Болашақ ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселесі
статья на тему

Кисыкова Нургуль

Тәрбие туралы аз айтылып жүрген жоқ, бірақ балалар мен жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыс өршіп барады. Болашағымызды бағамдай алмай тұрмыз. Санамызға селкеу, ақылға ақау түсті. Сәулесінен әуресі көп. Қоғамдық сананы қалыптастыру үшін ұлттық идеология керек, жеке сананы жетілдірмей, ұлттық сана қалыптаспайды. Кеселдің ең қауіптісі – сана сырқаты, ауыру оңай, оңалу қиын.

Скачать:


Предварительный просмотр:

«АЛПАМЫС» БАЛАБАҚШАСЫ – ТҰРАҚТЫ, ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАРДЫ ҰСТАНҒАН,  ЖАҢА БАҒЫТ, ЖАҢА ТАЛПЫНЫСТАРҒА ҚАРАЙ ҚҰЛАШ СЕРМЕГЕН, ДАРЫНДЫ БҮЛДІРШІНДЕР ДАЙЫНДАЙТЫН ҮЛГІЛІ БАЛАБАҚША

Жан қиналмай жұмыс бітпес,

Талап қылмай мұратқа жетпес.

        Біздің «Алпамыс» балабақшамызда барлық қызметкерлер тарапынан бала тәрбиесіне, рухани дамуына, білімінің арта түсуіне, физикалық дамуына, денсаулығына, ең бастысы әр бүлдіршіннің өз жасына сай  және заман талабына сай білім алуына, бәсекелестікке бейім  атұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасауға баса назар аударылады.  Биылғы жыл қорытындысы бойынша балабақшамыз айтарлықтай белестерді бағындырды.

Республикалық «Үркер» марафонынан «Зияткерлік балабақша» кубогын иемденді, 5,6 жастағы  17  тәрбиеленуші балапандарымыз ұздік көрсеткіш көрсетіп арнайы дипломдармен, тәрбиеленушілерді өте жақсы көрсеткішке жеткізген тәрбиешілерін атап айтсақ  Құлбарақова Алтынай, Тұяқбаева Қалдан, Махмутова Гүлмейрам  алғыс хаттармен марапатталды.  

Биылғы оқу жылы көлемінде болған республикалық, қалалық, облыстық байқауларға қатысуда балабақшаның белсенді бүлдіршіндері де аянып қалған жоқ. «Бал бала» балалар шығармашылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылатын  дәстүрлі байқауға қатысқан тәрбиеленушілеріміз  2 орын жеңімпазы атанды.

Оқу жылы аяғына таяу  – «Ғұмырдария» халықаралық конкурс орталығының ұйымдастыруымен өткен «Біз өмірдің гүліміз» атты  Республикалық ән-би  бүлдіршіндер бауқауында «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша  «Алпамыс» балабақшасының «Жұлдыз» ересек топ тәрбиеленушілері Асан Дамир, Дүйсенғали Назерке   лауреат атанып, 1 – дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы байқауда «Би» номинациясы бойынша  «Алпамыс» балабақшасының «Тпәй-тпәй» би тобы  «Бас жүлде» иегері атанды. Осы өнерлі шәкірттердің жеңісті бағындыруына еңбек еткен - музыка жетекшісі – Тұрымбетова Ақтолғай, би үйірме жетекшісі – Боранқұлова Индира  - Алғыс хатпен марапатталды. Бұл жетістіктер балабақша тәрбиеленушілерінің  жеңіске ұмтылған дарындылығын көрсетсе, екінші жағынан, тәрбиеленуші бүлдіршіндеріміздің де өнер-білім мен бәсекелістікке қабілетті, талантты болып тәрбиеленіп жатқандығының дәлелі болды.

Балабақшамызда республикалық, облыстық, қалалық деңгейде семинарлар ұйымдастырылып  жоғарғы деңгейде өткізілді. Бұл семинарларда жаңа технологияларды ендіріп, технологияларды оқу тәрбие жұмысын жүргізуде қолдана отырып іс-тәжірибемізбен алмасу басты  мақсатқа қойылды. Бұл семинарларда Алимғазина Анар «Тәй-тәй» технологиясын  ересек топта 5 орталыққа  дейін бөліп жұмыс жасауға мүмкіндік болатынын көрсетсе, Тұяқбаева Қалдан «Ғажайып түс» әлем халықтар ертегілерінің желісі арқылы сомдалғани  сахналық қойылымында   «ТРИЗ» технологиясының балаларды қиялдау арқылы ойлау қабілеттерін арттырып,  тілдік құзыреттілігінің дамуына септігін тізгізетінін көрсете алды.  Балабақшамыз ашылған жылдардан бастап Республикалық «Гүлстан» қоғамдық бірлестігімен  тығыз байланыс орнатып жұмыс жасап келеміз, биылғы жылы да балабақшамызда аталмыш қоғаммен бірлескен Республикалық семинар ұйымдастырылып  Махмутова Гүлмейрам  «Өсімдіктер әлемі» оқу –әдістемелік кешенін пайдаланып «Біз білетін гүлдер» тақырыбында «АҚТ», «ТРИЗ», «Тәй-тәй» технологиялары арқылы оқу іс-әрекетін ерекше,  жаңаша  өткізіп көрсетіп алғыс хатпен жұмысы бағаланды. Төлегенова Гүлмира  «М. Монтессори»  педагогикасы мен жұмыс жасаудың қыр сырларын  өзінің тобымен жұмыс жасауында көрсетіп келген қонақтардың ерекше мақтауына ие болды.    

Қалалық  білім бөлімі әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Жоба қорғау» байқауында   «Инновациялық технологиялар» тақырыбындағы жобамды қорғап «Инновациялық әдіскер» номинациясына ие  болдым.  «Үздік жас тәрбиеші – 2015» байқауына қатысып тәрбиешіміз Алмасова Жадыра  Алтынбекқызы  2 орынды иеленді. М.Маметова атындағы гуманитарлық колледж базасында ұйымдастырылған «Н. Құлжанова оқуларына»  қатысып музыка жетекшісі Тұрымбетова Ақтолғай – 2 орын жеңімпазы атанды. Жасалған жұмыстар, ұйымдастырылған оқу  іс-әрекеттері баспа беттеріне жарияланып, ғаламтор сайттарынан жарыққа шығарып іс-тәжірибемізбен бөлісіп отыру жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады.  

        «Алпамыс» балабақшасы – тұрақты, заманауи талаптарды ұстанған,  жаңа бағыт, жаңа талпыныстарға қарай құлаш сермеген, дарынды бүлдіршіндер дайындайтын үлгілі балабақша. Жыл бойында әр байқау іс-шараларына қатысуда өнері мен еңбегін аянбай қызмет еткен балабақша тәрбиешілері мен қызметкерлері және балабақшаның әр бүлдіршіні – біздің жетістіктеріміздің кепілі. Ұстаз қандай болса, шәкірт сондай демекші, балабақша алдағы уақытта да біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу шараларына, байқауларға қатысып,  тағы да жаңа технологияларды қолдана отырып бүлдіршіндерімізді одан әрі дами түсуді мақсат етеді.

МКҚК «Алпамыс» балабақша әдіскері

Қисықова Нұргүл Жаңабекқызы



Предварительный просмотр:

БАЯНДАМА

Кызылорда

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ

Қызылopдa қaлaсы

 МКҚК «Алпамыс»

балабақшасының әдіскері

Қисықова Нұргүл Жаңабекқызы

ӨНЕГЕ – ОТ БАСЫНАН

Тәрбие, тәрбие десек те , кешегі дүние есігін “іңгәлап” ашқан сәбимізден, бал тілді баламыздан өсе келе тілазар, тентек, еркетотай, сондай – ақ жасық, қыңыр ұстаздар тілімен айтқанда “қиын” бала қайдан шығады деп таң қаламыз. Бұл мәселе жөнінде өмірде кездесіп жүрген жәйттерден мысалдар келтіре отырып ой толғауды жөн көрдік.

