«Қош келдің, Жаңа жыл» 2015 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі
творческая работа учащихся (средняя группа) на тему
«Қош келдің, Жаңа жыл» 2015 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
sayt.doc | 52.5 КБ |
Предварительный просмотр:
Жаңа жыл
Жүргізуші: сәлеметсіздер ме , құрметті қонақтар! Көптен күтіп сағынған шырша тойына қош келдіңіздер! сіздерді жаңа жылмен құттықтай отыра, балалардың мерекелік ертеңгілігін ұсынамыз.
Жаңа жыл таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Енді сіздердің назарларыңызға «Тышқанның жаңа жыл мерекесі» атты көрінісін тамашалауға шақырамыз.
Ауламызда ұшып жүрген
Ақ мамық қар себелеп.
Ұлпа қарды шақырдық біз,
Бізге би билеп берсін деп.
Ортаға қыздар тобы шығып «Ұлпа қар» биін билейді.
(Автор үйшіктің артында отырып, мәтінді айтып отырады. Көрініске тышқан балаларымен шығады. Үшікті тауып алады, үйшікке кіріп таң қалады, ұнайды, сөйтіп тышқан балаларымен жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дайындалады. Үстел жасай бастайды.бір мезетте қасқыр келе жатып, үйшікті кездестіреді. Үйшікті әрі-бері қарап, бұл үйшікте кім тұратынын келіп сұрайды.)
Қасқыр: -ТУК, ТУК (тарсылдатады). Бұл үйде кім тұрады?
Тышқан: (тышқандар әйнектен қарап)Біз шиқылдауық тышқанбыз. Бұл үйшікте біз тұрамыз. Ал сен кімсің?
Қасқыр: Біз сұр қасқырмыз. Біз сендермен жаңа жыл мерекесін қарсы алуға келдік.
Тышқан: Сендердің қандай өнерлерің бар?
Қасқыр: Менің балаларым өнерлі үш тілде жаттау айта алады. Ал айтыңдаршы балаларым! (Қасқырдың балалары жаттау айтады).
Әмір: Жақсы жаңа жыл келді,
Асқар таумен тұлғалас.
Біз осылай жылды енді,
Қарсы алайық бәріміз.
Бақтияр: Здраствуй, праздник новогодний,
Праздник елки и зимы!
Всех друзей своих сегодня,
Позовем на елку мы.
Тамерлан: ағылшын тілі
Тышқан: Жарайсыңдар! Келіңдер, үйшікке кіріп жаңа жылды бірге қарсы алайық!
Түлкі:- Мәссаған, мына үйшік қандай әдемі қараңдаршы балаларым. Сұрайықшы бұл үйшікте кім тұрады екен? ТУК-ТУК (тарсылдатады). Бұл үйде кім тұрады?
Тышқан мен қасқыр: (тышқан мен қасқыр әйнектен қарап)Біз шиқылдауық тышқанбыз. Біз сұр қасқырлармыз. Бұл үйшікте біз тұрамыз. Ал сен кімсің?
Түлкі: Біз түлкі боламыз. Біз сендермен жаңа жыл мерекесін қарсы алуға келдік.
Тышқан: Сендердің қандай өнерлерің бар?
Түлкі:Достарым, жыл келеді.
Сыйлығын ол береді.
Жұмбақ жасырғыш түлкінің,
Өнерін жұрт көреді.
Біз жұмбақ жасыра аламыз. Біздің жұмбағымызды шеше аласыңдар ма?
Тышқан мен қасқыр: Әрине шеше аламыз.
Түлкі (балаларымен жұмбақ жасырады.):
Салтанат:
Анеля:
Мадина:
Тышқан: Жарайсыңдар! Келіңдер, үйшікке кіріп жаңа жылды бірге қарсы алайық!
Аю: (Таңданып): -ТУК, ТУК (тарсылдатады). Бұл үйде кім тұрады?
Тышқан мен қасқыр: (тышқан мен қасқыр, түлкі әйнектен қарап)Біз шиқылдауық тышқанбыз. Біз сұр қасқырмыз.Біз түлкі бикешпіз Бұл үйшікте біз тұрамыз. Ал сен кімсің?
Аю: Біз маймақ аюмыз. Біз сендермен жаңа жыл мерекесін қарсы алуға келдік.
Тышқан: Сендердің қандай өнерлерің бар?
Аю: Жаңа жылдың алдында,
Тойды еске алдық та,
Ұйқымызды ашып, сергідік.
Ұйықтамаймыз біз бүгін!
