Жобалау іс – әрекетінің өзектілігі.
статья на тему

Малдыбаева  Куралай Алтаевна

Елбасы Н.Ә. Назарбаев отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдіс – тәсілдерді ендіруге және болашаққа серпіліс жасауға міндеттіміз, мұндай жағдайда Қазақстанға жүйелі ойлайтын, дүниетанымы кең, ақылды, әрі шығармашыл адамдар қажеттілігін айтып өткен.    Мектеп жасына дейінгі балаларға сапалы тәрбие мен білім беруде біздің № 2 «Жұлдыз» балабақшасының педагогтары шығармашылық ізденіспен жұмыс жасауда. Біздерге сондай педагогикалық жаңалықтардың бірі – балалармен жұмыс жасауда жобалау іс – әрекетін ендіру. Осы бағытта жұмыс жасай отырып, біз 38 – ден аса жобаларды дайындадық.

Скачать:


Предварительный просмотр:

Жобалау іс – әрекетінің өзектілігі.

    Елбасы Н.Ә. Назарбаев отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдіс – тәсілдерді ендіруге және болашаққа серпіліс жасауға міндеттіміз, мұндай жағдайда Қазақстанға жүйелі ойлайтын, дүниетанымы кең, ақылды, әрі шығармашыл адамдар қажеттілігін айтып өткен.

   Мектеп жасына дейінгі балаларға сапалы тәрбие мен білім беруде біздің № 2 «Жұлдыз» балабақшасының педагогтары шығармашылық ізденіспен жұмыс жасауда. Біздерге сондай педагогикалық жаңалықтардың бірі – балалармен жұмыс жасауда жобалау іс – әрекетін ендіру. Осы бағытта жұмыс жасай отырып, біз 38 – ден аса жобаларды дайындадық. Біздің барлық жобаларымыз педагогтардың, балалардың және ата – аналардың бірлескен шығармашылығы болып табылды. Бұл әдісті пайдалану мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын жүзеге асыруға деген қадам болып саналады. Негізгі мақсатымыз балабақша педагогтарының жобалау іс – әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, кәсіптік құзіреттілігінің деңгейін көтеру және  балабақшаның білім процесінің нәтижесін көтеру.

    Жұмыс барысында келесі міндеттер шешілді:

  • Педагогтармен жобалау іс – әрекетін меңгергенде әдістемелік жұмыстың жүйесін өндеу.        

Педагогтардың кәсіптік құзыреттілігінің деңгейін және балабақшадағы білім процесін жетілдіруде мен келесі шарттарды алға тартуды сақтадым:

  • Жобалау іс – әрекеті педагогтардың шығармашылығын жүзеге асыруға  және білім сапасының көрсеткіші ретіндегі жол болып қарастырылады.        
  • Педагогтардың құзіреттілік деңгейін және жобалау іс – әрекетіндегі сұрақтардың өзгерген динамикасын айқындау.

Бірінші кезеңде педагогтардың жобалау іс – әрекеті бойынша алғашқы құзіреттілік дамуын  білу мақсатында  сауалнама жүргізілді.  Сауалнамаға балабақша педагогтары қатысты. Педагогтар «жоба», «жобалау», «үлгі», «үлгілеу» ұғымын түсінуіне қиыншылық  танытты. Сауалнама бойынша келесі қорытынды жасалды: педагогтар жобалау іс – әрекетінің маңыздылығын және жүзеге асыру қажеттілігін түсінді – 65 %;  жобалау іс – әрекетін өз білімін жетілдіру арқылы тырысады – 35 %.

Осы көрсеткіштерді есепке ала отырып педагогтармен әр түрлі әдістемелік көмек жүйесі өнделді:

  • кеңес  «МДМ жобалау қызметі»;
  • семинар – парктикум «Мектепке дейінгі мекемедегі   білім беру үрдісіндегі  жобалау әдістемесі»;
  • педагогикалық ойын – айтыс «Кім жобалау әдістемесінің білгірі болғысы келеді?»;
  • педкеңес «Оқу үрдісін инновациялық технологиялар негізінде  құру» (жобалау қызметі);
  • жоба тұсаукесері «Ас атасы - нан», «Бөлме гүлдері», «Дәрумендер – біздің досымыз», «Пияз», «Су – тіршілік көзі», «Ақ бардың – бағы бар», «Қыстайтын құстар», «Дәстүрлі емсе түрде сурет салу», «Төтр түлік мал» т. б.
  • балабақша сайтына және әдістемелік кабинетке жоба бойынша жұмыстарын ұсыну.
  • 2013 – 2014 оқу жылы бойынша жобалау іс – әрекетінің «Жобалау банкі» құрылды.

Жобалау әдісі – бұл  білім беруді  ұйымдастырудың  жаңа технологиясының  бірі, бұл әдіс арқылы  балалардың танымдық қызметі  таңдалып алынған дайын  ақпарат арқылы емес, өздерінің қызығып таңдаған  ақпаратының ізденісін дамыту арқылы жүзеге асады.

Жобалау қызметі  – бұл әртүрлі, анықталған мақсатқа  жету үшін  ықпалдасқан қызмет. Жобалаудың мәселені шешуден айырмашылығы, оның қорытындысы бойынша бала қызметінің  нәтижесі  және оның ары қарай қолданылуы шамаланады. Біздің балабақша  тәжірибесінде  қолданылатын  жобаның  топтамасы:

қатысушылар құрамы (балалар, ата-аналар, мамандар);

жүзеге асырылу мерзімі ( қысқа мерзімді (1-2 апта, бірнеше сабақ); орташа  мерзімді (1-3 ай); ұзақ мерзімді (оқу жылы бойы);

мақсат қою арқылы (мектепке дейінгі мекеменің сауықтыру жүйесінің дамуы, қарым - қатынастық  дағдыларын дамыту және т.б.);

тақырып бойынша;

МДМ тәжірибесінде қолданылатын  жобаның негізгі түрлері:

топаралық;

жеке ( мысалы,«Мен және менің отбасым»);

кешенді түрде  (мысалы, «Кітап апталығы»).

Жоба түрлері:

зерттеушілік - шығармашылық;

рольдік, ойын түрінде;

ақпараттау – тәжірибелік - бағдарлау;

шығармашылық.

Жобаның  педагогикалық  маңыздылығы:

Жобалау қызметінің  үрдісі бойынша  педагог  тек  дайын білімді беру емес, балалардың  танымдық қызметін   ұйымдастырушы рөлін атқарады.  Жобалау қызметі белсенді, шығармашыл педагогқа білім беру салаларының мазмұнын тиімді ықпалдастыра отырып , әр түрлі, қызықты, толық мазмұнды қызметтер арқылы мақсат – міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.      

 Жобалау әдісі тәрбиеленуші балалардың  ата – аналарымен  ынтымақты жұмыс жасау тиімділігіне және оларды балабақша өміріне тарту   мүмкіндігін де  оңынан шешеді.  

Балабақшадағы  жобалау қызметінің  ерекшелігінің мәні, балабақша баласы өзінің мәселесін, ойларын  өз бетімен тұжырымдай алмайды, сондықтан  балабақшаның тәрбиелеу мен оқыту үрдісіндегі жобалау қызметі балалардың, педагогтардың, ата-аналардың  қатысуымен ынтымақтастық  түрде өтеді.

      Мектепке дейінгі   жастағы  бала жобалау қызметінің ұйымдастырушысы, авторы бола алмайды, баланың  қызығушылығын  түсінетін   үлкендердің көмегін қажет етеді. Қойылған мақсат – міндеттердің шешілуіне байланысты  үлкендер  балаға  құрал – жабдықтар  және  мақсатқа жету  тәсілдерін табуға көмектеседі.

Үлкендердің көмегіне сүйене отырып, балалар  өз мәселелерінің шешімін   ата-аналарына сұрақ қою арқылы, танымдық әдебиет кітаптарды оқу, бақылау жасау арқылы  ізденіп табады. Олар  бірігіп шығармашылық қызметпен: сурет салады, шеберлік қол өнерімен айналысады.

Жобалау қызметін  ойдағыдай  жүзеге асыруға   қажетті   жағдайлар:

Баланың  қызығушылығын  есепке алу.

Ерікті  түрдегі қызмет.

Тақырыптың түсініктілігі. Алынған мәселе  жағдайы  бәріне түсінікті  болуы қажет.

Балалардың  аз  болса да, жеке  ынталы бастамаларын  қолдау.

Жоба  жұмысына  ата-аналарды  өз еріктерімен тарту, балалармен бірге  шығармашылық жұмыс жасауға  жағдай туғызу.

Жоба бойынша жұмыста  бірізділік  ұстанымды сақтау.

Педагогпен  бірге  мақсатқа  жету  жұмысы.

Жобаны  жүзеге асыру үрдісі бойынша  педагог пен балалардың  қызметін  бөлу:

I – кезең

Дайындық

Педагогтың қызметі: Жобаның  мақсат – міндеттерін  педагогтармен, ата аналармен, балалармен талқылау жұмыстары.

Желілі – рөлді  ойын жағдайына   енгізу.

Балалардың және ата-аналардың қызығушылығын  қолдау үшін  іс – шаралар жоспарын  белгілеу.

Балалардың қызметі: Мәселеге  ену.  Ойын  жағдайына төселу.

Ата – аналардың қызметі: Жобаның мақсат – міндеттерін (не үшін), мерзімін, мәселесін қалыптастырады. Алдағы  істі  жоспарлайды.

II - кезең

Негізгі

Педагогтың қызметі: Міндеттердің шешілуіне  көмектеседі.

 Әр түрлі қызметтерді ұйымдастырады.  Тәжірибелік көмек береді.

 Жобаның  жүзеге асырылуына бағыттайды, қызметтің әр түрін ұйымдастырады (әңгіме, ойын, бақылау, нәтижелілік  қызмет және т.б. )

Отбасымен жұмыстар ұйымдастыру.  Балабақшаның арнаулы  мамандарын (музыка жетекшілері, педагог – психолог, тіл мамандары, дене тәрбие нұсқаушылары) жобаға тарту .

Ата – аналардың қызметі: Баламен бірігіп жобаға қажетті ақпаратты әдебиеттен, интернеттен, энциклопедиадан ізденеді. Іс – әрекеттің алгоритімін құрып, міндеттерді, тапсырмаларды бөліп береді.

Балалардың қызметі: Балалардың ұйымдасуы. Балалармен және ата-аналармен  ұйымдасқан қызмет түрі.

III - кезең

Қорытынды.

Педагогтың қызметі: Жобалау қызметінің  дайын  нәтижесін  көрсету: ойын – сауық, көрме, ашық сабақ,тұсаукесерін өткізу және т.б. Қорытындысын талдау.

Ата – аналардың қызметі: Мерзімі бойынша жобаның тұсаукесеріне қатысады. 

Балалардың қызметі: Қорытынды  іс – шараларға қатысу.

    Қазіргі таңда жобалау іс – әрекеті өзекті әрі өте тиімді әдіс, себебі ол мектепке дейінгі жасқа тән болып келетін эгоцентризмді жеңіуге, іздемпаздықты, шығармашылық қабілеттер мен коммуникативтік дағдыларды дамытуға, ересектердің көмегімен немесе өз бетінше мәселелердің шешімін анықтау қабілетін дамытуға ықпал жасайды.

 Мектеп жасына дейінгі балалар үшін жобалау іс – әрекеті әзірге тек педагогтың, ата – аналардың көмегімен жүзеге асырылады. Оқытудың кіріктірілген әдістерінің бірі ретінде жобалау іс – әркетін пайдалану балалардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық ойлауын, өзін қызықтырған зат немесе құбылыс туралы ақпаратты өз бетінше іздеу қабілетін дамытуға, игерген білімін пайдалануға мүмкіндік береді. Барлық жобаларда іс – әрекеттің негізгі түрі ойын болып табылады. Ойын кезінде ғана бала құрбыларымен және ересектермен қарым – қатынас жасауға үйренеді:

диалогқа белсенді қатысады;

сұрақтар қояды;

тыңдайды және түсінеді;

жағдайға байланысты қарым – қатынасқа түседі;

тез байланысады;

өз ойын анық және жүйелі жеткізеді;

сөйлеу этикетінің түрлерін пайдаланады;нормалар мен ережелерге  сай өз тәртібін реттейді.

Жобалау іс – әрекеті өзекті және өте тиімді. Ол балаға зерттеу жасауға, алыңған білімді синтездеуге, шығармашылық қабілеттер мен коммуникативтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді, ал бұл оның мектептегі жағдайларға тез бейімделуіне көмектеседі. Сондықтан біздің метепалды даярлық топ тәрбиешілері балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту бойынша білім беру процесінде жобалау іс – әрекетін белсенді түрде пайдаланады. Жобалардың тақырыптары балалардың бастамасымен немесе тәрбиешілердің бастамасымен анықталады. Тәрбиеші балаларға жобаның тақырыбына байланысты тапсырмаларды ұсынады, ал балалар  ата – аналарымен бірге өздеріне қызық тасырмаларды таңдайды. Қажет болса тәрбиешілер ата – аналарға анықтамалық материал ұсынады, кеңестер береді. Мәселені шешу жұмысы барысында балалар тәрбиешімен,  ата – аналарымен шығармашылық, ізденушілік және тәжірибелік әрекеттер жүргізеді, жобаның бөлімдері бойынша жұмыстар жасайды, алынған ақпаратты жүйелейді, жобалау әрекетінің нәтижелерінің тұсау кесерін дайындайды. Жобаны қорғау қызықты әрі белсенді түрде өтеді. Жобаны қорғау барысында балалар барлық шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асырады, олардың коммуникативтік қабілеттері жетілдіріледі, шығармашылық белсенділігі мен қиялы дамиды.

   Жобалау іс – әрекеті мектепалды даярлық тобы балаларының коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бойынша дәстүрлі және инновациялық әдіс – тәсілдермен жүргізілетін жүйелі және мақсатты жұмыс өзінің оң нәтижесін береді:

балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейі көтеріледі;

балалардың коммуникативтік құзіреттілігінің деңгейі жоғарылады.

    Осылайша, балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда жобалау іс – әрекетін пайдалану мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртуға ықпал жасайды және әр баланың сапалы білім алуы мен дамуына мүмкіндік береді.

Дайындаған: Бірінші санатты әдіскер Малдыбаева Құралай Алтайқызы

Көкшетау қаласы білім бөлімінің жанындағы

МКҚК «№ 2 «Жұлдыз» балабақшасы

Ақмола облысы.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Рекомендации для родителей "Пошаговое изготовление рекеты из различных материалов ко Дню Космонавтики".

Это пособие могут использовать в своей практике как воспитатели детских садов ,так и родители для твоческой совместной деятельности с детьми. Мы делали эти поделки ко Дню космонавтики....

Болашақ ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселесі

Тәрбие туралы аз айтылып жүрген жоқ, бірақ балалар мен жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыс өршіп барады. Болашағымызды бағамдай алмай тұрмыз. Санамызға селкеу, ақылға ақау түсті. Сәулесінен әурес...