Муратбекова Шинар Капизовна

Тәрбиеші сайты

«Тапқырлық таныту мақсатымыз, Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

Профессия: Тәрбиеші

Профессиональные интересы: Жаңа ақпараттық құралдарды игеру

Увлечения: Кітап оқу

Страна: Қазақстан

Населенный пункт: Петропавл қаласы

Место работы: МКҚК "Айгөлек" балабақшасы

Звание, ученая степень: 2 санатты тәрбиеші

Навигация

Ссылка на мой мини-сайт:
https://nsportal.ru/muratbekova-shinar-kapizovna
Оқы, оқы, оқы
В.И. Ленина

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.

«Тәрбиеші бүгінгі заман талабына сай өзінің педагогтік мамандығының кілтін шебер ұстаған, жан-жақты терең білімді, сегіз қырлы, бір сырлы, ашық жарқын жайдары жүретін, қажырлы қайратты, инициативашыл, қатал талап қойып, оның нәтижесін тексере білетін, бірақ қазымыр емес, тапқыр еңбекқор болуы керек. Қарым-қатынас кезінде әр баланың жан-дүниесін сезініп кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болғаны дұрыс»-деп жазды.

О себе

Өзге емес, өзім айтам өз жайымды,

Жүрегім жалын атқан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,

Тербетіп, тулатып бір қозғайында. (Қасым Аманжолов)

Книги, которые сформировали мой внутренний мир

Әр адамның оқуға тиісті

1. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы»

2. Сәбит Мұқанов. «Аққан жұлдыз»

3. Әбдіжәміл Нұрпеисов. «Қан мен тер»

4. Шерхан Мұртаза. «Қызыл жебе»

5. Мұхтар Мағауин. «Алдаспан»

6. Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер»

7. Әлжапар Әбішев. «Найзағай»

8. Зейін Шашкин. «Тоқаш Бокин»

9. Әнуар Әлімжанов. «Ұстаздың оралуы»

10. Тахауи Ахтанов. «Боран»

11. Төлен Әбдіков. «Ақиқат»

12. Дулат Исабеков. «Қарғын»

13. Оралхан Бөкеев. «Қайдасың, қасқа құлыным?»

14. Мұхтар Мағауин. «Көк мұнар»

15. Шоқан Әлімбаев. «Даналық субстанциясы»

16. Марат Қабанбаев. «Қазақ қайда барасың?»

17. Бердібек Соқпақбаев. «Өлгендер қайтып келмейді»

18. Бауыржан Момышұлы. «Ұшқан ұя»

19. Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан»

20. Жүсіпбек Аймаутов. «Ақбілек»

21. Смағұл Елубаев. «Ақбоз үй»

22. Қалихан Ысқақов. «Қара орман»

23. Рамазан Тоқтаров. «Бақыт»

24. Дүкенбай Досжанов. «100 әңгіме»

25. Шерхан Мұртаза. «Ай мен Айша»

26. Сәкен Жүнісов. «Ақан сері»

27. Ақан Нұрманов. «Құланның ажалы»

28. Ғабит Мүсірепов. «Кездеспей кеткен бір бейне»

29. Тұтқабай Иманбеков. «Құт ағашының көлеңкесі»

30. Тынымбай Нұрмағанбетов. «Қауын иісі»

31. Мұхтар Әуезов. «Қараш-қараш»

32. Әбіш Кекілбаев. «Үркер»

33. Әнуар Әлімжанов. «Махамбеттің жебесі»

34. Олжас Сүлейменов. «Аз и Я»

35. Әзілхан Нұршайықов. «Ақиқат пен аңыз»

36. Марат Қабанбаев. «Бақбақ басы толған гүл»

37. Оспанхан Әубәкіров. «Ымды білесің бе?»

38. Әнуар Әлімжанов. «Жаушы»

39. Баққожа Мұқай. «Өмір зая»

40. «Бес ғасыр жырлайды»

41. Асқар Сүлейменов. «Бесін»

42. Ілияс Есенберлин. «Алтын орда»

43. Сопы Сматаев. «Елім-ай»

44. Қабдеш Жұмаділов. «Соңғы көш»

45. Сейдахмет Бердіқұлов. «Пердесіз көңіл»

46. Шәрбану Құмарова. «Әйел бақыты»

47. Марат Қабанбаев. «Сурет салғым келмейді»

48. Әбдіжәміл Нұрпеисов. «Сен»

49. Зейін Шашкин. «Сенім»

50. Бердібек Соқпақбаев. «Балалық шаққа саяхат» 

Мой взгляд на мир

Өмір адамға бір ақ рет берілетінін бәріміз де білеміз.

Бірақ осы жалған дүниенің қадірін білеміз бе?

"Адам болып қалу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға" - деп, Мұхтар Шаханов атамыз жырлағандай, адамға қанат бітіретін ол әрине ой - қиялы, мақсат мүддесі.

Мақсаты жоқ адам қанаты қайырылған құспен тең. Өмірге келгесін артымызға өшпестей із қалдырмасақ та, адамгершілік пен рухани құндылықтарды ұмытуымызға болмайды. Шекспирдің болжамы бойынша, адамдардың жақсы немесе жаман болуы - бір затқа екі түрлі көзқараспен қарайтындығында. Менің бұл өмірде білгенім бір тоғыз білмегенім тоқсан тоғыз екендігін өте жақсы білем, және де бұл өмірден бәрін біліп кеттім деген адамды әлі кездестірмедім бәлкім жоқ та шығар...

Мои достижения

«Еліміздің болашағы – жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – тәрбиешілердің қолында» деп ел басы айтпақшы, қазіргі бәсекеге қабілетті қоғамда адамзат қауымының алдында үлкен жауапкершілікті міндет тұрғаны айқын. Жас ұрпаққа сапалы біліммен қатар саналы тәрбие беру жолындағы бала жанының бағбаны тәрбиешілердің алар орны ерекше. Өзінің міндетін орындауда уақытпен санаспайтын тәрбиешінің еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегі орасан зор.

Ақын Мағжан Жұмабаев «Бала тәрбиесі - бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деген екен. Яғни айтылған өнегелі сөздерді қорыта келе әр тәрбиеленіп жатқан баланың жетістігі ол еліміздің, қоғамымыздың және менің өз жетістігім деп білемін.

Моё портфолио

Электрондық портфолио дегеніміз — бұл оқытушының жеке тұлғалығы мен жетістіктерін көрсететін оқытушы сайты, веб-базаланған қоры.

Портфолионың негізгі мәні мен оқытушы портфолиосын құру мақсаттары

Өзінің кәсібилік құзыреттілігін бағалату үшін педагогикалық қызметтің аса маңызды практикалық тұстарының нәтижелерін таныстыру.

Портфолио оқытушыға өз жұмысының нәтижелерін саралауға, талдап қорытуға, жүйелеуге туындайтын қиыншылықтарды жою және жоғары көрсеткіштерге жету жолында өз іс-әрекетін жоспарлауға сонымен қатар өз мүмкіншіліктерін объективті түрде сынауға мүмкіндік береді.

Оқытушы портфолиосы бұл тапсырыс берілген кәсібилік санатына сәйкестігіне экспертиза жасау кезіндегі кәсібилік пен оқытушы жұмысының нәтижелігін бағалаудың альтернативті формасы.

Добавить грамоту в портфолио