Жылды қарсы алайық,
Би билеп, ән салайық.
Біз би билей аламыз. Ал қонжықтарым өнерлеріңді көрсетіңдерші?
Тышқан: Биге қарап тұрмай бәріміз билейікші бірге!
БИ «Мишка ГУММИ БЕР»
Тышқан: Жарайсыңдар! Келіңдер, үйшікке кіріп жаңа жылды бірге қарсы алайық!
(Секіріп-секіріп қоян көжектерімен келеді ортаға)
Қоян: ОХО,ХО мына үйшік кімдікі екен? Өзі сондай әдемі екен. ТУК, ТУК (тарсылдатады). Бұл үйде кім тұрады?
Тышқан мен қасқыр: (тышқан мен қасқыр, түлкі, аю әйнектен қарап)Біз шиқылдауық тышқанбыз. Біз сұр қасқырмыз.Біз түлкі бикешпіз. Біз топылдақ аюмыз. Бұл үйшікте біз тұрамыз. Ал сен кімсің?
Қоян: Біз секеңдеген қоянбыз. Біз сендермен жаңа жыл мерекесін қарсы алуға келдік.
Тышқан: Сендердің қандай өнерлерің бар?
Қоян: Жаңа жылдың тойында,
«Жан салайық» ойынға!
Біз сендерге ойын ойнатамыз, ойынымыз өте қызықты сендерге ұнайды деп ойлаймыз.
Тиін: ОХО,ХО мына үйшік кімдікі екен? Өзі сондай әдемі екен. ТУК, ТУК (тарсылдатады). Бұл үйде кім тұрады?
Тышқан мен қасқыр: (тышқан мен қасқыр, түлкі, аю әйнектен қарап)Біз шиқылдауық тышқанбыз. Біз сұр қасқырмыз.Біз түлкі бикешпіз. Біз топылдақ аюмыз. Бұл үйшікте біз тұрамыз. Ал сен кімсің?
Тиін: Тра-ля-ляй! Тра-ля-ляй!
Сұлу тиін мен болам,
Жаңа жылға биім бар,
Қол ұстасып, ән басып,
Жыл әніне салыңдар.
Бәріңізге бір сәлем.
Рамина «БИ»
Қасқыр: Қане аңдар, жиналыңдар,
Шырша тойын жасайық,
Шыршаға біз барайық!
Жаңа жыл құтты болсын!
Достығымыз мықты болсын!
(Аңдар барлығы шыршаға барады, шырша маңында шыршаны безендіріп қой жүреді )
Қоян: Мынау не? Қой сен мұнда не істеп жүрсің? Сен неге жалғыз жүрсің?
Қой: Мен Аяз атаны күтіп жүрмін келер жаңа жыл менің жылым емес пе, сол себепті аяз атаны тағаттана күтіп жүрмін. Жаңа жылды Аяз ата және Ақшақармен қарсы алғым келеді. Достарым міне, шырша тойына келіп қалыпсыңдар, Аяз ата мен Ақшақарды бірге күтіп алайық, Жаңа жылды бәріміз бірге қарсы алайық!
Аңдар: Жақсы, бірге қарсы алайық.
Қой: Ал енді аңдар Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата. (Аяз атаның орнына мыстан кемпір ұшып келеді, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.)
Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетсем бе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді)
Қой: мыстан кемпір! (Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды) Біз «Жаңа жыл» мерекесін тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!
Мыстан: (мыстан сөзге мән бермей, былай дейді)-ТУУ! (Маңдайдағы терін сүртіп тұрып) Мына шыршаның тамыры терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. (Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады)
Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей -ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын! (Мыстан кемпір кетіп қалады)
Қой: Қане, аңдар тойды жалғастырайық, Аяз ата кешікті ғой. Мүмкін адасып қалған шығар. Әнімізді шырқап, атамызды шақырайық!
ӘН «ШЫРША ЖЫРЫ»
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсын ба өзі?
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы біз тойға келдік!
Қане, аңдармен амандасайық.
Сәлеметсіңдер ме, аңдарым!
Аяз Ата: Рахмет, рахмет аңдарым! Қәнекей қызым! Қонақтардан ұят болады. Басыңды көтер. (Ақшақар басын көтермей тұрады)
Аяз Ата: Қарашы, аңдар қарсы алып жатыр. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
(Сол кезде Ақшақар жылап тұрып)
Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! (Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып)
Аяз Ата: Қазір мен –ақ өзімнің таяғыммен жағамын.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Аңдар: Ақшақар, сиқырлы таяғың қайда еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Аңдар: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе? Қане, аңдар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып бересіңдер.
(Сөйтіп жатқанда тиін тауып алады)
Аяз Ата: жарайсың, тиін (бетінен сүйеді)
Аңдар: Қане, бізде шырша жағуға көмектесейік, жаттауымыз бен әнімізді айтайық.
Тақпақ пен Ән ағылшын тілінде (Өлең айтып жатқанда Аяз Ата мен Ақшақар шыршаның қасында тұрып шыршаны жағады.)
Аяз Ата : Ал енді аңдарым, менімен ойын ойнағыларың келеді ме?
Аңдар: иә
Аяз Ата: Менің ойынымның аты «Кім пиманы жылдам киеді?» Мен қазір екі топқа екі пимамды беремін, кім тез киіп орындықты ойналып келсе, сол топ жеңмпаз атанады.
(Аңдар Аяз Атамен бірге ойын ойнайды)
Тақпақтар: 6 бала орысша//////ән орысша,
Аяз Ата: Ой, бәрекелді, жарасыңдар аңдарым! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.
Аңдар: Аяз Ата бізге сыйлықтар әкелдіңіз бе?
Аяз Ата: Әрине барлық сыйлық мына сандықтың ішінде. Ақшақар сандықтың кілті қайда? (Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды)
Аңдар: Аяз Ата қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілтті ме?
Аяз Ата: Ия, сол кілт шығар.
Аңдар:Аяз Ата, ол кілтті Мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз Ата: Қап, әттеген-ай! Қәне, біз Ақшақар екеуіміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға Мыстан кіреді)
Мыстан: А-А, бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой. (Оны ашайын деп жатқанда еріксіз бір күш оны артқа қарай итереді)
Аяз Ата: Мына ұрлықшы мында жүр ғой. Қәне, кілтті маған бер дайындаған сыйлықтарымды алу керек!
Мыстан: Ойбай-ай тағы не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз Ата: Аһ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын. «Қане, таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойы қатып қалады)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой не істесем екен.
Аяз Ата: Сандықтың кілтін бересің бе?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз Ата: А-А, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ, Аяз Ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін. (Осы кезде Мыстан қалпына келеді, аңдарға жұмбақ жасырады)
Мыстан: Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Терезеге қонады,
Әсе ою ояды. (қырау)
Тікен, тікен тік пісте,
Қысы жазы бір түсте. (шырша)
Мыстан: Жарайсыңдар, аңдар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Аяз Ата: жарайсыңдар аңдарым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді, өнерлі екенсіңдер.
Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Қош болыңдар! Сау болыңдар!
ӘН «ЖАҢА ЖЫЛ»
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2015 жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет Жаңа қой жылы құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Песня "Наурыз келді"
Песенка для средн.гр....
ТЕМА: “Балалар һәм әтиләр юл кагыйдәләре илендә.” (Мәктәпкә әзерлек төркеме балалары һәм әтиләре арасында үткәрелгән ярыш-кичәнең программасы)
КВНТЕМА: “Балалар һәм әтиләр юл кагыйдәләре илендә.”(Мәктәпкә әзерлек төркеме балалары һәм әтиләре арасында үткәрелгән ярыш-кичәнең программасы)...
Шагнын чаагай эргилдези Шагаа чаа чыл унуп келди!
Айнын чаазы, хуннун эртени-биле, арат-чонум аалчылар! Здравствуйте, уважаемые гости! С праздником вас Шагаа! В этот праздник мы не только отмечаем Новый год по лунному календарю, но и вспо...
2014- жылдың 4- маусымында бала бақша аумағында, Астана қаламыздың астана күніне арналған спорттық велосайысы өткізілді.
2014- жылдың 4- маусымында бала бақша аумағында, Астана қаламыздың астана күніне арналған спорттық велосайысы өткізілді.№5 КМҚК бала бақшасында, 4-7 жастар аралығындағы балаларға арналған жылдық...
Наурыз мерекесіне арналған «Жыл басы –Наурыз» ертеңгілігінің сценарийі
Ортаңғы және ересек топтарына арналған сценарий...
Балаларға арналған ертегілер
Балаларға арналған аудиожинақта ертегілер түрлі-түсті суреттермен көркемделген. Аудиодискісі арқылы балалар ертегіні компьютерден таңдап, монитордансюжет көріністерін көре алады....
Сценарий "Чаа чыл келди, Соок-Ирей келди!"
Чаа чылдын сценарийи...