Баланың қылығы , әдеті, іс - әрекеті әр үйелменнің айнасындай. Бала көргенін қайталайды, яғни үйдегі тәрбие баланың әдетіне өз таңбасын салып отырады. Мысалы, баланың тоңмойын, қыңырлығы уйелмендегі тым қаталдық, мейірімсіздіктің ізі болса, тәкаппарлық мінез баланы шектен тыс еркелетіп, шолжаңдатудың нәтижесі емей немене ? Оған  ата – ана тарапынан бақылаусыздық қосылғанда баланың тәртіпсіз, “қиын” атануы оп – оңай.

Еркелетудудің де жөні бар. Кейбір ата – ана “немеремнің алды, кенжем немесе тұлабойы тұнғышым еді” деп баланың айтқанының бәрін орындап, шектен тыс еркелетіп жібереді. Шектен тыс еркелеп өскен бала ешкімнің айтқанына көнбейд”, ата – анасының  өзін тыңдамайды, еңбекке мойыны жар бермейді, тіпті сабаққа онша құлқы соқпайды. Ондай бала тек өз ойының ғана іске асуын көздеп, біртіндеп өзімшіл, өркөкірек болып өседі. Мұндай жақсы көрудің өзі баланың дұрыс тәрбиеленуіне зиянын келтіреді. Бұл кейін баланы да, тәрбиелеген ата – анасын да әртүрлі әбігерге салады.

Кейбір ата – ана баланы әлі жас қой, есі кіргенде өзі жөнделіп алады ғой деп тәрбиені кейінге қалдырады. Сөйтіп жүріп баланы еркіне жіберіп, уысынан шығарыпалғанын байқамай қалады. Мұндай жағдайда ата- ана бала өзіне - өзі келіп, тәрбие ырқына көнбей бара жатқанда ғана өкінеді.

Барлап қарасақ, тіпті жөргектегі сәбидің өзіне де тәрбие керек екен. Уақтысымен тамақтандырып, уақтысымен ұйықтатылған нәресте сол мерзімге дағдыланады да, мезгілсіз жыламайтын болады. Ал, керісінше, үнемі көтеріп жүрсе бала қолдан тастамай көтеруді талап етіп шырылдайтынды шығарады.

“Тәйт ” деген тыю естімей, бетімен кеткен бала көбіне өзімшіл өркөкірек, үлкенді ата – ананы сыйламайтын тілазар, әлі келгенді жәбірлеуге бейім тұратын содыр, жан қинап еңбек ету орнына оңай олжа табуды артық көретін арамтамақ болып өсетіні жөнінде өмірде кездесіп жүрген осындай мысалдалдар аз емес.

Бұл айтылғандардан әсте “баланы еркелетпеу керек” деген ұғым тумайды. Баланы жақсы көру, еркелету де әкелік, аналық мейірімге тән табиғи мінез. Бірақ еркелету деген баланың ыңғайымен жүру, қисық – қыңырына да көне беру деген сөз емес. Жақсы тәрбиенің әліппесі – баланы әрбір шалыс, ағат қадамнан оң жолға, өнегелі жолға бұрып отыру болса керек. 



Предварительный просмотр:

[ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ]

 2014

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ

Қызылopдa қaлaсы

 МКҚК «Алпамыс»

балабақшасының әдіскері

Қисықова Нұргүл Жаңабекқызы

Заттық дамыту ортасы арқылы 3 жастағы балалардың сенсорлық қабілеттерін арттыру.

Ерте балалық шақ – балалардың дене мүшелерінің және жүйелердің әсіресе ми функциясының дамуының ерекше кезеңі. Бас ми қабығының функциясы тұқымдық бойынша тіркелмеген, олар қоршаған ортаның ағзаларымен өзара қарым-қатынас жасау нәтижесінде дамитыны дәлелденген.

Қазіргі кездегі балада, дене түйсігі арқылы, есту сезімдерінде кемшіліктер бар. Яғни ол қоршаған әлемді сызықты, бір жақты қабылдауы мүмкін. Сондықтанда сенсорлы жүйе сандары қаншалықты көп, баланың тәрнбие және оқыту үрдісіне араласса, оның дамуы жоғары және тиімді жүреді. Қазіргі өмірдің технологизациясы балалардың сенсорлы тәжірибесінің дефицитін құрап, оны визуальді және виртуальды образдар ауыстырған.

Мақсаты: Сенсорлы бұрыш, тәрбиелеу-білім беру үрдісінде, қосымша білімнің тәрбиешілері және пелагогтарының ұйымдастырушылық сабақтарында, өзіндік ойындарда, балалардың ізденіс-экспериментальды әрекеттерінде қолданылады. Сенсомоторлы бұрыш балабақшаның топтық мекемесінде бұл – қымбат құралдарсыз жабдықталған сенсорикалық бөлменің бейімделген нұсқасы.

Сенсомоторлы бұрыш, негізі:  

  • сенсорлы функциялардың стимуляциясы үшін (көру, сезу, есту т.б.);
  • ұсақ моториканың дамуы, қозғалушы активтілік стимуляциясы;
  • бұлшық ет және психоэмоционалды қауыртпалықты кетіру үшін, балалардың жақсы сезінуі және релаксацияға жетуі үшін;
  • баланың еңбекқорлығын арттырып, жақсы эмоционалды жағдай қалыптастыру;
  • когнитивті үрдістердің белсенділігі (ойлау, көңіл бөлу, қабылдау, ес);
  • ектеп жасына дейінгі балалардың іс әрекетінің экспериментальдылығы және өзіндік жұмысқа уәжділігінің артуы.

Біздің ортаның, топтың моделі екі қарапайым мақсатқа негізделді:

1.Балабақша – балалар үшін екінші үй, сондықтан оның ішінде балаларға қуанышты және жайлы болу керек;

2. Балалардың толық және жан-жақты дамуы үшін, ойнауға, демалуға және оқуға арналған ұйымдастырылған орта болу керек.

Кіші топтардың бағдарламаларын талдау нәтижесінде, дидактикалық және ойын материалдарының қандай болу керектігін ойластырып, балаларға олардың жас ерекшелігін ескере отырып, заттық-даму ортасын құру, әсіресе негізгі көңілді, балаларда сенсорикалық қасиеттерінің дамуына бөлу керек.

Балабақшаға алғашқы келген балаларды әдемі, ашық түсті, түрлі-түсті көмекші құралдармен, ойыншықтармен қызықтыру керек. Театр ілгіштен басталса, балабақшада шешінетін жерден басталады. Сондықтанда балаларды балабақшада қарсы алған кезде кіреберістен бастап жайлы болуы керек. Балаларға түрлі-түсті полкаларда орналасқан ашық түсті, жұмсақ, сүйікті т.б. түрлі ойыншықтарды ұсынамыз. Үйдің образын балабақшада бөлменің интерьері қалыптастырады. Үйықтайтың бөлмеге кірген кезде балалар сенсорлы-түрлі түсті жолақтан өтіп, оны дене түйсігі арқылы сезінеді.

Сенсорлы бұрышты ұйымдастыру барысында біріншіден топтық мекеме ішіндегі орналасу орнын анықтау керек. Ол балаларға ыңғайлы жерде орналасуы керек. Бұрышқа сенсомоторлы объектілерді таңдауда ерекше көңіл бөлінеді. Олар балалардың өміріне және денсаулығына қауіпсіз объектілер болуы тиіс. Бұрыш сабақ тақырыбына және қажеттіліктерге байланысты енгізілетін, негізгі және қосымша объектілерден тұрады.

Біздің топтағы сенсорикалық бұрыш келесідей жабдықталған: достық ағашы, үй, жануарлар, көбелектер, құстар,  шөп, гүл, күннің көзі салынған қабырға. Бала үйін сағынған кезде алақанын анасының салынған алақанына қоюын сұраймыз, осылай анасымен амандасып, оның жылуын және жақын екенін сезінеді.

 Сонымен қатар сенсорлы тәрбие мәселелерін шешу үшін әр-түрлі тақырыпты қосымшалар алынады. Арнайы дайындалған ойыншық-тасбақалардың көмегімен балалар әр-түрлі қосымшалармен жұмыс жасайды. Табиғат мезгілдері құбылыстарымен таныса отырып, спектр түсін атауда, көңіл көтеріп, жаттығады.

Осындай үйдің формасы сияқты «Ковралин» - ойын арқылы оқыту құралы, осы үйге балалар түрлі-түсті жіптер, геометриялық пішіндер, қыстырмалар, жанында түрлі-түсті вагондары жабыстыра алады. Қолдың ұсақ моторикасын дамытып, заттардың қасиеттері, түстері, өлшемдермен таныстырады.

Сөйлеу қабілеттерін дамыту үшін – қуыршақтарды, қолғап қуыршақтарды қолданып театр ұйымдастырады, туған күндерде, ерекше күндерде ертегілер ойналады. Бала ерекше қызығатын заттар туралы талдау жасау керек, сонымен қатар баланың, сөздерді дұрыс айтуын, сұрақтарға жауап беруін қадағалау, үйрету.

Көру қасиеттерінің дамуы үшін: түстерді атап, анықтайтын, контрастылы өлшемдерді (үлкен, кіші), формаларды қарастыратын ойындарды ойнау.

 Біз келесі дидактикалық ойындарды қолданамыз:

Түске байланысты ойындар: «Кесеге сәйкес келетін қасық таңдау»,  «Ауа шарлары», «Қуыршақтарға моншақтар мен ойыншықтар таңдау», «Сиқырлы қапшық», «Әдемі қоршау», «Гүлді отырғыз», «Қоңыз адасты» және т.б.

   Формаға байланысты ойындар: «Кез келген затты құрастыр», «Құрлысшы», «Сиқырлы мозайка», «Түрлі-түсті пішіндер» және т.б.

Өлшемге байланысты ойындар: «Сиқырлы көбдиша», «Шарлар», «Құрлысшы», « Затты құрастыр» және т.б.

Қолдың ұсақ моторикасының дамуы үшін және заттардың әр-түрлі қасиеттерімен таныстыру үшін келесі дидактикалық ойындарды қолданамыз: «Моншақ жаса», «Қысқышты сыйла», «Жапырақтарды қой», «Сиқырлы таяқшалар», «Түймелі алаң», «Баулар», «Баланы ора» және т.б.

Құммен, сумен, қармен ойнау барысында балаларды осы материалдардың қасиеттерімен таныстырамыз (құм шашылады, сулы затты жабыстыруға болады, ыдыстағы суды шәшкелерге құямыз).

Әр-түрлі жазу құралдары арқылы түрлі-түсті және қасиеті әр-түрлі заттардың бетіне жазу, қамырдан әр-түрлі заттарды жасауды үйрету.

Балалардың қозғалу белсенділігін арттыру үшін топ ішінің әр бұрышында әр түрлі материалдан жасалған ойыншықтар орналасқан. Балалар жұмсақ сырғымадан сырғанауды, әр-түрлі көлемдегі доптармен ойнауды, баспалдақтарға мініп, одан түсуді, гимнастика жасауды, тастармен ойнағанды, суарғанды, арам шөп жұлғанды, ойыншықтарды сүйрегенді жақсы көреді. Балалар бір заттың үстіне отырып жүргенді, сырғанағанды, музыкамен билегенді, қол және аяқ координациясын сақтауды да жақсы көреді.

 Сонымен қатар әр-түрлі қимылдар жасайтын ойындарды ұнатады: «Допты қуып жет», «Өзен арқылы», «Ұшақтар», «Мені қуып жет», «Қақпаға», «Ақ қоян отыр», «Қайда дауыстайды», «Пойыз» және т.б.

Есту қабілетін дамыту үшін әр-түрлі дауыс шығаратын ойыншықтар алу керек немесе мультфильмдерде айтылатын әндерді салу керек. Музыкалық қабілетін арттыру үшін, музыкалық аспаптарда ойнаймыз, музыкалы-дидактикалық ойындар ойнаймыз: «Үйде кім тұрады», «Динь-дон», «Қай аспапта ойнағанымды тап» және т.б.

 Әр-түрлі дауыстары бас касеталар мен дисктер қолданамыз: үй жануарларының және құстарының дауыстары, табиғаттың әр-түрлі дауыстары, судың дауысы, жаңбырдың даусы, жапрақтардың қозғалған даусы.

Иіскеу сезімдерін дамыту керек. Иістер дене мен сана арасындағы байланыс функциясын атқарады. Бірнеше студенттің ішінде белгі иіс сезу орталығынан, эмоциямен басқарылатын мидың белгілі-бір бөлігіне беріледі.

Осыған байланысты баланың көңіл күйіне әсер етуге болады; яғни сергітуге немесе тыныштандыруға болады және т.б.

 Ойындар: «Менің жақсы ұнататын иісім», «Гүлдердің жұпар иісі», «Иісті таны» және т.б.

Ұстап сезіну үшін әр-түрлі фактурадағы материалдар (тері, жібек, қағаз т.б.), қолға білінетін әріптер мен сандар. Балалар формасы әр-түрлі заттармен ойнағанды жақсы көреді.

Ойындар: «Қолмен ұстап біл», «Тауып көрсет», «Затты сипатта» және т.б.

В.В. Воскобовичтің ойындары дамушы ортаға өте жақсы енеді. Оның ойындары көп функционалдылығымен және әдемі түрімен, ылғи балалардың ойынға деген құштарлығын оятып, көңілін аудартады.

Ойынның құндылығы – баланың психикалық ерекшелігін ескеріп, оны қызықтырады, көңілін мобилизациялайды, бала берілген тапсырманы шешу жолын ойлау үрдісіне қатыстырады. Ойынның бірінші кезеңінде тек фигураларды құрастырсақ, кейін жылдан жылға үлкен сарайлар, ракеталар, космонавттар салып, толық оқиғаларды құрастыруға болады. Қолданатын ойындар: «Екі түсті квадрат», «Мөлдір квадрат», «Кавролин», «Ғажайып пішіндер».

Ойын барысында психологиялық үрдістердің терең әрекеттесуінің (анализдаушы қабылдағышы, ес ойлау, сөйлеу), сонымен қатар тұлға қасиеттерінің (мақсаттылық, тұрақтылық, өзіндік т.б.) дамуы жүреді. Барлық осы ойындар бір күндік емес.

Саусақтар, жүйке импульстары орталық жүйке жүйесіне жіберетін үлкен санды рецепторлардан тұрады және ағза жүйесінің жұмысын жақсартады.

Осы мақсатта ата-аналармен жұмыс өткізіліп, кеңестер берілді:

  • «Саусақтар сөйлеуге көмектеседі»;
  • «Саусақ гимнастикасы»;
  • «Баланың сенсорикалық мәдениетін дамыту»;
  • «Баланың сенсорикалық мәдениетін және ақыл-ойын дамыту»;
  • «Қызықты гимнастика»;
  • «Көзге арналған жаттығу»;
  • «Кел сенімен ойнайық»;
  • «Құмнан келген басқа планеталықтар»;

Берілген технологияны қолданып,  бірінші сәбилер топта жақсы нәтиже алдық. Балалар түсті, форманы, өлшемдерді жақсы игере бастады. Бұл сабақтың балаларға ойын түрінде берілуіне де байланысты. Балалар ойынға баулып, сабақ үрдісіне қатысып жатқандарын аңғармайды. Сондай-ақ қала деңгейінде жүргізілген сабақтар бойынша анғарғанымыз бала емін еркін өз ойларын жас шамалық ерекшеліктеріне байланысты жеткізе білулері  мен негізгі 5 тс пен пішіндлерді өте жоғарғы деңгейде ажырата білуі айғақ. Сондай-ақ кіші топтан бастап білім салалары бойынша орталықтарға бөліне жұмыс жүргізілуіне балалардың бейімделуі. Ал ата-аналар баласының кәдімгі сабақтарсыз ойында дамып жатқанын байқайды.

Біз балабақшада  балаларға жайлы, жылы, қызықты болғанын қалаймыз. Біздің өзімізге де тобымыз балаларға да үлкендерге де жайлы үйімізге айналды.

Қисықова Нұргүл Жаңабекқызы


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Жобалау іс – әрекетінің өзектілігі.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдіс – тәсілдерді ендіруге және болашаққа серпіліс жасауға міндеттіміз, мұндай жағдайда Қазақстанға жүйелі ойлайтын, дүниетанымы кең, ақы...