей  бастайды. Жасұлан оған қарсы болады. Ол: құстар – біздің досымыз, оларды қорғау керек, атуға болмайды – дейді.

Мұнан соң балалардың шешімі  тыңдалады. Құстарға қамқорлық жасау керек деп, мұғалім әңгімелеп береді.

Бекіту. Ойын «Не білдім?»  (көгершін бейнесі құрастырылады)

Құстар туралы білетін өлең жолдарын айтқызып, өтілген  жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойылып, сабақ қорытындыланады:

Құстар – біздің досымыз,

Құс ұясын  бұзбайық

Жұмыртқасын алмайық

Обалына қалмайық.

Тақия тұзақ салмайық,

Қарғысына қалмайық,

Әдейі көздеп атпайық,

Көп күнаға батпайық
Құстар – біздің досымыз,

Құстардың біз – досымыз – деп сабақ аяқталады.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

«Суда жұзу пәнінен арналған күнтізбелік және күнделікті ересек топтарға оқу жоспарлары».

Павлодар қаласының «№5 сәбилер бақшасы МҚКК»         «Суда жұзу пәнінен  арналғанкүнтізбелік және күнделікті ересектоптарға оқу жоспарлары»....

Мектепалды даярлау тобымен қоштасу

Өтті қызық көп күндер,6 жасқа жеттіңдер.Барасыңдар мектепке,Бір белестен өттіңдер...

Мектеп алды даярлық кластарының сабақтары.

Балаларға 1-10-ға дейін тура және кері санау дағдысын,сандардың көршілерін , жыл мезгілдері мен апта,ай күндерін үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту....