Кисыкова Нургуль

сайт методиста детского сада

“Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз”.

Профессия: Методист

Профессиональные интересы: Использование ИКТ в педагогической и методической деятельности

Увлечения: Комнатные растения

Страна: Казахстан

Населенный пункт: Город Кызылорда

Место работы: Детский сад "Алпамыс"

Навигация

Ссылка на мой мини-сайт:
https://nsportal.ru/nurgul-kisykova
От того, кто будет воспитывать ребёнка, зависит его будущее, его мировоззрение, вся его жизнь. Воспитатель детского сада - это состояние души. Он дарит детям тепло своего сердца. Работа воспитателя - не просто труд. Это, прежде всего, способность к отречению, умение отдать всего себя, без остатка, видеть в этом свет.

 «Алпамыс» балабақшасы типтік жобада салынып, 2010 жылы пайдалануға берілген 140 балаға лайықталған тәлім орны. Мектепке дейінгі мекемеде 8 топ жұмыс жасайды. Балабақшаның басты ерекшелігі, мұнда сәбилер тобы бар. Кішкентайлардың заман талабына сай тәлім-тәрбие алып шығуына балабақшада барлық жағдай жасалған. Материалдық-техникалық базаның әлеуетін былай қойғанда, ұжым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен жаңашылдыққа ұмтылысы, тынымсыз ізденісі тәрбиеленушілердің тәлім алуына мүмкіндік туғызуда. Балабақша меңгерушісінен бастап, тәрбиеші, әдіскер, аяжан, психолог, логопед, әуез жетекшісі, аспаз, ағылшын, орыс тілі, дене шынықтыру мамандары  барлығы бүлдіршіндердің сапалы білім, саналы тәрбие алып шығуына үлкен үлес қосып келеді.

          Мектепке дейінгі мекеменің 6 жылдағы жетістігін сөзбен айтып жеткізу қиын. Балабақша ашылған күннен бастап-ақ, нақты мақсат, айқын бағдар бойынша жұмыс жасады. 2010 жылы Кореядан келген халықаралық делегаттардың біздің тәлім ордамызда болуының өзі жаңадан ашылған балабақша ұжымына үлкен серпін берді. Кореялық әріптестер біздің балабақша жұмысымен жіті танысу арқылы еліміздегі мектепке дейінгі білім беру жүйесін тануға мүмкіндік алды.  Алғашқыдан сенімге ие болған тәлім мекенінің бала тәрбиесі жолындағы жүйелі жұмысы жыл өткен сайын жандана түсуде. Педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру талабы – ұжымның алғашқы ұстанымы. Бұл бағытта ғылыми әдебиеттерге деген бетбұрыс та өз нәтижесін берді. Мамандар Маслоу қажеттіліктер иерархиясын негізге ала отырып, тәрбие жұмыстарының нәтижесі - баланың физиологиялық қажеттілігін өтеу арқылы  жеке тұлға болып қалыптасуына жол беретінін ұғынды.    Балабақша әкімшілігі тәрбиеленушілердің дамып-жетілуі жолында жүйелі жұмыс жасап қана қоймай, тәрбиешілердің, медициналық қызметкердің де міндетін талапқа сай атқарылуын пысықтап, жетілдіріп отыруда. Баланың жаңа технологиялармен білім алуы, дұрыс тамақтануы, салауатты өмір салтын ұстануына үлкен мән берілуде.

          Бүгінде балабақшада жаңашыл педагогтар саны артып келеді. Монтессори, ТРИЗ, «Тәй-тәй», Жобалау-зерттеу, Ойын, Зайцевтің әуенді кестесі, АКТ технологияларын эсперимент топтармен жұмыс жасайтын педагогтар 100 пайыз меңгерген. Олар оқыту курстарына, семинар-тренингтерге қатысып, біліктіліктерін арттырып, білімдерін шыңдауда. Тәжірибе алмасу алаңдарына тәрбиешілер мен әдіскерлердің жиі баруына, жаңашылдыққа ынтық болуына, кәсіби өсуіне балабақша басшылығы айрықша назар аударады. 2015-2016 оқу жылының өзінде мектепке дейінгі мекеме көптеген халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық байқауларға, семинарларға қатысып, жүлделі орындармен, лайықты марапаттармен мадақталды. Ән, би, спорттық конкурстардан бағындырған биік белестердің өзі жетерлік.

          Балабақша меңгерушісінің нақты талап қойып, бала тәрбиесі жолындағы мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдаланып, әр тәрбиеленушіден жеке тұлға қалыптастырып шығару идеясы сәтті іске асып келеді. Тынымсыз еңбектің нәтижесі болар, меңгерушіміз Зағи Есқали Алмағамбетқызы жуырда  «Мейірімді жүрек» атты халықаралық құрмет белгісіне ие болды.

Небәрі 2 жылда балабақша ұжымының 10-нан астам халықаралық, республикалық, 30 -дан астам облыстық, қалалық семинар, конференция, конкурстарға, педагогикалық оқуларға қатынасуы «Алпамыс» ұжымының заманауи қарқынға ілесе дамып келе жатқан тәлім орны екенін айғақтайды. Көптеген республикалық деңгейдегі іс-шаралардың осы тәлім орнында ұйымдастырылуы да жаңашылдыққа жол ашып, ізденістен іркілмеген тәрбие ошағының білікті кадрлармен толыққандығын дәлелдейді.

Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б. Міне осы бағытта балабақша ұжымы ізденісін үздіксіз жалғастырып, еңбектеніп келеді.

«Алпамысқа» баласын берген ата-ана оның келешегі үшін алаңдамайды. Себебі, біздің балабақшада сапалы білім, саналы тәрбие берудің озық үлгісі қалыптасқан. 

О себе

Работаю методистом 6 лет. Работу свою люблю, всегда стараюсь выполнять работу так, чтобы она дарила удовлетворение коллегам, радость детишкам и твердую уверенность родителям в том, что их дети получают достойное образование. В своей работе всегда ищу соратников, изучаю опыт

Книги, которые сформировали мой внутренний мир

Слова - назидания Абая

Мой взгляд на мир

Мир вокруг — только отражение нашего восприятия и наших мыслей.  То, что мы видим, воспринимаем, оцениваем, во многом, определяется нашим взглядом на Мир и  нашим отношением к нему.

Вот хороший пример этого.

Оптимизм:    Стакан наполовину полон.
Пессимизм:   Стакан наполовину пуст.

Моё портфолио

Современному воспитателю сегодня нужно работать в условиях конкуренции, новых требований отчетности, стремиться к повышению личной квалификации и уметь самостоятельно оценивать и в случае необходимости пересматривать результаты своей деятельности. 

Добавить грамоту в портфолио
Портфолио: